Құқықтық норма

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Алайда құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің, қоғамның болуы мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................5
1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері...................7
1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі ...............................................................7
1.2 Құқықтық норманың құрылым жүйелері мен түрлері.................................10
1.3 Құқықтық нормалар және діни, корпоративтік нормалар..........................17

2 Құқық нормаларын қолдану актілерімен логикалық құрылымы.........36
2.1 Құқық нормаларын қолдану актілері...............................................................39
2.2 Құқықтық норманың логикалық құрылымы..................................................41

3 Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі..................................................44
3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері...................................48
3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар.......................................................49

Қорытынды..............................................................................................................56

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Құқықтық-норма.doc

— 408.50 Кб (Скачать документ)

2. Нормада субъектілердің  құқығы мен міндеттері, орындалу  жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.

3. Норма ерікті түрде  орындалмаса, еріксіз орындатылуы.

4. Құқықтық нормалардың  жүзеге асырылуын, орындалуын  мемлекет қамтамасыз етеді.

5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.

Құқықтық нормасыз қоғамда  ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы, қарым – қатынас  болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны  толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде – оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егер де толық болмаса, жетіспейтін елементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.

Сонымен, құқықтық норма  – қоғамдағы қатынас субъектілерінің  құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида.     Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді.

 

1.2 Құқықтық норманың құрылым, жүйелері және түрлері.

   

   Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалаптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.

       Негізгі  заңды нормаларда элементтердің  мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының (салық туралы) заңында норманың элементтері 1 – бабында көрсетілген.

       Тәртіп  ережелерінің нормаларында элементтер  нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

       Диспозиция  – қатынастың мазмұны мен субъектілердің  құқығы мен міндеттерін көрсетеді.  Диспозиция норманың дінгегі,  құқықтық тәртіптің үлгісі –  моделі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 482-бабында, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтарының айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады;

  • айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
  • сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.

 Гипотеза – диспозиция  қашан басталады, қашан аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 7 – ші бабы). Гипотезаның үш түрі болады:

  • егерде норманың іс - әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
  • егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;
  • егер де норманың, іс - әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса, мұндай гипотезаны алтернативтік гипотеза деп атайды.

Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы. Санкцияның үш түрі болады:

  • абсалютті айқын санкция; жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу және тағы басқалар:
  • салыстырмалы айқын санкция; минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
  • альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.

Осы үш элементтер толық  болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз ролін дұрыс, уақытында, жақсы  орындай алады. Егер де нормада бір  екі элементтері жоқ болса, сілтеме  арқылы оларды тауып алу керек.

       Нормативтік актілердің  жеке баптарында норманың элементтері  толық болмайды. Констетуцияның  баптарында тек гипотеза мен  диспозицияға ғана болады. Қылмыстық  Кодексте тек диспозиция мен  санкция ғана болады. Іс жүзінде  норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып алуға болады.

       Құқықтық нормалардың  элементтерінің құрылу тәсілдері. 

1. Тікелей норманың үш элементін  (гипотез, диспозиция, санкция) толық келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.

2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін  элементі туралы осы заңның  басқа бөліміне, тарауына, бабына  сілтеме жасалады.

3. Бланкеттік тәсіл – норманың  жетіспейтін элементі туралы  басқа заңға қаулыға сілтеме  жасау. 

       Сонымен құқықтық  норма, заңның немесе нормативтік  актілердің баптарында элементтердің  толық болмауы мүмкін.

Оларды міндетті түрде іздестіріп табу қажет.

 

        Құқықтық нормалар бірнеше түрге  бөлінеді:

1. Қоғамның әр саласына  қарай өндірістік, ауыл – шаруашылық  құрылыс, мәдениет, эканомика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы  нормалар.

2. Құқықтың саласына  қарай мемлекеттік, әкімшілік,  қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық – пролцессуалдық, қылмыстық – процессуалдық тағы басқа салалардағы нормалар.

3. Атқаратын жұмысына  қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.

4. Мазмұнына қарай  нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салуша нормалар; ерік беруші нормалар.

5. Норма элементтерінің  құрылымына қарай нормативтік  актілер үшке бөлінеді: нақты  белгілі нормалар – мазмұны  толық анық жазылған элементтері  түгел; салыстырмалы нормалар  – мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар – істің орындалуының, норманың жүзеге асыуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.

6. Субъектілеріне қарай  нормалар екіге бөлінеді: жалпылама  нормалар, арнаулы нормалар.

