Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 23:51, дипломная работа

Краткое описание

Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн. Осылардың ішінде рұқсат етілген жариялы мәжбүрлеудің көлемі мен шектерін қатаң шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалдық формасы және адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының епілдіктерінің жүйесі бірінші дәрежелі мағынада болады. Сондықтанда аталған дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық мәні зор.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................4

I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты.

1.1. Тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық жүйесі......................6
1.2. Қылмыстық мәжбүрлеудің түсінігі, мәні......................... ...................13
1.3.Процессуалдық мәжбүрлеудің мақсаттары, негіздері........................34

II тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі.

2.1. Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары..... 43
Мәжбүрлеу шараларының түрлері... ...............................................50
Қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеуді жүзеге асыруда тұлғаға берілетін кепіілдіктер...........................................................................66

Қорытынды..............................................................................................70
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_62.doc

— 313.00 Кб (Скачать документ)

   Б/ мүлікті  тәркілеудің мүмкіндігін және  азаматтық талапты қамтамасыз  етуші шаралар.

     Барынша  толық, бірақ ыңғайлы қөзқарас  бойынша бұл еңбектің құрлымында зерттелетін шаралар өзінің сипаты және көріну дәрежесінде мәжбүрленуі бойынша жіктелген. Сондықтанда осы негіздерге байланысты процессуалдық мәжбүрлеудің барлық шаралары: кесу шаралары және басқа процессуалдық мәжбүрлеу шараларына бөлінеді.

    Қылмыстық – процессуалдық мәжбүрлеу қылмыстық-процессуалдық әрекет субъектілерінің тәртібіне мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар қылмыстық-процессуалдық қатынастар саласында жасайтын әсер ету. Бұл әрекет процессуалдық міндеттердің орындалуын, қылмыстық сот өндірісінің дұрыс жүруін қамтамасыз етуге бағытталған.

     Әдебиеттерде  қылмыстық – процессуалдық мәжбүрлеудің  шараларын әртүрлі жіктеген. З.Ф.Коврига  барлық қылмыстық – процессуалдық  мәжбүрлеу шараларын негізгі  екі топқа бөледі:

   1/ бұлтартпау құралдары;

   2/ қамтамасыз  ету құралдары.

     Бірінші  топқа бұлтартпау шаралары, келу  туралы міндеттемені алу, ұстау,  алып келу, іздестіру және этаптау,  айыпталушыны қызметінен шеттету,  сот мәжілісінің тәртібін бұзушыларға  қолданылатын шаралар. Екінші топқа: тінту, алу, айыпталушыны немесе сезіктіні соттық-психиатриалық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге орналастыру, мүлікке тыйым салу.

     З.Ф.Коврига  өзінің жіктеуінің негізіне мақсаттық  белгілерді қойған осыған байланысты  одан бір жағынан құқыққа қайшы әрекеттерді жоятын құралдар, екінші жағынан дәлелдемелерді алуды қамтамасыз етуге бағытталған құралдар бөлінеді. Бірінші топқа автор бұл мақсатқа сай емес құралдарды жатқызған. Кесу шаралары, келу туралы міндеттеме. Айыпталушыны атқаратын қызметінен шеттету, алдын алу мақсатында айыпталушы қылмыстық сот өндірісінің жүруіне теріс әсерін тигізуіне жол бермеу үшін, яғни процессуалдық міндеттер бұзылмау тұрып жасалады. Бұл топқа автор процессуалдық міндеттер бұзылған жағдайда қолданылатын шараларды жатқызады: шақыруға дәлелсіз себептермен келмегені үшін алып келу, сот мәжілісінің тәртібін бұзушыларға қолданылатын шаралар. Автор кесу құралдарының бір тобында өзінің мақсаты және сипаты бойынша әртүрлі мәжбүрлеу шараларын біріктірген: қылмыстық-процессуалдық заң бойынша процеске қатысушының заңға сәкес емес тәртібінің алдын алатын құралдар мен превентивтік шаралар.Автордың ойынша қамтамасыз ету шараларын қолданудың мақсаты әділ соттың жүзеге асырылуына мәжбүрлі тәртіпте жағдай жасау және сонымен қатар жалпы қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шараларының мақсаты болып табылады.

