Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:31, курсовая работа
Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын –
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді –
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондық –
танда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады
• Азанғы жиналысқа барлығы уақытында келіп қатысуға міндетті
• Анимация шефінің берген бұйрықтарын орындауға міндетті
• Барлық аниматорлар өз үстінің жұмыс алаңының тазалығына жауапты
• Жұмыс барысында қандай да бір кедергілер пайда болса, қонаққа білдірместен,ең алдымен шефіне келіп айтуға міндетті
• Шорты, шлепка және спорт киімдерін жұмыс барысында қолдануға тыйым салынған
• Таңғы,түскі және кешкі астарда қонақтармен тамақтануы тиіс.Бір үстелде бір аниматор отыру керек.Екі аниматордың бір үстелге отыруларына тыйым салынған
• Барда,кафеде және қонақпен сөйлесіп отырғанда темекі шегуге рұқсат етілген.Алайда жүрген немесе ойындарды жүргізу барысында шегуге болмайды
• Қонақтың алдында өзін-өзі ұстай білу керек (есінеу,кекіру,аяқты көтеру секілді қылықтарға жол берілмейді)
• Қонақтармен әңгімелесу және амандасу барысында көзәйнек тағуға болмайды
• Қонақтардың алдында айқайлауға,қол мен аяқты қалай болса солай қолдануға болмайды
• Қыз аниматорлар кешкі аста және сауық кештеріде көйлек, юбка, блузка секілді шик киімдерді киюге міндетті
• Еркек аниматорлар шалбар,жейдеше,жакет және соған сәйкес аяқ киім киюі керек
• Егер аниматор жұмысқа үш күн қатарынан себепсіз келмесе жұмыстан шығарылады немесе ережеде көрсетілген жазалар тағайындалады
• Шоу уақытының бітуіне дейін алкогольді ішімдіктерді қолдануға болмайды.Қонақ үйде ішімдік ішіп жүруге қатаң тыйым салынған.Егер бұл ережені бұзатын болса, дереу жұмыстан шығарылады
• Хауыздың айналасындағы шезлонгтардың аниматорлар үшін қойылмағанын білуі тиіс
• Қызметі барысында және қонақ үй ішінде сағыз шайнауға болмайды
• Аниматорлардың жұмыс жасайтын орнында қонақтардың бөлмесіне кіруге мүлдем болмайды
• Жұмыс барысында
жұмыс орнынан себепсізден
• Әр туристермен әңгімелесу уақыты 15 минуттан аспауы керек
• Тамақтану уақытынан бөлек уақыттарда тамақтануға тыйым салынған.Ал тамақтану уақыты жарты сағаттан аспауы керек
• Қонақтармен жұмыс уақытында және тыс уақыттарда қонақ үй территориясынан шығып кетуге тыйым салынған
• Шефтің берген тапсырмаларын
қатесіз әрі уақытында
• Аниматорлық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында берілген қажетті құрал-саймандардың күтіміне жауапты.Зақымдаған немесе сындырған жағдайда жалақысынан айыппұл төлейді
Отельге келген қонақтарды қарсы алып, отельдің ережелерін түгел жатқа білетін, қонақтардың қажеттіліктері мен қалауларына ескере отырып, спорт түрлерін және әрекетке толы демалыс күндерін өткізетін, нәзік, жылыжүзді, тәртіпке бағынатын топтың бір мүшесі.
Аниматор өз ісін дұрыс
атқаруы үшін,бір топтың інішде жұмыс
жасайтынын естен шығармауы керек.Бүкіл
анимациялық топ өзара жылы,
Барлық аниматорлар
қызмет атқарып жатқан қонақ үйдің
белгіленген ережелеріне сай
тәртіп сақтай отырып жұмыс жасауға
міндетті.Жұмыс орнында тәртіпс
Жалпы бағдарламаны 6 топқа бөліп қарауымызға болады:
1. Әңгімелесу және сауықтыру
Әр түрлі тақырыптағы қызықты әңгімелер,оқиғалар,өлке және оның адамдары жайында мағұлматтар,аңыздар,фильмдер мен қойылымдар
2. Спорт және ойындар
Әр түрлі топтық ойындар, жарыстар, аэробика, футбол, волейбол, тенис және т.б
3. Хобилер және шытырман оқиғалар
Сурет салу,кино залдар,сафари,серфинг,балық аулау және т.б
4.Мәдениет және үйірмелер
Тіл үйрену курстары,қосымша сабақтар және т.б
5.Денсаулық
Сауна,массажғ,сұлулық салоны
6.Балаға қүтімі
Балаларға қарау,кәсіби бала күтушілер,балалар дәрігері
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл жұмысымда мен қонақ үй шаруашылығы мен анимация бөлімі, туризмде алатын орны мен маңызы туралы туралы сөз еттім.
