Туризмвдегі анимация бөлімінің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:31, курсовая работа

Краткое описание

Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын –
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді –
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондық –
танда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная.doc

— 476.00 Кб (Скачать документ)

Шағын қонақүйлерде бірқатар қызметтер бір маманмен атқарылуы мүмкін, ал қызмет көрсету көлемі қонақүйлерде (жылына жүздеген және мыңдаған туристер) топтардың әрбіреуінде бірнеше қызметкерлер жұмыс істейді (мысалы, портье тобында: туристерді қабылдау бойынша, қайтуы бойынша, кілттер бойынша немесе консьерж)

Рәсімдеу – қонақпен қонақүйде бірінші жұмыс сатысы, оған қосылатын: қарсы алу; тіркеу; бөлінген номерге шығарып салу.

Рецепция – отель орталық  қызметі, бұл қызмет қонақтың келуіне және оның басқа барлық қызметтермен байланысына жауапты.

Номерлерді іске қосу қызметі және қызмет көрсету, туристерге номерлерде қызметт көрсетуді қамтамасыздандырады, номерлердің қажетті санитарлы-гигена жағдайын және тұратын орындарда комфорт деңгейін қолдайды, туристерге тұрмыстық қызмет көрсетеді(бұл қызметтер негізгі қызметтерге қатысты болуы мүмкін, немесе жолдамада және ваучерде көсетілген қызметтерге жатуы, сондай-ақ туристердің қалауы бойынша көрсетілген бөлек төлемді қосымша қызметтерге қатысты болу мүмкін). Қызмет қонақүй директорының орынбасарымен немесе іске қосу менеджерімен басқарылады.

Көпқабатты немесе бірнеше бөлшектерден тұратын қонақүйлерде үй жинайтын және басқа қызметкерлер топтары әдетте қабаттармен бөлмелерде ұйымдастырылған. Қызмет құрамына кіретін топтар, төсек орын заттарымен қамтамасыздандыратын, кейбір қонақ үйлерде – кір жуатын орындар,  тұрмыстық  қызмет шеберханалары және т.б. Және бұл қызметке кіретін тағы бір топ – белсенді демалыс ұйымдастырушы, денсаулықты қалпына келтіру іс-шаралары, спортпен шұғылдану, жаттығулар, табиғатқа шығу немесе көпкүндік жорықтар – қонақ үйде тұратындардың қалауына немесе саяхат бағдарламасына байланысты.

Инженерлі-техникалық қызметтер санитарлы-техника жабдықтарының (су телімдері, канализация), электротехникалық қондырғылар және жүйелер, лифттер (жедел саты), жылумен қамтамасыздандыру және кондиционерлеу қызметтерінің жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды, сондай-ақ сыртқы аймақты көркейту. Қызмет бас инженер немесе техникалық директормен басқарылады.

Коммерциялық қызмет болашақта даму және шұғыл жоспарлау, маркетинг, шаруашылық және қаржылық қызметтерімен негізгі мақсатқа жетудегі – кәсіпорын тиімділігін қамтамасыздандыру – нәтижелердің сарапталу кезіндегі туындайтын сұрақтармен айналысады. Қызмет басында коммерциялық директор, экономика бойынша директор орынбасары немесе қаржы-экономикалық сұрақтар бойынша менеджер тұрады.

Әкімшілдік қызмет қалған барлық қызметтермен басқаруды қамтамасыз етеді, сыртқы контрагенттер байланысымен айналысады – шаруашылық қызметі бойынша серіктестермен, кадрларды рәсімдеу және т.б. Қызмет басында менеджер тұрады, болмаса оны қонақүй директорының өзі басқарады. Одан бөлек, қонақүйлерде көмектес (кір жуатын орын, киім тігу, төсек орынды, бөлмелерді және қоймаларды жинау қызметтері және т.б) және қосымша (шаштараз, ұсақ жөндеу, сауна, бассейн және т.б) қызметтері болады.

Қауіпсіздік қызметі – туристердің отельде тәртіп және қауіпсіздікті қолдауын қамтамасыздандыратын қызмет. Әлемнің көптеген елдерінде істеп тұрған заңнамалар қонақ үй әкімшілігіне қонақтардың және олардың мүліктерінің қауіпсіздік жағдайын жасауды міндеттейді, соның ішінде номерге бөтен тұлғалардың кіруінен сенімді қорғаныс құруды.