     В.М.  Корнуков процессуалдық мәжбүрлеу  шараларын олардың мақсатарына  байланысты 2 топқа бөледі: бірінші  топқа-айыпталушының және басқа  да тұлғалардың қылмыстық процеске  қатысуын және қажетті тәртібін қамтамасыз ететін шаралар жатады. Оған автор: кесу шараларын, келу туралы міндеттемені, ұстауды және қызметінен шеттеуді жатқызған18. Екінші топқа дәлелдемелерді табуды, алуды және зерттеуді қамтамасыз ететін шаралар жатады.Бұл екінші топ өзі екі топшаларға бөлінеді:

   А/ дәлелдемелерді  алуды, табуды және зерттеуді  қамтамасыз ететін шаралар тінту,  алу, медициналық мекемеге орналастыру;

   Б/ азаматтық  талапты және мүмкін болатын  мүлікті тіркелудің қамтамасыз  ететін шаралар.

     Осыған орай жіктеуді З.З.Зинаттулин жасаған. Ол: а/ қылмыстық-процессуалдық әрекеттің қатысушыларының жағымсыз тәртібінің алдын-алуға бағытталған шаралар;

  б/ дәлелдеу  құралдарын жинаумен және зерттеумен  тікелей байланысты шаралар деп  екі топқа бөледі.

     Келтірілген жіктеулерде бөлудің негізіне салынған мақсаттың белгі өзін ақтады. Бірақ олардың жалпы ортақ кемшіліктері барлығындағы бір шараның түрі әртүрлі топтарға жатқызылады. Мысалы, қылмыстық сот өндірісінің қатысушыларының тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың соңғы мақсаты дәлелдемелер алу19.

     Бұған  куәнің және жәбірленушінің тергеушіге, сотқа келуін және олардың  көрсету беруін қамтамасыз етуші  шаралар бағытталған тергеу әрекеттерін  мәжбүрлеу шараларына жатқызуға  болмайды.

     Тергеу  әрекеттері-бұл жалпы мәжбүрлеу әрекеті емес. Олар мәжбүрлеумен бірге жүреді және мәжбүрлеуді өзіне белгілі бір жағдайларда қосады, яғни тергеу әрекеттерін жүргізуге кедергілер болған жағдайда. Бұл айыпталушының қарсыласуы, оның дәлелдемелерді алуға кедергі жасауға тырысуы. Заңда қылмыстық процесс қатысушыларының дәлелдемелерді өз әрекеттерімен тапсыруы қарастырылған: айыпталушы, сезікті жәбірленуші, азаматтық талапкер және жауапкер. Егер тереу әрекеттерін жүргізу  кезінде дәлелдемелерді процесс қатысушылары өз еріктерімен тапсырса, онда мәжбүрлеу әрекеттері туралы айтуға болмайды.

     И.Л.Петрухиннің  қөзқарасы бойынша қылмыстық  процесте мәжбүрлеу үш нысанда  көрінеді: құқықтық тәртіпті қорғау  шаралары, превентивтік шаралар,  жауапкершілік шаралары. Қоғау шараларына автор міндеттің субъектісіне мәжбүрлі орындатудың тұратын қалпына келтіру санкцияларын қолдануды жатқызады. / мәжбүрлі куәландыру, сараптаманы мәжбүрлі түрде жүргізу, мәжбүрлі алу және т.с.с/. Превентивтік шаралар / күзетпен қамау, сезіктіні ұстау, мүлікке тыйым салу және басқалары/ - бұл азаматтың құқыққа қайшы тәртібімен және санкция қолдануымен байланысты емес шаралар. Үшінші топқа автор процессуалдық міндеттерді бұзғаны үшін қолданылатын айыптық санкциялар20. Мысалы, ақша өндіріп алу.

     Келтірілген жіктеулердің негізінде қылмыстық процесте қолданылатын мәжбүрлеу шараларының сипаты жатыр. Оның ерекшелігі сонда ол қалпына келтіруші санкцияларды, айыптық санкцияларды және превентивтік шараларды бір-бірінен нақты айыруға жағдай жасайды.

     Бірақ  біздің ойымызша қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің құқықтық табиғатын талдау үшін мәжбүрлеушараларын қолдану негіздері бойынша жіктеген барынша ыңғайлы болады. Қылмыстық сот өндірісінің субъектісінің процессуалдық міндеттерді бұзу дерегі қолданудың негізінде жатыр ма, соған байланысты барлық процессуалдық мәжбүрлеу шараларын процессуалдық құқық бұзушылықтарға байланыссыз қолданылатын шараларға бөлуге болады.

     Негізінде  процессуалдық құқық бұзушылықтар  болатын процессуалдық мәжбүрлеу  әртүрлі болуы мүмкін. Бұл көбіне қалпына келтіру шаралары, ымсалы заңсыз және негізсіз үкімінің күшін жою, істі қосымша тексеруге қайтарып беру.

