Туристік кәсіпорынның жарнама ақпараттық қызметін ұйымдастыру және басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 16:19, дипломная работа

Краткое описание

Жарнама бізді айнала қоршап тұр. Кейде ол біздің ашуымызға тиеді, кейде күлкімізді келтіреді, тіпті алдарқатады, бірақ оны көргеннен кейін қашанда санамызда бір айқын, бірдеңеге ұмтылдыратын бейне туындайтыны сөзсіз. Өзінің ұзақ та күрделі эволюциясынан өткен жарнама адам іс-әрекетінің түрлі салаларында, әсіресе туризмде кеңінен қолданылады.
Ең алдымен, жарнама дегеніміз – эмоциялық реңдегі көркем бейнеленген қысқаша ақпарат. Қазіргі таңда жарнама адамның серігіне айналып, оған күн сайын ықпал етеді, адам қоғамының өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл рөл бұқаралық ақпарат құралдарының аясымен, нарықтық іс-әрекеттермен шектелмейді. Әсіресе экономика мен қоғамдық өмір салаларындағы жарнаманың маңызы жоғары. Сондай-ақ білім беру мен эстетикалық рөлін де айта кеткен жөн болар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реклама.doc

— 388.00 Кб (Скачать документ)

10. Кіріс пен шығындарды қаржылық қатаң есепке алу.

 

 «West travel» ЖШС-дегі жарнама

Бұл фирма турфирмалардағы  жарнамалық іс-әрекеттің үздік үлгісін бере алмайды, өйткені «West travel» шағын кәсіпорын, айналымы аз, басшылықтың толыққанды жарнама науқанын ұйымдастыруға қауқары жетпейді.

Фирмада жарнамамен директордың  өзі айналысады (кейде оның тапсырысымен кейбір жұмыстарды менеджерлер орындайды). Ол жарнамалық үндеулерді телеарнада, газеттерде, Internet-те орналастыру үшін жауап береді. 

 «West travel» ЖШС жарнамалық-ақпараттық материалдарын көптеген жарнама құралдарында таратады. Жергілікті қалалық радиодан беріліп, "НС", "ТДК-42" телеарналарынан көрсетіледі. Алайда теле және радио жарнама қымбат тұратындықтан, материалдық қаражатты үнемдеу мақсатында жарнамасын  «West travel» сайтынан кездестіруге болады.

Сонымен қатар Штендер  қолданылады.Штендер дегеніміз бұл жұмыс уақытында сыртқа шығарылып қойылатын қалқанды құрастырма. Олар жүргіншілерге кедергі келтірмейтіндей жаяулар жолдарында орналастырылады.

Алайда бас директордың  айтуы бойынша турбизнесте ауызша жарнаманың ықпалы жоғары. Туризмде жағымды немесе жағымсыз пікірлер басқа іс-әрекет салаларынан гөрі тез таралады.

 

Агенттік шағын кәсіпорын  болғандықтан, басшылық маркетингтің жоқтығынан зиян көріп отырған жоқ, бірнеше жылдар қатарынан жатталып қалған сызбамен жұмыс істей отырып, кәсіпорын туристік нарықты зерттеп, тұтынушылардың талап-тілектерін ескеріп, бәсекелестікке төтеп беруде. Нарықта мықтап орнығу үшін басшылыққа әлі де болса көп күш пен қаражат керек.

Көзге түсетін кемшіліктері:

- клиенттер базасының  талданбауы

- фирманың нарықтағы  орны туралы мәліметтердің болмауы.

Бұл фирмада маркетинг қызметін басқаша ұйымдастыруға болады, атап айтқанда маркетинг мәселелерімен айналысушы адамның тәжірибесі керек, басқа фирмалардың да қуаттана қоймауы себепті әлі күшті құрылымға айналуға болады.

Кәсіпорынның мықты  және әлсіз жақтары.

Мықты жақтары:

- жоғары деңгейлі мамандары

- компаниядағы ізгі  ниетті ахуал

- қызметкерлердің жан-жақты хабардарлығы

- қаланың көптеген кәсіпорындарымен байланыстарының болуы

-басқа агенттіктерден айырмашылығы – жартылай оператор рөлін атқарады

- ұсынылатын қызметтерінің кәсіби сапалылығы.

