Туризмвдегі анимация бөлімінің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:31, курсовая работа

Краткое описание

Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын –
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді –
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондық –
танда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная.doc

— 476.00 Кб (Скачать документ)

Қонақ үй кәсіпорнында анимация бұл қонақтардың көңілін аулау, бос уақыттарын қызықты өткізулерін  қамтамасыз ету, көңіл көтеру, қызықтыру  мақсатында жасалатын іс-шаралардың барлығы. Анимация іс-шаралары қонақтардың қонақ үйіне келген кезінен басталып кеткен кезінде аяқталады.

Бұрын Clup Med-терде (түрікшеде  «сыпайы қарсы алу») және «Gentelmen Organizatian» ұйымы G.O-дердің бастаған анимация ағымы бұл кәсіпорнындағы қонақтардың демалыстарынан риза болып оралуларына байланысты дүниенің басқа үлкен демалыс орындарында да осы іс-шаралар қолданыла бастады (Aka, 1997:51).

Елімізде алғаш рет Clup Med-тер бастаған анимация кейіннен демалыс ауылдары мен қалаларындағы  қонақ үйлерде, әсіресе, 1990 жылдары жоғары дәрежеде қолданыла бастады. Алғашында онша танылмаған және қонақ үй кәсіпорындарында сирек қолданылған анимация, көбінесе шетел туроператорларының турда өздерімен бірге алып келінген аниматорлар тарапынан жасалынатын еді. Сол жылдары көбі француздардан құралған шетел аниматорлардың орнын бүгінгі күнде шет тілін білетін түрік аниматорлары да қолдануда.

Қазіргі таңда қонақ  үйдің мұндай қызметтері өзінің анимация департаментін құру арқылы немесе профессонал  бір анимация фирмасына қонақ үй кәсіпорнына арналған анимация іс-шараларына  келісім шарт бойынша жасалынуда.

Анимацияның мәні ең алдымен  клиенттің қалауы бойынша қалыптасады. Анимация іс-шаралары қонақтардың бір-бірлерімен араласуын қамтамасыз етіп, оларды бір қалыпты демалыс түрінен алыстатып, көбірек ақша жұмсалып, іс-шаралар барысында мәдени іс-шараларға қатысып, сонымен бірге қонақ үй кәсіпорнының басқа кәсіпорындармен бәсекеде алға шығуына себеп болуда. Туризм іс-шаралары бір қалаға немесе аймаққа максимум пайда  келтіруі үшін қонақ үй жүйесі және базис инвестицияларынан басқа осыларды толықтырушы түрінде іс-шараларға керекті  инвестициялардың да жасалуы қажет. Бір дестинация қаншама тартымды болса да, туристың қалаған негізгі іс-шаралар болмаса, туризм потенциалы шектеулі болады (Holloway,1993:14). Туризммен байланысты барлық іс-шаралар бір бүтін болуы керек.

Дамыған елдерге қарасақ,  әңгімеміздің төркіні болып тұрған инвестициялардың сол қала немесе аймақ  тұрғындары үшін де бар екенін көреміз. Бұл елдерде қала орталықтарында әлеуметтік және мәдени іс-шаралар бүкіл бір жыл бойы жалғасады, бұл іс-шараларды әрі аймақ халқы, әрі сол аймаққа турист болып келгендер де пайдалануда (Aker,1987:16). Мысалы: Нью Йоркта Бродвейдеге театр және музикхолдер әрі жергілікті халық, әрі туристтерге де арналған маңызды өнер орталығы болып саналады.

Кейбір қалалар осындай  мәдени іс-шаралары арқылы туристтерді  өздеріне тартатын орталық болып  табылады. Театр, опера, балет және концерттер ұйымдастырылатын аймақтар немесе қалалар  әлеуметтік және мәдени өмірдің белсенділігін де қамтамасыз етуде. Осылармен бірге көрмелер, жәрмеңкелер, өнер галереясы, фестивалдер, мерекелік ойын-сауықтар т.б. бүгінгі күні өзгеше көлемде болумен бірге туризм мақсатында да құрылған іс-шаралардың бірі болып келеді. Бұндай іс-шаралар сонымен бірге бір дестинацияның, бір қонақ үйдің немесе демалыс орнының жетістігі үшін маңызды  фактор болуы мүмкін (Chuck vd.,1987:366). Тағы да жеке бір ұқсас оқиғалар немесе іс-шаралар туризм дамуының және маркетинг стратегияларының бір бөлігі ретінде қарастырылуда(Medlik, 1993:127).

