Туристская анимация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2012 в 17:03, дипломная работа

Краткое описание

Под влиянием политических, социально-экономических, культурных тенденций современная сфера досуга претерпевает в настоящее время значительные изменения. Достижения и противоречия цивилизации XXI века, предельные физические, интеллектуальные и психические нагрузки на индивида, вызванные интенсификацией производства, усложнением процесса овладения возрастающим объемом информации, социальной напряженностью и рядом других объективных факторов, обусловили необходимость формирования у каждого человека потребности и способности рационально строить свое свободное время, осуществлять выбор созидательных форм досуга.

Содержание

Введение………………………………………………………………………..
6


1 Теоретические аспекты анимационной деятельности в туризме…………
9
1.1 Понятие и функции анимации…………………………………………….
9
1.2 Типология анимации………………………………………………………
16
1.3 Виды и технология реализации анимационных программ……………..
19
1.4 Анимационно-досуговая деятельность курортных отелей
22


2 Изучение анимационной деятельности в Республике Казахстан………...
27
2.1 Исследование учреждений индустрии развлечений в мире и Казахстане как объектов анимационных программ…………………………

27
2.2 Анализ хозяйственной деятельности дома отдыха «Кристалл»………..
40
2.3 Оценка анимационных программ дома отдыха «Кристалл»……………
48


3 Проблемы и перспективы развития анимационной туристской деятельности в Республике Казахстан………………………………………..

53
3.1 Разработка анимационной программы для дома отдыха «Кристалл»….
53
3.2 Развитие перспективных направлений туристской индустрии Казахстана как фактора повышения качества анимационной деятельности……………………………………………………………………


63


Заключение……………………………………………………………………..
69


Список использованной литературы…………………………………………
72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Туристская анимация в рыночных условиях.doc

— 850.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен, туризмнің ауылшаруашылықтық мағынасы мына факторлар арқылы анықталады: өндірістік функция арқылы (өндіру); тұрғындардың еңбекпен қамтылуына ықпал ету; кірісті жинау функциясы (кірісті арттыру эффектісі); реттеу және төлемдік балансты теңестіру.

Туристік іс-әрекет ішкі туризм және халықаралық туризм болсын екіге бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі тұратын елдің аумағында саяхаттауын, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келу, елден кету түрлерін айтады. Елден кетіп саяхаттау туризімі-өзі тұрақты орнынан басқа елге бару,ал елге келіп саяхаттау туризімі–бұл елде тұрақты қоныстанбаған адамдардың қыдыруы [14].

Адамның кез келген ойластырған, ұйымдастырған және жасаған іс-әрекетінің, белгілі бір қызметтің немесе бірнеше қызметтің әлеуметтік маңызы болады. Ол қызметтің жағымды,жағымсыз жақтары болуы мүмкін.Ал туристік саяхаттардың, мамандардың айтуына қарағанда, танымдық, әлеуметтік қарым-қатынастық, спорттық, эстетикалық, эмоционалды-психологиялық, денсаулықтық, шығармашылық, мәдени секілді түрлерінің жағымды әлеуметтік қызметтері бар.

1.Танымдық қызметі. Таным дегеніміз өмір шындығының адамның ойлау үрдісіндегі бейнелеуі, талдануы және қайта жасалуы; объекттивті әлемнің, табиғаттың және қоғамның, заңдарының заңдылықтарын білу; игерген білім мен тәжірибенің жиынтығы.Адам саяхат жасау үстінде қоршаған ортаны ойлау және сезу құралдары арқылы таниды. Осы таным үрдісінде адамның ойлау қабылеті ойлау мен есте сақтау, ал таным-сезімдік-қарау, қабылдау, елестеу секілді логикалық және психикалық компонентеррін іске қосады. Зерттеуші Г.П. Доспиканың пікірінше, туризмнің танымдық жағынан «дамның өз таным дүниесін тарих, экономика, табиғат, ғылым жөніндегі білімдерін байытуға, тарихи этнографиялық, табиғи және революциялық ескерткіштер, әскери, еңбек дәстүрлері жайындағы мәліметтермен танысуға талпынысын» жатқызамыз.

