Сот үкімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 13:38, дипломная работа

Краткое описание

Мен өз жұмысымда мынандай мәселелерді қарастырдым: Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде, сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері, сот үкімі, сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары немесе сот үкімінің іс жүргізуге енуі, соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi, үкімді жариялау және өзгерту, үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер және үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар мәселелерін қарастырдым.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................................................5
.
І Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде
1.1Сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері. Сот үкімі……………...….7
1.2 Сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары………………………………..27
ІІ Сот үкімінің іс жүргізуге енуі
2.1 Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi………………………….........36
2.4 Үкімді жариялау және өзгерту……………………………………………......38
2.3 Үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер…..................................................................................................................42
2.4 Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар………………………………………………………………....45
Қорытынды.................................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................58
Қосымша................................................................................................................ ...60

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_91.doc

— 428.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық іс жүргізу заңдарында заңдылық  қылмыстық  істер бойынша өндіріс тәртібін бекітумен нақтыланады.

Айталық Қазақстан  Республикасы ҚІЖК-нің 10-бабына сәйкес:

  1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы кодекстің 1-бабында көрсстілген өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті.
  2. Соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот, қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтік құкықтық акт адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген құкықтары мен бостандыктарына нұқсан келтіреді деп ұйғарса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және сол актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.
  3. Соттың қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде заңды бұзуына жол берілмейді және ол заңмен белгіленген жауаптылыққа, заңсыз актілерді жарамсыз деп тануға және олардың күшін жоюға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 2-тармағында Конституцияның ен жоғарғы зандық күші бар және республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады деген ереже бекітілген, яғни Конституция зандар мен өзге де нормативтік құкықтық актілерден үстем тұрады. Сондықтан, соттың (судьяның) сот төрелігін жүзеге асырған кездегі басты мақсатының бірі — Конституцияны сақтаумен бірге онын тікелей әрекет етуін қамтамасыз ету. Оның мағынасы, заңның немесе заң актісінің Конституцияға сай келуі немесе оларда Конституцияда мазмұндалған нормалардың болмауы кезінде сот (судья) Қазақстан Конституциясын тікелей әрекеттегі акті ретінде қолдану керектігін білдіреді.

Басты сот  құжатының бірі үкімнін зандылығына  қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 369-бабында белгіленген:

  1. Сот үкімі занды және негізді болуға тиіс.
  2. Егер үкім заңнын барлық талаптары сақтала отырып және заң негізінде шығарылса, ол занды болып танылады.

Зандылықты үкім шығарған сәтте сақтау міндетті және қажетті ғана емес, сонымен бірге басқа сот құжаттары үшін де міндетті болып табылады. Дегенмен бұл туралы қылмыстық іс жүргізу зандарында нақты айтылмағанымен, сот құжаттарын жасау кезіндегі біртұтас зандылық қағидасы қылмыстық сот өндірісін жүргізудің жалпы ережесінен туындайды.

Осыдан барлық сот құжаттарына қойылатын талаптың бірдейлігі туындайды және олардың мазмұны ондай құжаттарды жасауды көздейтін құқық мазмұнына сай болуы тиіс. Сот құжаты заңға атауы бойынша да, нысаны бойынша да, мазмұны жағынан да сәйкес келуі керек. Заңда сот құжатынын реквизиттері керсетілген жағдайда оларды жасалатын сот құжатына міндетті түрде енгізу қажет. Сот құжатынын заңға сәйкестігі, сондай-ақ нақты құжатты жасауды көздейтін құқықтық нормаға сілтеме жасалуынан да көрінеді.

Сот құжаттарын қылмыстық іс жүргізу зандарында белгіленген тәртіпте нақты есімдеу қажет. Кейбір сот құжаттары, мысалы соттың үкімдері мен жеке қаулылары қылмыстық іс жүрпзу зандарына сәйкес кеңесу бөлмесінде шығарылады және олар шығарылғаннан кейін дереу жарияланулары тиіс.

Сот құжатынын зандылығы оның соттың іс бойынша қабылдаған шешімінін мазмұндалу нысаны мен мәнінің занға сәйкес болуы ғана емес, сонымен бірге сот процесінің заң талаптарын сақтай отырып жүргізілгенін және соттың занды құрамымен шығарылғанын білдіреді. Занды өрескел бұза отырып жүргізілген сот отырысының нәтижесінде шығарылған сот құжатын занды деп тануға болмайды (мысалы прокурордың қатысуы қажет кезінде онын қатыспауы).

