Сот үкімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 13:38, дипломная работа

Краткое описание

Мен өз жұмысымда мынандай мәселелерді қарастырдым: Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде, сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері, сот үкімі, сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары немесе сот үкімінің іс жүргізуге енуі, соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi, үкімді жариялау және өзгерту, үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер және үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар мәселелерін қарастырдым.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................................................5
.
І Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде
1.1Сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері. Сот үкімі……………...….7
1.2 Сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары………………………………..27
ІІ Сот үкімінің іс жүргізуге енуі
2.1 Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi………………………….........36
2.4 Үкімді жариялау және өзгерту……………………………………………......38
2.3 Үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер…..................................................................................................................42
2.4 Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар………………………………………………………………....45
Қорытынды.................................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................58
Қосымша................................................................................................................ ...60

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_91.doc

— 428.00 Кб (Скачать документ)

Ерекше жаза түрі -өлім жазасы –кінәліге тек  барлық судьялардың бірауызды шешімі бойынша ғана тағайындалуы тиіс.

Азшылықта қалған судья кеңесу бөлмесінде ерекше пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы. Ерекше пікір төрағалық етушіге тапсырылады және ол оны жабық конвертпен іс материалдарына тігеді. Ерекше пікірмен апелляциялық қадағалау сатысындағы сот осы істі тиісті сатыда қарау кезінде танысуға құқылы. Судьяның ерекше пікірі барлығы туралы іске қатысушыларға хабарланбайды, ерекше пікір сот отырысы залында жария етілмейді.

 

 

2.2 Үкімді жариялау  және өзгерту

 

Үкімді жариялау (384-бап) - Сот үкімге қол қойғаннан  кейін сот отырыс залына оралады және төрағалық етушi не басқа судья, не судьялар кезек-кезегiмем үкiмдi жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрi, сот құрамын қоса алғанда, сот үкiмiн тұрып тындайды. Егер үкім сотталушы (ақталушы) бiлмейтiн тiлде оқылса, онда аудармашы үкiм жарияланысымем немесе ілеспе түрде оны сотталушыны ана тiлiне немесе ол бiлетiн басқа тiлге дауыстап аударуға тиiс.

Төрағалық етушi сотталушыға (ақталушыға), процестің  басқада қатысушыларына үкiмге шағым  жасаудың тәртiбi мен мерзiмiн, сот  отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ iстi апелляциялық қарауға қатысу туралы өтiніш беру құқығын  түсiндiредi. Ақталушыға оның заңсыз ұстаумен айыпкер ретiнде тартумен, бұлтартпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тарту мен келтiрiлген зиянның орнын толтыруға деген құқығы, сондай-ақ осы құқықты жүзеге асыру тәртiбi түсiндiрiлуге тиiс.

Егер сотталушы  ерекше жаза түрi - өлiм жазасына кесiлген болса, төрағалық етушi оған кешiрім  жасау туралы өтінiш беру құқығын  түсiндiредi.

Сотталушыны қамауда ұстаудан босату. Сотталушы ақталған кезде не жаза тағайындамай немесе жазаны өтеуден босатумен, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес немесе бас бостандығынан шартты түрде айыруға жаза кесу арқылы айыптау үкімін тағайындаған кезде қамауда ұсталған сотталушы сот отырысы залында дереу босатылуға жатады.

Үкім көшірмесін табыс ету. Үкім жарияланғаннан кейін  бес тәуліктен кешіктірмей оның көшірмсесі сотталушыға немесе ақталушыға, қорғаушы мен айыпталушыға табыс  етілуге тиіс. Егер сотқа аталған адамдардың өтініші түскен болса, үкімнің көшірмесі жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкіледеріне нақ сол мерзімде табыс етіледі.

Жеке қаулы  алу. Сот негіз болған кеңесу бөлмесінде жеке қаулы шығарады, онда мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын іс бойынша анықталған заңның бұзылу фактісіне, қылмыс жасауға себепші болған және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін себептер мен жағдайларға аударады. Адамның іс-әрекетінен қылмыс жасауға себепші болатын әкімшілік теріс қылық  анықталған жағдайда сот оған занда көзделген жаза қолдануға құқылы.