7. Мамандандырылған құқықтық  нормалар – қоғамның мамандық  салаларының қарым – қатынасын  реттеп, басқратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер,  дәрігерлер, мұғалімдер инженерлер  бағыттағы нормалар.

       Міне  осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікеірлер мен көз қарастарды жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады. Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістері мен қатар әкімшіліә немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.

       Құқықтық  норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.

Әлеуметтік нормалардың  жүйесі  дегеніміз, адамдардың  тәртібін, әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, қоғамдық ұйымдардың әрекеттерін реттейтін белгілі нормалардың  жиынтығы.

Әлеуметтік  нормалар – қоғам мүшелерінің әлеуметтік маңызды тәртібінің жолы. Әлеуметтік нормалар динамикалық  жүйенің тұтастығы, қоғам өмірінің  қажетті жағдайы, қоғамдық басқару, мемлекттің ұйымдастыруымен қызмет жасауын, адамдардың бір – бірімен келісуін және адам құқығын қамтамасыз ететін құрал. Бұл жүйе, экономикалық, әлеуметтік – саяси және  қоғамның рухани дамуын, адамдардың өмірлік сапасын, тарихын, ел өмірінің ұлттық ерекшелігін және мемлекеттік биліктің сипатын көрсетеді. Қоғамдық қатынастарды  реттейтін нормалар қоғамдық даму тенденциясының объективтік заңдарының әрекетін көрсетеді және нақтылайды. Бұл заңдардың

 объективтік сипаты, олардың ғылыми танымы мен  мақсатқа бағытталған әлеуметтік  қимылды  пайдаланудағы органикалық  байланыстылық

. Әлеуметтік нормалар бір-бірімен белгілі, өзара байланыста әрекет жасайды. Әлеуметтік нормаларды жіктеуе келгенде, нормалар негізгі және қосымша белгілерімен қолданылуы мүмкін. Нормалардың түрлерін бөлгенде нормалардың  әрекет  аясы есепке алынады, тәртіп жолының сапасы, нормаларды іске асырудағы ынталандыру мен кепілдік, сонымен қатар, сезіну жолы және тәртіпті реттеу, нормаларды сақтамағандығы  үшін санкция нысандары.

Жоғарыдағы  көрсетілгендердің  бәрі әлеуметтік нормалар жүйесінен  оның мынандай түрлерін шығаруға мүмкіндік береді: экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық, діни эстетикалық  және басқа нормаларды.

Қоғамның  шаруашылық аясында базарлық қатынастар қызмет етеді, сонымен қатар, белгілі мөлшерде, өндірісті қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік   басқару іске асырылады, онда маңызды рөл экономикалық нормалар мен нормативтерге жатады. Бұл нормалар өндірістің дамуын, бөлу мен тұтыну қатынастарын, өндіріс салаларының өз арасындағы қатынастарды, ауылшаруашылығын, сауданы реттейді. Экономикалық нормалар және нормативтер ақша-финанс жүйесін, банктердің әрекетін, биржаларды, салық жүйесін реттейді. Базарлық экономика ең алдымен, өзін-өзі басқаратын базарлық қатынасқа сүйенеді, дегенмен барлық дамыған: АҚШ, ФРГ, Франция, Англия сияқты елдерде мемлекет экономиканың дамуына ықпал етіп, қоғамның әлеуметтік –саяси тұрақтылығын сақтауға ұмтылады. Сондықтан мемлекет  тұрақтанған еркін кәсіпкерлікті қорғайды, ғылыми – техникалық жетістіктердің негізінде өндірістің  төмендеуін болдырмайтын шаралар қолданады. Соған ықпал ететін, салық, кредит, инвестиция, басқа құралдар пайдаланылады.

Әлеуметтік нормалардың  маңызды тобын саяси нормалар құрайды. Олар әлеуметтік  топтардың, таптардың, азаматтардың  мемлекеттік билікке қатынасын, ұлттар мен халықтар арасындағы қатынастарды, мемлекеттің қоғамдағы саяси жүйесінің басқа ұйымдармен байланысын реттейді. Саяси  нормалар өздерінің көлемі мен  мазмұнына  байланысты, саяси қатынастарды реттейді және әртүрлі нысандарда көрініс табады: саяси декларацияларда, мемлекеттің манифестерінде, саяси партиялардың, қозғалыстардың, мемлекеттердің  конституцияларында, саяси париялардың уставтары мен бағдарламалық құжаттарында. Мемлекеттің заңды актілеріндегі көрсетілген  саяси нормалар, құқық нормаларының маңыздылығын қабылдайды.

