Құқықтық норма

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Алайда құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің, қоғамның болуы мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................5
1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері...................7
1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі ...............................................................7
1.2 Құқықтық норманың құрылым жүйелері мен түрлері.................................10
1.3 Құқықтық нормалар және діни, корпоративтік нормалар..........................17

2 Құқық нормаларын қолдану актілерімен логикалық құрылымы.........36
2.1 Құқық нормаларын қолдану актілері...............................................................39
2.2 Құқықтық норманың логикалық құрылымы..................................................41

3 Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі..................................................44
3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері...................................48
3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар.......................................................49

Қорытынды..............................................................................................................56

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Құқықтық-норма.doc

— 408.50 Кб (Скачать документ)

Құқық туралы бар теориялардың кейбіреуін зерттеу, құқық түсінігіне деген өз көзқарасыңды қалыптастыруға мүмкіндік  жасайды, оның мәнін және орнын түсінуге жағдайлар туады, ал соның негізінде – қоғам өміріндегі бар құқықтық құбылыстар мен процесстердің мәнін түсінуге болады.

Заң ғылымында көбірек  белгілі және жайылған, мынандай құқықты  түсінудің түрлерін атап айтуға болады: психологиялық,социологиялық , солидарлық, әлеуметтік концепция, құқықтың табиғи теориясы, неотомизм, заңды позитивизм, нормативизм, маркстік құқық теориясы, қысқанормативтік және философиялық  құқықты түсіну.

Психологиялық концепция  қалпында,  құқық адам баласының субъективтік психикасының элементтерінің жиынтығы ретінде қаралады. Мұнда құқықтың түсінігі мен мәні, әрекет арқылы шығарылмайды, мынандай  психологиялық  заңдылықтармен шығады – адамдардың құқықтық эмоциясы, олар императивті – отрибутивті сипатта болады, яғни әсерленушілік сезімінің бірдемеге құқықтық өкілеттік (атрибутивтік норма) және бірдеңе істегенге міндеттілік сезімі (императивтік норма).

Барлық құқықтық әсерленушілік  былай бөлінеді: позитивті (мемлекетпен  белгіленген) құқық және әсерленушілік интуитивтік (жекелеген) құқық.

Интуитивтік құқық шын  мәніндегі тәртіпті реттеуші, сондықтан  шын мәніндегі құқық ретінде  есептелуі қажет. Мысалы, әсерленушіліктің бір түрі интуитивтік құқық, карта  ойыны бойынша міндеттілік, балалардың әсерленушілігі өздерінің ойындарындағы міндеттілік, олар соған сай «ойын құқығын», «балалар құқығын» қалыптастырады т.с.с.

Бұл концепция құқықты  түсінуді екіге бөледі – арнайы және арнайы емес. Арнайы -  бұл мемлекетпен белгіленген және онымен қамтамасыз етіледі. Арнайы емес -   құқыққа мемлекеттің араласуына болмайды, бірақ құқық ретінде қызмет етеді.

Сонымен, психологиялық  теорияда жазылған заңдармен қатар (мемлекетпен белгіленген), құқықпен адамдардың  психологиялық  әсерленушілігі мойындалады. Бұл деген сөз, құқық нормаларының  мемлекетсіз де құрылуын көрсетеді, яғни белгілі эмоция мен адамның әсерленушілігінен. Құқық интуитивті ретінде қаралады, адамның жекелеген  психикалық әсерленушілігіндегі эмоция аясындағы, бар  құбылыс ретінде қаралады, яғни мемлекетпен байланысты қоғамдық құбылыс ретінде қаралмайды. Сонымен, мемлекеттік мәжбүрлеу мұнда құқықтың бір белгісі ретінде қаралмайды, яғни бірінші орынға жеке адамның жекеше – психологиялық мақсаты қойылады. Психологиялық теория қалпында, құқықтық нанымның құқықтық реттеудегі және қоғамның құқық жүйесіндегі рөлі көтеріледі. Адам құқығының қайнар көзі мұнда заңдардан шықпайды, адамның өзінің   психикасынан шығады.

Бұл теорияның жағымсыз жақтарына жататындарға әлеуметтік –экономикалық, саяси және басқа  факторлардың қаралмай қалғандығы, себебі солардан да құқықтың табиғаты тәуелді, құқыққа сайлық пен  құқыққа сай еместіктің, заңдылық пен заңсыздықтың белгілері көрсетілмеген. Ілім, негізінен құқықты жеке адамның психикасына араластырып жібереді, оны құқықтық санамен теңестіреді, соған байланысты әлеуметтік өмірдің  күрделі құбылысы ретіндегі құқықтың шын мәніндегі объективті табиғатын есептемейді, жоққа шығарады. Құқықтың объективті қалыптасқан нормалар жүйесі екендігін толық бағаламай, олардың экономикамен және мемлекетпен байланысын дұрыс түсінуге болмайды.

