Сот үкімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 13:38, дипломная работа

Краткое описание

Мен өз жұмысымда мынандай мәселелерді қарастырдым: Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде, сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері, сот үкімі, сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары немесе сот үкімінің іс жүргізуге енуі, соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi, үкімді жариялау және өзгерту, үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер және үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар мәселелерін қарастырдым.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................................................5
.
І Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде
1.1Сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері. Сот үкімі……………...….7
1.2 Сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары………………………………..27
ІІ Сот үкімінің іс жүргізуге енуі
2.1 Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi………………………….........36
2.4 Үкімді жариялау және өзгерту……………………………………………......38
2.3 Үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер…..................................................................................................................42
2.4 Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар………………………………………………………………....45
Қорытынды.................................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................58
Қосымша................................................................................................................ ...60

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_91.doc

— 428.00 Кб (Скачать документ)

Сондықтан әділеттілік  идеясы барлық сот құжаттарында болуы тиіс. Әділеттілікті сот құжатына қойылатын талап ретінде бөліп көрсету сот құжатымен тағдыры шешілетін адамға құқықтык тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге адамгершілік, моральдық  жағынан да дұрыс қарау мағынасын білдіреді. Сот құжатынын әділеттілігі онын зандылығынан, негізділігінен және дәлелділігінен келіп шығады және ол істі мәні бойынша дұрыс шешуді қамтамасыз етеді.

Қылмыстық іс жүргізу заңдарында сот құжаттарына қойылатын әділдеттілік  талабы туралы нақты ешнәрсе көрсетілмеген. Алайда, бұл талап қылмыстық іс жүргізу теориясында тұжырымдалған. Сот құжаты әділдігінің тар және кең мағынадағы түсінігі бар. Сот құжатынын тар мағынадағы әділеттілігі соттынтандап алған іс жүргізу шараларынын әділеттілігінен келіп шығады, яғни қылмыстын ауырлығы мен сотталушының жеке басына тандап алынған іс жүргізу шарасынын сәйкес келуін білдіреді. Сот құжатынын кен мағынадағы түсінігі онын заңдылығы мен негізділігіне сүйенеді және адамға, онын жасаған әрекетіне деген құқықтық қатынасы ғана смес сонымен бірге әлеуметтік-адамгершілік қағидаға жауап беретін мәні және нысаны бойынша істі дұрыс шешуді білдіреді. Сот құжатының әділеттілігі оның заңдылығы мен негізділігіне ғана сүйенбеуі керек. Әділеттілік оның қоғамдық   көзқарасындағы адамгершілік тұрғысынан бағалануын көрсетеді, әлеуметтік әділеттіліктің көрінісі ретінде қызмет етеді. Занды және негізді сот құжаты, мысалы, егер әрекеттегі және қолданыстағы қылмыстық заң  әлеуметтік сұраныстарға жауап бере алмаса ол әділетсіз болуы да мүмкін. Қоғамның адамгершілік-құқықтық көзқарасынын өзгеруі заңда бейнеленбеуі мүмкін, сол үшін әділеттілік талаптарына жауап беретін сот құжаты мұны ескеруі керек.

Сот құжатының  тиімді әрекет етуі, ең алдымен онын әділеттілігіне байланысты. Сондықтан осы бағыттағы оң нәтижелерге үкімдер, қаулылар, өзге де сот құжаттары әділеттілік талаптарына сәйкес келгенде ғана қол жеткізеді.

Әділеттіліктің  құкықтық саласында үстемдік етуі үшін, онда мемлекеттік құрылыстық негізі болуы тиіс. Адамзат қоғамында зандар емес, әділдік билеуі тиіс.

Занды, негізді, дәлелді және осы негізде әділетті сот құжатын (үкім, қаулы) қабылдауға мынадай кепілдіктіктер жәрдемдеседі:

  1. қылмыстық іс жүргізу және өзге де құқықтық кепілдіктер 
    (мысалы, сот жүйесінің, прокуратура мен адвокатуранын ұйымдасуы мен қызметін баянды ететін);
  2. құқықтық емес кепілдіктер (сот төрелігін жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық кепілдіктерін қоса алғанда).

Бірінші кепілдікке орай, сот құжатын кабылдау сот отырысында қаралған дәлелдемелер негізінде орындалады және жарыссөз негізінде корғау мен айыптау өкілдері зерттеуге қатыса алады; судьялардың кеңесу құпиясы және сот құжатын қабылдаған кезде олардын кеңесуінін ерекше тәртібі сақталуы қажет.

