Туризмвдегі анимация бөлімінің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:31, курсовая работа

Краткое описание

Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын –
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді –
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондық –
танда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная.doc

— 476.00 Кб (Скачать документ)

                        Туристерге бағытталған функциялары 

   Көңіл-көтеру адамдар үшін әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктердің бірі.Көңіл-көтеру ,бұл адамдардың бір жыл бойы жұмыс жасау барысында жиналған стресстен,күйзелістен,қайғыдан,көңілсіздіктен және жүйке жүйелерінен айырылу мақсатында қолданылады.Бүтін бір жыл бойы жұмыс жасап шаршаған адамдар анимациялық ойындарға қатысып,әрі физикалық шаршауларын қалыпқа келтіреді әрі психологиялық тұрғыдан рахат сезімге бқлінеді.Анимациялық бағдарламалар адамдардың күнделікті өмірде кездесетін түрлі жайыттардың негізінен жиналған күйзелістерінен құтылуға,уақытша ұмытуға септігін тигізеді.Бір жылғы жұмыс уақытының аяқталған кезінде бір немесе екі апталық демалысқа келген адамдар,жиналған бүкіл жағымсыз энергиялардан құтылуға,анимацияның әсері зор екендігіне көз жеткізе алады.Анимациялық қызметтер арқылы адамдар бір сәтке болсын өмірдің қызықты сәттерге толы екендігіне сенетін болады.

  Анимациялық қызметтердің  туристерге бағытталған функцияларын  төмендегідей бөліп қарауымызға болады:

  1.Туристердің әлеуметтік,физикалық,эмоциянальді-психологиялық қажеттіліктерінің орындалуын жүзеге асырады

  2.Түрлі ойындарға,жарыстарға,спорт түрлеріне қатысу және жеңімпаз атану қонақтарға ерекше атмосфера қалыптастырады

  3.Спорттық,мәдени-әлеуметтік және т.б жарыстарға белсенді түрде қатыса отырып өз күштерін,энергиясын жұмсайды.

  4.Адамдар күнделікті жұмыстан,өмірден пайда болған негативті энергияларын демалыс барысында азайта түседі.

  5.Спорттық ойындар арқылы көңіл-көтеріп демалу қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.

  6.Туристер анимациялық қызметтерге қатыса отырып,түрлі этникалық топтармен қарым-қатынас орнатады,салт-дәстүрлермен танысады.

  7.Достық қарым-қатынас құру,шытырман оқиғаларға қызығушылық таныту,жаға тәжірбиелер жинау,физикалық және рухани төзімділікке үйрену,физикалық және моральдік күштерін орынды қолдана білу,табиғи әсемділікті көре білу секілді нәтижелерге қол жеткізе алады.

                        

                                Әлеуметтік функциялары

   Туризм әлеуметтік бір құбылыс.Анимация да туризм құбылысы ішінде  орын алатын, көптеген адамдардың қатысуымен жүзеге асатын қызмет түрі.Туристік ұйымдарда түрлі ұлт өкілдері анимациялық қызметті тұтынатындықтан, түрлі елдердің мәдениеттері де ерекше рөл ойнайды.Себебі әр ұлт өкілдерінің өздеріне тән ерекшеліктері, қарым- қатынас орнату мәдениеті мен психологиялары әр түрлі болады.Ойындарға қатысу барысында түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен қарым-қатынас орната бастайды.Осы тұста анимация қызметтеррінін әлеуметтік тұрғыда  сөз қозғалады.Анимация қызметтері айрықша ұлттар арасында мәдени алмасуына және ортаға шығуына ең дұрыс жолдардың бірі болып табылады.

   Анимация қызметтерінің әлеуметтік функциясын мынадай етіп бөліп қарауға болады:

  • ұлттық және  ескі стильде өмір сүру формалары,ойын-сауық түрлері,қонақтарды жандандырушы ретінде мәдениет пен салт-дәстүрдің қолданылуы.Мәдени алмасулардың шынайы түрде жүруін қамтамасыз ету.Бұл түрлі ұлт өкілдерінің арасында жылы қатынастардың орнауына негіз болады.

   • мәдени құндылықтардыңалмасуы,көрсетілуі негізінде әлеуметтік түсініктерге негіз пайда болады.Адамдар мүлдем көрмеген,естімеген,білмеген салт-дәстүр,мәдениет,ұлт өкілдері жайында мәліметтер ала алады.Түрлі топтар арасында мәдени құндылықтар бөлісерек,түрлі ұлт өкілдерінің арасында жақын қарым-қатынас пайда бола бастайды.