Үкім ретіндегі  сот құжаты қылмыстық іс жүргізу занын сот талқылауы барысында ғана емес, сонымен бірге қылмыстық процестің ерте сатыларында да бұзған жағдайларда зансыз болып есептеледі.

Занды бұзатын сот өзінің алдына қойылған міндетгерді орындамайды, сөйтіп оның шығарған үкімдері мен өзге де шешімдері халықтың алдында беделінен жұрдай болады. Сондықтан да соттын ен маңызды мақсат-міндеттері мынадай болуы тиіс: соттың өз қызметіндегі зандылықты барынша нығайту, өзіне қарасты істерді шешкенде кез келген заң бұзушылықты дереу жою, сот қызметінін сапасын жетілдіру, соттын істерді шешкенде қателіктерді жібермеуі және жіберілген қателіктерді дер кезінде түзетуі керек.

Сот құжатының зандылығы мен оның, негізділігі де тығыз байланысты болады.

Негізділік. Заңның талап етуі бойынша әрбір сот құжаты сот отырысында анықталған фактілерге негізделуі тиіс. Мұндай фактілердін іс материалдары мен сенімді дәлелдемелерге сәйкес келуінің маңызы зор, сөйтіп олар шын мәнінде орын алған елеулі мән-жайлардын бәрін қамтып, сот құжаттарында бейнеленуі тиіс. Басқаша айтқанда, сот құжатының негізділігі - бұл ондағы мазмұндалған фактілердің объективті дұрыс көрінісін табуы.

Соттың негізді  қорытындыларына сот құжаттарында мазмұндалған барлық пайымдаулар мен шешімдер жатқызылады. Алайда, соттың әр түрлі қорытындыларының негізділігінің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 369-бабының 3-бөлігіне сәйкес «егер үкім сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса, ол негізді деп танылады».

Көптеген  жағдайларда фактілер туралы пайымдаулар дәлелдемелерді саралау нәтижелеріне сүйенеді. Ал, осындай негіздеулер өз кезегінде дәлелдемелердің өздерін бағалау жөніндегі қорытындылар үшін де қажет болады. Егер сот құжатында (үкімде) келтірілген дәлелдемелер соттын объективті шындыкқа сай, істің мән-жайларын анықтауға қол жеткізгенін растайтын болса және соттың жасаған қорытындыларының акиқаттылығына күмән туғызбаса, онда мұндай жағдайда сот құжатының (үкімінін) негізділігі оның акиқаттылығын білдіреді.

Қылмыстық процесте акиқатты абсолютті акиқат ретінде талдаудын сот практикасы үшін зор манызы бар. Сот сотталушының кінәлілігі мен жауапкершілігінің дәрежесі туралы мәселенің дұрыс шешілуі үшін істің нақты мән-жайларын зерттеуі және анықтауы тиіс. Ал іске қатысы жоқ мән-жайлар зерттелмейді және анықталмауы керек. Бірак іс үшін маңызы бар мән-жайлар, сотталушының кінәлілігі мен жауапкершілік дәрежесі туралы мәселенің шешілуі олардын анықталуына байланысты болса, сот оларды акиқаттан еш ауытқымай абсолютті түрде дұрыс анықтауы тиіс, олай болмаған жағдайда соттын үкімі негізсіз деп есептелінеді.

Сондықтан, сот үшін абсолютті акиқаттылыктын жоқ екенін пайымдайтын кез келген тұжырымдама соттың істін мән-жайларың салыстырмалы түрде немесе шамалап қана дұрыс анықтауға мүмкіндік береді, істі шешу кезінде толықтай абсолютті акиқатка қол жеткізілмейтіндігін, сот төрелігі міндеттерінен ауытқып кетуін білдіреді. Әрине, акиқатқа қол жеткізу кейде өте күрделі және қиын, сотқа айтарлықтай кедергілерден өтуге тура келеді, бірақ онын әрекет етуінің мақсаты мен нәтижесі абсолютті акиқатка қол жеткізу болмақ.

