Құқықтық норма

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Алайда құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің, қоғамның болуы мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................5
1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері...................7
1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі ...............................................................7
1.2 Құқықтық норманың құрылым жүйелері мен түрлері.................................10
1.3 Құқықтық нормалар және діни, корпоративтік нормалар..........................17

2 Құқық нормаларын қолдану актілерімен логикалық құрылымы.........36
2.1 Құқық нормаларын қолдану актілері...............................................................39
2.2 Құқықтық норманың логикалық құрылымы..................................................41

3 Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі..................................................44
3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері...................................48
3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар.......................................................49

Қорытынды..............................................................................................................56

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Құқықтық-норма.doc

— 408.50 Кб (Скачать документ)

Мынандай құқықтық отбасыларын айтуға болады: жалпылама құқық, роман –германдық , славяндық, мұсылмандық, индустық және басқалар.

Құқықтық реттеу әлеуметтік реттеудің бір бөлігін құрады (адамдардың тәртібіне мақсатты бағытталған ықпал, мақсаты қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру, жеке адам мен адамдар бірлестігінің қажеттіліктері мен мүдделерін келістіруге жету) және тұтас жүйелердің және құралдардың көмегімен іске асырылады.

Әлеуметтік реттеу құралына әлеуметтік нормалар жатады: құқықтық (заңды), моральдік, корпоративтік, діни, саяси, экономикалық т.с.с.; жекелеген

 ұйғарымдар, билік  нұсқауы, мәжбүрлеу шаралары. Әлеуметтік  реттеудің жолына міндеттеуді,  рұқсат беруді, тыйым салуды жатқызу  көзделген.

Құқықтық реттеу әлеуметтік реттеудің ерекше бөлігін құрайды, адамдардың тәртібіне және қоғамдық қатынастарға мақсатты ықпал жасау түрі, құқықтық (заңды) құралдардың көмегімен көрінеді.

Айтылғандардың ерекше маңыздылығы, ең алдымен, сол мемлекеттің  аумағында тұратын барлық адамдар  үшін,  құқықтық ұйғарымдардың жалпыға  міндеттілігімен белгіленеді және құқықтық нормалардың ережелерінің нормаларын орындамағанда мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану мүмкіндігі.

Құқықтық реттеу қоғамдық қатынастарға жайылады, онда қоғам  мүшелерінің жекелеген және  жалпыәлеуметтік  мүдделері көрініс табады,  сонымен қатар олардың қатынасушыларының бір-біріне деген мүдделері іске асырылады.

Қоғамдық қатынастар белгілі тәртіпті орындау келісімінің  негізінде және бұл тәртіптің  жалпыға міндеттілігін мойындағанда құралады, ол мемлекеттік мәжбүрлеу  шараларымен бекітілген.

Осы белгілерге минимум  үш топтағы қоғамдық қатынастар сай  келеді, олар құқықтық реттеу аясына кез  болады.

Бірінші топты  құратындарға материалдық және материалдық емес бағалы заттарды айырбастайтын адамдардың қатынастары жатады. Екіншісін – қоғамды билікпен басқаратын  қоғамдық қатынастар құрайды, үшіншісіне құқықтық тәртіпті,  бағалы заттарды айырбастау процессінің жөнді  жүргізілуін , қоғамды басқару процессін қамтамасыз ететін қатынастар кіреді.

Бұл топқа кіретін  қоғамдық қатынастар құқықтық реттеу пәнін құрайды.1

Қоғамдық қатынастардың  әртүрлілігі, әсіресе құқықтық реттеу аясына кіретіндер заңды ықпал жасаудың әдістері мен  жолдарында әртүрлілік туғызады.

Құқықтық реттеу әдісі  – бұл құқықтық реттеу жолдарының заңды жиынтығы «... совокупность юридических способов правового

регулирования»2                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       Орталықтанбаған реттеу жолы - қоғамдық қатынастардағы жақтардың мақсаттары мен мүдделерін ретке келтіру үшін құрылған және жеке құқықтық сипаттағы салаларда, ең алдымен өзінің жеке мүддесін қанағаттандыратын  азаматтық қоғам субъектілерінің қатынасындағы тәртіпті белгілеуге қолданылады.

Орталықтанған (императивтік) реттеу әдісі - қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың арасындағы субординациялық (бағыну) қатынастарына негізделеді. Оның көмегімен артықшылық  болып есептелетін, жалпыәлеуметтік (жалпымемлекеттік)  мүдделер қатынастары реттеледі.