Сөйтіп занды, негізді және дәлелді сот құжатын шығару қылмыстық процестің барлық қағидаларынын жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Сот құжаттарының тілі мен стилі. Сот құжатынын ерекшелігі оның мазмұнына ғана емес, сонымен бірге мазмұндалу нысанына, тіліне және стиліне қойылатын жоғары талаптарға сай айкындалады. Шынында да, сот құжатының тілдік стилдік мәдениеті істін мәнін түсінуін және онын. авторының жалпы мәдениетін байқатады.

Сот құжаты кез  келген ресми құжат сияқты ресми-іскерлік стильде мазмұндалуы тиіс. Ондай стилге тіл құралдарын арнаулы пайдалану сипаты тән: олардың біртұтас қолданылуын, арнаулы терминдердін болуын, клише және т.б. аталатын заңдық, үлгі тіркестерді айтқан жөн.

Сот құжатын  жасаушы адам соттың анықтаған мән-жайларын заңдық сауатты, дұрыс, қысқа, анық, тура және қасынды етіп жазбаша мазмұндауға дағдылануы тиіс. Онын ең жақсы тәсілі - «дауыстап жазу», яғни жазып отырғанды дауыстап оқып отыру.

Сонымен ресми-іскерлік стилге бірқатар тілдік ерекшеліктер, соның ішінде дұрыс, қысқа да нұсқа, анық, дәлме-дәл және қисындылық негізгі ерекшеліктер болып табылады. Бұл өлшемдер өзара үйлесімді және өзара толықтырушы болып келетіндігі де сезсіз.

Мәселен, сот  құжатының, тиімділігін айқындайтын  маңызды сипатының бірі оның мазмұндық қисыны, ол әдеби тілдің көпшілік мойындаған нормаларын сақтауды көздейді. Тілдік норма - бұл қоғамдық сөйлеу тәжірибесінде қабылданған, сөздерді қолдану, дұрыс жазу белгілері, тыныс белгілерін қою, сөз құрау ережелері. Тілдегі нормалар тарихи кезенде қалыптасып, қатынас құралдары үшін өмірдегі бар және тіл дамуының нақты үрдістерін бейнелейтін онын тиімділерін тандап алу нәтижесінен келіп шығады. Тілдік норма салыстырмалы түрде тұрақтылығымен, көпшілікке міндеттілігімен сипатталады. Сөздерді қолданудың тиімділігін қамтамасыз ететін лексикалық нормалардың, сөздін дыбыстық, ресімделуінін бірлігін негіздейтін орфоэпиялық (айтылу) және акцентологиялық (екпін нормалары) нормалардын сақталуының маңызы зор. Грамматикалык нормалар (морфологиялык және синтаксистік) сөз тіркестері мен сөйлемдердегі сөздердін езгеруінің және сөздердің қосылуынын бірізді нысанын белгілейді. Стилистикалық нормалар көңіл-күй сезімін және функционалдық сипатта түрленген тілдік құралдардын орындылығын қамтамасыз етеді.

Төнкеріске  дейінгі орыс заңгері П.С. Пороховшиков: «Сөз қысқа және мазмұнды болу керек» деп айткан болатын. Біздің дәуіріміз даму шапшандығымен, ақпараттардын ұлғаюымен, мәдени денгейді көтеру қажеттігімен байланысты судьядан материалдарды қысқа және анық етіп мазмұндауды талап етеді.

Қысқалық  — бұл сот құжатынын мазмұндалу мәдениетін кебірек айқындайтын екінші қажетті және міндетті сипат. Оны жүзеге асыру жөнсіз қайталаудан, артық нақтылаудан және сөздік сапырылыстан арылуға мүмкіндік береді. Мұндағы әрбір сөз әрбір ойды, істің мәнін тура және қысқа жеткізу ксрек. Ешқандай мағынасы жоқ сөздер мен сөз тіркестері сот құжатының мәтінінен түгел алынып тасталуы тиіс.

