Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:31, курсовая работа
Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын –
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді –
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондық –
танда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады
Қайта өрлеу заманында Европа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат шегілген тарантас, көлік кұрылының пайда болуы конақтар тоқтайтын аулалардың соңының кебеюіне септігін тигізді. Европа елдеріндегі мемлекеттердің экономикалык және саяси байланысының дамуы барысында конақ үй шаруашылығы қарқынды дамуы байқалады.
XVII-XVIII ғ. Америка континентіне Европалықтардың келуіне орай Европалық типтегі қонақ үйлер пайда бола бастады. Алғашқы 70 бөлмелі қонақ үй «Сити-Отель» Нью-Йорк каласында 1794 ж. салынған. XVIII—XIX ғ. бас кезеңінде тек саяхатшыларға арналган орта және үлкен қонақ үйлер пайда болды. Оның ең үлкені 170 бөлмелі «Тремонт» отелі 1829 ж. Бостон каласында іргетасын көтерген.
XIX ғ. Европа мен
Америкада өндірістік
Нәтижесінде теңіз жағалауында, теміржол бойында қонақ үй құрылысы пайда болды. Қонақ үй компаниялары, корпорациялары, синдикаттардың бизнесмендерге, комерсанттарға және көшіп келушілерге арналған қонақ үй кызметі ұсынады. Адамдар жер бетінде көшіп қонуы, жаңа жерлерді игерулері нәтижесінде ерте кезден бастап қонақ ұй шаруашылығының ірге тасы қалана бастағанын көптеген әдебиеттер арқылы танып білдік .Соның ішінде туризм тарихына арналған (15.,16.,25.,24.,) оқулықтар мен әдебиеттерді қарастырдық.
Бастапқы кезде бұл сала Жерорта теңізі аймағынан, кейінгі кезде Европалық бөліктен біртіндеп Азия құрлығына ауысқандығын байқаймыз. Жәнеде Ұлы Жібек жолының тарихы көптеген мәліметтер қалдырған. Ал бұл стратегиялық сауда, қатынас, дипломатиялық жолдың қонақ үй шаруашылығын дамытудағы ролі жеке тақырып, зерттеу объектісі.
Қазақстан жерінде атақты Жібек жолы оны Құлжа жолы деп те атаған. Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан біздің дәуіріміздің XVI-ғасырына дейін жұмыс істеген. Шығыс пен батысты жалғастырып жатқан сауда керуенінің ғажайып дәстүрі мен салтын қамтиды. Ұлы сорап жолдың тармағы мол. Солардың ішіндегі ең ірісі Нілдария жағалауы, перғауындар елінен тізіліп шыққан керуен Бағдат, Мерв арқылы екі өзенді кешіп өтіп, Дәшті-Қыпшақ жерін басып, жоңғар қақпасы арқылы Ұлы Қытай қорғанына жеткен. Осы жолдың бойында қонақ үй шаруашылығы қандай дәрежеде болған.Ол тарихи мәлімет. Біз білетін керуен сарайлар алғашқы қонақ үй , жатын үй есебінде деп санаймыз.
1.2 Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру және оны басқарудың халықаралық нысандары
Қонақ үйлік бизнестің ауқымды дамуы, мемлекеттердің ұлттық шекараларынан тыс туристік байланыстармен бағдарлардың кең таралуы, қонақжайлылықтың халықаралық қонақ үйлік индустриясына айналуы халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың осы өрістегі ең жақсы ұйымдарына демеуші болатын көптеген халықаралық ұйымдарды құрудың қажеттілігін тудырып отыр, олар қонақжайлылық индустриясының негізгі әлемдік даму бағыттарын анықтайды.
Халықаралық норма және стандартты орнатады, туристік және қонақ үйлік қызметтірінің негізін қалаушы ұстанымдарды жасайды, сондай-ақ туризм және қонақ үйлік бизнес өрісінде елдердің ынтымақтастығына өз ықпалын тигізеді .
