Туризмвдегі анимация бөлімінің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:31, курсовая работа

Краткое описание

Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын –
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді –
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондық –
танда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная.doc

— 476.00 Кб (Скачать документ)

Кесте 2.  2007– 2008 жж. әлемдегі ең ірі он қонақ үй тізбегі

 

Әлемде осы үлгі бойынша салынған қонақ үй тізбектердің бақылауында қонақ үй номерлердің 50% астамы жатыр. Бұл тізбектер бір иегермен басқарылады. (3-кестеден көруге болады)

Үшінші үлгі – «Best Western» және «Romantic Hotels» секілді еркінді қонақ үй тізбекшелер және басқалары. Бұл жағдайда бір сауда маркасының астына қандай да біртектілік белгілері бойынша, белгілі стандартпен қызмет жиынтығына орналастыру еліне қарамастан шыдай алатын қонақ үйлерді біріктіреді.

Қонақ үйлік тізбектердің негізгі екі түрі болады – біріктірілген тізбектер, олар тіртектілік бірліктерден жасалған және қонақ үй консорциумдар олар тәуелсіз отельдерді біріктіреді. Біріктірілген қонақ үй тізбектер жүйесі және біртекті өнім өндіріп сатады. Олар франчайзингтік жүйе немесе басқаруға деген келісім–шарт бойынша тура немесе жанама түрде басқарады.

Франчайздік келісімдер жүйесі әлемде кең таралымға ие болуда. Қазіргі уақытта отельдердің шамамен 80% тізбектерге дәл осы франчайзинг құқықтары арқылы кіреді. Оны 4–кестеден көреуге болады..

Тізбек аталуы

Тізбектегі отельдердің ортақ саны

Тізбекке франчайзинг шартында кіретін отельдер саны

Отельдердің франчайзингтен түсетін ортақ саннан үлесі, %

1. Cendant Corp,

2. Choice Hotels International

3. Bass Hotels & Resorts

4. Hilton Hotels Corp.

5. Marriot  International

6. Carlson Hospitality Worldwide

7. Accor

8. U.S. Franchise Systems

9. Societe du  Louvre

10. Starwood Hotels & Resorts Worldwide

6455

4392

3096

1895

2099

716

3488

505

868

738

6488

4392

2644

1492

1168

682

672

505

328

313

100,0

100,0

85,4

78,7

55.6

95,3

19,3

100,0

37,8

42,4


Кесте 3. 2008 жылында франчайзинг шартында отельдердің қонақ үй тізбегіне бірігуі.

 

Франчайзер франчайзинг келісім–шарт бойынша өзінің қызмет көрсету стандарттары мен өзінің беделін тапсырады. Компания өзінің технологиясын инвестициялармен алмасуына береді.

Франчайзинг 2 категорияға бөліп қарастыруға болады. Біріншісіне өнісді тарату ұйымдары. Мысал ретінде, салқын сусындарды, дайын тағам өнімдерін қолдану, тарату және өндіру, сонымен қатар автокөлікті сату. Екіншісі кәсіпкерлік формада іске асады. Франчайздің екінші категориясы қонақжайлық индустриясында кең тараған. Мысал ретінде «Холидей Инн», «Редиссон Хотелз», «Деннис» және «Уэндиз» мейрамханалары. әрбір келісімде франшиза франчайз беруші франчайз алушыға белгі, ноу-хау франчайз берушінің жүйелі құрылымын қолдану құқығын ұсынады. әдетте нарық стратегиясына қатысу шарты болады. Франчайз беруші кәсіпкерлітің толық концепциясын немесе қолдану құқығын сатып алады.

Қазақстанда «Кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» ҚР Заңы қабылданды 2002 жылы 24 маусымынан Қазақстандық франчайзинг бірлестігі құрылды. 2002 жылдың наурызында алғашқы халықаралық коммерциялық емес ұйымдар қазақстандық қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып республикада франчайзинг даму сұрақтары бойынша семинарлар өткізді. Басқару келісім – шарт қонақ үй тізбектерінен өріс ықпалын кеңейту және туристік нарықтарға ену үшін кеңінен қолданылады.