  • анимациялық міндеттемелер мәдени-әлеуметтік құбылыс болғандықтан достық, бейбітшілік, қонақжайлылық, сыйластық, жанашырлық секілді қарым-қатынастардың пайда болуына басты негіз.Кейбіреулерінің әлеуметтік қажеттіліктерінің орындалуы да мүмкін және кез-келген туристке демалысы барысында ыңғайлы атмосфера барынша жасалынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

3.1 Анталияның Кемер аймағында демалып жатқан туристердің,  Рекреация және Анимация белсенділігі жайындағы көзқарастарының зеррттелуі

                                       Мазмұны ( қысқаша)

         Бұл  еңбек Антальяның Кемер   аймағындағы туристік  бизнесте  ұйымдастырылатын  рекреация  және  анимациялық  бағдарламаларына туристердің кәзқарастарын  анықтау мақсатында жазылды.

           Еңбек 2004-жылы тамыз айында  Анталья облысы ,Кемер ауданында   демалып жатқан жергілікті және  шет елдік , жалпы 261 туристерден  алынған мәліметтерден құралған. Зерттеу барысында туристермен бетпе-бет кездесіп, рекреация және анимациялық белсенділіктердің қаншалықты қолданыста екендігін және осындай бағдарламаларға туристердің көзқарастардың  анықтау мақсатында әзірленген анкета пайдаланылды.

           Еңбектің нәтіжелерін қарай, жасалынып  жатқан спорттық шаралар жетерліктей  дәрежеде дегендердің саны 57,3пайызды  құрайды. Туризмдегі рекреациялық  және анимациялық  іс-шаралар  51,2 пайыздық көрсеткішпен қанағаттанарлық  деп табылды. Рекреациялық  және анимациялық  іс-шаралары үшін 54,8 пайыздық көрсеткішпен, жеткілікті деп танылды. 32,0 пайызы жеткілікті, 23,3 пайызы жеткілікті дәрежеде емес екендіктерін көрсетіп берді.

           Нәтижесінде, Кемер ауданындағы  туристердің қонақ үйлеріндегі қызмет түрлерін таңдауында , демалыс уақыттарын жалғастыруда, және көптеп қаржы жұмсауында рекреациялық белсенділіктердің үлесі зор. Туристердің пікіріне сүйенсек, бұл қызметтер спорттық іс-шаралада жеткілікті дәрежеде екен.  Сонымен қатар, рекреациялық және анимациялық іс-шараларды бөлінген қызметкерлердің ұйымдастыруды жақсы жүргізуі және осындай іс-шаралардың түрлерін көбейту ерекшеліктері болуы қажет деген ойда келеді.

Кілт  сөздер: Рекреация , Спорт, Турист

                                                      Кіріспе

      Адамзаттың  өміріндегі барлық әлеуметтік  әрекеттері сияқты, туризмде тарихи  кезеңдерде ақырын, бірақ тұрақты  түрде дамып келеді.( Өзташ 2002)  Қазіргі күнде  өркеніеттің  айрылмас бөлігі ретіндегі туризм, экономикалық әлеуметтік, мәдени, техникалық, заң және саясат қызметтері арқылы халықаралық деңгейде ең үлкен және ең маңызды белсенділіктердің бірі. (Акат 2000) Казіргі күнде туризм әлемнің ең үлкен индустрия, молшылық және қызметкері бар ең үлкен жұмыс беруші ретінде танылып жүр.( Гөксой 2001)

       Дем  алу , көңіл көтеру және даму  ерекшеліктерінің бір араға жинақталуынан  пайда болған туризм, рекреацияның  бір бағытын және маңызды бір  саласын тудырады. Туризм, демалу , көңіл  көтеру мақсатында, бос уақытты  тиімді пайдалану қажеттілігінен туындайды. Кең көлемдегі экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы бар туризм, рекреациямен бірігіп, мазмұнға ие болуда. Расында туризмнің ілгерілеуі мен өмір сүру деңгейінің жоғарлауымен қатар, алдымен бос уақыттардың  көбеюімен тығыз байланысты  болып көрінеді. (Чубук 1984) рекреация, адамның  жұмыс уақытынан тыс  қалатын бос уақыттарындағы белсенділікпен тікелей байланысты.  Бұл іс-әрекеттер дем алу, мәдени, спорттық, қауымдық, туристтік және өнер саласындағы мақсаты бар, және мейлінше көп түрдегі белсенділіктерден тұрады.(Қараташ 1992)

