Сот үкімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 13:38, дипломная работа

Краткое описание

Мен өз жұмысымда мынандай мәселелерді қарастырдым: Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде, сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері, сот үкімі, сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары немесе сот үкімінің іс жүргізуге енуі, соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi, үкімді жариялау және өзгерту, үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер және үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар мәселелерін қарастырдым.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................................................5
.
І Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде
1.1Сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері. Сот үкімі……………...….7
1.2 Сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары………………………………..27
ІІ Сот үкімінің іс жүргізуге енуі
2.1 Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi………………………….........36
2.4 Үкімді жариялау және өзгерту……………………………………………......38
2.3 Үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер…..................................................................................................................42
2.4 Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар………………………………………………………………....45
Қорытынды.................................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................58
Қосымша................................................................................................................ ...60

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_91.doc

— 428.00 Кб (Скачать документ)

2) үкімнің күшін жойып,  істі қысқартады;

3) үкімді (қаулыны) өзгертеді;

4) үкімнің күшін жойып,  істі бірінші сатыдағы соттың  жаңадан қарауына жібереді;

5) үкімнің күшін жойып,  істі Қазақстан Республикасы  ҚІЖК-нің 303-бабында көрсетілген  негіздер бойынша қосымша тергеуге жібереді;

6) Қазақстан Республикасы  ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген  мән-жайлар анықталғанда жеке  қаулы шығарады.

Алелляциялық сатыдағы соттар қаулы дайындаған кезде ҚІЖК-нің 422-бабының талаптарын қатаң басшылықка алулары қажет.

Қаулының кіріспе бөлігінде ҚІЖК-нің 422-бабының 2-бөлігінде көрсетілген мәліметтермен қатар сот үкіміне (қаулысына) шағым берген немесе наразылық білдірген тұлғаларды, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот қабылдаған шешімді көрсеткен жөн.

Сипаттау-дәлелдеу бөлігінде  шағымның (қарсылықтың) немесе наразылықтың әрбір дәлеліне тиянақты жауап беріліп, істі тексерудің барысы мен нәтижелері, заңға сілтеме жасала отырып, сот қабылдаған шешімнің негіздері мен дәлелдері көрсетіліп, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені, қылмыстың саралануы және жазалау шаралары туралы мәселелер бойынша нақтылы жауаптар болуы қажет. Наразылық немесе шағым қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот қаулыда шағымдағы немесе наразылықтағы дәлелдерді теріске шығаратын тиянақты негіздерді келтіруге міндетті.

Үкім бұзылған немесе өзгертілген жағдайда, үкімге негіз  етіліп алынған дәлелдемелердің  неге жеткіліксіз деп танылғанын, қандай заң бұзушылықтар орын алғанын, олардың үкімнің мәніне қалай  әсер еткенін көрсету қажет.

Қорытынды бөлікте қабылданған шешімінің мәні баяндалып, үкімге енгізілген әрбір өзгеріс көрсетіледі. Қорытынды бөліктің тұжырымдамасы ҚІЖК-нің, 411-бабында баяндалған шешімдердің бірін бейнелеуге тиіс.

Апелляциялық сатыдағы соттың іс бойынша шығарылған жеке қаулыны бұзу немесе өзгерту туралы шешімі, жеке қаулыда істің мәніне қатысты мән-жайлар баяндалған жағдайлардан басқа реттерде жеке қаулымен ресімделеді.

Апелляциялық қаулыларды ҚІЖК-нің 423-бабының қағидаларын  сақтай отырып шығару қажет.

Сот құрамы қаулының толық мәтінін іс қаралған күннен бастап жеті күннің ішінде дайындап, қол қойған жағдайда, қаулының қорытынды бөлігі іс қаралғаннан кейін дереу кеңесу бөлмесінде шығарылып, оған соттың бүкіл құрамы қол қояды. Істі қарауға қатысқан судьялардың бәрі қаулының толық мәтініне қол қойғанға дейін қаулы орындауға жіберілуге тиіс емес, ал оның көшірмесін мүдделі адамдарға жіберуге болмайды.

