Сот үкімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 13:38, дипломная работа

Краткое описание

Мен өз жұмысымда мынандай мәселелерді қарастырдым: Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде, сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері, сот үкімі, сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары немесе сот үкімінің іс жүргізуге енуі, соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi, үкімді жариялау және өзгерту, үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер және үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар мәселелерін қарастырдым.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................................................5
.
І Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде
1.1Сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері. Сот үкімі……………...….7
1.2 Сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары………………………………..27
ІІ Сот үкімінің іс жүргізуге енуі
2.1 Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi………………………….........36
2.4 Үкімді жариялау және өзгерту……………………………………………......38
2.3 Үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер…..................................................................................................................42
2.4 Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар………………………………………………………………....45
Қорытынды.................................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................58
Қосымша................................................................................................................ ...60

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_91.doc

— 428.00 Кб (Скачать документ)


МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе ......................................................................................................................................5

.

І  Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде

1.1Сот құжаттарының  түсінігі, оның негізгі түрлері.  Сот үкімі……………...….7

1.2 Сот үкіміне қойылатын  іс жүргізу талаптары………………………………..27

ІІ   Сот үкімінің іс жүргізуге енуі

2.1 Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi………………………….........36

2.4 Үкімді жариялау және өзгерту……………………………………………......38

2.3 Үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер…..................................................................................................................42

    1. Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар………………………………………………………………....45

Қорытынды.................................................................................................................55

 

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................58

 

Қосымша................................................................................................................ ...60

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жұмыстың көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және  қорытындыдан,   пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Мен өз жұмысымда мынандай мәселелерді қарастырдым: Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде, сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері, сот үкімі, сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары немесе сот үкімінің іс жүргізуге енуі, соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi, үкімді жариялау және өзгерту, үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер және үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар мәселелерін  қарастырдым.

  Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан— 2030" жолдауында былай делінген: "Біз ... заңның абсолют үстемдігін орнатуға және заңға бағынатын азаматтармызды қылмыстылықтан қорғауға тиіспіз" дей келе,   2007-жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  атты Қазақстан  халқына   арнаған  Жолдауында  «... демократиялық  құқықтық  мемлекеттің іргетасын қалыптастырып,  осы заманғы  қоғамдық  институттарды нығайттық ...» деп атап көрсетеді.

      «Өткен жылдар ішінде елдің құқық қорғау және сот жүйелерінің криминалдық көріністерге қарсы тұратын, азаматтарымыздың өмірі мен құқықтарын қорғайтын әлеуеті едәуір нығайды», - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақстан халқына ЖОЛДАУЫНДА баға беріп өтті.

      Құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамды құру жөніндегі Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында айтып өткендей «Азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының міндеті» болып табылады. (Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2006 ж. 1 наурыз).

1995 жылдың 30 тамызында  Республикалық Референдумда қабылданған  Ата Заңымыздың (1998 жылғы 7 қазандағы өзгертулерімен және толықтыруларымен) 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. 

Конституциямыздың 3-бабының –тармағына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-тендік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принциптеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.

Қазақстанның мемлекеттік құрылысының  жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде  келістілік жағдайында қызмет етудің басты құралы – мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді  қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену, зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бір бөлігі – сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық –тәжірибелік өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады.

Жоғарыда айтылған пікірлер де құптайтындай бүгінгі мемлекеттік  биліктің үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі  принциптерінің теория және тәжірибе жүзінде одан әрі дамытылуы жағдайындағы, сол сияқты олардың президенттік басқару институтымен үйлесімді қызмет атқаруының жаңаша дамуы кезеңіндегі өзектілік, ғылыми-құқықтық және әлеуметтік-тәжірибелік мәні артқан жағдайда сот құрылысы, сотта іс жүргізу, сот төрелігін одан әрі дамыту мен жетілдіру мәселелері бүгінгі күннің өзі зерттеуге қойып отырған өзекті мәселелер болып табылатындығы еш дау тудырмаса керек. 