Анимация іс-шаралары - қонақтардың қонақ үйге келгендерінен қонақ үйден кеткенге дейінгі уақыт аралығында көңілді уақыт өткізуі үшін ұйымдастырылатын іс-шаралар. Әсіресе, демалыс орындарындағы қонақ үй қызметтерінде анимациялық іс-шаралардың маңызы өте зор. Бұл маңызды жетістік анимация іс-шараларының қонақ үйлердің клиенттермен толуына және қонақтардың қонақ үйінде көп уақыт аралығында қалуына ықпал етеді. Бірақ, анимация іс-шараларынан осы пайдалардың қалыптасуы үшін жақсы формацияға ие болып және жоғары сапалы кадрларды жұмысқа алу қажет. Зерттеу барысында анимация қызметкерлерінің демографиялық профилі мен кәсіби формациясын өлшеу жұмыстары анкетаға сүйене отырып жасалынды. Осы зерттеу нәтижесінде ашылған жаңалықтың осы алаңда атқарылатын басқа да жұмыстарға алғашқы бағдарларды берумен бірге, қонақ үй кәсіпорындарына анимация департаментінен де көбірек табыс табу жайында маңызды жаңалықтармен қамтамасыз ету мақсаты қойылған.
Анимация департаменті - қонақ үйі қызметтері үшін қаржы жағынан мәселе емес, керісінше жақсы табыс табуды қамтамасыз ететін департамент.
Ұйымдар іс-шараларымен тартымдылығының артуын қамтамасыз ететін бұл департамент, көбінесе демалыс орындарындағы бүкіл қонақ үй қызметтерінде болуы нарық үлесін арттыратын ерекшелігімен пайдалы болуда. Анимация программаларының сауда жұмыстарына әсерінің нәтижесінде кәсіпорынның қонақ үйлерінің клиентпен толу пайызы артуда, қонақтардың қонақ үйде қалу уақыттары көбеюде.
Қонақ үй қызметтерінің анимация іс-шараларынан жоғарыда айтылған қасиеттердің қалыптасуы тек қана жақсы формацияға ие болу және сапалы анимация кадрымен қамтамасыз ету арқылы мүмкін болады.
Алайда, елімізде анимация қызметкерінің білім алуында және жұмысқа алынуында белгілі бір стандарттар жоқ. Бәрірен бұрын бұл стандарттың қалыптасуы керек. Анимация қызметкерлерінің ең маңызды мәселелерінің бірі жұмыстың маусымдық болуы, тұрақты кадр болмағаны үшін бір маусымнан кейін өздеріне тұрақты жұмыс іздеумен болулары. Бұл жағдай анимация департаментінде қызметкерлердің ауысу жиілігі жоғары екенін ортаға шығаруда. Анимация қызметтерінде қажеттілік артқан сайын соңғы жылдары бұл бағдарламаларға өзгерістер енуде.Кәсіби анимациялық бағдарламаларға қонақ үйлерде қонақтардың түнеу мерзімін ұзартуы және осы қызмет түріне сұраныстың күннен-күнге арта түсуі бәрімізге аян.
Нарықтық экономика орын алып, дами түскеннен бері әртүрлі саладағы кәсіпорындар саны ұлғайып, олар сәтті жұмыс істеуде. Қонақ үй шаруашылығы осы кәсіпорындар қатарына қызмет көрсету саласы кәсіпорыны ретінде кіреді. Кез келген кәсіпорын, оның ішінде қонақ үй де, мейлі ол ірі болсын немесе шағын, кішігірім болсын біртұтас құрылымға біріктірілген функционалды бөлімдердің жиынтығынан тұрады, әртүрлі мақсаттағы және әртүрлі қызметтер көрсететін осы бөлімдер өз алдына жұмыс істей отырып, біртұтас кәсіпорынның немесе қонақ үйдің жемісті жұмыс істеуіне өте зор ықпал етеді.
Қонақ үйлер үшін әрбір қызмет көрсету бөлімінің орыны бөлек. Бөлімдер бір мезгілде бір-бірінен тәуелсіз, сонымен қатар өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Кез келген кәсіпорында ұйымдастыру жалпы міндеттерден әрбір нақты міндетті кім орындау керектігін және бұл үшін қандай құралдар қолданатындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырылған қызмет арқылы, яғни тапсырмалардың бөлінуі және бірлесулері арқылы әрбір бөлімге қатысты басқару бір бағытта жүргізіледі. Қонақ үй кәсіпорынының ұйымдастырушылық құрылымы қонақ үйдің тағайындалуымен оның орналасқан жерімен, қонақтарының ерекшелігі және басқа да факторлармен анықталады. Қоғамның әлеуметтік негізгі тетігі болып саналатын іргелі ұйымның, яғни қонақ үй кәсіпорындарының орын тебуі мемлекет үшін де, болашақ үшін де өркениет белгісі болып қала бермек.