       Спорт-рекреацияның  ең ауқымды, ең көп түрге  бөлінетін , ең қызығарлық салаларының  бірі. Спорт пен рекреация бірін-бірі  толықтырып отырады. Спорт адамдардың  рекреативтік мұқтаждықтарын қамтамасыз  етуде маңызды бір алаң ретінде қарастырылса, рекреация оның қоғамда кеңінен таралуы, танылуы және спорттың жетістіктерге жетуінде маңызды роль ойнайды.(Қаракүчүк 1999)

        Анимация болса, туризм кәсіпкерлігі  тарапынан ұйымдастырылып туристтерге  ұсынылатын туристтік бос уақыттарды тиімді  пайдалану іс-шаралары Хазар 1999)  Анимациялық қызметтердің туристтердің демалыс уақытына тікелей әсер етуі  жасалған кейбір зерттеулер нәтижесінде белгілі болды. Жергілікті мәдениетті , тағамдары мен ауасын тұтынушыларға ұсына алған мекемелер, фольклорлық көңіл көтеру және жергілікті ортаның арқасында сатуды дамыту және  қызмет нарығында пайдалы әрекеттер жасауда. (Көкташ 2004)

     Анталья  соңғы жылдары таза Халықаралық  спорт орталығы халіне келді.  Бүкіл Түркияда жасалып жатқан  хабитат  сияқты халықаралық қатысушылары бар организациялар Антальяның табиғи және тарихи бетке тұтары , әлемнің төрт бұрышындағы футбол командаларының Антальяны таңдауы үшін алғашқы қадамдар жасады.( Кола 2003)

      Сонымен  қатар, туристтердің келу себептерін  зерттеген бір еңбекте спорттың екінші орынды алатындығы көрсетілген.(130 tepe 1996)Осы себепті спорт туристігі Анталья аймағындағы бес жұлдызды қонақ жайлардың алты ай бойы туристсіз қалмауын қамтамасыз етуде. (Кола 2003 ) Осы еңбек Антальяның Кемер ауданында демалып жатқан туристтердің ниеттері, солар үшін жасалып жатқан қызметтердің  жеткілікті дәрежеде болуы, рекреация және анимациялық іс-шаралары және осы іс-шаралардың жүзеге асу сапасы туралы мәлімет алу мақсатында жазылды.

                           Материал мен әдіс- тәсілдер

       Осы  еңбек 2004- жылы тамыз айында  Анталья облысының Кемер ауданында  демалып жатқан жергілікті және  шет елдік, жалпы саны 261 туристен  алынған мәліметтерден құралған.

          Зерттеу барысында туристермен  жеке-жеке жолығып, зерттеу және өлшеу құралдары жайында мәлімет берілген туристерге қалауына қарай 2 түрлі бөлек – бөлек анкета әзірленген. Анкеталар 8 сұрақтан тұратын жеке басын куәландыру сұрақтары және 20 сұрақтан тұратын туристердің  рекреациялық және анимациялық іс-шараларды қаншалықты  пайдаланатындығы  және осындай іс-шараларға деген көзқарастарын анықтау мақсатында әзірленген анкета-формадан тұрады. Осы анкета әзірлену барысында  осыған ұқсас еңбектер зерттеліп,зерттеу үшін ең керекті деп таңдап алынған сұрақтар  берілді. Анықталған сұрақтарға, бұдан бұрын осындай еңбек  жазған ғалымдардың көзқарастардың алынғаннан кейін ғана сұралуға болады деген шешім қабылданды.Анкеталар туристтерге гид, жол көрсетушілер арқылы бір бөлігі тікелей  жүзбе-жүз көрісу арқылы берілді. Анкетадағы сұрақтар 20-30 минут ішінде жауаптандырылып, бәрі біткеннен кейін өлшеу құралдары жиналып алынып, мәліметтерге баға берілді.

          Алынған нәтижелермен танысып  шыққаннан кейін , есептелген  нәтижелерді табу үшін   spss 10.0   статистикалық пакет бағдарлама пайдаланылды. Алынған мәліметтердің   frekans  және пайыздық көрсеткіштері шығарылып, ki-kare  тесті жасалды. Анализдер үшін критикалық р өлшемі 0,05 болып алынды.