Орталықтанған, императивтік әдістер көпшілік – құқықтық салаларда  пайдаланылады - конституциялық, әкімшілік және қылмыстық құқықта.Құқықтық реттеу жолы - қоғамдық қатынастарды рттеу тәсілі. Құқықтық реттеудің мынандай жолдары бар:

Позитивті міндеттеу- жеке адамдарға ( субъектілерге) белсенділік тәртіпті міндеттеуді кіргізу;

Рұқсат беру (дозволение) - жеке адамдарға және өзінің  белсенді әрекетіне құқық беру;

Тыйым салу – адамдарға заңмен тыйым салынған әрекетті жасамауға міндеттілік енгізу.

           Көтермелеу және ұсыныс беру  – құқықтық реттеудің толықтырылған жолы, ол құқықтық тәртіпке қызығушылықты қолдайды.

Тыйым салу және рұқсат беруді жанастыруға  байланысты, мемлекетпен құқық теоретиктерімен, екі негізгі реттеу кейпі бөлініп  шығады:

    1. Жалпы рұқсат беретін реттеу – құқықтық реттеу кейпі, соның негізінде жалпы рұқсат беру, принципімен жүргізіледі.
    2. Тыйым салу арқылы реттеу - құқықтық реттеу кейпінің негізінде жалпы тыйым салу мына принцип бойынша жүргізіледі:  «запрещено все, что прямо не разрешено законом», яғни заңмен  тікелей рұқсат етілмегендердің бәріне тыйым салынады.

Қоғамдық қатынастарды реттеу, құқық нормаларының  ұйғарымдарын шын өмірге кіргізу, көптеген кедергілерге кездесуде.

Табиғи және жасанды  сипаттағылар, құқықтық нормалардың  шын мәніндегі әрекеттілікті  алуға, заңдағы жәй жиылған сөзден шын  әрекеттегі қоғамдық қатынастарды реттеушіге айналдыруға кедергі келтіреді.

Мысалы кедергі жасайтын фактордың басқаруға келетіндігіне  не келмейтіндігіне байланысты оларды бөледі: а) басқаруға берілетін кедергілер (құқықты қолдану жетімсіздігі, заңдардағы ақтаңдақтар, коллизиялық т.б. , оларды басқару процессінде жөндеуге болады және мақсатты бағытталған жөндеуге келеді); б) басқаруға берілмейтін кедергілер. Оларға стихиялық қиындықтар, табиғи құбылыстар, ауа –райының қолайсыздығы және басқа басқаруға мүмкіндік бермейтін факторлар жатады.

Тек бір ғана әдіске сүйеніп, құқықтық реттеу құралы қоғамдық қатынастардағы қажетті нәтижеге жетуі мүмкін емес. Сондықтан мемлекет пен құқық теориясында және салалық заң пәндерінде құқықтық реттеу (механизімі) тетігі түсінігі бар. Ол дегеніміз, құқықтық құралдардың жүйесі, яғни құқық субъектісінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында көбірек  бірізділікпен ұйымдастырылған.

Құқықтық реттеу механизімінің  негізгі принциптеріне мыналар  жатады:

  1. Құқықтық реттеу тетігіне кіретін құқықтық құралдардың жүйелілігі.

Құқықтық реттеу тетігі бір ғана құқықтық құралдан емес бірнешеуден тұрады және өзінің жиынтығымен (жүйеде) құқық субъектісіне кедергі жасайтындарды көбірек тиімді жеңуге мүмкіндік береді және  өз қажеттілігі мен мүдделерін қанағаттандырады.

  1. Құқықтық реттеу тетігінің мақсатты бағыты:

Бұл басты, мазмұнды белгі, бұл категорияның маңыздылығы сонда, ол құқықтық реттеу тетігінің ролін  түсіндіруші және көрсетуші, яғни құқық  субъектісінің мүддесін іске асырудағы  кездесетін кедергілерді алып тастайтын  мүмкіндігін көрсетеді.

  1. Құқықтық реттеу тетігіне кіретін  құқықтық құралдардың ұйымдасқандығы.

         Құқықтық реттеу тетігін құратын  құқықтық құралдар жүйесі, құқықтық  реттеушіні аз пайдаланып  ең  сапалы және тиімді түрде қоғамдық  қатынастарды реттеуге жету, оған  құқық субъектілері кіреді:

         Сонымен бірге, құқықтық реттеу  тетігінің  белгілі ішкі құрылысы бар, оның бөліктері ретінде мыналар көрінеді:

  1. Құқық нормалары. Құқықтық реттеу тетігінің бұл элементі (бөлігі) құқықтық реттеу  аясындағы  қоғамдық қатынасқа қатынасушылардың жалпы және заңды міндеттегі тәртіп жолдарын белгілейді.

Құқық нормаларының қоғамдық қатынастарға басты реттеуіштік  ықпалы мынадан көрінеді - өзінің ықпал  ететін субъектілердің ортасын белгілейді; берілген субъектілердің, оның ұйғарымын  басшылыққа алатын жағдайларды қалыптастырады; көрсетілген жолды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік шарасын белгілейді.

Құқық нормасы - құқықтық реттеу тетігінің басты бөлігі, оның негізін белгілейді  және құқықтық тәртіптің  нақтылы қоғамдық  қатынастарда  бағдарланған  бағытын (моделін) анықтайды.

  1. Құқықтық қатынас -  құқықтық реттеу тетігінің элементі, оның көмегімен құқықтың субъектілерінің арасындағы байланыстар, субъективтік құқық пен заңды міндеттілік іс жүзіне асырылады.

Құқықтық қатынастар құқық нормаларында бекітілген жалпы, өзгешелігі жоқ құқықтарды, нақтылы және бір – біріне байланысты құқықтарға және жекешеленген субъектілердің (адамдар мен ұйымдардың) құқықтарына айналдырады,  соған байланысты олар өз тәртібін жөндеуге міндетті.

  1. Заңды құқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің, олардың құқығы мен міндеттерін іске асырудағы шын мәніндегі тәртібі. Осы актілердің  көмегімен құқықтық реттеудегі мақсат орындалады, өкілетті және міндетті адамдардың нақтылы заңдылық мүдделері қанағаттандырылады.

Құқықтың, экономиканың және саясаттың арақатынастары   жөніндегі мәселелер заң ғылымында, тұтасымен гуманитарлық  пәндерде, қызық және даулы мәселелерге  жатады.

Көптен бері ғылыми ортада құқықтың экономикаға кірісуі қажетті  ме , егер қажетті болса қандай мөлшерде, деген қатаң түрдегі таластар орын алып отыр.

Кейбір көзқарастар  бойынша, құқық экономикаға араласпауы керек, яғни экономика өзінің ішкі заңдылығына  сәйкес дамуы керек. Бұл теория өзінің таралуын  XVIII   ғасырдың  аяғы мен – XIX  ғасырдың басында алды. Ондай

 көзқарастардың мәнін  А. де Токвиль айтқан: «Самой  большой заботой правительства  должна стать забота о том,  чтобы приучить народы обходиться  без него», яғни үкіметтің ең  үлкен жұмысы, халықты онсыз болуға  үйрету деген. Ондай көзқарастар XIX  ғасыр бойы үстемдік етті.

Басқа тәсілдегі жақтаушылардың өкілдері, керісінше құқықтың экономикаға  араласып оны реттеуді жақтады. Осы  көзқарастар Совет мемлекетіндегі әрекеттерге бастаушы болды, «мыңдаған  ұсақ  түйектерді» бағдарлау саясаты іс жүзіне асырылды. Мемлекет экономикалық процесстердің бәріне араласып, барлық деңгейде, жоғарыдан төменге дейін, яғни нақтылы заводтар мен совхоздармен басқаруға ұмтылды.

Дегенмен (планды) бағдарламалы шаруашылық  істері азаматтардың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге бағытталмады, жарияланған өндіріс күштерінің пропорциональді гормониялық өсуі болмады. Мемлекеттің ықпалы өндірісті, айналымды және тұтынуды қамтыды. Мемлекеттің экономикалық әрекеті тек заңмен емес партиялық директивалармен, қосымша актілермен басқарылды. Нормативті актілер адамды – адам қанауын болдырмады, бірақ көпке – көрнеу мемлекеттің адамды қанауына жол берді.

Жоғарыдағы көрсетілген  тәсілдер құқықпен экономиканың арақатынасы  жөнінде даулы мәселелер.

Егер бірінші көзқарасты ұстасақ (ол бойынша құқықтың экономикаға  араласуының тиімді еместігін), онда өндірістік мүдделер, әртүрлі материалдық  ынталандыру, адамдардың әлеуметтік  қорғалуын төмендетеді.

Егер екіншіні қолдасақ (онда құқық экономикалық аяның реттеушісі) онда,  тарих көрсеткендей, жөнді  қызмет жасап тұрған экономикамен бірге  кейін сөнеді.

Теориялық жағынан, көптеген ғалымдармен екеуаралық «промежуточные»  экономика мен құқық туралы арақатынастар үстемдікке ие болуда.

XX ғасырдың басында  либеральдық  мектеп кең тарай  бастады, оның жақтаушыларының  бірі Ф. Хайектің пікірі бойынша   экономика мен құқықтың әрекеттесуіндегі  артық құрал – құқықтық құралдармен  жөнді экономикалық бәсекелестікті  қамтамасыз ету. Бәсекелестік тиімді болу үшін түпкілікті ойластырылған заңды қалып қажет, ал кей кездерде, белгілі үкіметтік ұйымдастырушылық қажет. Сонымен қатар,  қандай болмасын  бағаны тексеру не сол басқа товарлардың  санын тексеру талабы бәсекелестіктен тиімді келісімділіктегі  жекешелік күш жұмсауын алып қояды. Мемлекетпен көптеген, әртүрлі жағдайларға қолданылатын  тәртіпті белгілеу тежеліп, жекелеген адамдарға барлық  жағынан еркіндік берілуі керек, ол жағдайлар әр жердің ерекшелігіне байланысты.

Бүгінгі күні ресей ғалымдары, сондай-ақ В.В. Лазаревпен құқықтық нысандарды пайдалануға, базарға жылжуды қамтамасыз етуге және құқыққа, құқықтық мемлекетке ұмтылуға кейбір бағыттарды жасады және қалыптастырды:

    1. Экономикалық дамудың мақсатын белгілеу. Мұны әртүрлі жасауға болады. Оның ішінде мынандай тәсіл: заңды тәртіпте барлық мақсатты  жазбай, азаматтарға және олардың бірлестіктеріне «неге тыйым салынбаса,  соған рұқсат етілген» (А.Т.) принципі негізінде өз дегендерін істеуге  мүмкіндік беру қажет. Тыйым салу сондай мақсаттарға белгіленеді, егер өз табиғатына құралдарымен жету, гуманизмге қарсы.

2) Базарлық қатынастардың субъектілерінің ортасын белгілеу. Мұнда әңгіме   қатаң түрде, тежелген категориядағы адамдарды,  толығымен белгіленген ұйымдарды және мекемелерді ештеңемен ақтауға болмайтын заңның қорғауынан алып шығу қажеттігі.

Ерекеше көңіл бөлуді керек ететін мәселе, кәсіпкерлікке  және коммерциялық әрекеттерге, мемлекеттік  аппараттарға,  құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің  және депутаттардың қатынасуы туралы.

3) Юстициямен шаруашылық және коммерция жүргізудегі кесірлі құралды алып  тастап оған тыйым салу. Нарықтық өмірден, барлығына белгілі болған, қылмыстық нысандар мен әрекет түрлері ғана шығарылмай, құқыққа сайлары да шығарылатын сияқты көрінеді. Мысалы, мәдениетті дүниенің бәріне белгілі, монополияға қарсы заңдар, жарнамамен, товарлардың белгісімен, фирмалардың атымен теріс пайдаланғандарға қарсы әрекет жасайды.

  1. Базарлық істерді және құқық туралы дауларды шешудің тәртіп жолын белгілеу.

Егер шаруашылық қатынастардың  қатынасушыларына адал шешім қажет  болса, онда ол мақсатқа жетудің жолы, дауды процессуальдық  тәртіп қарау  қажет. Кей жағдайларда дауласушы  жақтар дауды шешуге мемлекеттік  органдарды елемей, өз сотына – третейлік сотқа жүгінеді. Бірақ олар мемлекеттік қорғаудың кейбір түрлерінен айрылады.

  1. Заңды жауапкершілікті белгілеу. Адалдық бұзылған жағдайларды орнына келтіріп, зияндылықтың орнын толтыруды талап етеді. Базарлық адалдық, материалдық жауапкершілікті талап етеді.

Құқық пен саясаттың  арақатынасын қарай отырып,  атап айтатынымыз, олардың өзі қоғамдық феномен ретінде мемлекеттің  пайда болуымен байланысты көрінді. Мемлекет тарихи жағынан қоғамға  бірінші саяси ықпал жасаған  дәстүрлік құрал .

Дәстүрлік (Аристотльдің рухымен) саясат мемлекеттің қоғаммен басқарылуы ретінде түсіндіріледі. Саясатқа мынандай көзқарас тараған, яғни саясат әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеуші  ретінде түсіндіріледі және олардың мүдделері  кейде бір –біріне сай келеді,  кейде идеологиялық не экономикалық себептерге байланысты сай келмейді.

Информация о работе Құқықтық норма