Жүйеге кіретін: кілттердің сақталуын бақылау; тұратын орындарды қауіпсіздендіру; қонақтарды қабылдайтын бөлмелердің, номерлердің, дәретханалар, корридорлар, холлдар және басқадай ішкі орындардың тазалығын ұстауға жауапты.

Бос уақыт қызметі – заманауи отель қызметі, оның міндеттеріне кіретін: барлық спорттық, құрылым және орталық алаңдарын қажетті қалпында ұстау және нұсқаушымен жаттықтырушы қолдауын көрсету.

Қызмет көрсетуді бақылау қызметі – қонақтардың қонақүйден ортақ қолайлы әсер алуына жауап беретін отель қызметі. Сонымен бірге кәсіпорындағы барлық қызмет көрсету өрістері қонақтардың тұтынушылдығына сәйкес келуін және лардың талғамдарын қанағаттандыруды қадағалайтын қызмет.

Маркетинг қызметі – маркетингті қызмет кешенін қамтамасыздан-дыратын туристік қонақүй қызметі. Қызметтің негізгі ұстанымдары: шынайы және болашақта болар клиенттермен байланысты ұлғайту.

Портье қызметі – отельде қонақтарды қабылдау қызметі, оның негізгі тапсырмасы келіп жатқан қонақтарды қабылдау және тіркеу, алдын ал сақталынған және кіруге дайындалған номерлерде қонақтарды жайғастыру болып табылады. Келесі жауапкершілікті өз мойнына алады: қонақтарды отельге кіру және шығу кезінде рәсімдеу; клиенттермен есептесу; номерлерді сақтап қою; қонақтарды жайғастыру; өз уақытында хабар жеткізу. Басты қызмет – ақпараттық қызмет көрсету. Ақпарат портье қызметі арқылы екі бағытта қозғалады: қонақтарға және әкімшілікке. Қонақтарды қонақүймен берілетін қызмет көрсету түрлері жайлы хабардар етеді, айта кетсек ол жергілікті көрікті жерлер туралы, жергілікті ерекшеліктер туралы, пошта және көлік жұмысы туралы және т.б.  Сонымен қатар портье қызметі қонақтардың тұтынушылдығы жайлы хабарламаларды отельдің нешетүрлі бөлімшелеріне жеткізіп тұрады.

Портье қызметі – мұнда қонақ өзінде бір мәселелер туындаған жағдайда әр кезде жолығатын орын, яғни қонақтың қонақүйден бірінші алар әсері  осы қызметке тікелей байланысты. Онда номерлер картотекасы болу керек, ол картотекада номерлердің бостығы жайлы және бос орындардың бар болуы жайлы ақпарат сақталады, сондай-ақ номерлік қордың жүктелуін заманауи компьтерлік жүйелер көмегімен бақылауға болады.

Сервистік қызмет -  номерлік қор дирекциясының бөлімшесі, құрамына отель қонақтарының тұтынушылдығын қанағаттандыру және комфортпен қамтамасыздандыру мақсатында швейцарлар, корридорлы және гараж шаруалығының жұмыскерлері кіреді.

Жүріп жатқан жөндеу қызметі – қонақүйдің қызметі, ол барлық отельде жасалатын профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Қонақ үйлермен компьютерлік басқару жүйесі  аппараттық құралдардан және бағдарламалық қамтамасыздандырудан тұрады. Қазіргі уақытта бесінші буындағы жеке компьютерлердің базасында жүйелер ең көп тараған, локалдық желілерге біріктірілген және көлемі аз орын ала тұрып, қуатты бағдарламалық қолдауды құрайды. Қонақ үйлік индустрия PMS жүйесін (Property Management System) қолданады, ал қоғамдық тамақтану кәсіпорны – RMS жүйесін қолданады.

Қонақ үйлік мүлікпен басқару жүйесі (PMS) – бұл компьютерлік жүйе, қонақүйлік кезеңге негізгі үш сегменттер аясында қызмет көрсетеді: сыртқы қызметтерге қызмет көрсету; интерфейстерді бағдарламалық қамтамасыз-дандыру.

1. Қонақ үйдің сыртқы қызметіне қызмет көрсету – бұл қонақ үйлік мүлік-пен басқару жүйесінің сегменті, бағдарламалық модульдердің төрт ортақ түрлендіруі бар: сақталым; номерлік қормен басқару; клиенттермен есептер; ортақ басқару [11].