Бүгінде әртүрлі профильдегі және мәртебедегі 200 астам халықаралық туристік және қонақ үйлік ұйымдар бар. Олар әртүрлі мақсаттармен тапсырмаларды орындауды көздейді, әр түрлі аталады, бірақ негізінен екі санатқа бөлінеді: бірлестіктер және кәсіподақтар болып. Олар достастықтар, бірлестік топтар, одақтар, федерациялар, комитеттер, бюро, коммиссиялар, кеңестер, клубтар және институттар болуы мүмкін. Өздерінің аталуына қарамастан бірлестіктер ортақ белгі болып келеді. Олар өздерінің мүшелеріне неше түрлі қызметтер көрсетеді.
Қонақ үйлік ұйымдарды келесі белгілер бойынша топтастыруға болады:
- ұлттық-аймақтық: халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдар. Олардың қызметі әлемдік аймақтық және ұлттық деңгейде жүргізіледі.
- Қоғамдық-мемлекеттік: үкіметтік, қоғамдық және жеке ұйымдар.
- Қызмет түрі бойынша: реттеуші жеткізушілер, нарықтық агенттер, өңдеушілер, кеңесшілер, жобалы ұйымдар, оқытушы ұйымдар, кәсіпқой бірлестіктер, сауда және тұтынушылық ұйымдар.
- қызмет өрісі бойынша: көліктік (авиациялық, автобустық, темір жол, автокөліктік және круиздік), туристік агенттер, туроператорлар, локалдық кәсіподақтар.
Халықаралық қонақ үйлік істі дамыту мәселелеріне байланысты нормативті-құқықты іс-әркекеттер санына жататындар:
1. Халықаралық қонақ үйлік ережелер. Халықаралық қонақ үй бірлестігі кеңесімен мақұлданған.
2. Әлемдік турагенттіктер федерация бірлестігі және Халықаралық қонақ үйлік бірлестігінің қонақ үйлермен турагенттіктер арасындағы қарым-қатынастар кодексі.
3. Халықаралық қонақ үйлік конвенциясы, қонақ үйлер және турагенттер иегерлерімен тұжырымдаған келісім-шарттарға тиісті.
4. Отель және тасымалдаушы арасындағы келісім және келісім-шарт, 1994 жылы Халықаралық қонақ үйлік бірлестікпен және Халықаралық көлік қатысушылар одағымен қабылданды .
Осындай бейнемен, әлемде құрылған халықаралық қонақүйлік және туристік ұйымдар кең жүйесі белсенді дамып келеді, олар халықаралық қарым-қатынастар маңызды өрісінде қонақжайлылықтың жұмыс істеуіне шақырылған. Қонақжайлылық бойынша халықаралық ұйымдардың әртүрлілігі, тармақталуы халықтар және мемлекеттер арасындағы байланыстарда оның өсіп келе жатқан рөлін белгілейді, сондай-ақ оған деген қызығушылықты көптеген үкіметтік және үкіметтік емес, ұлттық және халықаралық ұйымдар танытып отыр.
Ұлттық қонақ үй және туристік қызметтерді қолдау үшін және шетел валютасының ағымын ұлғайту үшін келесі бірлестіктер құрылған: Қазақстандық қонақүйлік және мейрамханалық бірлестік, Халықаралық қоғамдық туризм академиясы, Қазақстандық туристік бірлестік және Қазақстандық франчайзинг бірлестігі.
Қазақстандық туристік бірлестік құрамына ірі турагенттіктер, қонақ үйлер, әуетасымалдаушылар және «Қазақстан жібек жолы» ұлттық компаниясы кіреді. Бірлестіктің негізгі мақсаты: туристік саланың басымдылығын жоғарлату болып табылады.