Құқықты түсінудің социологиялық  концепциясы  құқықтық институттар мен олардың дамуына, қызметіне қатысы бар эмпирикалық зерттеулерге негізделеді. Мұнда құқықты заңды әрекет, заңды тәжірибе,  заңдарды қолдану,

 құқықтық тәртіп ретінде түсінеді. Құқық, құқықтық қатынастардағы субъектілерді - жеке адамдар, заңды тұлғалар ретінде көрсетеді . Бұл бағыттың маңыздысы -  шын тәртіпті зерттеу, яғни құқықтық нормада бекітілген ұйғарымдарды емес, құқықтық қатынастардағы қатынасушылардың нақтылы әрекеттерін зерттеу.

Бұл теорияның қалпында «тірі» құқық  қалыптасады, ең алдымен, заңды әрекеттерде  соттар. Мұнда сот заңды нормалармен  байланысы жоқ және өзінің шешімі бойныша, тек өзінің интуициясына негіздеп қандай болмасын  іске шешім шығарады. Соттар заңдарды құқықпен «толтырады» , яғни іске сай шешім шығарып, бұл жағдайда құқықтық  шығармашылықтың субъектісіне айналады.

Таласуға  жатпайтын  бұл теорияның артықшылығы мынада:

  • мұндай құқықты түсіну, құқықты іс жүзіне асыруға бағыттайды, яғни оның тәжірибеде қолданылатын жағына бағытталады;
  • құқық нормаларының мазмұны ретінде және нысаны ретінде қоғамдық қатынастардың артықшылығы басым.

  Осы теорияның қалпында іс жүзіндегі экономикаға мемлекеттік тежеуді, басқаруды орталықтандырмауды жасауға болады.

Сонымен бірге, құқыққа сайлық пен сайлық еместің арасындағы белгі жоқ (себебі, өз -өзінен құқықты іске асыру құқыққа сай және сай емес болуы мүмкін). Қызметтегі адамдардың негізсіз өкілеттігін көтеру (соттардың және әкімшіліктердің ), кей кездерде олардың ішіндегі таза емес өкілдері жағынан жұмысқа қабілетсіздік қаупі туып ашық түрде зорлық , бассыздық болуы мүмкін.

Құқық жөніндегі солидаристік ілім,  солардың идеясы негізінде құрылған – билікті іске асыру кезіндегі саяси өмірге қатысушылардың, яғни әр түрлі әлеуметтік қатпарлар мен топтардың қарым – қатынасы. Бұл ілімге сай  қоғамның әрбір мүшесі өзінің әлеуметтік функциясын сезінуі қажет, себебі мемлекеттің құқығымен белгіленген идеяларды қабылдап, барлық қоғам мүшелерінің жұмыстарындағы бірлікті қамтамасыз ететін жағдайларды жасау қажет. Сонымен, құқық мұнда бірлікті көрсетуші тұрғындардың көпшілігінің жалпы мүдделерін қорғаушы ретінде байқаймыз .

Әлеуметтік концепция - дегеніміз әлеуметтік гормонияға жетудің құралы ретінде көрінеді, ол мүмкін болатын әлеуметтік қиыншылыққа көмек көрсететін құралды іздеуге, қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, қоғам жүйесінің өзіндегі біркелкілік  пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Бұл құқықты жеке қарамай, басқа әлеуметтік шындықтың бөліктерімен қатар қарауды болжайды – экономикамен, саясатпен, моральмен – олардың қызметтес,  бірін-бірі қамтамасыз етулерімен бір-біріне тәуелділігімен.  Осыдан – қоғамдағы әлеуметтік көрінеді.   Құқық концепциясына акцент: Мысалы, мүмкін болатын әлеуметтік келіспеушілікті жою құралы, басқа да әлеуметтік проблемаларды шешу, экономикалық процестердегі бөлу тетігін табу. Басқа

 сөзбен, құқықтың әлеуметтік, жалпы демократиялық бағалылыққа  деген бағыты байқалады.

Құқықтың әлеуметтік концепциясында құқықты зерттеу қажеттігі оның басқа да әлеуметтік элементтерімен бірге зерттелуінің керектігі негізделген. Дегенмен, бұл жағдайда құқықтың рөлін тым жоғарлатуы болды, себебі ол экономикалық қатынастардың  үстіне қойылды.