Қонақ үй кәсіпорнында анимация іс-шаралары салаларына қарай үш топқа  бөлінеді (Hacıoğlu ve Gökdeniz,1998:89-91):

                                      Спорттық анимация

Әсіресе жастарға арналған. Жақсы спорттық анимация потенциалды туристті өзіне тартатын орталық болып табылады. Теңіз жағасында жүзу, сүңгу сабақтары, балықшылық, аңшылық сабақтары, атқа міну, тенис, гимнастика т.б.

                                

                                    Демалдыратын анимация.

Бұл іс-шаралар барлық туристтерге арналған. Үздіксіз және пайдалы жақтары болуы тиіс. Шахмат, пляж ойындары, жарыстар т.б. ойындар.

                               Әлеуметтік-мәдени анимация

Белгілі бір жастағы  туристтерге арналған. Бұл топқа  кіретін анимация іс-шараларының  құны қымбат болғаны үшін бұл іс-шараларды  пайдаланғысы келетін қонақтардың  бір мөлшерде ақша төлеуі қажет. Бұл  топқа қыдыру программалары, музыкалық  топтардың концерттері, театр және кино көрсетілімдері мысал бола алады.

Анимация іс-шараларының  әрі елді таныту жағынан, әрі қонақ  үй кәсіпорны жағынан маңызын  бірнеше тақырыпқа бөле аламыз.

Нақты кіріспен қамтамасыз ету.

а) Қонақтардың күн  бойы қонақ үйде болуы және де ақшаның жұмсалуының артуы (әсіресе жарты пансион бағасын қолданатын кәсіпорындарында түскі тамақ пен алкоголді және алкоголсіз ішімдіктердің сатылуын арттырады).

б)  Түнгі шоуларға қатыстыру немесе шоудан кейінгі  табыс, дискотека кірісінің артуын қамтамасыз ету.

в)  Сырттан клиенттердің қатысуын қамтамасыз ету және осы жолмен кәсіпорынға ең жақсы клиенттерды тартып, оларға заттардың сатуын қамтамасыз ету.

Қонақ үй қызметтеріне қанағаттанып, риза болған клиенттердің сол 

қонақ үйге қайтадан келулерін  қамтамасыз ету.

Қонақ үй қызметтеріне риза болған клиенттердің елдеріне оралғанда  айналасындағыларға немесе таныстарына  Түркияда өткізген демалысы жайында  айтып қызықтыру.

Белсенді анимация бөлімінің  қонақ үй қызмет көрсету маркетинг 

жұмыстарына қатысуы.

Бүгінгі күнде анимация қызметтері, қонақ үй кәсіпорындары үшін жаңа бір өндіріс және сауданы дамыту саласы ретінде қолданылуда (Küçüktopuzlu,1986:199). Қонақ үй кәсіпорындарының басшылары анимация департаментін басқа департаменттер сияқты кәсіпорынның кіріс орталықтарының бірі деп санаса, таныту және маркетинг мүмкіндіктерін арттыра алатынындықтан сатудан келетін кірістердің де көбеюіне ықпал етеді (Özcan, 1993:32).

Осындай маңызды болуына  қарамастан, анимация елімізде төмен  дәрежеде шектеулі қолға алынуда. Қонақ  үй кәсіпорындары анимация іс-шараларын, әсіресе соңғы жылдарға дейін формациясыз және тәжірибесіз қызметкерлермен орындауға тырысты. Сапалы анимация қызметкері керектігін не түсінбеген, не анимацияға керекті деп мән берілмеген. Аниматорлардың білімдерімен байланысты атқарылған жұмыстар  жеткіліксіз. Білікті аниматорлар болса жұмыс іздеп түрлі қиыншылықтарға тап болуда.

Анимация қызметкерлерінің білім алуы мен жұмысқа алынуына байланысты стандарттар әлі қалыптаспаған. Сонымен қатар, қонақ үй кәсіпорындарында жұмыс істейтін аниматорларға да жұмыссыз маусым деп саналатын қыс айларында да білім беріп, жұмыс сапасын арттыру үшін әрекеттер жасалыну қажет. Бұл білім беру мерзімі маңызды болғандықтан басқаша бір ортада орындалуы маңызды.

Қонақ үй кәсіпорындарында анимация департаменттерінің қызметі және қызметкерлердің кәсіби формациясымен байланысты жұмыстар және осы жұмыстармен байланысты әдебиеттер өте аз. Практикалар, оқу әдебиеттерінің орнына, анимацияда тәжірибелі шеф аниматорлар үйретуі бойынша жұмыстар атқарылуда.

