Сот үкімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 13:38, дипломная работа

Краткое описание

Мен өз жұмысымда мынандай мәселелерді қарастырдым: Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде, сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері, сот үкімі, сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары немесе сот үкімінің іс жүргізуге енуі, соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi, үкімді жариялау және өзгерту, үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер және үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар мәселелерін қарастырдым.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................................................5
.
І Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде
1.1Сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері. Сот үкімі……………...….7
1.2 Сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары………………………………..27
ІІ Сот үкімінің іс жүргізуге енуі
2.1 Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi………………………….........36
2.4 Үкімді жариялау және өзгерту……………………………………………......38
2.3 Үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер…..................................................................................................................42
2.4 Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар………………………………………………………………....45
Қорытынды.................................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................58
Қосымша................................................................................................................ ...60

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_91.doc

— 428.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық-процессуалдық  құқық теориясында үкімнің басты  қасиеті ретінде айыпталушыны қылмыс жасағандығы жөнінде кінәлы деп  тани алатын және оған тиісті жаза тағайындай алатын бірден-бір құжат немесе қылмыстық істер бойынша әділ соттың бірден-бір негізгі актісі немесе соттың іс жүргізу функциясын - қылмыстық істі мәні бойынша шешуін неғұрлым толық нысанда жүзеге асыратын бірден-бір процессуалдық акті екендігі көрсетіледі.

Демек, үкім дегеніміз  сотталушының кінәлылығы немесе кінәсыздығы  және оған жаза қолдану не қолданбау  туралы мәселелер бойынша сот  мәжілісіңде шығарылатын шешім. Бұл жерде «шешім» деген сөздің «үкім», «қаулы» деген процессуалдық  актілерге байланысты қолданылатынын атап өткеніміз жөн. Аталмыш актілердің ортақ белгілері сол, олар құқықтық сауалдарға жауап бере алады, яғни, өндіріс жайын, сот әрекетінің мазмұны мен нәтижесін көрсететін сот хаттамасынан сот шешімін ажыратуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда шешім-актінің мәнін аңғартатын текті ұғым, ал қаулы мен үкім — қылмыстық сот өндірісінде шешімнің түрлері. Шешімнің түрлері оны қандай органдардың қабылдайтындығына, онда қандай мәселелердің қамтылатындығына байланысты әр қилы болып келеді. Шешімдер өзара қабылдаудың процессуалды іс тәртібімен, сондай-ақ жазылу нысанымен ерекшеленеді.

Кінәсіздік презумпциясы принципін баянды еткен Қазақстан  Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес айыпталушының (сотталушының) кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Қылмыс жасалған деп айыпталушы азаматтың құқықтары мен мүдделеріне берілетін ең маңызды кепілдіктерінің бірі осыдан көрінеді, өйткені үкім шығару сотталушының кінәсі туралы мәселені заңды және негізді түрде шешуге, оған заңда белгіленген жазаны қолдану немесе оның кінәсіздігі мен оны сотта ақтау сияқты іс жүргізу нысандарымен рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Үкім мемлекет атынан барлық дәлелдемелер жиынтығын соттың ішкі сенімімен мұқият зерттеуі және бағалауы негізінде шығарылады. Үкімде нақты қылмыстың алдын ала тергелуі мен сотта қаралуының қорытындысы келтіріледі.

Кез келген, тіпті салыстырмалы түрде қарапайым болып келетін  қылмыстық істер бойынша шығарылатын  үкімдер көп қырлы іс жүргізу құжаттары болып табылады, онда сотталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы негізгі мәселелерді шешумен қатар осы мәселеден келіп шығатын: азаматтық талап туралы, заттай дәлелдемелер туралы және т.б. көптеген мәселелер шешіледі. Топтасқан және көп оқиғалы істер бойынша үкім шығару едәуір қиыншылық туғызады.