Сот құжатын болжамдарға, қандай да бір фактілердің ықтималдығы туралы ойларға негіздеуге үзілді-кесілді жол берілмейді. Іс үшін манызы бар әрбір фактінің толықтай дұрыстығы дәлелденуі қажет. Тергеушінің және судьянын болжамдары, жәбірленуші, куә, сотталушы, сарапшы және басқа да тұлғалардың болжамдары қаншалықты шындыққа сай болса да, дәлелдемелік күшке ие болмайды. Тек фактілер туралы мәліметтер ғана дәлелдемелер ретінде қабылдануы мүмкін және тек фактілер ғана негізделген сот құжатының арқауына айналады.

Жеткілікті  дәлелдемелер жоқта дәлелдеуге жататын фактілердің жойылмайтын күмәндардың туындауы сот айқындамасының негізі екені аян. Сол арқылы сотталушыға қатысты ақтау үкімінде, айыптау үкімінде болсын, онын пайдалы болуына қарай қорытынды жасауға мүмкіндік туады, өйткені сотталушының пайдасына оның кінәлілігіне күмән тууы ғана емес, сонымен бірге айыптаудын жеке кездейсоқ жағдайы, кінә нысаны, қылмысқа қатысу дәрежесі мен сипаты, женілдететін және ауырлататын мән-жайлар да қатысты болады.

Егер сот қылмыстық іс қосымша тергеу үшін қайтарылуы керек деп шешсе, онда мұндай шешім негізделген болуы керек, яғни Қазақстан Республикасы КІЖК-нің 303-бабынын талаптарына сәйкес келуі кажет.

Қылмыстық-кұқықтық саралауды және жазалау не жазадан босату мен айыптау үкімінде шешілетін басқа да мәселелерді қоса алғанда, анықталған фактілерді құқықтық, бағалау туралы қорытынды материалдың заңның қисынды-құқықтық талдануына да негізделуі тиіс.

Соттың кез  келген қорытындысы негізсіз деп есептелсе, сот құжаты да негізсіз деп танылады.

Мәселен, кінәліні қылмыстық жауапкершіліктен босататын қылмыстық істі қысқарту туралы сот қаулысы негізсіз болады.

Кінәсізді соттау туралы үкім немесе айыпты растайтын  жеткілікті дәлелдемелер бола тұра ақтау үкімі шығарылса, олар негізсіз деп есептеледі.

Егер сот, іс үшін маңызы бар елеулі мән-жайларды анықтамаса, дәлелдемелерді зерттемесе немесе сот шешімі бекітілген фактілерге, соның ішінде әрекетті қылмыстық-қүқықтык саралау және жазалау шарасын тандау белігіне қайшы келсе, сот құжаты негізсіз деп танылады.

Сотталушының, жәбірленушінің, куәнің, анықтау немесе алдын ала тергеу өндірісінде берген жауаптары занда рұксат етілсе ғана жариялануы, ал жауаптық дыбыс жазбасы қалпына келтірілуі мүмкін. Мұндай жауаптарда мазмұндалған фактілі мәліметтер, сондай-ақ басқа да дәлелдемелер тексеріліп, жан-жақты зертгеліп және сот отырысында дәлелденгеннен кейін іс бойынша қорытынды мен шешімнің негізін қалай алады.

Сотта зерттелмеген дәлелдемелерге негізделген сот  құжаттары негізсіз және заңсыз деп  саналады, өйткені қылмыстық іс жүргізу заңында негізделген сот құжаттарын ғана шығару талап етілген. Соттың сот құжатындағы кез келген қорытындысының негізсіздігі қылмыстық іс жүргізу заңың, ал қылмыстық - кұқықтық нормаларды қолданудын негізсіздігі сонымен бір мезгілде материалдық-қылмыстық заңың бұзу болып есептелінеді.

Шынтуайтында, егер сот құжаты соттың іс жүргізу нормаларын елеулі бұзуға жол бергеніне байланысты (мысалы, сотталушыға сонғы сөз берілмесе) заңсыз деп танылса, сот құжаты (басты сот талқылауының хаттамасы болсын, үкім болсын) негізсіз деп есептеліп, сот зерттеуінін барлық нәтижелеріне күдік туғызады.

Сонымен заңдылық және негізділік — бұл әр түрлі ұғымдар, бірақ олар өзара келісілген және бір-бірімен тікелей байланысты.