Әлсіз жақтары:

- мардымсыз айлық

-ішкі менеджмент қиындықтары

- жоспарлаудың жоқтығы

- маркетингтің болмауы

Қауіп-қатерлер:

-басшылық әрі қарай  әрекетсіздік танытса, жоспарлау  мен  маркетингті енгізбесе,  артықшылықтарынан айрылып қалуы мүмкін;

- фирманың ішкі қиындықтарына  байланысты жақсы мамандарынан  айрылу қаупі бар.

Мүмкіндіктері:

- бәсекелестер алдындағы  кәсіби басымдықтары

- жаңа бағыттарға із  салуы.

Өзінің қызмет ету мерзімі барысында  «West travel»   24000 астам туристке қызмет көрсеткен (жылына 4000-нан астам), айлық капитал айналымы шамамен 150 – 200 мың теңге. Қыста айына 3-5 тур, жазғы мезгілде 10-нан астам турлар сатылады. Қызметіне ие болушы туристер саны жылдан жылға өсіп келеді, осының бәрі халықаралық байланыстардың орнығуы мен қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына байланысты.

Жарғылық капитал –  бұл жеке немесе заңды тұлғалар қалыптастыратын  және пайдаланатын ақшалай қаражаттары  немесе олардың басқа өтемді  материалдық немесе материалдық  емес  ресурстарының немесе активтерінің эквиваленті.

Айналымдық капитал  –бір өндірістік цикл барысына қатысып, толықтай жұмсалатын  капитал. Айналымдық капиталға жататындары:

- материалдық айналымдық  құралдар

- ақшалай қаражаттар;

- қысқа мерзімді қаржылық  салымдар;

-ағымдық шоттардағы қаражаттар.

Негізгі капиталы:

- ұзақ уақыт пайдаланылатын  материалдық құндылықтар: жер  меншігі, ғимараттар, машиналар,  құрал-жабдықтар;

- қаржылық салымдар: жеке  құнды қағаздары, басқа кәсіпорындарға  салған салымдары, басқа кәсіпорынның  қарыздары;

- аяқталмаған капиталдық  салымдар;

-материалдық емес  активтер: патенттер, лицензиялар,  тауарлық белгілері, жобалар.

Көрсетілетін қызметтердің көлемі:

1 жыл ішінде фирма  орташа есеппен жөнелтеді 

Айналымдық капиталы

Жарғылық капиталы

Негізгі капиталы

Фирманың жыл сайынғы  табыстары

Турагенттік барлық қажетті мүлік-саймандармен жабдықталған: үстелдер, компьютерлер, кеңсе тауарлары жеткілікті, олардың бәрі қызметкерлердің жұмысын тездетіп, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Төмендегі кестеде турагенттіктің материалдық қамсыздығы келтірілген.  Осының нәтижесінде турагенттіктің нарықтағы орны тұрақты деген қорытынды жасауға болады. Бұл оған басқа агенттіктермен бәсекелестікке түсуге мүмкіндік береді. Фирма бірнеше бағыттарда дамуда: клиенттермен жұмыс, кеңсе туралы интернет арқылы әсерлі ақпаратты ұсыну (каталогтар, брошюралар).  
       «West travel» ЖШС пайда табуы басқа фирмалардағы ұсынылатын қызметтерге деген сұранысқа байланысты. Сондықтан да қызметтеріне деген сұранысты арттыру үшін көптеген турфирмалар өз клиенттеріне жеңілдіктер береді. Бүгінгі таңда әлемде ұсынылатын қызметтерге берілетін жеңілдіктердің 20 шақты түрі бар: маусымдық жеңілдіктер, арнайы жеңілдіктер, айналымдық жеңілдіктер  (бонустық), корпоративтік жеңілдіктер, дилерлік жеңілдіктер, т.б. Алайда «West travel» ЖШС-де «адалдығы үшін» тұрақты клиенттерге арналған арнайы жеңілдіктер ғана пайдаланылады. Жеңілдіктер шамасы 3-7% басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 тарау.  «West travel». ЖШС-дегі жарнамалық іс-әрекетті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар

 

3.1.  «West travel» жарнамалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы негізгі ұстанымы

 

 «West travel» турагенттігінің қызметтерін жарнамалау барысында есте тұтар қағидат –жарнама ешқандай нашар қызметтердің сапасын жасыра алмайды. Сонымен қатар есте ұстайтын жайт, риза болған клиент – әлеуетті жарнама агенті.