Саяси нормалар азаматтардың мемлекетпен және оның органдарымен қарым-қатынасын реттейді. Сайлау тәртібі, азаматтардың және олардың өкілдерінің мемлекеттік билік органдарына және басқа қызмет адамдарының сайлануы саяси нормалармен реттеледі, олар заңды актілерде көрсетілген. Саяси нормаларға сонымен бірге, белгілейтін,  реттейтін нормалар жатады және

заң шығаратын, орындайтын және сот биліктеріне бақылау  жасайтын қатынастар жатады. Әрбір  заң мемлекеттік  билікпен қабылданса, ол тікел

 саяси қатынастарды  көрсетпесе де, экономикалық, әлеуметтік, саяси негіздеуден өтеді және қоғамның өзіне сай құқықтық және өнегелік сезім бағасына ие болады.

Әлеуметтік нормалардың  көпшілік бөлігін  корпоративті нормаларды қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, кәсіпкерлік одақтарда қабылданған белгілеулер құрайды. Бұл нормалар бірлестіктердің, мекемелердің уставтарында, ережелерінде, басқа актілерінде көрінісін табады. Мысалы, қандай болмасын университеттердің өз ережелері болады. Корпоративті нормалардың көпшілік бөлігі – ұйымдастыру сипатындағы тәртіптер. Олар қоғамдық ұйымдардың қалыптасу, құрылу, қызмет ету тәртібін бекітеді, сонымен бірге, сол ұйымдардың мүшелерінің қарым-қатынасын, құқығын, жауапкершілігін  белгілейді.

Әлеуметтік әрекет, қоғамдағы  адамдардың тәртібі әдетпен де реттеледі. Әдет  - қоғамдық тәжірибеде көптеген қайталануының нәтижесінде бекіген, белгілі қатынастар үлгісі,  адамның, адамдар әрекетін бағалау тәсілі. Әдет дегеніміз қоғам мүшелеріне, адамдар тобына үйреншікті әлеуметтік реттеу нысаны. Өнегелі сипаттағы әдеттері барлар, мінез деп аталады. Мінезде белгілі әлеуметтік топтардың психологиясын көруге болады. Қоғам мәдени, ұйымдастырушылық шараларды пайдалану арқылы мәдениеттілік қоғамға сай келмейтін мінездермен күрес жүргізуде.

Адамдардың өміріне  ықпал жасау үшін, қоғам әдеттік дәстүрге өте жақын - ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, әлеуметтік топтардың, адамдардың қалыптасқан тәртіп жолы.  Әдет пен дәстүрдің бекітушілік белгілері бар. Дәстүр, әдетке қарағанда кең құрылым.  Дәстүр сапасында белгілі идеялар, бағалылықтар, әлеуметтік тұрақтылықтар көрінеді. Дәстүрлердің қоғам үшін тиімділігі, пайдалылығы негізделеді.

Әлеуметтік өмірде, ең алдымен тұрмыстық, жанұялық қатынастарда, әдеттер, дәстүрлік салттарда, оның өткізілуінде көрінеді.

Жора  – белгілі сипаттағы адамның, бір топ адамдардың, комплекс қылықтары (мысалы, дәстүрлі үйлендіру ырымы, жорасы). Той кезіндегі шерулерді салт – жоралық деп атайды, яғни жоралардың жиынтығы.

Әлеуметтік нормалардың  көп және маңызды бөлігін діни нормалар көрсетеді – адамның рухани қажеттілігіне сай қалыптасқан тәртіп жолы, діни сенімдердің  және діни сезімдердің ықпалымен орындалады. Олар Құдайға, шіркеуге, бір- біріне, ұйымдарға  сенушілердің  қатынасын және діни ұйымдардың қызметін реттейді. Моральдық – этикалық белгілеу  жинағы – діни сенім ілімінің бір бөлігі. Қоғамда адам баласының ерте кездегі даму кезеңдерінен бері әрекет жасаған діни канондар (ұйғарым, тәртіп жолы), олар реттеуші рөлін атқарған. Дүниежүзілік діндерге: иудаизм, буддизм, ислам жатады, олар қоғамның  өнегелік өміріне ғана өз ықпалын жасаған жоқ, оған қосымша құқықтың  жүйесінің дамуына да әсерін тигізді.

Информация о работе Құқықтық норма