Қонақжайлылық индустриясында трансұлттық компания ерекшеліктері анық көрінеді. Тансұлттық компаниялар халықаралық өмірдің аңғарарлық құбылысына айналған қонақ үйлік тізбектер түрін қабылдайды. Статистика көрсеткіші бойынша тізбекке кіреті отельдер жеке кәсіпорындарға қарағанда 60% артық орта кіріс және 8% артық толтырым көреді.
Қонақ үйлік тізбек отелдер тобынан турады, олардың ортақ басшылығы өнімді алға жылжыту тұжырымдамасы және сауда белгісі болады. Кәсіпорындар тізбегінің басшылығы кез-келген пайдадан басымдылық алады, бірақ сол уақытта операциялық шығындар үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Қонақ үйлік тізбектің пайда болуы өзінің белгілі бір рөлін ойнайды, ал қонақ үйлік қызмет халықаралық нарығына жоғары қызмет көрсету стандарттарын алға жылжытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ туристерге қонақүйлік қызмет көрсетудегі қолдауға ықпалын тигізеді.
Халықаралық тізбектері қосылған ірі қонақүйлік кешендерді «Сабре», «Галилео», «Амадеус», үлгілі біртұас сақталым жүйелері бар.
Әлемде өздерінің ұлттық шекаралары аясынан тыс шыққан 300 астам қонақүйлік тізбектер бар. Олардың үлесіне 13 млн номерлердің 7 млн астамы келеді ( әлемде қонақүйлік номерлердің 50% астамы).
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі халықаралық қонақ үй тізбегінің басқарымында орналасқан қонақ үйлік номерлердің көлем-сан келтірілген 2-ші кестеден көруіңізге болады.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі халықаралық қонақ үйлік тізбектер басқарымында орналасқан қонақ үй номерлерінің 2007жылғы көлем-саны
Елдер |
Номерлердің саны, мың |
Ортақ саннан үлесі % |
АҚШ |
3567,0 |
62,5 |
Ұлыбритания |
738,6 |
13,0 |
Франция |
469,7 |
8,2 |
Испания |
203,0 |
3,6 |
Жапония |
157,2 |
2,8 |
Германия |
129,9 |
2,3 |
Әлемнің қалған елдері |
361,2 |
6,3 |
Барлығы |
5698,7 |
100,0 |
Кесте 1. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі халықаралық қонақ үйлік тізбектер басқарымында орналасқан қонақ үй номерлерінің 2007жылғы көлем-саны
Осылай АҚШ үлесіне әлемдегі барлық қонақ үй номердлердің 62,5%, ал қалған Еуропалық елдер үлесіне барлығы — 27,1% құрайды.
Қонақ үйлік тізбектердің 2007 жылғы алғашқы ондық тізбегі 3 кестеде келтірілген. 3 кесте сараптамасынан көретініміз Маrriott Intenational қонақүйлік тізбектердің серпінді өсуі , ол бір жыл ішінде қонақүйлік тізбекке кіретін отельдер ортақ санын 1880-нен 2099 ға дейін , немесе 219 ательге көбейтті. Соған сәйкес осы тізбекке кіретін отельдердің сиымдылығы да артта түсті. -355900-дан 390469- ға нөмерге дейін. Сондай- ақ 2000 жылы Accor тізбегінің сиымдылығы 34700 номерге көбейсе , Hilton Hotels Corp тізбегінде 27800 номерге дейін көбейді. Сонымен бірге Best Western International және Cendant Corp сияқты бірқатар тізбектерде сиымдылықтың азайды бақылаулы ательдер санының көбейуіне байланысты болды. Білгілеп қою қажет, қонақ үйлік тізбектердің қалыптасу үдерісі жаңа елдерде қамту үстінде. Мальта, Жаңа Зеландия, Шотландия және Мысыр [16].
Қонақ үйдік тізбектердің әлемдік қонақүйлік шаруашылықпен басқарудағы маңыздылығын жоғарлату үдерісі айтарлықтай қарама қайшылықпен мінезделеді, бір жақтан көптеген елдерде қызмет істеп жатқан жетекші қонақүйлік тізбектер іріленсе, ал екінші жақтан жеке қонақ үйлік тізбектер құрып жатқан елдер саны көбеюде.