2.Денсаулықтық қызметі. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы «денсаулық» деген ұғымға адамның прихикалық, физикалық және әлеуметтік жақтарының жақсы жағдайда болуын жатқазады. Адамның денсаулық денгейін бағалау критерийі–оның қоршаған ортаға ыңғайлана білуі. Адамның қоршаған ортаның өзгергіш жағдайларына сәтті дағдалана білуі адаптация деп аталады. Адамның туа және жүре пайда болған қасиеттерінің деңгейін тиімді адаптациялануын бейімділік деп атайды. Физикалық, психикалық және әлеуметтік адаптациялар адам өмірдің барлық саласында белсенді әрекет еткен жағдайда ғана сәтті болмақ. Бұл адамның денсаулық деңгейін анықтайды.

XVIII ғасырда француз дәрігері Тисо:«Қозғалыс өз әсері жағынан кез келген дәріні алмастыра алады, ал әлемдегі бар дәрі қозғалыстың әсерін алмастыра алмайды» деп жазған болатын. Туризм негізгі мәні–қозғалыс, сондықтан да туризмде денсаулықтың қызметтің белсенді түрлері, яғни туристердің белгілі бір уақыттар бойынша өз күштерімен қимыл-қозғалыс жасауына ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай шарттарға кез келегн адамның шамасы келеді. Ең бастысы әрбір турист сәйкес физикалық және психикалық дұрыс жүктеме бере білу қажет [15].

3.Әлеуметтік қарым-қатынас қызметі.Каммуникативті деген қарым-қатынас жасауға дайындалған, ыңғайланған әрекет, яғни сөйлеу тілінің көмегімен байланысу, ой мазмұнын қабылдау және беру. Сонымен туризмнің әлеуметтік қарым-қатынастық қызметі дегеніміз–саяхатқа қатысушылардың бір-бірімен ресми емес жағдайда, өндірістік ара қатынасты (субординация) сақтамай-ақ, әлеуметтік мәртебесін, жасын, ұлтын, азаматтығын және т.б. адамдарды бір-бірімен ерекшелейтін белгілерді есепке алмай-ақ байланысу, қатысу мүмкіндігі. Туристік қабылдау тұрғысынан алғанда, саяхат арқылы белгілі бір жерлерді көру, табиғи, тирихи-мәдени ескерткіштерді қызықтау ғана емес, бастысы жаңа адамдармен танысу, олармен қарым-қатынастан әсермен оралу.

4.Спорттық қызметі. «Спорт» деген кең мағынада алғанда, өзіндік бәсекелестік іс-әрекет, оған арнай дайындық, адамдар арасында осы іс-әрекет барысында арнайы қатынас орнату, оның қоғамдық мәні бар нәтижелері.

Спорт–қоғамдық мәні бар дене тәрбиесінің неғұрлым әсерлі құралдары мен әдістерінің жиынтығы, адамды еңбекке, басқа да қоғамға қажетті іс-әрекеттің түрлеріне дайындау. Сонымен қатар, спорт этикалық, эстетикалық тәрбиенің маңызды бір құралы, интернационалдық байланыстарды кеңейту, жеңілдету, халықтар арасындағы өзара түсінулікті, ынтымақтастықты, достықты бекіту[16].

Туризмде «спорт» ұғымынан басқа «спорт түрі» деген термин қолданылады. Спорт түрі деген–бәсекелестік-әрекеттердің белгілі бір жарыс түрін ерекше спорттық техникамен, тактикамен іске асыру. Сол спорт түрінің бірі–спорттық туризм. Туристтік-спорттық жарыстардың:

1)спорттық жорықтардан жарыс;

2)туристік көп сайыс бойынша жарыс деген түрлері бар.

Адамзат баласы спорттық бағдарламаның неше түрін ойлап тапқан, бірақ туризм спорты ғана адам денсаулығын нығайту, табиғатпен тілдесу, психологиялық жеңілдеу, физикалық белсенділік, үйреншікті жағдайды өзгерту деген компоненттерін орындай алады.

Спорттық туризмнің ұйымдастырылуы қарапайым және кез келген жастағы адамның онымен шұғылдануға мүмкіншілік болады. Туризм– спорттың табиғи түрі, себебі онда жүктеме (дозировка) жеңілдетіліп беріледі. Спорттық туризм адамдардың бойына, ұжымшылдық, тәртіптілік, табындылық сияқты қасиеттерді дамытады.

5-6.Эстетикалық және эмационалдық-психологиялық қызметі. Эстетикалық (грекше «сезімдік», «сезуші» деген мағына береді)–философия ғылымының шындық өмірдегі әсемдікті, эстетикалық тәрбиені және әдемілік заңдарына арналған шығармашылықтың жалпы принциптерін, өнерге деген түрлі көзқарастардың жүйесін зетрттейтін саласы.