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы ол жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Апелляциялық қаулыны  орындау кезінде туған күмәндер мен түсініспеушіліктерді сол қаулыны шығарған сот ҚІЖК-нің 49-тарауының қағидалары бойынша қарауы мүмкін.

Жетінші топқа: соттың үкімін орындаумен байланысты қаулылар жатады. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 49-тарауында көрсетілген мәселелерді шешу үшін үкім шығарған сот не сотталушының жазасын өтейтін жеріндегі сот немесе сотталушының тұрғылықты жері бойынша сот үкімді орындау барысында туындайтын күмәндар мен түсініксіздіктерді жою туралы; жазалау шарасын өзгерту немесе жою туралы; жазалау түрін өзгерту туралы; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы және үкімді орындауға байланысты өз құзыреті шегінде қаулылар шығарады.

Сегізінші топқа: Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 468-бабына сәйкес қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте аппелляциялық қаулы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 464-бабына сәйкес сот қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша:

шағым берілген сот актісін  қайта қарау бойынша қадағалау  іс жүргізуін қозғау және қадағалау  шағымын қылмыстық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;

шағым берілген сот актісін  қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы;

қадағалау шағымын қайтару  туралы қаулы шығарады.

Соттың қадағалау шағымын  алдын ала қарау нәтижелері бойынша  шығарған қаулысында;

қаулының шығарылған күні мен орны:

қадағалау шағымын қараған  және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты жөні;

дау туғызған сот актісін  көрсете отырып қаулы шығарылған іс;

қалағалау шағымын берген адам;

қадағалау шағымында  келтірілген дәлелдер;

Шағым берілген сот актісін  қайта қарау бойынша қадағалау  іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не қадағалау шағымын оларды берген адамдарға қайтарудың негіздері;

осы баптың бірінші бөлігінде  көрсетілген шешімдердің бірі көрсетілуге  тиіс.

Қадағалау шағымын алдын  ала қараудың нәтижелері бойынша  шығарылған қаулының көшірмесі қадағалау шағымын берген адамға жіберіледі.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 467-баптың алтыншы бөлігінің  бірінші тармағына сәйкес шағымды (наразылықты) қанағаттандырусыз қалдырады  не істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

Тоғызыншы топқа қылмыстық іс бойынша өндірісті жүргізетін мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалынған шағымдарға байланысты соттардың қаулылары жатқызылады.

2003 жылдың 20 наурызында  қабылданған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Прокурордың сезіктіні, айыпталушыны қамауға алу, үйде қамап ұстау немесе қамауға алу, үйде қамап ұстау мерзімін ұзарту жөніндегі санкциясына сотқа шағымдану туралы» №1 нормативтік қаулысында былай делінген:

«Судья прокурордың қамауға алу, үйде қамап ұстау не оның мерзімін ұзарту туралы санкциясына сотқа берген шағымын алғаннан кейін сот отырысын дайындау туралы қаулы шығарады. Қаулыда, атап айтқанда:

- сот отырысының өткізілетін  уақыты мен орны;

- шағымның дәлелдерін тексеру үшін қажетті тұлғалардың сот отырысына шақырылғаны;

- қылмыстық істің немесе  шағымдалып отырған бұлтартпау  шарасын таңдап алудың негіздемелері  мен тәртібіне қатысы бар қылмыстық  іс материалдарының бір бөлігінің  сұратылғандығы;

- шағымды қарау үшін қажетті құжаттардың сұратылғаны;

- қамауда отырған адамның,  оның өкілінің, қорғаушысының қажет  болған жағдайда сот отырысына  шақырылғаны көрсетілуі тиіс».