Қылмыстық-процессуалдық  әрекет үшін олар ерекше тән болады.

     Қылмыстық  іс бойынша өндіріс кезінде  көптеген билікті процессуалдық  шешімдер: тергеуші мен прокурордың қаулысы, бірінші соты, соттардың ұйғарымдары мен үкімдері және жоғарғы тұрған соттардың қаулылары шығарылады. Заңдылықтың талаптарын бұзудан келетін әлеуметтік төлемдер өте үлкен, сондықтан да бұндай қылмыстық-процессуалдық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, оның ішінде теріс салдарды жоюға бағытталған арнайы қалпына келтіруші шаралар қарастырылған.Бұндай шаралардың міндеті: дұрыс емес шешімді жоюға және осы арқылы процессуалдық құқық бұзушылықтан келген зиянды төменгі шекке жеткізу, қылмыстық сот өндірісі бойынша сұрақтардың дұрыс шешілуін және іс бойынша заңды және негізделген шешім шығаруға қамтамасыз ету. Судья ҚР ҚІЖК-ң 303-бабында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтарады. Кассациялық инстанция соттары маңызды негіздер бойынша айыпталушыны үкімді кейінге қалдыруға құқылы.

     Процессуалдық  құқықбұзушыларға жазалаушы қамтамасыз  етуші шаралар қолданылуы мүмкін. Мысалы, оған айыпкер сезікті  бірінші тағайындалған бұлтартпау  шарасы бойынша өзіндіктерін орындамаған жағдайда оған барынша қатал бұлтартпау шарасы ауыстырылады немесе сот мәжілісінің тәртібін бұзған жағдайда сот залына жіберу немесе куәні дәлелді себепсіз шақыртуға келмеген жағдайда алып келу және басқалары жатады. Көрсетілген шаралар құқықбұзушылық үшін қолданылатын және шектеу ретінде қолданылатын жазаның бір көрінісі. Құқыққа қайшы әрекеттердің теріс салдары белгілі бір тәртіпке мәжбүрлеудің құралы ретінде болады және ол іс бойынша ақиқатты қалыптастыратын қылмыстық сот өндірісінің ойдағыдай жүруін қамтамасыз етеді. Бұл жерде айта кететін бір жай, қылмыстық сот өндірісінің ойдағыдай жүруін қамтамасыз ету-бұл процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың жалпы соңғы мақсаты.

     Мәжбүрлеу  шараларының ішіндегі құқықбұзушылыққа  жауап болып табылмайтын түрі ретінде ең алдымен превентивтік шараларды көрсетеміз. Олардың негізгі мақсаты процеске жеке қатысушылардың тарапынан болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық-процессуалдық қатынастардың қалыпты дамуына кері әсер ететін немесе іс бойынша ақиқатты қалыптастыруға кедергі болатын әрекеттердің алдын алу21. Оған, мысалы бұлтартпау шараларын қолдану, айыпталушыны алдын-ала шақыртусыз алып келу, мүлікке тыйым салу жатады.

     Кейбір  тергеу әрекеттерін жүргізуде  қолданатын мәжбүрлеудің сипаты туралы сұрақ белгілі бір қиындықтарды туғызады. Мәжбүрлеумен бірге алудың, куәландыруды, салыстырмалы зерттеуге үлгілерді алуды жүргізу бірге болады. Заңға сәйкес айыпталушы немесе сезікті адам соттық-медициналық немесе соттық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге орналастыруы мүмкін. Бұл мәжбүрлеу санкциябола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін көрсетілген шаралардың сипатына талдау жасайық.

     Қылмыстық-процессуалдық  санкциялар қылмыстық процестегі  басқа мәжбүрлеу шараларынан басты айырмашылығы сонда, санкциялар процессуалдық міндеттерді бұзған ерекше жағдайларда ғана қолданылады. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде мәжбүрлеу дәлелдемелерді белгілі бір адамдарда ерікті түрде ала алмаған жағдайда дәлелдемелерді табу және алуды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Мәжбүрлеу алуды және басқа да осыған ұқсас мәжбүрлеу шараларын санкциялар қатарына жатқызуды ұсынған авторлар негізсіз бұл жерде мәжбүрлеу азаматқа сәйкес құқықтық қатынастағы міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді деп есептейді.

     Әдебиеттерде  басқаша көзқарастар айтылған  В.М.Корнуков тінті, алу, куәландыру  үлгілерді салыстырмалы зерттеуге  алып келу қылмыстық-процессуалдық  нормалардың бұзылуымен байланысты  емес деп есептейді. Заңда бұл  шараларды қолдануға рұқсат етілген тұлғалармен процессуалдық нормалардың талаптарын бұзу мен және орындаумен байланыстырмайды22.