 

Тізбек аталуы

Тізбектегі отельдердің ортақ саны

Тізбекке басқаруға берілген отельдердің саны

Басқаруды берген отельдер үлесі, ортақ саннан, %

1. Marriot  International

2. Societe du  Louvre

3. Accor

4. Extended Stay America

5. Bass Hotels & Resorts

6. Tharaldson Enterprises

7. Westmond Hospitality Group

8.  Starwood Hotels & Resorts Worldwide

9. Hilton Hotels Corp.

10. Prime Hospitality Corp.

2099

868

3488

392

3096

330

294

738

223

239

806

540

531

392

344

330

294

263

223

214

38,4

62,2

15,2

100,0

11,1

100,0

100,0

35,6

100,0

89,5


Кесте 4. Басқаруға келісім – шарт негізінде отельдердің қонақ үй тізбегіне бірігуі, 2008 жылы.

 

Қонақ үйлердің бірігуі ұйым иегері және компания арасында басқаруға келісім –шарт жасау жолымен жүргізіледі, оның басты қызмет бағыты берілген сегмент нарығында қонақ үйлермен кәсіпқойлық басқару болып табылады. [19]

Келісім  – шарт бойынша басқаруға қадам басқан кәсіпорын ұйым мүлігіне ешқандай құқы жоқ. Басқаруға келісім – шарт бойынша кәсіпорын әдетте шектеулі қаржылық жауапкершілікті алып жүреді және барлық жағдайда қонақ үйдің пайдасының көлеміне байланысты кіріс алады.

 

 1.3 Анимацияның мәні және даму тарихы

 

   Анимация сөзін өз тілімізге аударғанда "жандандыру" деген мағынаны береді.Француздың «anime» сөзінен алынған және қолданысқа біздің тілімізге енген.Французша «anime» сөзі «жандандыр» деген мағынаға ие.Жалпы мағынада анимация сөзі жандандыру,әрекеттендіру деген мағынаға ие.Компьютерде жасалынатын мультфильмдер мен фильмдерге «анимация» аты берілген.Қазіргі таңда бұл түр анимациялар телевидиние және кино үшін қолданылатын бағдарлама есебінде жүреді.

    Ал ойын-сауық қызметтерінде анимация,қонақтардың жақсы әрі көңілді уақыт өткізулері үшін және қызмет көрсету талабын арттыру мақсатында жасалынатын бағдарламалар.Анимация деп көңіл көтеру,спорт және ойын түрлерін ұсыну,қонақтарды қимыл іс әрекетке итермелеу секілді өзгешелік пен ерекшеліктерді көрсететін жандандыру қызметтерін айтамыз.Ал аниматор жандандырушы,қимыл іс-әрекетке итермелеуші,себепші адам мағынасында қолданылады.

    Анимациялық іс-әрекеттер бір әлеуметтік қажеттілік ретінде ортаға шықты.Бүкіл дүние жүзінде қолданысқа ене бастады.Ең басты қажеттіліктердің бірі ретінде қалыптаса бастады.Ежелгі тайпалардан, түрлі бояулармен бетке сурет салу,түрлі кейіпкерлердің кейпіне ену,аксесуарлар мен қызықты заттарды денеге ілу арқылы біздің күнімізге дейін сақталып келген.Сол уақыттың ішінде түрлі өзгерістерге ұшырап,кейбірі іс-қимылдарын белгілі бір құрал-жабдық қолдану арқылы көрсетсе,кейбірі тек өзі ғана жандандыратын қызмет түрлері әлеуметтік топтың көрінісі ретінде анимациялық іс-әрекеттің бүкілін құрап отырған.

    Анимация тек қана қонақ үйлерді ғана емес,сонымен қатар арнайы ұйымдарда,түнгі клубтарда,ресторандарда және супермаркеттерде де орын алатын ерекше қызмет түрі.

Конгресстер мен фестивальдарда,салтанатты ашылуларда,ерекше стильдегі кештерде анимациялық қойылымдар ерекше орын алады.Декорация,түрлі костьюмдер,аксесуарлар,сол кештің стильіне сай қажетті макияж да анимациялық қызметтің ажырамас бөлігіне айналған және де жеке сфера ретінде қалыптасқан.