                        Алынған нәтижелер

        Қатысушылардан сұралған « Қай  іс-шараны көбірек таңдайсыз?» сұрағына 113 кісі (4401 пайызы )  жүзу және күнге қыздырынуды 71 кісі (27,7 пайыз), мәдени іс-шараларды 38 кісі (1408) спорттық іс-шаралар, 18 кісі (7 пайыз) рекреация және анимация іс-шараларын, 10 адам (3,9 пайыз) концерт кинотеатр, 6 кісі (2,3 пайыз) басқалары секілді жауаптарды беріпті.

          Неге  осы қонақ үйді таңдадыңыз? Себептері нелер? Деген сұраққа  82 адам (32,7 пайыз) бағалардың қолжетімділігі, 81 кісі (31,3 пайыз) жатын орын мен  бөлмелердің рахаттығы, 51 кісі (19,7 пайыз) көңіл көтеру мүмкіншіліктерін көптігі, 12 кісі (6,6 пайыз) қызметкерлердің скапасы, 15 кісі (5,8пайыз) спорттық шаралар, 9 кісі (3,5пайыз) тағамдардың көп және құнарлы болуы, 4 кісі(1,5пайыз) басқа да себептер үшін деген жауаптар жазған.

        Спорттық іс-шараларға  қатысу түріне 121 адам (49,0пайыз) көңілдерін көтеру үшін, 49 кісі (19,8 пайыз) қызықтау мақсатында, 39адам (15,8пайыз) қатысу мақсатында, 32 кісі (13,0пайыз) үйрену үшін және 6 кісі (2,4пайыз) басқа деп жауап берген.

            « Қатысқан рекреативтік іс-шаралардан не күтесіз?» деген сұраққа 86 кісі (34,1пайыз) демалу, 28кісі(11,1пайыз) спортпен шұғылдану, 18 кісі (7,1пайыз) денсаулық, 9 кісі (3,6 пайыз) туризм, 8 кісі (3,2пайыз) достар табу, 1 кісі (0,4пайыз) басқа деген жауаптар берген.

       «Қонақ  үйді  таңдауда спорттық рекреация  іс-шаралары қанша пайыз әсер  етеді?» сұрағына 97 кісі (40,6пайыз) 30-50 пайыз арасы, 55 кісі (23,0пайыз) 50-80 пайыз  арасы, 55 кісі  (23,0 пайыз)  10-30 пайыз  арасы, 26 кісі (10,9 пайыз) 0-10 пайыз арасы  және 6 кісі (2,5 пайыз) 100 пайыз әсері бар деген жауаптар берген

      Осы  аймаққа келу себебіне: 95 кісі (37,5 пайыз) табиғатының әсемдігі, 69 кісі (27,3 пайыз) экономикалық жағдайы, 50 кісі( 19,8 пайыз) өмір сүріп   жатқан жерге жақындығы , 24 кісі (9,4 пайыз) басқалар және 15 кісі альтернативті өлімнің көптігі  деген жауаптар берген.

    « Рекреациялық  іс-шараларға кіммен қатысуды  қалар едіңіз?» деген сұраққа  102 кісі (40,5 пайыз) отбасыммен, 94 кісі (37,3 пайыз) достарыммен, 37 кісі (14,7 пайыз)  айырмашылығы жоқ, 17 кісі ( 6,7 пайыз( жалғыз және 2 кісі  (0,8 пайыз) басқалары деп жауап берген.

       Қонақ  үй бизнесінде қонақ үйде қалу  мерзімін ұзату және көп валюта  қалдыруда қай фактор өте маңызды?- деген сұраққа 111 адам (46,6 пайыз)  экономикалық жағдай, 100 адам (42,0 пайыз) көңілді рекреация іс-шараларының болуы, 22 кісі (9,2 пайыз) өнімдердің көп түрлілігі, 4 кісі  (1,7 пайыз) қызметкерлердің сауаттылығы және 1 адам (0,4 пайыз) басқалары деп жауап берген.

          Қонақ үйдегі ұйымдастырылған  спорттық рекреация іс-шаралары үміттеріңізді ақтадыма? – деген сұраққа 106 кісі (43,1 пайыз) ризамын, 87 кісі (35,4 пайыз) біраз, 35 кісі (14,1 пайыз) риза емеспін, 18 кісі (7,3 пайыз( өте ризамын деп жауап берген.

         1.Таблица   Қонақ үйге келген  туристердің жеке ерекшеліктері

      Өзгерістер

Жас

1

f

%

 

24-29

62

23.8

 

23

81

31.2

 

30-35

52

 

Жынысы

ер

19

 
   

46

 
   

128

 
   

129

 

Информация о работе Туризмвдегі анимация бөлімінің маңызы