     Аталған  тергеу әрекеттерін жүргізу қылмыстық-процессуалдық  нормалардың бұзылуымен байланысты  емес дегенмен келісу керек.Бірақ  жерде әңгіме тергеу әрекеттерінің іс туралы емес, ал оларды өткізу кезіндегі мәжбүрлеу шаралары туралы болып отыр. Автор бұндай барлық әрекеттерді мәжбүрлеу шаралары деп есептейді, сондықтан да бұл жердегі мәжбүрлеу санкция емес. Айтқанымыздай тергеу әрекеттерінің кейбіреулері мәжбүрлеу шараларымен бірге жүрмеуі де мүмкін. Маңыздыкепіл болып қамауды және қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту заңдылығы мен негізділігі жөнінде соттық бақылау табылады. Лауазымды тұлғалармен мемлекеттік органдармен, олардың өндірісінде жүріп жатқан істер бойынша бұл кепілдіктерді қатаң ұстау, тұлғаның құқықтары мен бостандығын қорғауға және қылмыстық сот өндірісінің дұрыс жүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

2.2. Мәжбүрлеу  шараларының түрлері

 

Жүктелген міндетті орындамаған  субъекті үшін салдардың мінездемесіне байланысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары екі негізгі топқа бөлінеді. Біріншісін заң ұстанушы азаматтардың құқықтық дәрежесіне кіретін, субъективті құқықтарды шектейтін процессуалдық тәсілдер құрастырады. Бұл процессуалдық ықпал етудің превентивті мәжбүрлеу шаралары деп аталатындар кіреді, И.Л.Петрухин оларды құқықтық тәртіпті қорғау мен заңдылықты орнына келтіру шаралары деп анықтайды23. Екінші топқа кіретін мәжбүрлеу шаралары олардың процессуалдық дәлелдеу мен байланыстылығына немесе қылмыстық-процессуалдық қатынастардың дұрыс дамуы үшін ұйымдастырушы шарттарды туғызуға бағытталғандығына тәуелді ажыратылады.

     Мәжбүрлеу  тәсілдерін, олардың мақсатты тағайындалуына  байланысты бөлшектеу ревалюцияға  дейін орыс ғылымында орын  алған. Мысалға, И.Я.Фойницкий келесі түрлерді анықтаған: 1/ дәлелдемелерді алу шаралары; 2/ айыпкердің келуін қамтамасыз етуші шаралар; 3/ айыпкерден жауап алу; 4/ сотта істі қарауды қамтамасыз етуші шаралар.

     Заң  әдебиеттерінде келесі жіктелу  аса көп таратылады, оған сәйкес  негізгі топтар ретінде дәлелдемелерді алуға бағытталған шаралар және процесс субъектісінің тиісті тәртібін қамтамасызетуші мәжбүрлеу шаралары қарастырылады. Қызметтік критерийді назарына алмаған бірде-бір автор жоқ.

     Сонымен  қатар қылмыстық процесс теориясында, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын жіктеу үшін тағы да бір қатар басқа негіздер бар. Мысалға, ықпал етілетін, объектілердің ортасына байланысты, бүкіл шараларды, қылмыстық сот өндірісін жүргізіп отырған лауазымды тұлғаларға қатысты әрекет ететін шаралар және процестің басқа қатысушыларының тиісті емес тәртібіне байланыссыз шаралар деп бөлуге болады. Құқықты қамтамасыз ету мәселсіне байланысты превентивтік алдын алушы. Жоюшы мәжбүрлеудің қамтамасыз етуші тәсілдері деп бөлуге болады.

     Құқықты шектеуші бағыттылығына тәуелді келесі түрлері бөлінеді: басым жекелік мінездемедегі шаралар және тиімсіз мүліктік салдарды туғызушы шаралар.

     Ықпал  ету уақытына байланысты мәжбүрлеу  тәсілдері ұзақ және қысқа  мерзімді болып бөлінеді. Ықпал  ету мінездемесіне сәйкес оларды үш топқа бөлуге болады, басым дәрежеде не психологиялық, не физикалық, не материалдық ықпал ететіндер. Пайда болу негіздері мәжбүрлеу шараларын келседей бөлуге құқық береді: құқық бұзушылықты жасаудың шынайы мүмкінділігінде процесте пайда болатын және құқық бұзушылықты жасағаннан кейін пайда болатын шаралар.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі