Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:31, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Алайда құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің, қоғамның болуы мүмкін емес.
Кіріспе..........................................................................................................................5
1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері...................7
1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі ...............................................................7
1.2 Құқықтық норманың құрылым жүйелері мен түрлері.................................10
1.3 Құқықтық нормалар және діни, корпоративтік нормалар..........................17
2 Құқық нормаларын қолдану актілерімен логикалық құрылымы.........36
2.1 Құқық нормаларын қолдану актілері...............................................................39
2.2 Құқықтық норманың логикалық құрылымы..................................................41
3 Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі..................................................44
3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері...................................48
3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар.......................................................49
Қорытынды..............................................................................................................56
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................58
Ресми
емес талқылау – құқық нормалар
Құқық
нормаларын ресми емес
Доктриналдық түсіндіру, құқық нормаларының мазмұнын және оларды қолдану тәжірибесін түсіндіру, олар білімге және құқықтық реттеудің заңдылығына терең білгендікке, қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы құқықтың роліне, нақты заңдылық мәселелерді шешуге негізделеді. Ғылыми ұсыныстар, арнайы органдардың құқықтық шығармашылығын жетілдіруге және құқықты қолдану қызметіне, оларды объективті қоғамдық дамудың заңдылығына сәйкес келтіруге көмектеседі.
3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар.
Құқық тоқтататын (үй-жайды сату нәтижесіңде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құкығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айырылады).
Құқық өзгеретін (үй айырбастау нәтижесінде кұқықтық қатынастардың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).
Занды айғақтар ерік белгісіне байланысты да жіктеледі. Оған жататыны әрекет (шарт, заңды бұзу, мұра қалдыру; т.с.с). Әрекеттер өздері заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Мысалы, адамдардың әскери қызметте болуы, некеде тұруы, т.с.с. заңда белгіленген заңды айғақтар болып табылады. Заңды айғақтарға оқиғалар да жатуы мумкін. Олар — жер сілкіну, өрт, дауыл, су тасқыны оқиғалары, әрине, мұндай мән-жайлар тек заңда белгіленген болса ғана айғақтарға жатады.
Жалпы алғанда әрекеттер дегеніміз адамдардың ерік ықтиярларын білдіретін жүріс-тұрыстық, іс-қылықтық актілері. Адамдар өздерінің күнделікті болмысында қаншалықты мөлшер өлшеусіз, сансыз жүріс-тұрыс (әрекет) актілерін атқарады. Солай бола тұрса да заң сол актілердің белгілі бөлігімен ғана заңдық зардаптардың болғанын байланыстыра қарастырады. Сонда, тек қана осы жүріс-тұрыс (әрекеттері) актілері ғана заң мағынасындағы әрекеттер болады яғни құқықтық әрекеттер болады.
Мұндай әрекеттер занды яғни кұқықтық ұйғарымдарға сай келетіндері, оны бұзбайтындары және заңсыз болуы мүмкін. Олар құқықтык талаптарға сай келмейді, оларды бұзады.
Заңды әрекеттер өз кезегінде заңдық акт және заңды қылық деп бөлінеді.
Заңдық актілер нақты кұкықтык нәтижелерге қол жеткізу мақсатында атқарылған әрекеттер (азаматтық-құқықтык келісім немесе еңбек шартына отыру, некелесу жөне т.б).
Заңды қылық — өздерінің алдына кұкықтық мақсат қоймаған, дегенмен объективті себептерден болатын, субъектісінің ерік ықтияры мен ниетінен тысқары болып келетін құкықтық салдардын негізінде туындайтын занды іс-әрекеттер. Мысалы, әдеби шығарманы немесе өнер табудағы шығарма, туынды шығармашылық актісі болып табылады. Бірақ осының нәтижесінде жазушының, ақынның, ғалымның авторлық құқығы пайда болады.
Заңды актілер де және занды қылықтар да формальды болуы мүмкін (олардағы құкықтық салдардың туыңдысына сол әрекеттер жеткілікті болатын болса).
Сонымен қатар нәтижелі болуы мүмкін (егер де құқықтық салдарда туындайтындар сол әрекеттердің өзі емес, тек олардың нәтижелері болатын болса). Мысалы, ақшаны қарызға беру фактісінің өзі қарыз алушының алған қарызын қайтаруды талап ету құқығын туындатады. Сот шешімінің заңдық салдары оны дайындау мен жазып шығудағы әрекеттерден туындамайды. Керісінше сол шешімнің құкықтық акт ретіндегі күшінен туындайды. Сондай-ақ авторлық құқық әдеби, живописьтік және т.б. ой еңбегі шығармаларының жарық көргеннен кейін ғана барып пайда болады, алдыңғы және соңғы жағдайда да іс-әрекеттің нәтижесінде туындап отыр.
Заңдық салдар заңсыз іс-әрекеттердің де салдарынан заңдық салдарды туындатады: тергеу органдарының қылмысты ашуы, оны табу, білу туралы міндеттерін туындатады; жәбірленушінің және басқалардың да өтініш, арызды кұқық корғау органдарына беру құқығы және т.б. туындайды.
Заңсыз іс-әрекеттер құқық бұзушылық (қылмыс жөне теріс қылық, яғни тәртіпсіздік) және объективті түрдегі құқыққа қарсы іс-әрекеттер деп жіктелінеді. Осы екеуінің арасындағы айырмашылыкқа келер болсақ: құқық бұзушылық басқа да түрлі құқыктық қатынастармен бірге заң алдыңда жауапты болу қатынастарында (қылмыстык, әкімшілік және т.б.), ал объективті түрдегі кұқыққа карсы іс-әрекеттер заң алдындағы жауаптылықты туындатпайды. Мысалы, ойын баласы (жасөспірім) ойнап жүріп көршілерінің кора-қопсысын от қойып өртеп алғаны үшін қылмыстык жауаптылыкқа тартылуы мүмкін емес. Ондайда, қылмыстық құкықтық қатынастар туындамайды. Бірақ оның әрекеті азаматтык-құқықтық қатынастардың пайда болуына негіз болады зиян шеккеннен келтірілген зардаптарының өтелуін талап ету құқығы туындайды.
Құқықтық оқиғалар яғни белгілі бір салдардың туындауын болғызатын оқиғалар. Бұлардың көпшілігі табиғатта кездесетін, адамның саналы тіршілігіндегі жүріс тұрыстарымен (әрекеттерімен) байланысты болмайтын құбылыстар: жер сілкінісі, су тасқыны және басқада табиғат апаттары, мерзімінің өтіп кетуі, заң белгілеген жасқа келу, адамның қартайып барып өмірден озуы және тағы сондай сондайлар. Мұндай оқиғаларды абсолюттік оқиғалар деп атайды.
Алайда, құқықтық оқиғалар салыстырмалы да болуы мүмкін, яғни құкықтық қатьшастардың катысушылары болмай тын адамдардың теріс қылықтары мен әрекеттері туындатқан оқиғалар. Мысалы, адамның қаза табуы немесе оның мүлкін жойып жіберу тек табиғат апатының салдарынан ғана болуы мүмкін емес, сонымен бірге адамнын мінезі жүріс-тұрыс актісінің салдары да болуы мүмкін ғой (өлтіру, ертеу). Егер де заңдық жауапкершілік қатынастарын нақты қылмыстық әрекеттер туындатса, яғни кінәлілердің ерік-ықтиярлы әрекеттерімен (немесе әрекетсіздігімен) туындаған болса, онда кауіпсіздендіру шарты жағдайының туындауы жаңағы әрекеттердің тікелей салдары емес, тек олардың нәтижесінің ғана (өлуінің, мүліктің жойылуының) салдары болады, яғни дәл нақты оқиғалардың салдары оларды туындатқан себептеріне қарамастан-ақ пайда болады.
Занды фактілердің араларында ерекше орында тұратыны кұқықтық жай-күй, ахуал яғни созылмалы жағдай, субъектінің қоғамдағы алатын орнын, басқалармен анық қатынастарын білдіретін және т.т. (азаматтылық, некелік, ауру-сырқаулылығы, еңбек стажы) — құқықтық ахуал, жай-күй заңды және заңсыз әрекеттердің нәтижесі де болуы мүмкін (некеде тұруы немесе іздеуде болуы). Сондай-ақ оқиғаларда да (туыстық қатынастар) болуы мүмкін.
Құқықтық катынастардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуына жиі реттерде бір ғана заңдық емес, ондайдың бірнешеулері жиынтығымен қажет болатын жағдайлар да кездеседі. Оның үстіне олар әр алуан сыныптамалық топтамаларға жатуы да мүмкін. Осындай жиынтықты заңдық құрам деп атайды. Мысалы, кәрілігі бойынша зейнетақы алуға құқылы болу үшін: белгілі зейнеткерлік жасына толуы кажет (оқиға), еңбегінің белгіленген стажы болуы (құкықтық ахуалы, жай-күйі) және құқық өкілеттігі бар мемлекеттік органның шешімі (зандық акт) болулары қажет. Тұлғаны депутаттыққа кандидат ретіңде тіркеу үшін заң белгіленген тәртіппен оны депутаттыққа кандидат етіп ұсыну, осыны дәлелдейтін және тиісті түрде жазылып толтырылған құжат, кандидаттыққа ұсынылуын білдіретін азаматтардың белгілі колдары қойылған парақтардың болуы, сол тұлғаның жазбаша түрдегі келісімі, құқыққа өкілеттігі бар сайлау комиссиясьшың шешімі кажет болады. Жоғары оқу орнының студенті болу үшін орта мектепті тәмамдағаны туралы аттестаты, денсаулығын куәландырған медицина мекемесінің анықтамасы, жеке басын куәландыратын төлқұжаты немесе куәлігі, арызы, оқу орнына түсудегі емтихандарды тапсыру парақшасы және сол оқу орнына қабылданғандығы туралы бұйрық болуы қажет.
Құқықтық қатынастар пайда болады, өзгереді не болмаса белгілі өмір
жағдайларына байланысты жойылады. Мысалы, шын мәнінде әскерге шақырылу айғағы, әскерге шақырылушының әскери қызметтегі құқықтық қатынастарға түсуге негіз болады, одан босату керісінше, құқықтық қатынастарды тоқтатады. Кәмелеттік жасқа келу құқықтық қатынастарды туғызады, яғни азаматтар мемлекеттің жоғарғы өкімет органдарын сайлауға қатынасады. Баланың тууына байланысты, ерлі- зайыптылардың оны өсіріп тәрбиелеу міндеттері туады.
Заңды айғақтар құқық нормаларымен байланысты құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі не болмаса жойылуы жөніндегі айқын өмір жағдайлары. Заңды айғақтар, құқық нормаларының болжамымен құрылады. Заңды айғақтар, басқа сөзбен айтсақ, құқық нормалрында алдын ала көрсетілген негізіне байланысты, субьектілердің арасындағы қатынастар арқылы пайда болады.
Заңды айғақтардың,
қоғамдық қатынастарды
анықтайды. Мысалы, қылмыс жасау қылмыс жасаған адаммен жауапты лауазымды адамның (тергеуші, сот) арасындағы қылмыстық құқықтық қатынастарды туғызған заңды айғақтарды дәлелдейді. Тергеуші, сот, белгілі адаммен қылмыс жасалғанын, дәл айғақтарға сүйеніп анықтауы қажет, ол қылмыстық-құқықтық қатынастардың пайда болуына негіз болады.
Заңды айғақтар, олардың
жекелеген субьектілернінің
Оқиға- адамның еркінен тәуелсіз өтетін заңды фактілер (деректер туу не адамның өлімі, кәмелеттік жасқа толу, сұрапыл құбылыс).
Қимыл (әрекет)-болуы
адамдардың еркінің сапасына
байланысты заңды фактілер. Заңдылық
жағынан көзқарас бойынша,
Құқыққа сай әрекеттерге-құқық нормаларымен алдын ала белгіленген адамдардың заңды құқықтары мен заңды міндеттерінің пайда болуы жөніндегі өзіне тартатын, заңды айғақтар.Өз жағынан құқыққа сай әректтер заңды актілерге және заңды қылықтарға бөлінеді.
Заңды актілер-белгілі құқықтық қатынастарғакіру мақсатында, адамдармен арнайы жасалатын құқыққа сай әрекеттер. Мысалы, сатып алу сату шарты, тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы. Әлеуметтік қамтамасыз ету органдарының зейнетақы тағайындау туралы шешімін айтуға болады. Бірінші жағдайда, мүліктік құқықтық қатынастар пайда болса, екіншіде қылмыстық құқықтық, үшішісінде зейнетақылық қатынастар пайда болады.
<span cl