Шағымды қараудың нәтижелері туралы судьяның қаулысы дәлелді  болуға тиіс. Онда айыпталушының, сезіктінің анкеталық мәліметтері, атап айтқанда:

- қаралып отырған шағымның  мәні және шағымды кімнің бергені;

- тұлғаның қылмыстық заңның  қай бабы бойынша жауапқа тартылып  отырғаны;

- оны кімнің қашан ұстағаны, қамауға алғаны;

- прокурордың қамауға алу, үйде  қамап ұстау немесе олардың мерзімін ұзарту жөніндегі санкциясына шағымдану уәжі;

- прокурордың қамауға алу, үйде  қамап ұстау немесе олардың  мерзімін ұзарту жөніндегі санкциясының  заңдылығы мен негізділігіне  немесе қамауға алу, үйде қамап  ұстау түрінде бұлтартпау шарасын бұзу немесе өзгергуге себеп болған дәлелдерге сүйеніп қабылданған шешімнің мәні;

- бұлтартпау шарасы жеңілдетілген  жағдайда өзге қандай бұлтартпау  шарасының тағайындалатыны;

- сезіктіні, айыпталушыны қамаудан  босатудың негіздері; 

- судьяның қаулысына шағымданудың (наразылық келтірудің) тәртібі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

Судья қаулысы ҚІЖК-нің 110-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, оны шағымдануға құқығы бар адамдарға дереу жіберіледі және оның көшірмесі қылмыстық іс материалдарына тіркеледі.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі істі алдын ала тыңдауды жүргізу барысында (ҚІЖК 301-баптың 2-тармағы), басты сот талқылауы кезінде (ҚІЖК 328-баптың 1-тармағы) соттың және қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың барлық іс жүргізу әрекеттеріне хаттама жүргізуді міндеттейді.

Біздің ойымызша, заң шығарушы сот  мәжілісіне хаттама жүргізуді мынадай  себептерге байланысты міндеттейтін сияқты: біріншіден, процеске қатысушылар айтқан барлық фактілерді жадында ұстауға адамның есте сақтау қабілеті жеткіліксіз, әсіресе, кейбір істерді қарау мерзімі апталап, тіпті айлап созылған кездері мүлдем қиындап кетері анық; екіншіден, судьяны және сот процесіне қатысушыларды субъективизмнен қорғау үшін, өйткені судья заңды және негізделген үкім шығару барысында қылмыстық істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық, әділ қарауы тиіс, ал мұндай талапты орындау, әрине, алдын ала тергеу және сот талқылауы барысында жинақталған материалдарды кеңесу бөлмесінде хаттама негізінде салыстыру арқылы жүзеге асырылмақ; үшіншіден, жоғары тұрған сот қабылданған қаулының, үкімнің заңдылығын және негізділігін ресімделген хаттама арқылы ғана тексере алады; төртіншіден, сот өндірісін куәландыру үшін.

Басты сот талқылауында судьялардың  дәлелдемелерді тікелей және ауызша зерттеуі басты сот талқылауы  рәсімі мен жүретін дәлелдеу процесін көрсету, ерекше іс жүргізу құжатында — сот отырысы хаттамасында бекітіледі.