Сот кұжатынын негізділігі  оның дәлелді болуын да көздейді.

Дәлелділік. Сот құжатынын дәлелділігі - бұл сот құжатында келтірілген қорытынды, шешімдерді соттың сотта анықталған деп танылған тиісті дәлелдемелерге, мән-жайларға сілтеме жасай отырып растауын міндеттейтін; қабылданған үкімдерді және шығарылған шешімдерде жасалған қорытындыларды негіздеуге өздерінің дәлелдерін келтіруді міндеттейтін талаптар. Сот құжатыныц дәлелділігі (қаулынын, үкімнін) сотта зерттелген істің мән-жайлары мен осы негізде жасалған қорытындылардын арасындағы өзара байланысты көрсетеді.

Сот құжатынын  дәлелділігі үкім мен қаулы негізділігінін, сондай-ак оның зандылығының шартын бейнелейді. Дәлелсіз сот құжаты занды және негізді деп есептелмейді.

Сот (судья) сот  құжатын өзінің ішкі сеніміне сәйкес шығарады және дұрыстығына нық сенімді болған шешімдерді ғана қабылдайды. Алайда судья сенімінің өзі істін мән-жайларынан келіп шығуы тиіс және сот отырысында қарастырылған мәліметтермен расталуы керек. Сот құжатының дәлелділігі іс жүргізудін көрінісі судьяның өз сенімдерін негіздеуі болып табылады.

Сот қорытандыларының дәлелділігі толық болуы керек, яғни нақты жағдайға қажетті барлық дәлелдер мазмұндалуы тиіс, бірақ керексіз, елеусіз ойлар, сондай-ақ қайшылықтар болмауы кажет.

Сот дәлелдемелерінде қайшылықтар болған жағдайда, сот құжатының негізіне олардын бірін қоя отырып, басқа дәлелдемелерді неге қабылдағаны жөнінде көрсетуге міндетті.

Сот құжатынын  дәлелділігі сотталушыны, сондай-ақ, басқа тұлғаларды қоса алғанда (үкімді және басқа да сот құжаттарын жария етуге қатысқандар) тараптар үшін оны түсінікті етеді.

Сот құжатының  дәлелділігі — бұл зандылық және негізділікке қол жеткізудің маңызды  құралы, өйткені ол соттың өзінің қорытындыларын, шешімдерін (үкімде, қаулыда келтірілетін) таразылауына, олардың шынымен қарастырылған дәлелдемелерге, анықталған мән-жайларға, заңға сәйкес келуін бақылауларына түрткі болады. Кейде сот кұжатында сот құрамымен талқыланған шешімді нақтылап пайымдай бастағанда-ақ, сенімсіздігі байқалатындығы тәжірибелі судьяларға жақсы таныс, оның себебі шешімнін бұрыстығына байланысты болады, соның нәтижссінде сот қайтадан осы мәселені талқылап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік алады.

Сот құжатының  дәлелділігін талап ету соттың іс бойынша негізделген шешімдерді қабылдауын ынталандырады, сот құжатының сенімділігін қамтамасыз етеді және оның заңдылығы мен негізділігін жоғары тұрған соттың тексеруіне жәрдемдеседі.

Зандылық, негізділік және дәлелділікпен қатар, сот құжаты әділ де болуы керек.

Әділеттілік. Әділдік туралы көзқарас қоғамдық сананын  барлық деңгейінде (теориялық және тұрмыстық сана, қоғамдық психология және идеология денгейінде) қалыптасады және оның барлық нысандарында (саясатта, құқықта, моральда, дінде, өнерде, философияда, ғылымда) көрініс табады. Олар идеялар, ұғымдар, сезімдер және т. б. түрінде қоғам өмірінің түрлі жақтарына және кұбылыстарына әсер етеді. Құқықтык (зандық) әділдік туралы, саяси, адамгершілік, діни және т. б. әділдік туралы айтуға болады.

Әділеттілік құрылымындағы жетекші орынды кұқықтық, (зандық) әділдік алады. Құқықтық әділетсіз әлеуметтік-экономикалық акиқатгылықты, саяси әділеттілікті, адамгершілік әділдігін жүзеге асыру мүмкін болмас еді, яғни адамның бостандығын жүзеге асыруға және қоғамдағы әділеттілікті орнықтыруға болмайды.

Информация о работе Сот үкімі