Айқындылық  — бұл сот құжатының мазмұндалуы  үшін ерекше маңызы бар үшінші қажетті талап. Эпикур айкындылықтан басқа ештеңені іздемеңіз деп үйреткен екен. Аристотель сөздің айқындығы оның негізгі құндылығында екенін көрсете келіп: «Стилдің құүндылығы айқындықта, сөз айқын болмаса мақсатына жетпейтіндігі оған дәлел бола алады» деп айтқан.  Сот құжатының айқындығы - оны жазған адам мен ол жіберілген адамға ғана емес, сонымен бірге өзгелер үшін де түсінікті және анықты болғаны жөн. Сот кұжаты көп жағдайларда қылмыстық істің материалдарын дұрыс білмеу, төмен ойлаудың төмен деңгейі салдарынан айқын жүйеленбей жатады.

Ойлау айқындығы, оның жүйеленуі сот құжатының  дәлме-дәл тұжырымды сапасын көрсетеді. Пушкин дәлме-дәлдік, жинақылық прозаның бірінші жетістігі, ол — ой пайымын талап етеді деген. Буынның әсемдігі, нақыштылығы, онын әуенділігі қажет, ол өздерінде табиғатынан тән адамдарға оңай, бірақ шешен өзінің тіл тазалығын қадағалауы керек. Өкінішке орай, біздің айыптаушылар мен қорғаушылардың көпшілігінін сөзінде ойдан гөрі тіл кеп, шұбарлығы, нақты баяндау жағы белен алып, онан гөрі ұқыпсыздықтарын мақтан тұтатын сияқты. Төнкеріске дейінгі белгілі сот қайраткері П.С. Пороховшиковтын бұл сөздері бүгінгі күні де өз өзектілігін, көкейтестігін жоғалтқан жоқ. Өйткені, бүгінгі таңда да түсінуі өте қиын сот құжаттары аз кездеспейді.

Сонымен бірге, кейде қысқаша мазмұндалу мақсатында тілдік ораш олақтықтарға стилдік жұтандыққа (мысалы, «аяқтағы тіземен ұрды», «іштін айналасына ұрды» дегендей) ұрынып жатады. Сот құжаттарындағы жауап беру стиліндегі атаулардың, адам аттарынын және басқалардың жиі қайталануы, сондай-ақ көптеген нақлылаулар мәтінді қабылдауға қиындық туғызады, мысалы: «Ол студент, Аржанов...». «Онын, студент Аржановтың...» және т.б. сияқты. Сөздердің қолданылуы туралы кеңес лингвисі, профессор А.А. У шаков: «құқықтағы бұлдыр мағынасыз сөздер — үлкен әлеуметтік кесел: ол өзім білемдікке салыну мен заңсыздыққа қолайлы жағдай туғызады», — деп мұның қауіптігін ескертеді.

Сот құжатындағы  мазмұндаудың айқындығы мен дәлдігіне арнайы заң және басқа да терминдерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Терминнің мағынасы мен қолданылуы қандай да бір салада пайдаланылуын реттейтін нормаларға толықтай сәйкес келуінің маңызы зор. Мәселен, «дәлел» («улика») заң әдебиеттерінде «айыпталушыға қарсы айғақтайтын айыптау дәлелдемелері» дегенді білдіреді. Арнайы (заңдық емес) терминдерге оларды қолдану қажет болған жағдайда ғана жүгіну керек. Сондай-ақ осыны шетелдік кірме сөздерге де айтуға болады (жалпы қолданысқа кірігіп кеткендерді қоспағанда).

Нақты ұғымдар  мен ойлар қисынды болуы керек, яғни құбылыстар арасындағы қатынастар мен байланыстылық логикасын көрсетуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Сот үкімінің іс жүргізуге енуі

 

    1. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi

 

Сот үкiм шығару кезiнде  кеңесу бөлмесiнде мынадай мәселелердi шешедi:

1) жасалуына  сотталушы айыпталып отырған  әрекеттің орын алғаны дәлелденді  ме;

2) бұл әрекет  қылмыс болып табылама және  ол нақ қандай қылмыстың заңда   көзделген (бабы, бөлігi, тармағы),

З) сотталушының бұл әрекеттi жасағаны дәлелдендi ме;

4) сотталушы  бұл қылмыстың жасалуына кiнәлi  ме;

5) оның жауаптылығы  мен айыбын жеңілдететін немесе  ауырлататын мән-жайлар бар ма;

6) сотталушы  жасаған қылмысы үшін жазаға  тартылуға тиіс пе;

7) сотталушыға  қандай жаза тағайындалуға тиіс;