Анимация іс шаралары, қонақ үй қызметтерінде қонақтардың қонақ үйге келіп кетулеріне дейінгі уақыттарын жақсы өткізілулерін қамтамасыз ету үшін жасалынатын іс - шаралар.
Аниматор демалушы топтың
көңілін көтеретін өнерпаз
Аниматор ретінде билеп те,ән салып та,таңғы дене шынықтыру жаттығуларын жүргізіп,спорттық ойындарда белсенді,сахнада көріністер қойып,қажет болса сайқымазақ кейіпінеде ене білу керек.
Аниматор жұмыс жасайтын орындар мыналар:қонақ үйлер, мейрамханалар, түнгі клубтар, супермаркеттер және т.б.Табысқа жетудің басты құралы шет ел тілдерін меңгеру,мінезділік таныту.
Аниматор үйым үшін жанды
жарнама.Қазіргі заманғы
Қонақ үй де немесе өзне де ұйымдарда ұсынылатын қызметтердің сапалы шығуы алдын-ала жоспар бойынша ұйымдастыру функциясына байланысты.Ұйымда жауапты аниматор шефіне,таңдалып алынатын спорт және ойын түрлеріне алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу тапсырылады.Алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізілген жағдайда анимация бөлімінің алдына қойған мақсаттарының бір қатары орындалуына себепші болады.Егер анимациялық топ тәжірбиелі кісілерден құрылып,олардың жауапты жұмыстары дұрыс белгіленсе,өкім дұрыс берілсе табысқа жетудің алғашқы қадамдарын басады.
Болашақта аниматор болу үшін жоғарғы оқу орнында білім алу міндетті емес.Арнайы курстарға қатысу арқылы бұл саланың қыр-сырын үйренуге болады.Аниматор мамандығы әсіресе,Еуропалық және Солтүстік Африкалық курортты қонақ үйлерде көптеп қолданылады,яғни үлкен сұранысқа ие.
Қонақ үй қызметтерінде анимация департаментінің функционалды жұмыс істеуі, тек қана бұл департаментте жұмыс істейтін анимация қызметкерлерінің кәсіби формациясы болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ака, Ебру (1977), «Егленженін Татилжесі-Анимасион», Гастрономи журналы, номер 16.
2.Акер, Авни (1987), «Анимасион ве Анталядаки Туристик Еткінликлері» АКТИД журналы, номер 3.
3.ГЕЕ, Чук Й., МАКЕНС, Жеймс Ж., ЧОЙ, Дехтр Ж. Л. (1989), The Travel Industry, Second Edition, Van Nostrand Reinhold, Нью Йорк.
4.Хасиоглу, Неждет Гокдениз, айхан (1998), Бош заман ве Рекрееасион Йонтемі, Баликесир.
5.Холловей, Чристофер Ж. (1993), The Business jf Tourism, Питман Паблишин.
6.Кучуктопузлу, Фаик (1986), «Анимасион имканларынын Конаклама Ишлетмелериндекі Еткинлиги», ТР Туризм Банкасы Туризм Йыллыгы.
Медлик С., (1993), Manfging Tourism, Баттервос Хеінеманн Лтв., Оксфорд
Озкан, Есин (1993), «Конаклама Ишлетмелеринде Анимасион», Калкынма журналы, Түркия Калкынма Банквсы Йайым, маусым, номер 43.
7.Сагжан, Мустафа (1986), Реакреасион ве Туризм, Измир.
8.ТР Култур ве Туризм Баканлыгы (1983), Туристик Істасионларда Анимасион, Егитим Даиреси Башканлыгы Йайынлары:51, Дуния Туризм
Оргуту Йайынлары, Анкара.
9.Туризм Баканлыгы (1999), Туризм Теримлери Созлугу, АПК Башканлыгы, Башбаканлык Басымеви.
10.Туризм Баканлыгы (1996), Туризм Йарымлары ве Ишлетмелеры Нителиклери Йонетменлиги.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
3 Қонан үй шаруашылығындағы анимация бөлімінің қызметін жетілдіру бағыттары
3.1 Анталияның Кемер аймағындағы туристерден анимация бөлімі туралы анкеталық зерттеулер жүргізу
3.2 Аниамцияның қызметін дамыту жолдары