Үкімге қойылатын басты  талап - оның заңды және негізді болуы. Бұл талапты бұзу үкімді бұзуға әкеліп соғады. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 44-тарауына сәйкес үкім сот отырысында қаралған істегі бар мәліметтерге негізделуі тиіс. Алдын ала тергеудегі мәліметтер, оларды сот тергеуі процесінде тексергеннен кейін ғана үкімнің негізіне айналуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 371-бабына сәйкес сот үкім шығару кезінде мынадай мәселелерді:

1) жасалуына сотталушы  айыпталып отырған әрекеттің  орын алғаны дәлелденді ме;

2) бұл әрекет қылмыс  болып табыла ма және ол  нақ, қандай қылмыстық заңда  көзделген (бабы, бөлігі, тармағы);

3) сотталушының бұл  әрекетті жасағаны дәлелденді  ме;

4) сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлі ме;

5) оның жауаптылығы  мен айыбын жеңілдететін немесе  ауырлататын мән-жайлар бар ма;

6) сотталушы жасаған  қылмысы үшін жазаға тартылуы  тиіс пе;

7) сотталушыға қандай  жаза тағайындалуға тиіс;

8) жаза тағайындамай  үкім шығару үшін немесе жазадан босатуға негіздер бар ма;

9) бас бостандығынан  айыруға сотталған сотталушы  түзеу немесе тәрбие беру мекемесінің  қандай түрі мен тәртібінде  жазасын өтеуге тиіс;

10) азаматтық талап-арыз  қанағаттандыруға жата ма, кімнің  пайдасына және қандай мөлшерде, сонаай-ақ егер азаматтық талап берілмесе, мүліктік зиян өтелуге жата ма;

11) азаматтық талап-арызды  немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз  ету үшін тыйым салынған мүлікті  не істеу керек;

12)  заттай дәлелдемелерді  не істеу керек:

13) іс жүргізу шығындары кімге, қандай мөлшерде жүктелуге тиіс;

14) сот сотталушының кұрметті, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік награлаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізуге) тиіс пе:

15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;

16)  қылмысты жасауға әсер ететін мән-жайлардың болуы туралы;

17) сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;

18) бұрынғы үкім бойынша шартты  сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселелерді шешуге тиіс.

Осы баптың 5-бөлігіне сәйкес, сот негізгі  мәселелерді шешіп, мынадай қосымша мәселелерді:

1) сотталушының, ал қажет болған жағдайда жәбірленушінің ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын жайғастыру туралы;

2) сотталушының мүлкін, қажет болған жағдайда жәбірленушінің мүлкін қорғау туралы;

3) жеке қаулы шығару қажеттігі туралы мәселелерді шешуге көшеді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің 2002 жылдың 15 тамызындағы «Сот үкімі туралы» №19 нормативтік қаулысында былай дейді: «Қабылданатын үкімнің процессуалдық нысанын сақтаудың маңыздылығына соттардың назарын аудару қажет. Өйткені осы арқылы сот қабылдаған шешімнің мазмұны толық ашылады. Ол өзінің нысаны жағынанда, мазмұны жағынан да ҚІЖК-нің 377—383-баптарының талаптарына сай болуы тиіс».

Мазмұн дегеніміз назарға алынған құбылыстың ішкі көрінісі, оның касисттерінің құрамдас элементтерінің жиынтығы үкімге байланысты алғанда, барлық жайтты нақтылы көрсетеді. Ал, нысан дегеніміз құбылыстың сыртқы көрішсі, оның жүйесі, кескіні үкімге байланысты алғанда мазмұнның баяндалу тәсілін көрсетеді. Шешімнің нысаны — жалпы алғанда сот өндірісінің процессуалдық нысанына тән белгілердің бірі. Сондықтан да заңмен белгіленген шешімнің нысанын дәлме-дәл сақтау - сот өндірісі мен шешімінің заңды болуына аса қажетті шарты.

Мазмұн мен нысан бір-бірімен тығыз байланысты болады. Өйткені, шешімнің заңдылығы мен мегізділігіне қатысты қойылатын басты талап оның мазмұнына да, нысанына да бірдей қатысты. Негізінен нысан мазмұнды барынша аша түсуді көздейді.