Туризмнің эстетикалық қызметі деген туристік саяхаттар кезінде адамдардың табиғаттың, сәулетшілер, мүсіншілер және суретшілердің туындыларының әдеміліктерінен ләзат алу мүмкіндігін түсіну керек. Туризмнің эстетикалық қызметі оның эмоционалды-психикалық қызметімен тығыз байланысты. Ол туризмтануда саяхатшылардың қауырт еңбек процесінен кейінгі шаршап-шалдығуларды басу, адамдармен қарым-қатынастан жағымды эмоция алу, қызықты туристік нысандардан әсер алу, спорттық және туристтік белсенді саяхаттарда кездесетін кедергілерден өту деген сөз.

7. Шығармашылық қызметі. Шығармашылық дегеніміз–жаңа сападағы, өзінің қайталанбастығымен, санылығымен және қоғамдық-тарихи ерекшелігімен есте қалатын іс-әрекет. Шығармашылық адамға ғана тән, өйткені шығармашылық іс-әрекетті жасампаз тұлға жасайды.

Туристік саяхаттың жоғары шығармашылық қарымы оған қатысушылардың әдеттегі аядан шығып, тұрмыстық күйбен тіршіліктен ажырап, жаңа қызықты мәселелердің шешеімін іздеуге талпындырады. Ұйымдасқан саяхаттар пайда болған бірнеше мыңдаған жылдар бойында саяхатшылырдың сан мыңдаған шығармалары дүниеге келді.

Ол шығармашылық туындыларға ғылыми жаңалықтар,көркем және ғылыми-көпшілік прозалық поэзиялық шығармалар, туризмге қажетті киімдердің, аяқ киімдердің, транспорттық көліктердің, жарақ-жабдықтардың, жаңа тағам түрлерінің, саяхатқа қатысушыларды белсенді және спорттық саяхаттарға үйретудің жаңа әдістері мен тәсілдері жатады.

8. Қажылық қызметі. Қазақстанда 8 миллиондай мұсылман бар. Ал әлемдегі мұсылмандардың саны 1 млрд. 126 млн. «Қажылық» деп діннің қасиетті орындарына (христиандар үшін–Иерусалим және Рим, мұсылмандар үшін–Мекке және Мәдине) сапар шегуді айтады. Христиандардың әдет-ғұрпы бойынша қажылық сапардың белгісі–Палестинадан пальма бұтағын әкелу.

Әлемдік ұйымдасқан саяхаттың ең көне қызметі бола тұра, қажылық әлі күнге дейін өзінің позициясын жоғалтқан жоқ.Қайта қажылық қазіргі халықаралық туризмде қарқында дамуда. XX ғасырдың соңында әлемдегі мемлекеттердің ұйымдасуының өзгерістеріне байланысты негізгі әлемдік діндерге сенушілер мен қажылыққа барушылардың саны күнен-күнге,жылдан-жылға арта түсуде. Мұсылмандардың қажылыққа барушылардың саны өскені соншама Мекке,Мәдине секілді қасиетті қалалары бар Сауд Аравиясы мемлекетінің үкіметі әлемнің әрбір еліне қажылыққа келушілерге арналған жылдық квота тағайындауға мәжбүр болып отыр [17].

Коммерциялық (шоп) туризм–90-шы жылдардың басында ерекше қарқынмен дамыды, себебі қазақстандықтар шет елге валютаға тауар алуға жаппай аттанып, оларды республикамызға алып келіп сатуға машықтанды. Әрине, бұл іс-әрекет белгілі себептермен біздің халқымыздың қателіктерін өтейтіндігіне сөз жоқ, бірақ республикамыздың экономикасы және әлеуметтік жағдайына қаруар зиян келтірді.

Біріншіден, шоп-туристер әкелген тауарлар ішкі нарықтағы отандақ өнімдерге бәекелестік тудырады, ұлттық өндірістік күштердің қысқаруына жағдай жасап, халықтың жұмаспен қамтамасыз етуге нұсқан келтіреді. Екіншіден, қыруар ақша мөлшері құнды валюта күйінде шет елге түсіп, басқа мемлекеттердің экономикасын нығайтады. Бірақ бізде бұл бағытта жұмыс істейтін тур фирмалар өте аз.Демек,Қазақстандағы экономикалық туризм оңтайлы жолмен дамып келе жатқан жоқ деген сөз. Мұның басты себебі өкімет басындағылардың туризмнің әлеуметтік маңызын жете бағаламайтындығы, соның салдарынан салық және туристік заңдар жетілмеген, шет ел туристарын қабылдайтын фирмаларға туризм индустриясын мамандар даярлайтын оқу орындарында мемлекеттің саясаттың жоқтығы.