                                    Зерттеудің мақсаты

Бұл еңбек Еге аймағындағы  демалыс орындарының  қонақ үй кәсіпорындарындағы анимация департаментінде  жұмыс істейтін қызметкерлердің  демографиялық профилі мен кәсіби формациясының анықталуы мақсатталған. Зерттеу елімізде туризм секторында анимациямен байланысты жасалынған зерттеулердің біріншісі болып, қонақ үй кәсіпорындарының анимация департаменттерінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің кәсіби формацияларын да қалыптастыру мақсаты қойылған.

Бұл зерттеудың нәтижесінде ашылған жаңалықтардың, осы салада жаслынатын басқа да зертеулерге алғашқы мәліметтермен қамтамасыз етумен бірге қонақ үй кәсіпорындарына да, анимация департаменттерінен де көбірек табыс табу бойынша маңызды жаңалықтар ашу мақсаты қойылған.

                                       Зертеудің аясы

Қала ішіндегі қонақ  үйлеріндегі анимациялардың демалыс  мақсатымен және көп уақыт аралығында қонақта қалатын туристерге арналған қызмет көрсететін қонақ үй кәсіпорындарынан сапа және сан жағынан өзгешеліктерді қамтуы себебімен зерттеудің аясы шектеулі болды. Демалыс орындарында жұмыс істейтін қонақ үй кәсіпорындарында анимация программалары қонақтардың  қонақ үйінде орташа қалу мерзімініне қарай екі аптада бір рет ауысатындай болып реттелінген.

Зерттеуіміз сол себепті тек қана демалыс орындарымен шектеулі болып тұр. Бұл зерттеудің қонақ үй кәсіпорын саласында жасалынған алғашқы зерттеу болғандықтан және жасалыну керек болған бірнеше зерттеулерге жол көрсете білу мақсатымен тек қана Еге Аймағында демалыс мекендеріндегі қонақ үй кәсіпорындарына тиісті болып жасалынуы жоспарланған.

Жоғарыда көрсетілген  себептермен зерттеу Еге Аймағындағы  демалыс орындарында жұмыс істейтін туризм менеджменті және 5, 4 және 3 Жұлдызды қонақ үй менеджменті мен демалыс  мекендерінде жұмыс істейтін анимация қызметкерлерімен байланысты жасалынды.

                                        Зертеу тәсілдері

Зерттеу аясында шекаралары Еге Аймағы болып белгіленген  және демалыс орындарында жұмыс  істеп жатқан қонақ үй кәсіпорындарында анимация департаментінде жұмыс істейтін қызметкерлердің демографиялық профиліні және кәсіби формациясын анықтау мақсатында түрік және ағылшын тілдерінде анкета дайындалып көбейтілді.

Алғашқы сатыда анкета формасы  қонақ үй кәсіпорындарында анимация департаментінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің анкеталары анкеторлар көмегімен толтырылды. Екінші сатыда SPSS программасы қолданылып, анкета нәтижелері тез тексерілді және жаңалықтар бағаланды.

                                            Басты қауым

Анкетаның басты қауымы Еге аймағы ішіндегі  белгілі алаңда демалыс орындарында жұмыс істейтін 5, 4 және 3 Жұлдызды Қонақ Үй Кәсіпорындары мен Демалыс орындарынан құралды.

Зерттеудің жасалынатын  үлгісі көпшілікті болғандықтан,  жоғарыда айтылған және қарапайым кездейсоқ  үлгі тәсіліне қарай таңдалған қонақ үй кәсіпорында, анимация департаментінде жұмыс істейтін қызметкерлерден тұрады.

4.2. Мәлімет  жинау тәсілі және қолданылуы

Анкета формасы арқылы мәлімет жиналды және зерттеудің мақсатының бағыты бойынша анкета сұрақтары  дамытылып отырды. Анкета формасы 22 сұрақтан тұрды және анкета формасының басында анкетаның мақсатымен байланысты кысқаша мәлімет берілді. Сұрақ қағазы екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде, анимация департаментінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің демографиялық ерекшеліктерімен байланысты сұрақтар берілген. Бұлар: жас, жыныс, азаматтық және білім дәрежелерін анықтауға бағытталған сұрақтар.

Екінші бөлімде болса  анимацияда жұмыс істейтін қызметкерлердің  кәсіби формациясын өлшеуге бағытталған  сұрақтар берілген.