Шешімді дұрыс рәсімдеу жай ғана техникалық үдеріс (процесс) деп қаралмауы тиіс.

Әрбір үкім өзінің мазмұны жағынан жеке-дара болып есептеледі. Әйтсе де, олардың әрқайсысында кінәлылық немесе кінәсыздық жаза қолдану, т.б. мәселелер шешілетін болғандықтан кез келген үкімнің жалпы нысанын анықтайтын негізгі (жалпы) мазмұны туралы сөз қозғауға болады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы үкімнің мазмұнына (оңда жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша қайсыбір жайттарды және шешімдерді мазмұндау), соңдай-ақ үкімнің нысанына (үкімнің құрамдас бөліктерін орналастыру мен мазмұндау тәртібі анықталған) өзіндік талаптар қояды. Заң шығарушының тек мазмұнға ғана емес, сонымен қатар нысанға жіті көңіл бөлуі - үкім нысанының оның мазмұнына сәйкес келмеуі мазмұнды бұрмалап жіберуі мүмкін екендігімен түсіндірілмек. Мазмұны мен нысаны жағынан сапалы үкім жазу тиісті білімді және тәжірибені талап етеді.

Сот үкімі айыптау немесе ақтау үкімі болуы мүмкін.

Айыптау үкімін сот қылмыс оқиғасы дәлелденген деп және осы қылмысты жасаған сотталушыны кінәлі деп танығанда шығарады.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 375-бабының 2-бөлігіне сәйкес айыптау үкімі:

1) сотталушы өтеуге тиіс қылмыстық жаза тағайындала отырып;

2) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;

3) қылмыстық жаза тағайындала және оны өтеуден босата отырып;

4) қылмыстық жаза тағайындалмай;

5) қылмыстық жазаны өтеу кейінге қалдырыла отырып шығарылады.

Ақтау үкімі, егер:

1) қылмыс оқиғасы болмаса;

2) сотталушының әрекетінде қылмыс құрамы болмаса;

3) қылмыс жасауға сотталушының қатысуы дәлелденбесе шығарылады. Аталған негіздердің кез келгені бойынша ақтау соттың сотталушының кінәсіздігін тануды білдіреді және оның толық ақталуына әкеп соғады. Ақтау үшін түрлі негіздер тек азаматтық іс бойынша ұсынылғандарға ғана ықпал етеді.

Үкімді шығару тәртібі Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 370-373-баптарынша белгіленген. Үкім судьялар кеңесінің құпиясы жағдайында шығарылады - үкім шығару кезінде кеңесу бөлмесінде осы іс бойынша соттың құрамына енетін судьялар ғана болады. Кеңесу бөлмесінде өзге адамдардың, соның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.

Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) демалу үшін кеңесу бөлмесінен шығып, үзіліс жасауға құқылы. Судьялардың талқылау және үкім шығару кезінде орын алған пайымдауларды жария етуге құқығы жоқ.

Үкім көпшілік жай дауыспен шығарылады және соттың барлық құрамы, соның ішінде - азшылықта қалған судьялар да оған қол қояды. Төрағалық етуші барлық жағдайларда өз дауысын ең соңынан береді. Төрағалық етуші. сондай-ақ азшылықта қалған судья кеңесу бөлмесінде ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы, үкім жариялаған кезде хабарланбайды, бірақ іске қоса тіркеледі.

Кез келген сипаттағы  үкім кіріспе. сипаттамалы-дәлелді  және қорытынды бөлімдерден тұрады. Үкімнің мазмұны және құрылымы онда шешілетін негізгі мәселелердің мәні бойынша анықталады (кінәлі және жаза шарасы). Осыған орай, үкімнің кіріспе бөлімінде үкімнің Қазақстан Реслубликасының атынан шығарылғаны және үкімнің шығарылған уақыты мен орны, үкім шығарған соттың атауы, соттың құрамы, қандай тұлғалардың қатысқанын, үкім кімге қатысты және не үшін айыпталатындығын нақты айқындауға мүмкіндік беретін мәліметтер көрсетілуі тиіс (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 378-бабы). Айыптау үкімінің сипаттамалы-дәделді бөлігінде істің қандай нақты мән-жайлары анықталғаны не анықталмағаны және неліктен екендігі туралы шешімдерді, өзінің қорытындыларын (сот жасаған қорытындыларын растайтын дәлелдемелерді, олармен анықталған мән-жайларды, өзінің дәлелдерін келтіреді) көрсетеді. Заң айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелді бөлігінің мазмұнын Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 379-бабында және ақтау үкімінің сипаттамалы-дәлелді бөлігінің мазмұнын Қазақстан Рсспубликасы ҚІЖК-нің 381-бабында белгілеген.