Құқықтың табиғи теориясы мынандай тезис бекітіп, мемлекетпен  белгіленген құқық нормалары мен қатар, құқық өзіне табиғи құқықты да қосып алды - өзінің тууына байланысты барлық адамдардың табиғаттан қабылдаған құқықтардың жиынтығы: өмір сүруге, еркіндікке, теңдікке, жеке меншікке құқықтары. Мемлекет адамдардың осындай табиғи құқықтарына тисе алмайды, себебі олар бөлінбейтін құқықтар.

Осы доктринаның туы  астында буржуазиялық революциялар болып, уақыты өткен феодалдық құрылысқа  жаңа,  көбірек бостандықтағы  құрылымды әкелді. Ондағы атап айтылатыны – заңдар құқықтық болмауы мүмкін, сондықтан олар құқыққа сай болуы қажет, яғни өнегелі бағалылыққа, адалдыққа, еркіндікке және теңдікке сай болуы көзделеді. Сонымен бірге, құқықты былай түсіну (өнегелік абстракты бағалылық ретінде) оның формальді – заңдылық қасиетін  «азайтады» соның нәтижесінде заңдылық пен заңға қарсылықтың нақты белгісі жоғалады, бұны адалдық тұрғысынан анықтау өте қиын, себебі әрбір адамдардың олар туралы ойлары әртүрлі болуы мүмкін. Бұлай түсіну құқықпен ғана байланысты емес, құқықтық санамен байланысты, мұнда тағы да , әртүрлі адамдарда, әртүрлі болуы мүмкін.

Құқықтың  табиғи  теориясы өзінің эволюциялық даму процессінде  көптеген өзгерістерге ұшырап өмірге қайта туған табиғи құқық теориясын әкелді. Осы ілімнің қалпында, кең мәнінде құқық табиғи құқық теориясы ретінде түсіндірілді, дегенмен мемлекетпен құрылған (өндірілген) жағымды құқық түсінігін кіргізді.

Жағымды құқық нормалары (мемлекетпен белгіленген нормалар) тек сол жағдайда ғана құқық ретінде  мойындалады, егер олар табиғи құқыққа  қарсы болмаса, яғни жалпыадамдық принциптерге: адалдыққа , бостандыққа, теңдікке тағы басқаларына.

Қайта туған табиғи құқық  теориясы басқа да құқық туралы пайда  болған ілімдердің негізі (базисі) болды, яғни  неотомизмнің және құқықтың (зайырлы) концепциясының.

Неотомизм – негізінен, орта ғасырдағы Фома Аквинскийдің жаңа түсініктемесі. Табиғат туралы, құқықтың негізі туралы қарап, неотомистік теория құқықтың негізін дүниежүзілік тәртіпте табуға талаптанады, діни догмалармен келіседі, мәңгілік заңдармен жоғарғы құдайлық  санамен. Құдайлық заң адамдық жетімсіздіктерді жоюға шақырады және жағымды заңдарды да жоюға шақырады, егер ол табиғи заңдарға қарсы болса. Неотомизм табиғи заңдардың, мемлекет шығарған құқықтан артықшылығын атап көрсетеді. Осыған байланысты жекеменшік құқығы, мемлекеттен шықса да табиғи заңдарға қайшы келмейді.

Табиғи құқықтың «Заирлық» доктринасы құқықтың этикалық алғашқы негізінен шығады, құқықты белгілеудің табиғи құқықтағы моральдік талаптарына сай болу қажеттілігінен, адалдық тәртіптің стандартына негізделгендіктен.

Заңды позитивизм. Бұл тәсілді жақтаушылар құқық нормаларын талдау мен құқық нормаларын бағалауға негізделеді, олардың сыртқы нысандарының көзқарастарынан, яғни формальді көзқарастан.

Заңды – позитивистік концепция, құқықты  оның мәтіндік нысаны арқылы қабылдап, шындығында құқықты оның мәтіндік  нысанымен салыстырып, құқықты кәсіпкерлік әрекеттің шын нәтижесі ретінде, не болмаса нормативті – құқықтық мәтіндердің нәтижесі ретінде қарайды. Шындығында, құқықтың мәтіндік  нысаны – оның қажетті атрибуты, дегенмен құқықты қыйын әлеуметтік феномен ретінде мәтіндікпен толық салыстыру керекті емес, себебі ол құқық атрибуттарының  бір ғана белгісі ретінде.

Құқықтың тарихи мектебі, құқықты тарихи құбылыс ретінде қарайды, яғни пайда болады және біртіндеп білінбей, стихиялық дамиды. Құқық мұнда тарихи қалыптасқан тәртіп жолының рөлінде көрінеді және өз артынан заңды нәтижелер қалдырады. Заңдар әдет құқығынан шығатындар «ұлттық рухтың» тереңінен, «халық санасының» қойнауынан өсіп шығады.