             

                    

                    

 

Тарихы.Дүниежүзінде анимацияның дамуы

Алғашқы топтардың кезеңінде  қимыл, іс-әрекет және би адамдардың өздерінің  келбетін көрсетудің бір құралы іспеттес болған.Алғашқы қоғамда көрсетілетін құттықтау түрлері,табиғатқа жақын болу үшін жасалынған іс-әрекеттер мен жын-шайтандарды қашыру үшін жасалынған билер мен рәсімдер,іс-қимылдар,жандандырушы қимылдардың барлығы дерлік анимация ұғымының пайда болуына,оның дамуына басты негізгі себеп болған.Ежелгі тайпаның адамдары қуанғанда,қайғырғанда сезімдерін би немесе басқадай іс-әрекеттер жасау арқылы білдіртіп отырған.Бұл түр іс-қимылдар дүниенің түкпір-түкпірінен орын алған.Көрсетілген би немесе басқадай әрекеттерде қолданылатын аксесуарлар да, күні бүгінге дейін қойылатын көріністерді толықтырушы бір қажеттілік ретінде қалыптасқан.Бұл рәсімдерде әсіресе маскалар,түрлі әшекей бұйымдар және бет -әлпетті бояу өте жиі қолданылып отырған.

    Жандандыру:ежелгі топтардың үлгі тұтқан жануарларынан бастау алған.Уақыт өте келе бұл хайуандарға адами мінез-құлықтар беріліп теңеу жасалынған.Бұл әрекеттер қағаз беттерінен экранға,алғашқы топтардан бізге келіп жетті және әлеуметтік-мәдени ойын түрі пайда болған.Технологияның дамуымен қатар жандандыру түрлі өзгерістерге ұшырап,күннен-күнге дами түсуде.Әсіресе,заманауи техниканың дамуы арқасында компьютерлік бағдарламалар арқылы жасалынған проект,кино және телевидиние сферасында өте көп қолданылатын басқару халіне жетті.

   Ал туризм сферасында анимацияның қолданысқа енуінің басты себебі,қонақжайлылық индустриясында ұсынылатын түнеу және тамақтану секілді қызмет түрлерінен тыс,қонақтардың көңілін көтеретін,бос уақыттарын қызықты өткізуге арнайы бағдарламалардың болмауы.Осыған байланысты қонақ үйде қонақтарға арнайы түрлі бағдарламалар дайындала басталды.Осылайша қонақтардың қажеттіліктерінен дүниеге көптеген белсенді ойын түрлері келді.Көңіл көтеру ежелден келе жатқан дүние.Алайда жаңа ойын және сауық түрлері көңіл-көтеру мәдениетіне ерекше бір өзгешеліктер мен сұраныстарды арттыра түсті.

 

               Түркия мемлекетінде анимацияның даму қарқыны

    Түрк халқы мәдениетінде көңіл-көтеру ескіден бері қолданыста бар дүние.Үйлену тойларындағы еркектердің әйел кейпіне енуін,ауыл кештерінде көңіл көтеру үшін  жасалынған ойын түрлерін анимацияның бір түрі немесе бір бөлшегі ретінде алып қарауымызға болады.Анимация жайында алып қарасақ  түркі халқының білімі  бай мағұлматтардың қайнар көзі екендігіне көз жеткіземіз.

     Түркия мемлекеті туризм потенциалы өте жоғары өлке саналады.Бұл өлке тарихи орындар мен ескерткіштерге,экзотикалық орындарға толы.Көптеген жылдар бойы туризм сферасы жылдам қарқынмен даму үстінде.Жұмбаққа толы өлке қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие.Алайда алғашында тек түнеу,теңізге шомылу және тарихи жерлерге сапар шегу ретінде ғана таңдалынып отырған .Туризм сферасы жаңалықтарға толы болғандықтан,уақыт өте келе өзгерістер ене бастады.Туристердің демалысы барысында бос уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізулері үшін анимациялық бағдарламалар қонақ үй системасына енгізілді.Мұндай алғашқы қадамды 1960 жылдардан кейін Француз Clup Med ұйымы жасады.