Жалпыға мәлім, «Хаттама - сот талқылауының айнасы» деген ұғым көпшіліктің  қолданатын сөзіне айналып кетті. Қазақстан  Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабының 3-бөлігіңде хаттаманы рәсімдеудің қатаң сақталатын ережелері бекітілген, онда сот отырысы хаттамасында міндетті түрде қамтылуы тиіс мәліметтер келтірілген: «басты сот талқылауының күні, оның басталу және аяқталу уақыты; қандай іс қаралып жатқаны; соттың атауы және құрамы, хатшы, аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сот шақырған басқа да адамдар; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы; соттың жүргізілген реттегі іс-әрекеті, іске қатысушы адамдардың арыздары, қарсылық білдірулері және өтініштері; соттың кеңесу бөлмесіне бармай шығарылған қаулылары, қаулылардың кеңесу бөлмесінде шығарылуына нұсқау; іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міңдеттерінің түсіндірілуі; айғақтардың егжей-тегжей мазмұны; сарапшыға қойылған сұрақтар және оның мәні, айыптаушыны қамаудан босату туралы шешімдердің біреуін шығарады. Егер прокурордың сезіктіні, айыпталушыны медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға берген санкциясына сотқа шағымданса, онда сот мәжілісінде жүргізілген тексерулер мен дәлелдерді зерттеу жөніндегі басқа іс-әрекеттердің нәтижелері; іске қатысушы адамдар хаттамада куәландыруды өтінген фактілерге нұсқамалар; тараптардың сот жарыс сөзінде сөйлеген сөздерінің және сотталушының соңғы сөзінің негізгі мазмұны; үкімнің жарияланғаны және оған шағымдану тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы нұсқама көрсетіледі. Бұған қоса, хаттамада егер орын алған болса, сотты сыйламаушылықты куәландыратын фактілер және тәртіп бұзушының жеке басы мен соттың тәртіп бұзушыға қолданған ықпал ету шаралары да атап көрсетіледі.

Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейінгі бес тәуліктен кешіктірілмей  жасалып, оған наразылық етуші мен  хатшы қол қоюға тиіс. Сот талқылауы  барысында хаттама бөліп-бөліп жасалуы мүмкін, оларға және бүтіндей хаттамаға сот отырысына төрағалық етуші мен хатшы қол қояды (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабы, 4-бөлігі).

Сот талқылауы хаттамасының дұрыс  жазылуы төңірегінде сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының арасында түсініспеушілік туса, соңғысы өзінің келіспеушіліктерін жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбаларымен бipгe хаттамаға тіркеуге құқылы (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабы, 5-бөлігі). Заңның бұл нормасы басты сот талқылауы кезінде киноға түсіру, бейне, дыбыс жазбасын қолдануға мүмкіндік береді, олардың материалдары сот отырысы хаттамасына қоса ұсынылады, оларға сүргіш салынып, іспен бірге сақталады. Хаттамада аталған техникалық құралдардың қолданылғаны туралы белгі қойылады (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабы, 6-бөлігі).

Істі апелляциялық немесе қадағалау тәртібінде қараған кезде  қажет болған жағдайда жазба материалдары қайтадан алынуы мүмкін.

Төрағалық етуші тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы  дайындалғаны туралы хабарлауға және онымен танысуға мүмкіндік беруге міндетті (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабы, 7-белігі).

Басты сот талқылауында жауап алынған  адам хаттамадағы өз айғақтарының жазылуымен тапыстыру жөнінде өтініш жасауға  құқылы. Мұндай мүмкіндік өтініш мәлімделгеннен кейінгі күннен кешіктірілмей берілуге тиіс (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабы, 8-бөлігі).

Сот қаулысына дау айтысу процеске қатысушылардың, хаттамамен танысу мүмкіндігін  қамтамасыз етпеу апелляциялық сот  сатысының істі қайта рәсімдеуге қайтаруы үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 329-бабына сәйкес «басты сот талқылауының хаттамасына  қол қойылғаннан кейінгі бес  тәуліктің ішінде тараптар, сондай-ақ, осы Кодекстің 328-бабының 8-бөлігінде  көрсетілген өзге іс адамдар хаттамаларға ескертпелер беруге құқылы. Аталған мерзімді іс бойынша төрағалық етуші тараптардың өтініші бойынша он тәулікке дейін ұзарта алады».

Басты сот талқылауы хаттамасына  ескертпелер жасау құқығы сот  отырысы хаттамасының толық және дұрыс жасалуына бағалау жасау құралы болып табылады. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелерді төрағалық етуші, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды. Қажет болған жағдайларда (мысалы, өтініш берушінің хаттамада нақты нені көрсеткісі келетіні анық емес болса) төрағалық етуші нақтылау үшін ескертпе берген адамдарды шақыртуға құқылы.

Информация о работе Сот үкімі