Тарихи құқық мектебі адам құқығының категориясын жоққа шығарады, себебі феодализм кезінде (осы теория пайда болған кезде) адам құқығы оның ішінде «табиғи құқық» ешқандай көрсетілмеген. Ол кезде алғашқы рет көбірек негізді түрде мәдени – тарихи және құқықтың ұлттық ерекшеліктеріне көңіл аударылып, оларды құқықтық шығармашылық процессіне есепке алу көзделді, құқықтың дамуындағы табиғилық атап айтылды, яғни заң шығарушы өзінің қалауынша заңды жасай алмайды; құқықтық әдеттердің уақытпен сыналған тұрақты тәртіп жолы екендігінің артықшылығы атап айтылды.

Пайда болған кезінде, бұл  теория өзінің уақыты өтіп бара жатқан феодализмнің идеологиясы ретінде  ғана көрінді, онда негізсіз адамның  табиғи құқығы еленбеді және заңдарға қарсы құқықтық әдеттердің рөлі көтермеленді.

Қазіргі кездегі құқықты түсіну жүйесінде маңызды орынды құқықтың нормативтік теориясы алады. Бұл ілімнің қалпында, мемлекет құқық нормаларының әрекетінің тек нәтижесі ретінде көрінді, құқықтың өзі адал, дұрыс «міндетті» тәртіпті ұстаушы қоғамдық жалпыға міндетті нормалардың жиынтығы ретінде көрінді.

Құқықтық нормалардың  жалпыға міндеттілігі өнегеліктен, адалдық идеялардан емес (табиғи құқық  теориясы ретінде), мемлекеттік беделден.

Құқық нормалары, нормативтік  ілімдер тұрғысынан, белгілі иерархиялық  пирамидада, оның биігі (шыңы) негізгі басты норма (не мемлекеттің формальды белгілері). Жоғарыдағы көрсетілген пирамиданың негіздемесіне жекелеген актілер жатады – соттың шешімі, келісімдер, әкімшіліктің ұйғарымы,

 яғни олар да  құқық түсінігіне қосылады және  негізгі нормаларға сай болуы қажет. Әрбір келесі нормалар өзінің заңды күшін нормадағы, өзімен салыстырғандағы пирамидадағы жоғарғы орынды алатындардан алады.

Бұл теорияда құқықтың мынандай негізгі қасиеті атап көрсетіледі: нормативтігі және олардың заңды  күштерінің деңгейлеріне байланысты құқық нормаларының қатар бағынулары дәлелденуде. Нормативтілік құқықтың формальды белгілілігімен органикалық байланыста (құқық нормаларын нормтивті – құқықтық құжатта жазылуымен), адамға заң мәтінінің көмегімен не басқа нормтивті – құқықтық  акты арқылы құқықпен танысуға мүмкіндік береді. Мемлекет қоғамдық дамуға ықпал етуге жеткілікті, кең көлемдегі мүмкіндікке ие болады, себебі ол белгілейді және негізгі нормаларды іс жүзіне асыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, құқықты заңды норма ретінде түсініп, бұл теорияның өкілдері оларды экономикадан қарайды: саясаттан, қоғамның әлеуметтік құрылысынан. Бұл ілімнің қалпында, шын мәнінде мемлекет пен құқықты салыстыру көрініп тұр, себебі бұл ілімнің кейбір өкілдері (Г. Кельзен), мемлекетті құқықтық  тәртіп сіңірілген ұйым ретінде түсінген, ал құқықты – міндетті тәртіп дұрыстығы ретінде.

Құқықты түсінудің маркстік теориясы құқықты заңға айналдырған үстем таптың  еркі ретінде түсіндірді.

Құқық мемлекет сияқты қоғамның экономикалық құрылысындағы қондырғы құрылым ретінде. Өмірдің матеральдық жағдайларымен қамтамасыз етілген ол (құқық) оларға кері ықпал етеді. Құқықтағы маңыздылық оның таптық мәні.

Маркстік теорияда құқықтың түсінігін, мемлекеттің түсінігімен  байланысты қарауының себебі, мемлекет тек оны қалыптастырып қоймай оның іс жүзіне асырылуын, сонымен қатар құқыққа сай және құқыққа қарсы нақты белгілердің бөлініп шығуын қолдайды. Дегенмен, мұнда жалпыадамдық бастауға зиянды құқықтағы таптық рөл жоғары көтеріліп, таптық қоғамның тарихи қалпымен құқықтың өмірі тежелген және қатаң түрде материалдық факторлармен байланысты болған.

Информация о работе Құқықтық норма