АҚШ-та қонақ үй тізбегінің 195 — штаб пәтерлері орналасқан, Ұлыбританияда – 17, Жапонияда – 14, Германияда – 11, Гонг-Гонгта – 8, Франция және Сингапурда — 6- дан орналасқан.
Соңғы уақытта әлемде жаңа отельдердің салынуы арқылы қонақ үй орындар санының көбейуі олраға деген тұтынушылықты артта қалдырды. Нәтижесінде қонақ үйлердің жіктелу коэфицентінің орнықты төмендеуін байқауға болады.
Әлемдік қонақ үй индустрия 50- жылдардан қонақ үйлермен басқарудағы ұйымдастырмалы құрылымында қонақ үй қызметін қйымдастырудың ең негізгі үлгілері бекітіледі. Ритц-үлгісі, Швейцарлық кәсіпкер Цезарь Ритцтің атымен байланысты. Бұл қонақ үйлердің негізгі мөлшерлемесі Еуропалық талғампаздық дәстүрлеріне жатады.
Қазіргі уақытта бұл үлгі дағдарысқа ұшырауда: соңғы 25 жылда әлемдік қонақүйлік қызмет нарығынан 2 млн астам Palace стиліндегі қонақ үйлік номерлер құрдымға кетті. Екінші үлгі американдық кәсіпкер Кемонс Уильсонның («Холлидей Инн» қонақ үйлер тізбегі) атымен байланысты. Бұл үлгіде мөлшерлеме клиент қажеттілігін қанағаттандырудағы үлкен икемділікке, қызмет көрсетудің жеткілікті жоғарғы стандарттарын қолдаумен үйлесімділігімен бірге қойылады
Қонақ үй интерьеріне холлдан бастап үлкен назар бөлінеді. Осы үлгі бойынша ұйымдастырылған қонақ үйлерге қойылатын негізгі талаптар:
– стиль біртұтастығы (сәулет өнері, интерьер);
– белгілеу және сыртқы ақпарат біртұтастығы;
– кең және қызметті холл;
– клиенттерді тіркеу жылдамдығы;
– номерлер, тұрғылықты клиенттер үшін қарастырылған;
Тіз-бек рейтингісі |
Тізбек аталуы |
2008 жылы отелдер тізбектер бар болған елдер саны |
Отельдер саны |
Номерлердің саны, мың |
2007ж номерлер санын салыстырып қарағанда 2008 жылдағы номерлердің санының өзгерулері, % | ||
2007 |
2008 |
2007 |
2008 | ||||
1 |
Cendant Corp. |
24 |
6315 |
6455 |
542,6 |
541,3 |
99,8 |
2 |
Bass Hotels & Resorts |
100 |
2886 |
3096 |
471,7 |
490,5 |
104,0 |
3 |
Marriott International |
60 |
1880 |
2099 |
355,9 |
390,5 |
109,7 |
4 |
Accor |
81 |
3234 |
3488 |
354,7 |
389,4 |
109,8 |
5 |
Choice Hotels International |
41 |
4248 |
4392 |
338,3 |
350,4 |
103,6 |
6 |
Hilton Hotels Corp. |
59 |
1700 |
1895 |
290,0 |
317,8 |
109,6 |
7 |
Best Western International |
80 |
4037 |
4065 |
313,3 |
307,7 |
98,2 |
8 |
Starwood Hotels & Resorts Worldwide |
80 |
716 |
738 |
217,7 |
227,0 |
104,3 |
9 |
Carlson Hospitality Worldwide |
63 |
616 |
716 |
114,2 |
129,2 |
113,1 |
10 |
Hyatt Hotels/ Hyatt International |
38 |
195 |
201 |
85,7 |
86,7 |
101,2 |
Барлығы |
25827 |
27145 |
3084,1 |
3230,5 |
104,8 |