Номерлік қормен басқару – бұл қонақ үйлік мүлікпен басқару жүйесіндегі қонақ үйдің сыртқы қызметіне қызмет көрсету сегментінің бағдарламалық модулі. Әрбір номер жайлы ақпаратты сақтайды және номерлік қормен жүргізілетін жүктелу, жинау және де тағы басқа іс-шаралардың үстінен бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Берілген модульдің құрамдас элементі болып табылатын – кілттерді электронды сақтағыш және номерлік қордың ақпараттық қозғалыс таблосы.Нөмерлік қор қонақүйлік шаруашылықтың үлкен бөлігін қамтып қана қоймай, сонымен бірге кіріс көлемінің басым бөлігін өндіреді.

Американдық отельдердің 1989 жылы жүргізілген зерттеулерінің    берілгені бойынша олар мынаны құраған:

номерлік қордан түсетін кіріс                         55,2%;

тамақтану қызметіне түсетін кіріс                  20,3%;

барлардан түсетін кіріс                                   7,1%;

жалға беру қызметінен түсетін кіріс              4,9%;

байланыс қызметіне түсетін кіріс                   1,9%;

басқадай кірістер                                              10,6%.

Сақталым – қонақ үйлік орындардың сақталым қызметін атқару үшін жасалған бағдарламалық модуль, «растау/бас тарту» ережесінде қонақ үйлік тізбектің немесе автономды жұмыс сақталымы ортақ жүйесі аясындағы уақытпен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Номерлік қордың құрылымы өзіне келесі бөлімдерді қосады:

-    «фронт-офис» — қабылдау және жайғастыру қызметі, онда қабылдау қызметі, клиенттермен есептесу қызметі, сақталым бөлімі, және түнгі аудиторлар кіреді;

-    үй жинайтын қызмет және номерлерді жинау бөлімі;

-    біріктірілген сервистік қызмет, онда консьерж, жүргізуші, шабармандармен коридорлық қызметкерлер кіреді.

Сақтап қою бөлімі – номерлік қордың қызмет бөлімінің бірі.

Номерлік сақталымы сақтап қою компьютерлік жүйе орталығымен, сондай-ақ өздерінің қызметі үшін комиссиондық төлемақы алатын қонақүйдің сауда өкілдерімен де жүргізіледі, және де үшінші тұлғалардың қатысуымен. Одан бөлек, П.К.Форстердің зерттеуі бойынша, номерлік қордың қызметінен түсетін таза пайда көлемі ортақ пайда көлемінің 73,4% құрайды. Отель көлеміне қарамастан номерлік қор құрылымы және оның қызмет ұстанымдары бірдей. Шағын отельдерде басты менеджер немесе иегердің өзі номерлік қорды басқарумен айналысады, оған себеп, бұл бөлімшенің басым маңыздылығына байланысты. Үлкен қонақ үйлер бұл қызметтің атқарылуы үшін маман жалдайды, ол номерлік қор қызметтерін беретін қызмет түріне жауапты болып табылады.

Жүргізілген зерттеулер бойынша тапсырыстардың ең көп саны тура сақталым арқасында түседі [12].

тікелей тапсырыстар                                              45,9%;

отельдің жеке сақтап қою жүйесі                         22,1%;

туристтік агенттіктер                                             12,6%;

отель өкілдері(сауда агенттері)                             8,9%;

туроператорлар                                                       5,6%;

сақтап қоюдың тәуелсіз жүйесі                             3,8%;

көліктік компаниялар                                             1,1%.

Клиенттермен есептесу – қонақ үйлік мүлікпен басқару жүйесінің «қонақүйдің сыртқы қызметтеріне қызмет көрсету» сегментінің бағдарламалық модулі, қонақүйлерге клиенттермен есеп жүргізілуін бақылауды жоғарлатуға мүмкіндік береді және аудиторлық жұмыстың өткізілуін жеңілдетеді. Клиенттердің есептері электрондық жүйемен жүргізіледі, ол өз кезегінде карточкалық жүйені құрудан, касса чектерін ұстаудан және иағы басқалардан босатады. Модуль алдын ала келісілген жеңілдіктер шарттарын және бүкіл операциялардың көлемі бойынша кредиттерді, сонымен бірге алдын ала төлемдердің күндері жайлы хабарлауға, автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді.