    Түрк мәдениетінің байлығы мен шет ел туристерінің Түрк мәдениетіне деген халқына деген құрметі нәтижесінде,шет ел туристеріне арнайы түрк кештерінің көрсетіліміне жол ашты.Қазіргі уақытта анимациялық бағдарламалар кез-келген ұйымның ажырамас бөлігіне айналды.Туризм секторында әрі қонақ қажеттіліктерінің  қанағаттанылуын,әрі үлкен табыс көзі екендігін,ұйым имиджінің қалыптасуына әсер ететін бөлім.

     Түркия мемлекетінде аниматорлар көбіне шет елдерден шақырылады.Бұған басты себеп арнайы маман дайындайтын оқу орындарының немесе бөлімнің жоқтығы.Алайда уақыт өте келе түрк аниматор қызметкерлері көбейе түсуде.Бұл дегеніміз бұл мамандыққа қызығушылықтың артқандығы.Анимация бөлімі білімді,тәжірбиелі аниматорлард талап етеді.Түркия елінде тек Еге университеті жоғарғы оқу орнында ғана анимация бөлімі білім беруде.2005-2006 жылдардан бері бұл оқу орны жас аниматорларды дайындауда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АНИМАЦИЯ БӨЛІМІН ТАЛДАУ

 

2.1 Қонақ үй шаруашылығындағы басқару қызметі

 

  Қонақ үйлік кәсіпорын ұйымдастырылу құрылымы – бұл әрбір жұмыскерге жүктелген өкілеттік және міндеттер белгісі болып табылатын, оның менеджментінің әкімшілдік-иерархиялық жүйесі.

Негізгі қызметтер: қонақүйдің иесі; бас директор; бас директор орынбасары; номерлік қор директоры; қабылдау қызметінің қолбасшысы; шабармандар қызметінің қолбасшысы; қауіпсіздік қызмет қолбасшысы; тамақтандыру бойынша директор; үй жинаушылар қолбасшысы; кір жуатын орын директоры; бас инженер; шеф-даяршы; мейрамхана директоры; мейрамханалық емес қызмет көрсету қызметінің қолбасшысы; банкеттік қызмет көрсету директоры; ауыспалы даяршылар; маркетинг директоры; коммерциялық топ қолбасшысы; мәслихаттық және банкеттік қызмет қолбасшысы; бас есепші(бухгалтер); аймақтық коммерциялық қолбасшылар; қаржы қызметінің директоры; кассир; кадрлық қызмет қолбасшысы; шаруашылық қызмет қолбасшысы; қызмет көрсету бойынша директор; спорттық кешен директоры [9].

Қонақ үйлік қызметтер. Қонақ үйлік кәсіпорнының қызметті — технологиялық құрылымы, оның қызметін қамтамасыздандырушы болып табылады. Қонақ үй құрылымы, қызметтер құрамы, қонақ үйлік кешенмен басқаруды ұйымдастыру оның көлемімен, оның ерекшеліктерімен, орналасу орнымен және басқадай факторлармен анықталады. Әрбір қонақ үйлік кәсіпорын құрылымында негізгі қызметтер болады (туристерді қабылдау және орналастыру, номерлерді іске қосу және қызмет ету, инженерлі — техникалық, коммерциялық және қосымша), сондай-ақ көмектесуші және қосымша (1 суреттен қараңыз).

Қабылдау және орналастыру қызметі қонақүйге келіп жатқан туристерді қабылдаумен, тіркеумен және оларды номерлер бойынша ораналастырумен, туристерді келесі бағдар нүктесіне жіберумен немесе саяхаттың аяқталуымен үйлеріне жіберуді қамтамасыздандырады. Бұл қызметке тапсыру және орын сақталым жүйесі де кіреді. Қызмет орналастыру бойынша директор орынбасарымен немесе орналастыру қызметінің менеджерімен басқарылады. Қызмет құрамына кіретіндер: әкімшілдік топ, швейцарлар, гардеробшылар, сақтау камераларына қоюшылар, портье, төлқұжат столының жұмыскерлері, қызмет көрсету бюросы, электронда немесе механизмдендірілген есеп тобы.

Информация о работе Туризмвдегі анимация бөлімінің маңызы