Қазақстан Ресупбликасында  сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда  және тәртіппен қылмыстық сот  ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі. 

Қазақстан Республикасында  сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.

Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салады.

Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.

Сот ісін қарау  тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа  ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

Сот билігі Қазақстан  Республикасының атынан жүзеге асырылады  және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Әркімге мемлекеттік  органдарын, ұйымдардың, лауазымды  және өзге де адамдардың Республиканың  Конституциясында және заңдарында көзделген  құқықтарға, бостандықтар мен заңды  мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.

Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен  әділеттілікті сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау  құқығынан айыруға болмайды.

Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген  өзге де сот ісін жүргізу нысандары  арқылы жүзеге асырылады.

Судьялар сот  төрелігін іске асыру кезінде  тәуелсіз және тек Конституция мен  заңға ғана бағынады. Судьялардың  мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін зандарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.

Сот төрелігін  іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке  әкеп соғады. Нақты істер бойынша  судьялар есеп бермейді.

І  Сот үкімі  – процессуалдық акт ретінде

 

 

1.1Сот құжаттарының  түсінігі, оның негізгі түрлері.  Сот үкімі

 

Құжат (лат. Docmentum деген сөзден шыққан) дәлелдеме, куәлік дегенді білдіреді. Орыс тіліне құжат деген сөз Петр патша дәуірінде енген болатын, ол кезде документ деп құқықтық маңызы бар іс қағаздарын айтатын. Кейін «документ» сөзінің екі түрлі мағынасы пайда бола бастады: 1) тар, тұрмыстық мағынасы - төлқұжат және жеке басының куәлігі; 2) кең мағынада - қандай да бір нәрсені айғақтайтын, куәландыратын заттың барлығы.

Сот құжаты қоғамдағы  сот үрдісі процесін қамтамасыз ететін құжаттар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қылмыстық істерге байланысты сот төрелігін жүзеге асырғанда  заң тиісті іс жүргізу құжаттарын толтыруды талап етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабына сәйкес басты сот талқылауы барысында хаттама жүргізіледі. Казақстан Рсспубликасының ҚІЖК 325-бабының                           1-бөлігінің күшімен басты сот талқылауында шешетін барлық мәселелерге сот қаулы алады; Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 44-тарауына сәйкес бірінші сатыдағы сот істі шешкен кезде үкім, ал Қазақстан Рсспубликасы ҚІЖК-нің 387-бабында көзделген негіздерде сот кеңесу бөлмесінде жеке қаулы шығарады.

Егер де қылмыстық  іс рақымшылық (апелляциялық) шағым наразылық бойынша қарастырылса, онда Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 423-бабына сәйкес рақымшылық (апелляциялық) қаулы шығарылады; қадағалау сатысындағы судья, қадағалау шағымын алдын ала қарастырғанда, оны зерттеп, танысып шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 460-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес тиісті сот сатысына шағымдалған сот қаулысын қайта қарау туралы ұсыныс енгізеді. Шағымдалатын сот қаулыларын қайта қарауға негіз жоқ болса, қадағалау шағымының иесіне жазбаша хабарлама жіберіледі. Қадағлау сатысындағы сот өз шешімдерін Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 467 және 468-баптарына сәйкес, қаулы нысанында қабылдайды.

Жоғарыда аталған іс жүргізу құжаттары негізгі сот  құжаттары деп есептелген мен, сот  тәжірибесінде басқа да іс жүргізу құжаттары кездеседі. Ол қылмыстық істің нақты мән-жайларына, сотталушының жеке басына, жинақталған материалдарына байланысты дайындалатын іс құжаттары, алайда мұндай құжаттар әрбір іс үшін міндетті емес. Олар: шақыру қағазы, қолхат, хабарлама, ерекше пікір, ресми ескерту, бұйрық және ұйғарым.