Анкета формасы қонақ үй кәсіпорнына барған анкетор көмегімен анимация қызметкерлеріне таратылып, керекті анықтамалар түсіндіріліп, белгілі бір уақыттан кейін анкета формасы жиналды. Анкета формаларын қонақ үй кәсіпорындарының анимация департаменттерінде жұмыс істейтін 194 адам толтырды.

                             Жаңалықтар мен бағалаулар

Анкетаның бағалануында SPSS компьютер программасы қолданылды. Барлық мәліметтер компьютерге еңгізіліп, SPSS программасы арқылы жылдамдықпен тексеріліп таблица бойынша нәтижелер бағаланды.

Қолымызға түскен мәліметтер екі топта берілді. Бірінші топта  анкетаға қатысқандардың демографиялық  ерекшеліктері, екінші топта болса, анимация департаментінде жұмыс  істейтін қызметкерлердің кәсіби формациясымен  байланысты мәліметтер берілген. Анкетаның нәтіжесінен шыққан жаңалықтармен байланысты таблицалар мақаланың соңында берілген.

    5.1.Анкетаға қатысқандардың демографиялық ерекшеліктерімен байланысты жаңалықтар:

Зерттеу бойынша анкетаға қатысқандардың демографиялық ерекшеліктеріне  байланысты жаңалықтар таблица түрінде төменде көрсетілген.

5.1.1. Анкетаға қатысқандардың қонақ үй кәсіпорындарында жатын сыйымдылығына қарай бөлінуі.

Анкетаға қатысқандардың 29%-ы демалыс орындарында, 22%-ы  5 жұлдызды қонақ үйде, 17 %-ы 4 жұлдызды қонақ үйлерде, 19%-ы 3 жұлдызды қонақ үйлерде жұмыс істейді.

  Анкетаға қатысқандардың  шамамен 24%-ы 400 жатын орын сыйымдылығына, 43%-ы 401-800 жатын орын сыйымдылығына, 30%-ы болса 801 жатын орын сыйымдылығының үстінде қонақ үй кәсіпорындарында жұмыс істеуде, 3%-ы бұл сұраққа жауап бермеген.

Анимация іс-шараларының  атқарылуында жатын орын сыйымдылығы, іс-шараларының түрлілігі және саны  маңызды болып табылады. Анкетаға қатысқандардың 73%-ы  400-ден артық  жатын орын сыйымдылығы бар қонақ  үй кәсіпорнында жұмыс істеуде. Осыған қарай, жоғары кәсіпорындарда анимация іс-шараларына өте қатты көңіл аударылады.

5.1.2. Анкетаға  қатысқандардың  ұлтына қарай  бөлінуі

 Анкетаға қатысқандардың  шамамен 71%-ы түрік, 10%-ы туныс, 6%-ы неміс, 6%-ы француз, 0.5%-ы итальян, 0.5%-ы испан, 6%-ы да басқа ұлттардан (орыс, швед, белгиялық) құралған .

Осы уақытқа дейін  елімізде анимация іс-шараларында шетел  қызметкерлері жұмыс істейтін еді. Түрік аниматорлардың саны соңғы  жылдарда жылдамдықпен артып және жұмысқа  алынып жатқанын айта аламыз.

5.1.3 Анкетаға  қатысқандардың жынысы және жасына  қарай бөлінуі

Анкетаға қатысқандардың шамамен 37%-ы 18-21 жас аралығында, 41%-ы 22-25 жас аралығында, 14%-ы 26-29 жас аралығында, 7%-ы 30 жастың үстінде.

Анимация көбінесе  жастарды жұмысқа алатынн бір  департамент болып табылады. Еліміз үшін жаңа жұмыс саласы болғандықтан, осы жағдайдың себептерінен бірі болуы сияқты  жұмыс шарттарының қатал болуы себебімен белгілі бір жастың және тәжрибенің жоғарыдан таңдалмаған бір сала болып та бағалау болады.

 

 5.1.4. Анкетаға қатысқандардың білім дәрежесі

Анкетаға қатысқандардың шамамен: 31%-ы лицей, 7%-ы туризм және қонақ үй қызметтері лицейі, 57%-ы  жоғары білімді (3.Таблица). Анимация қызметкерлерінің белгілі бір қасиетке ие болуы  қажеттігін жоғарыда айтып кеттік. Бұл қасиеттерге ие болған аниматордың сонымен қатар белгілі бір дәрежеде білім алуы да қажет. Зерттеу нәтижелері бұл қажеттіліктің жұмыс барысында да байқалғанын көрсетеді.

Информация о работе Туризмвдегі анимация бөлімінің маңызы