Енді туристік саланы дамытудың басты бағыттарын талдауға тоқталайық.Алдымен саясаттың белсенді түрлерін дамыту керек (бұған негізінен шет елдіктер келеді);шағын және орта қонақ үйлерге негізделген қонақ үй бизнесі қажет;Қазақстан жерімен рекреациалық-танымдық түрлер және экскурсиялар жүргізу дұрыс.Біз осылай ғана туризмді толық пайдаланып, Қазақстанда «ашық есік» саясатының іске асырылуының тиімді құралдарын жасай аламыз.Сонымен қатар туризмнің дамуына шаруашылықтың аралас салалары да кедергі жасап отыр.Бұған ең алдымен транспорт жатады.

Қазақстан Республикасы экономика және сауда министрлігінің мәліметтері бойынша (көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің тасымал көлемін қосқанда) 2001 жылдың I тоқсанында 2000 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жүктерді тасымалдау бойынша транспорттың жұмыс көлемі 4,1%-ға жүк айналымы 13%-ға, жолдаушы айналымы 4,5%-ға қысқарған [18].

Әуе көлігінде жолдаушы тасымалдау айналымы 2000 жылдың I тоқсанына қарағанда 3 есе кеміген. Қазақстанның азаматтық авиациясы ұсақ авикомпанияларға бөлшектеліп кетті. Ал ішкі авианарық қатал бәсекелестік жағдайында өтіп жатыр. Шоп туристер авиарейстерді өте арзан және ең арзан бағалар бойынша таңдайды, Стамбулға 280 долларға барып қайтқасы келеді. Мәселен,«Люфтганза» осындай ара қашықтыққа (халықаралық стандарт бойынша) 570 доллар сұрайды. Қазақстандағы ұсақ және ірі авиакомпаниялардың ұшақтары 70%-дан да көп мерзімге тозған. Олар компания болып жатқандай. Ұшақтарының ресурстары біткен соң, компания өз іс әрекеттерін әрі қарай жалғастыра алмайды. Бір-екі ұшақпен компания болып қалу мүмкін емес. Әрине, Қазақстанның туристік саласы басқа мемлекеттердің көліктерін пайдалана алады, бірақ бұның экономикалық тиімділігі мүмкіншіліктен тіпті төмен болады. Бұдан тағы да Қазақстан туризмі отандақ емес, шет ел экономикасына жұмыс істейтін болады [19].

Қазақстанның туризм индустриясының келесі бір мәселесі – ол турфирмалардың ресурстары бола тұра, олар туризмнің белсенді түрлерін пайдаланбай келе жатқандығы. Туристік саяхаттың белсенді түрі деп маршрут бойынша қозғалу барысында турист өзінің дене күшін жұмсауын айтамыз. Белсенді туризмге сопрттық туристік саяхаттың төмендегідей түрлері жатады: жаяу, шаңғымен, сумен (моторсыз жүзу құралдарын пайдалану арқылы), велосипед және т.б. немесе маршруттың түрлі бөлігінде бұл қозғалу құралдарын алмастырып қолдануға болады. Көлік құралдарын жоспарлы туристік саяхатта да саяхаттың белсенді түрінің пайдаланатыны аз емес. Соңғы 4-5 жылда шет елдер туристер топтарын қабылдайтын қазақстандақ фирмалар дәл осындай турларды жиі ұсынып жүр. Қазақстанның туристік индустриясында белсенді саяхаттар кең түрде қолданылуының өңірлік те маңызы бар. Туризм осы белсенді туристік жорықтарда өзінің әлемдік әлеуметтік құбылыс қызметін атқарады. Белсенді туризмнің басты маңызы да осында. Ең басты есте болатын нәрсе – Қазақстанның барлық туристік-рекреациялдық ресурстарының ішінде табиғат ресурстары негізгі бөлікті құрайды. Туристік-рекреациялық ресурстардың табиғат ресурстарының көп бөлігін белсенді туристік саяхаттарды көбірек пайдалана отырып тиімді экономикалық мақсатта пайдалануға болады. Қазақстанның туристік индустриясынад белсенді туризмнің өңірлік маңызы атқаратындығы да сондықтан. Қазір «ҚР-да туризмнің даму концепциясында» бұл жағдайлардың барлығы ескерілген, есептелген. Қазақстандағы қазіргі туризмде саяхаттардың мақсаттарын кешендіру, яғни белсенді туризмге басқа түрлерін сабақтастыру байқалады. Туристер қызмет көрсетуде кепілдіктің, саяхат бағдарламасының әр түрлі болуын талап ететін болды. Біздің кейбір туристік ұйымдар инфрақұрылымдарының онша дамымағанына қарамастан, кешенді қазмет көрсететін жағдайға жетті, бұл кешенді қызметке, туристік-экскурсиялық қызмет өніміне қонақ үй қызметі, тамақтану, бөлшек сауда мекемелері, маршруттық көліктер, экскурсиялық, спорттық, мәдени-көркем, коммуналдық-тұрмыстық және т.б. мекемелер мен өнеркәсіптер кіреді. Тек қана істі ұйымдастыра білу керек.