Үкімнің қорытынды бөлігінде сотталушыны қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы шешім және нақты қандай қылмыс үшін айыпталатыны жазаның түрі немесе сотталушыны ақталған деп тану туралы және үкімде шешілуі тиіс (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 371-бабында көзделген мән-жайлар) өзгеде мәселелер туралы шешімдер көрсетіледі. Айыптау үкімнің қорытынды белігінің мазмұны - Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 380-бабында, ал ақтау үкімінің мазмұны — Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабында белгіленген. Үкімнің кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қорытынды бөліктері үкімнің құрылымын айқындайды. ол әрбір үкім шығарылған жағдайда міндетті болып табылады.

Негізгі сот құжаттарына  қарағанда қосымша іс жүргізу  құжаттары қылмыстық іс жүргізу  заңдарына толықтай регламенттеле  қоймаған. Заңдарда, әдетте олардың тек атаулары мен маңызы ғана аталып өтеді.

 

 

1.2 Сот үкіміне қойылатын  іс жүргізу талаптары

 

Қылмыстық іс жүргізу  заңында сот (судья) жасайтын кез  келген құжаттарының сәйкес келуі тиіс іс жүргізу талаптары тұжырымдалмаған. Заңда олардың кейбірінің реквизиттеріне ғана сілтеме жасаған. Ал, көпшілік жағдайда заңда іс жүргізу құжаттарының тек атауы аталып өтеді. Алайда барлық іс жүргізу құжаттары құқықтық іс жүргізу заңдарында реттелу жағдайына қарамастан  жалпы іс жүргізу талаптарына жауап беруі тиіс.

Енді қылмыстық істер  жөніндегі барлық сот құжаттарына  қойылатын жалпы іс жүргізу талартарын қарастырып көрелік.

Заңдылық. Заңдылық деп барлық мемлекетгік және мемлекетгік емес мекемелер мен ұйымдардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың Қазакстан Республикасы Конституциясынын талаптарын, зандар мен оларға сай өзге де нормативтік актілерді бұлжытпай сақтауын (бұзбауын) және орындауын айтамыз.

Осы жалпы  құқықтық  қағиданың соттөрелігіне  тікелей қатысы бар. Сот төрелігін жүзеге асырған кезде  зандылық мыналардан көрінеді:

  • сот қызметін заң негізінде және соған сәйкес ұйымдастырудан, судьяларды заңға сәйкес тағайындаудан, әрбір сот органын тиісті нысанда ұйымдастырудан, оның жұмысын дұрыс жолға қоюдан және т. б.;
  • соттерелігін заңды құзырет шегінде және іс жүргізу заңдарының талабына тура сәйкестікте, соттың сот отырысында іс жүргізу нормасын қатаң сақтап жүзеге асыруынан;
  • соттың сот кұжаттарында (үкім, қаулы) заңнын тиісті нормаларын тура және дұрыс қолдануынан көрінеді, сонын негізінде қылмыстық іс шешімін табады.

Сөйтіп, сот  төрелігі саласындағы заңдылык сот  құрылымының нормаларын (Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазакстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесі және соттар мәртебесі туралы Жарлығы), іс жүргізу нормаларын (қылмыстық іс жүргізу) және материалдық -кұқықтық нормаларды (қылмыстық және өзге де заңдар) дәл орындауы мен сақтауынан көрінеді.

Информация о работе Сот үкімі