Жеке қаулы, сондай-ақ сот анықтау, алдын ала  тергеу жүргізу кезінде немесе істі төменгі сот қараған кезде жіберілген, азаматтардың құқықтарын бұза және заңның басқа да бұзылуы байқаған кезде шығарылуы мүмкін.

Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек ұжымдарының  назарын жекелеген азаматтардың өндірістегі немесе тұрмыстағы  теріс мінез-құлқына немесе олардың  қызметтік не азаматтық борышын бұзуына аударуға құқылы.

Сот, егер мұны қажет деп таныса, сот талқылауының материалдары бойынша, басқа да жағдайларда  жеке қаулы шығаруға құқылы.

Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек ұжымдарының  назарына қылмыстың жолын кесуге немесе ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық немесе қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен жоғары саналылығы, ерлігі туралы жеткізе алады.

Жеке қаулы  бойынша бір ай мерзімнен кешіктірілмей  қажетті шаралар қабылдануы және оның нәтижелері туралы жеке қаулы шығарған сотқа хабарлануы тиіс.

Сот үкім шығарумен  бір мезгілде шешетін мәселелер  -бас бостандығынан айыруға сотталған  адамның кәмелетке толмаған балаларры, қарт ата-анасы, қараусыз қалған басқа  да асырауындағылар бар болған кезде, сот айыптау үкімін қабылдаумен бір мезгілде аталған адамдарды қамқоршылыққа немесе туысқандарының не басқа адамдарының немесе мекемелердің қорғаншылығына өткізу туралы, ал сотталушының қараусыз қалатын туралы қаулы шығарады. Қажет болған қайтыс болуына байланысты оның қараусыз қалған кәмелетке толмаған басқа да адамдарды орналастыру туралы, сондай ақ жәбірленушінің мүлкі мен тұрғын үйін қоғау туралы қаулы шығарады.

Іске тағайындау бойынша қорғаушы қатысқан жағдайда, сот үкім қабылдаумен бір мезгілде сотталушыға заң көмегін көрсеткені үшін төлеуге жататын сыйақының мөлшері туралы қаулы шығарады.

Осы баптың бірінші  және екінші бөлігінде аталған іс жүргізу шешімдері мүдделі адамдардың өтініштері бойынша үкім жария етілгеннен кейін де қабылдануы мүмкін.

Үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіздер. Мынала:

  1. Сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі;
  2. соттың үкімде /қаулыда/ айтылған тұжырымдарының істің нақты мән-жайына сәйкес келмеуі;
  3. қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы;
  4. қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
  5. жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуі бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға не оны өзгертуге негіз болып табылады.

Сот  тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі.  Анықталған жағдайда істің дұрыс  шешілуі үшін елеулі мәні болуы мүмкін мән-жайларды ашылмаған күйі қалдырған сот тергеуі біржақты немесе толық емес деп танылады.

Іс бойынша:

  1. айғақтарының іс үшін елеулі мәні бар адамдардан жауап алынбаған немесе заң бойынша жүргізілуі міндетті болып табылатын сараптама жүргізілмеген, сол сияқты елеулі мәні бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған.
  2. істі соттың жаңадан қарауына берген сот қаулысында аталған дәлелдемелер зерттелмеген;
  3. сотталғанның жеке басы туралы апелляциялық саты анықтай алмайтын деректер жеткілікті дәрежеде толық анықталмаған барлық жағдайда сот тергеуі толық емес деп танылады.

Соттың үкімде /қаулыда/ айтылған тұжырымдарының істің  нақты мән-жайына сәйкес келмеуі.   Егер: 

  1. Егер тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;
  2. сот өз тұжырымдарына едәуір ықпал ете алатын мән-жайларды ескермесе;
  3. сот тұжырымдары үшін елеулі мәні бар қарама –қайшы дәлелдемелер болған жағдайда, үкімде /қаулыда/ соттың бұл дәлелдемелердің біреулерін қабылдап, екіншілерін қабылдамай тастауына қандай негіздер болғаны көрсетілмесе;
  4. соттың үкімде /қаулыда/ айтылған тұжырысдарында елеулі қайшылықтар болып, олар істің шешілуіне, соның ішінде сотталғанның, ақталғанның кінәлігі немесе кінәсіздігі туралы мәселені соттың шешуіне, қылмыстық занды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін болса үкім /қаулы/ істің нақты мән-жайына сәйкес келмейді деп танылады. 