Жарнамалық тұжырымдаманың негізгі идеялары:

-фирманың жарнамасы  оның сөзсіз артықшылықтарын  көрсетуге бағытталады;

-  «West travel» ЖШС білікті мамандары бар қалыптасқан  агенттік болғандықтан, әлемнің кез-келген нүктесіне сенімді турпакеттерді ұсына алады;

-орналасқан жерінің  қолайлылығы – қала ортасында,  адамдар жиі қозғалатын ауданда орналасқан. Қасында темір жол кассасы, авиаагенттік, валюта айырбастау бекеті.

 «West travel» ЖШС жарнамалық саясаты төмендегілерді шебер ұштастыру арқылы табысқа жете алады:

-жекелеген қызметтерді  (оқыту турларын, курорттарды, сауықтыру   турларын) жарнамалау;

-шұғыл жарнама (таныстырылым, мейрамдар мен айтулы күндер)

-жаңа қызметтер туралы ақпарат;

-жарнаманың деректілігін  қамтамасыз ету (қазіргі таңда қолданбалы ақпараттылыққа көп мән берілуде)

- «West travel» ұсынатын қызметтердің жарнамасы ескі клиенттерді сақтап қалып, жаңаларын тартуға бағытталған, мысалы «West travel» әлеуетті клиенттері бар нарық сегменттері бар орталарда жарнамалау;

-жарнамалық саясаттың  және нақты науқандардың мәні мынада болуы тиіс -« West travel» ЖШС уақыт пен қатаң бәсекелестікке төтеп бере алды, бұл агенттік тек сапалы қызметтерді ұсынады, ұсынатын турлары сенімді әрі қауіпсіз;

- жарнама беделді қалыптастыруға  бағытталуы тиіс;

- кез-келген жарнама  науқаны күрделі маркетинг зерттеулерімен  қатар жүруі тиіс. Оларды жүргізу  шығындары бюджетке енгізіледі;

- жарнамалық бюджетті жоспарлау «West travel» ЖШС соңғы екі жылдағы жарнамалық іс-әрекетінің тиімділігінің бағасына сүйенеді;

-жарнаманы БАҚ-да орналастыру  туралы шешім жарнаманың тиімділігін  талдауға және маркетингтік зерттеулерге  негізделеді;

-жарнама жоспарлы  және жүйелі болуы тиіс, үзік-үзік  кесінді тәрізді жарнама шаралары жарнама жоғары сапалы болса да тиімсіз болады;

-кешенді жарнамал ық іс-әрекеттің маңызды бағыты  РR ( паблик рилейшнз) саласы немесе қоғаммен байланыс,қоғаммен байланыс-бұл іскерлік байланыс жүйесі ,жарнама беделі және инстутуциональдық жарнама болып табылады. PRдың негізгі міндеті - «West travel» имиджін қолдау мен нығайту;

- «West travel» ЖШС барлық жарнамасы қатаң фирмалық стильге сәйкес болуы тиіс.

-электронды тасымалдағыштардағы  және Интернеттегі жарнамаға  ерекше назар аударылады, өйткені ол қазіргі заманға лайық жарнама болып саналады;

- жарнамамен тыңғылықты, әдіснамалық тұрғыдан айналысу  керек, барлық жарнама бір кісінің  (директордың қолында) қолында  шоғырлануы тиіс. Жарнаманы бағалау  механизмі мен кері байланыс  қамтамасыз етілуі тиіс.

 «West travel» клиенттеріне жасалған талдау көрсеткендей, фирма өндіретін жарнаманың тұтынушыларының негізгі мақсаттық топтары Орал қаласының тұрғындары, қала қонақтары, визаны ұзартуға ниет білдіретін шетелдік туристер, білім көрмелерінің қатысушылары. Осылайша туристік агенттіктің басты клиенттері –қарапайым азаматтар мен ортанқол кәсіпкерлер.