8) жаза тағайындамай  үкім шығару үшін немесе жазада  босатуға не қалмыстық жазаны  өтеуді Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 72-бабында  және 74-бабының екінші бөлігінде  көзделген жағдайларда кейінге  қалдыру туралы негіздер бар  ма;

9) бас бостандығынан айыруға сотталушы түзеу немесе тәрбие беру мекемесінің қандай түрі мен режимдегісінде жазасын өтеуге тиіс;

10) азаматтық  талап-арызды қанағаттандыруға жата  ма, кімнің пайдасын және қандай  мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық  талап берілмесе, мүлікті зиян өтелуге жата ма; 

11) азаматтық  талап-арызды немесе ықтимал тәркілеуді  қамтамасыз ету үшін тыйым  салынған мүлікті не істку  керек; 

12) заттай дәлелдемелерді  не істеу керек; 

13) іс жүргізу  шығыстары кімге, қандай мөлшерде  жүктелуге тиіс;

14) сот сотталушының құрметті, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізуге) тиіс пе;

15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдау туралы;

16) қылмысты  жасауға әсер ететін мән-жайлардың  болуы туралы;

17) сотталушыға  қатысты бұлтартпау шарасы туралы;

18) бұрынғы үкім бойынша шартты сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы.

2. Ақтау үкімін  шығару кезінде сот тергеу, прокуратура,  сот органдарының заңсыз іс-әрекетімен  ақталушыға келтірілген зиянды  өтеу туралы мәселе жөнінде  шешім қабылдайды.

3. Сотталушы  бірнеше қылмыс жасағаны үшін айыпталған кезде сот әрбір қылмыс бойынша жеке-жеке осы баптың бөлігінің 1-7-тармақтарында көрсетілген мәселелерді шешеді.

4. Егер қылмыстың  жасалуына бірнеше сотталушы  айыпталса, сот оның жасалған  әрекеттегі ролі мен дәрежесін  айқындай отырып, әрбір сотталушыға қатынасты осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген барлық мәселелерді шешеді.

5. Сот осы  баптың бірінші бөлігінде аталған  негізгі мәселелерді шешіп, мынадай  қосымша мәселелерді шешуге көшеді:

1) сотталушының, ал қажет болған жағдайда жәбірленушінің ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын жайғастыру туралы;

2) сотталушының  мүлкін, қажет болған жағдайда  жәбірленушінің мүлкін қорғау  туралы.

3) жеке қаулы  шығару қажеттігі туралы.

Сотталушының  есі дұрыстығы туралы мәселені шешу.  Алдын ала тергеу немесе сот талқылауы кезінде сотталушының есі дұрыстығы туралы мәселе туындаған жағдайда сот үкім шығару кезінде бұл мәселені тағы да бір рет талқылауға міндетті.

Сотталушыны әрекет жасаған уақытта есі кіресілі-шығасылы күйде болған немесе қылмыс жасағаннан кейін оның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оларды игеру мүмкіндігіне айыратын психикалық науқаспен ауырған деп таныған сот, қылмыстық істі тоқтатуға және егер қорғаушы іске айып тағылған сәттен бастап қатысса және іс құрамында үш судья бар сотта қаралса, сотталушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.

Істі алқада қарау кезінде судьялардың кеңесу және шешім қабылдау тәртібі.

Істі алқалы қарау кезінде үкім шығарудан  бұрын судьялардың кеңесуі болады. Төрағалық етуші мәселелерді  судьялардың шешуіне, осы Кодекстің 371-бабында олар қалай аталса, сондай реттілікте және тұжырымда қояды.

Әрбір мәселені шешу кезінде, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Барлық мәселелер көпшілік дауспен шешіледі. Төрағалық етуші барлық жағдайларда өз дауысын соңғы болып береді.

Сотталушыны ақтау  үшін дауыс берген және азшылықта қалған судьяға қылмыстық заңды қолдану мәселелері бойынша дауыс беруден қалыс қалу құқығы беріледі. Егер қылмыстық саралануы туралы немесе жазалау шарасы туралы басқа судьялардың пікірлері сәйкес болмаса, онда ақтау үшін берілген дауыс неғұрлым жеңіл қылмысты көздейтін өаң саралануы бойынша және неғұрлым жеңіл таза тағайындау үшін берілген дауысқа қосылады.

Информация о работе Сот үкімі