Қылмыстық іс жүргізу  заңының елеулі түрде бұзылуы. Істі сот қарауы кезінде осы Кодекстің принциптері мен өзге де жалпы ережелері бұзылып, олар іске қатысушы адамдарды заңда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот ісін жүргізу сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге кедергі жасаса, соттың қаулысына, әділ үкіміне немесе өзге де шешіміне ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, бұл қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзушылық болып танылады.

Сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместілігі істі талқылаудан жол берілетін ділелдемелерді қателесіп алып тастаудың немесе бір тараптың іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерін зерттеуден негізсіз бас тартудың не міндетті түрде зерттелуге тиіс дәлелдемелерді зерттемеудің салдарынан болған кезде үкімнің күші жойылуға тиіс.

Егер:

    1. сот осы Кодекстің 37-бабында көзделген негіздер болғанда қылмыстық істі қысқартпаса;
    2. үкімді соттың заңсыз құрамы шығарған болса;
    3. осы Кодекстің 315-бабының екінші бөлігінде көзделген реттерді қоспағанда, іс сотталушы жоқта қаралса;
    4. заң бойынша қорғаушының қатысуы міндетті болғанда, іс оның қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғаушыға ие болу құқығы өзгедей жолмен бұзылса;
    5. сотта сотталушының ана тілін немесе өзі білетін тілді не аудармашының қызметін пайдалану құқығы бұзылса;
    6. сотталушыға сот жарыссөзіне қатысу құқығы берілмесе;
    7. сотталушыға соңғы сөз берілмесе;
    8. үкім шығарылған кезде судьялар кеңесінің құпиясы бұзылса;
    9. үкімге судьялардың бірі қол қоймаса;
    10. істе сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жағдайда үкімнің күш жойылуға тиіс.

Қылмыстық заңды  дұрыс қолданбау. Мыналар:

    1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жалпы бөлімі талаптарының бұзылуы;
    2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі ерекше бөлімінің қолданылуға тиістісінен басқа баптың, бап бөлігінің, бап бөлігі тармағының қолданылуы;
    3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі ерекше бөлімнің тиісті бабының санкциясында көзделгендегіден неғұрлым қатаң жазаның белгіленуі қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.   

Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектен шықпағанымен, түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жұмсақ немесе шектен тыс қаталдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.

Істі қысқарта отырып айыптау үкімінің күшін жою. Апелляциялық шағымдарды, наразылықты  қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 1-2 тармақтарында және 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған үкімінің күшін жойып, істі қысқартады.

Ақтау үкімінің күшін жою. Аппелляциялық саты тек  прокурордың наразылығы бойынша  не жәбірленушінің немесе оның өкілінің, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақтау негіздемелерімен келіспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоя алады.

Егер ақталған адамның кінәсіздігіне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімінің дау айтылмаса, қылмыстық іс жүргізу заңы елеулі бұзылды деген себеппен ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоюға болмайды.

Істі сотта  талқылауға жібере отырып үкімнің күшін  жою. Егер апелляциялық саты: 1) бірінші  сатыдағы сот жол беріп, үкімнің  заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін қылмыстық іс жүргізу  заңын елеулі түрде бқзуды;

2) сот тергеуінің  біржақтылығын немесе толық еместігін;

3) азаматтық  талап қою шешілмегенін немесе  дұрыс шешілмегенін анықтаса, іс  үкім шығарған соттың жаңадан  талқылауына, бірақ судьялардың  өзге құрамының қарауына жіберіле  отырып, үкімнің күші толық немесе  бөлігінде жойылуға тиіс.

Үкімді өзгерту.

Заң дұрыс қолданылмаған  жағдайда апелляциялық сатыдағы сот.

  1. сот белгілеген жазаны немесе түзеу мекемесінің түрін жеңілдетуге;
  2. онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және қылмыс дәрежесінің өзгертуіне сәйкес жаза белгілеуге, сондай-ақ түзеу мекемесінің неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға;
  3. тағылған айыптау шегінен немесе соттың басты талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптау шегінен шықпай, неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға және осыған байланысты неғұрлым қатаң жаза белгілеуге;
  4. егер жаза мөлшерін ұлғайту арифметикалық қателерді немесе алдын ала қамауда ұстауды есептеу<span class="dash041e_0431_044

Информация о работе Сот үкімі