Ортақ басқару – қонақүйлік мүлікпен басқару жүйесінің «сыртқы қызметтеріне қызмет көрсету» сегментінің бағдарламалық модулі, қажетті есептемелермен менеджментке арналған анықтамаларды құруға, сонымен бірге PMS сыртқы және ішкі сегменттер арасындағы интерфейстік байланысты орнатуға мүмкіндік береді.

2. Қонақ үйдің ішкі қызметтеріне қызмет көрсету – қонақ үйлік мүлікпен басқару жүйесінің сегменті, оның ішіндегі бағдарламалық модульдер: бухгалтерлік ортақ есеп жүргізу; төлемақы бойынша есептер; қоймадағы мүліктің есебі; қаржылық есеп беру.

Бухгалтерлік ортақ есеп жүргізу – бағдарламалық модуль, кәсіпорынның баланстық есептерін құруды қосады және олармен жүргізілетін операцияларды жүйелі түрде орындайды, дебеторлық және кредиторлық қарыздар сомасы бойынша өткізулер жасауға және қолма-қол қаражат қозғалысын қосады, сондай-ақ есептердің мезгілдік ауқымын өткізеді.

Төлемақы бойынша есептер – қонақүйлік мүлікпен басқару жүйесінің «қонақүйдің сыртқы қызметтеріне қызмет көрсету» сегментінің бағдарламалық модулі, сыйақыларды, төлемақы, бонустарды төлеу мүмкіндігін ескеруге мүмкіндік береді және ұстап қалу мен айып пұлдарды өткізуге қолайлы.

Қоймадағы мүлікті есепке алу – қонақүйлік мүлікпен басқару жүйесінің «қонақүйдің сыртқы қызметтеріне қызмет көрсету» сегментінің бағдарламалық модулі, қонақүй мүлігінің бағасымен номенклатурасын есепке алады, инвентарлық операциялар жүргізеді.

3. Интерфейстерді бағдарламалық қамтамасыздандыру – қонақүйлік мүлікпен басқару жүйесінің сегменті, оған қосылатын бағдарламалық модульдер: қолда бар сатылым; энергетикалық ресурстармен басқару; телефондық есептер; электрондық жабылу жүйесі; жеке компьютерлерді бағдарламалық қамтамасыздандыру; мини-барлар; бейне фильмдерді көрсету.

Қонақ үйлік қызмет көрсету технологиясы – саяхатшыларға қонақжайлық және жайғастыру қызметтерін көрсетудегі операциялармен үдерістердің бірігуі: ғимараттарды, құрылымдарды және қонақүйдің жабдықтарын оңтайлы қолдану жүйесі

 

2.2 Анимациялық қызметтердің ұйымдастырылуы

 

Қонақ үй де немесе өзне де ұйымдарда ұсынылатын қызметтердің сапалы шығуы алдын-ала жоспар бойынша ұйымдастыру функциясына байланысты.Ұйымда жауапты аниматор шефіне,таңдалып алынатын спорт және ойын түрлеріне алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу тапсырылады.Алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізілген жағдайда анимация бөлімінің алдына қойған мақсаттарының бір қатары орындалуына себепші болады.Егер анимациялық топ тәжірбиелі кісілерден құрылып,олардың жауапты жұмыстары дұрыс белгіленсе,өкім дұрыс берілсе табысқа жетудің алғашқы қадамдарын басады.

                                 Қызметкерлер категориясы

   Анимациялық қызметтер анимациялық топ арқылы жүзеге асырылады.Топ ішінде әркімнің белгілі жауапкершілігі бар және де әр қайсысы өзіне берілген жұмысты толығымен орындауға міндетті.Анимациялық қызметтердің сәтті болуы  және өтуі,анимация басшысынан ең төменгі сатыдағы қызметкерлерге дейінгі,бүкіл  топ мүшелерінің міндеттерін нақты бөліп берген жағдайда ғана мүмкін.Бұл топтың кімдерден немесе қанша кісіден құралғандығына қарай өзгерістерге ұшырайды.Алайда кез-келген ұйымдағы секілді анимация бөліміндегі жалпы топ мүшелерінің бір-бірінен еш айырмашылығы болмайды.Бөлім басшысы,аниматор шефі және аниматорлар.

Информация о работе Туризмвдегі анимация бөлімінің маңызы