Сонымен, сот төрелігін  жүзеге асыру кезіндегі сот құжаттарына  барлық сот шешімдері (қаулы, үкім), сот отырысы хаттамасы, сондай-ақ қосымша іс жүргізу құжаттары (шақыру қағазы, қолхат, хабарлама, жазбаша  хабарлама, жазбаша тапсырма, ерекше пікір, бұйрық, ұйғарым және т.б.) жатады.

Сот төрелігін жүзеге асырғанда негізгі сот құжаттары  міндетті болып табылады және олар қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында толықтай реттелген. Заңда бұл құжаттардың  атауы ғана емес, олардың қолдану түрі мен қаулы, үкім және хаттаманың реквизиттері де көрсетіледі. Судьялар қылмыстық істерді қараған кезде көбіне қаулы шығарады.

Сот құжатының осы  түрі арқылы судья немесе сот құрамы басты сот талқылауын тағайындаудан  бастап қадағалау сатысында шешім қабылдағанға дейінгі көптеген мәселені шешеді.

Айталық, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 299-бабына сәйкес, судья келіп түскен іс бойынша осы бапта көзделген шешімдердің біреуін қаулы нысанында қабылдайды.

Басты сот талқылауында кез келген сот шешімі істегі туындаған мәселеге жауап береді, оны шешеді және қаулыда тұжырымдайды. Сөйтіп, жеке жағдай үшін заң шығарылады – judex lex facit inter partes.

Сот талқылауы барысында туындайтын барлық мәселе бойынша соттың шығаратын көптеген шешімдері қаулыларда тұжырымдалуы және Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 325-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот отырысында жариялануы тиіс. Үкім шығарылған кезде, бірге қабылданатын қаулылар үкіммен бірге жарияланады, бұл әдетте жеке қаулылар болады.

Басты сот талқылауында шығарылатын сот қаулылары екі түрлі болады: 1) кеңесу бөлмесіне бармай шығарылатын ауызша қаулылар; 2) соттың кеңесу бөлмесінде шығаратын жеке жазбаша құжат түріндегі қаулылар.

Ауызша деп аталатын қаулыларды судьялар сол жерде, яғни, сот отырысы залында кеңескеннен  кейін, даусыз, айқын мәселелер бойынша қабылдайды. Сот залында шығарылған қаулы мазмұнын төрағалық етуші ауызша тұжырымдайды және ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

Сот күрделі, даулы мәселелер  бойынша туындаған дауларды кеңесу бөлмесінде талқылап қаулы шығарады. Мәселен, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 325-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот келесі мәселелер бойынша кеңесу бөлмесінде жазбаша қаулылар шығаруға міндетгі істі қосымша тергеуге жіберу туралы, істі қысқарту туралы, қылмыс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшін жою туралы, бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 387-бабында көзделген негіздер пайда болса, сот кеңесу бөлмесінде жеке қаулы алады. Ол қаулылар судья немесе сот құрамы қол қоятын жеке құжат түрінде жасалады және жазбаша дәйектемелерді талап етеді.

Басты сот талкылауында шығарылатын соттың барлық қаулылары  жедел түрде міңдетті жариялауға жатады. Судья немесе сот құрамы шығаратын қаулыларды мазмұны бойынша төмендегідей 9 топқа бөлуге болады;

1) сот талқылауын бастайтын;

2) сот талқылауын бөлетін;

3) сот талқылауын аяқтайтын,

4) сот іс-қимылдарын  көздейтін;

5) жеке;

6) апелляциялық сатының;

7) үкімді орындауға  байланысты;

8) қадағалау сатысы тобы;

9) қылмыстық іс өндірісін  жүзеге асыратын мемлекеттік  органдар мен лауазымды тұлғалардың  әрекеттеріне және шешімдеріне  шағым жасалатын қаулылары;

Бірінші топқа: Қазақстан Республикасы ҚДЖК-нің 301, 299-баптарына сәйкес алдын ала тыңдауды өткізу және басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы;

Информация о работе Сот үкімі