Туризм тарихы дегеніміз–саяхаттардың (жорықтардың, экскурсиялардың) ең қарапайым түрінен бастап күрделі түрлерін қоса және көне заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен жолын зерттейтін ғылым. Туризм тарихының зерттеу пәніне туристік қозғалыстың әлеуметтік құбылыс ретінде шығу, қалыптасу және даму заңдылықтары жатады.

Туризм тарихы өз зерттеулерінде археология, полеография, этонграфия және т.б. тарих ғылымының салаларының деректеріне сүйенеді.

«Туризм» термині түрлі халықтардың тілінде XIX ғасырда ғана тұрақтана бастады. Көне және орта ғасырларда адамдар оның орнына саяхат деген сөзді қолданды. Қазіргі туризм тануда саяхат деп адамдардың мақсатына қарамастан кеңестік пен уақытта орын ауыстыруын айтады.

Қазіргі ТМД елдеріндегі туризм кеңестік кезеңде әлеуметтік туризм ретінде дамып, шығындарына қоғамдық қаржы жұмсалды. Сол кезде туризм теориялық тұрғыда нақты адамдардың туристік іс-әрекеттегі мұратына байланысты зерттелді де, туризмнің қалыптасу тарихы ерекше әлеуметтік құбылыс санатында қарастырылды.

 

 

1.3 Туристік саладағы маркетингтік зерттеулердің ерекшелігі

 

 

Маркетинг анықтамалары екі негізгі топтарға жіктелуі мүмкін: классикалық (шектелген) және қазіргі замағы (жалпыланған). Классикалық түсінікте ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарлар мен қызметтерді жылжытуды басқаратын кәсіпкерлік қызмет немесе өңдеу, жылжыту және өткізу арқылы тауарлар мен қызметтерге сұранысты болжамдау, кеңейту және қанағаттандыратын әлеуметтік үрдіс деп айтылады.

Әртүрлі анықтамаларда негізгісі болып тұтынушыға бағдарлану болып табылуы керек. Компаниялар өздерінің мақсаттарына тек тұтынушыларды қанағаттандыру арқылы жетеді. Сонымен қатар маркетинг міндеті болып тек сұранысты ұлғайту ғана емес, оның ұсынысқа тең болуды қамтамасыз ету табылады. Анықтамаға маркетингтің әлеуметтік аспектілері, оның ішінде этика мен тауар қауіпсіздігі кіруі керек. Ұйымдар келесі сұрақтарды өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде қою керек: тауарлар мен қызметтерді сату керек пе, олар сатылуы мүмкін бе?

Маркетингтің кең диапазоны ресми түрде 1985 жылы Американның  Маркетингтік Ассоциациясымен (АМА) қабылданды, оның 1960 жылы қабылдаған дәстүрлі анықтамасы келесі анықтамамен ауыстырылды: «Маркетинг ойларды, идеяларды жоспарлау және жүзеге асыру процесі, баға қалыптастыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың мақсаттарын қанағаттандыратын айырбас арқылы тауарлар мен қызметтерді, идеяларды жылжыту және жүзеге асыру болып табылады» [20].

Сұранысты тек тұтынушыларды тұрақты түрде зерттеу арқылы болжамдауға болады, осы арқылы олардың сұраныстарына керек тауарлар мен қызметтерді өңдеуге болады.

Информация о работе Туристская анимация