 «West travel» жарнамалық саясатында басты рөлді Қазақстанда, сондай-ақ шет елдерде ұйымдастырылатын арнайы көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу атқарады. Әлемдік тәжірибе куә болғандай, көрмелер –экономикасының маңызды секторы, өнеркәсіптік саясаттың қуатты қаруы, өнімді әлемдік нарыққа шығару мен тұтынушыларға ықпал етудің маңызды құралы, фирманың жағымды бейнесін қалыптастырушы амал.

 «West travel» ЖШС-не Қазақстан мен таяу шет елдердегі көрмелерге қатысу керек.  Сондай-ақ  Ұлыбритания  сияқты елдердегі CONFEX сияқты дүниежүзілік көрмелерге қатысу артық болмас еді. Лондон – іскерлік туризм жөніндегі әлемдегі ірі көрмені ұйымдастырушы қала ретінде осы бизнестегі жылдың айтулы оқиғасына айналған CONFEX  көрмесін ұйымдастырды. CONFEX  тек коммерциялық қана емес, білімдік мүмкіндіктерді де ұсынады. Көрмеде туризмнің түрлі аспектілері бойынша, маркетинг пен жарнама ісінің жаңа технологиялары бойынша семинарлар мен конференциялары өткізіледі. Экспонаттар саны 1300, олар әлемнің 100 елінен  әкелінген. 

AITB, Германия, Берлин –туризм  бойынша ең ірі халықаралық  биржа.

EIBIM, Швейцария, Женева  – конгресс туризм бойынша жыл сайынғы көрме.

А.Т.М., США, Орландо –американдық құрлықтағы ең ірі туристік биржа, оның ұйымдастырушысы Reed Travel Exhibition көрме компаниясы. Экспонаттарының ішінде әлемнің барлық құрлықтарынан келген туроператорлар, қонақ үйлердің, көлік компанияларының, маркетингтік ұйымдардың, американдық тақырыптық парктардың өкілдері.

FITUR , Испания, Мадрид  –бизнес туризм бойынша Еуропадағы  ең ірі көрмелердің бірі.

WORLD Travel Market, Ұлыбритания,  Лондон –әлемдегі ірі туристік  биржа, онда туристік нарық  анықталып, келесі жылға агенттік  келісімдердің негізгі пакеттеріне  қол қойылады.

Arabian Travel Market, ОАЭ, Дубаи  –Орта және Таяу Шығыстың  туроператорларын тарту жөніндегі туристік нарық.

WTF, Япония, Токио –жапон  туризміне назар аударатын елдердің  500 фирмасының қатысуымен өтетін  туристік көрме. 

Мұндай көрмелер мен  жәрмеңкелерге қатысу серіктермен  байланыстар орнату үшін өте қолайлы. Әрине, мұндай ірі көрмелерге экспонат қою «West travel» ЖШС үшін алынбас қамалдай болып көрінетіні сөзсіз. Алайда қатысуға тырысу керек.

Көрмеге қойылатын «West travel» ЖШС жарнамасын мұқият ойластыру керек, баспа өнімінен басқа CD-ROM сияқты қазіргі заманғы тиімді құралды пайдалануға болады. Сонымен қатар шетелдік көрмелердің дамыған ақпараттық инфрақұрылымын кеңінен пайдалану керек. Міндетті түрде әлеуетті серіктестермен байланыстар орнатуға және туристік өнімді ілгерілетуге  арналған іскерлік бағдарламаны жасақтау керек. Жарнамалық стратегияда тікелей сатулар, тікелей поштамен тарату, сувенир өнімдерін үлестірудің, қоғамдық байланыстар шараларының (Пиар) маңызы зор.

«West travel» агенттігінің тиімді жарнамалық саясатын жасақтау үшін ең алдымен фирманың ерекшеліктерін, пайда табу көздерін, даму тенденцияларын дәл ескерген жөн.

 «West travel» ЖШС ерекшелігінің мәні мына фирмалық үндеуде көрсетілген: «Біздің барлық қызметтеріміз сіздің демалып, сайрандап және оқуыңыз үшін арналады!». Бұл жай жарнама емес, шын мәніндегі жағдайды жеткізу: бүгінде әр турфирма «West travel» турагенттігі сияқты қызметтер тізімін ұсына алады. West travel іс-әрекетінің ерекшеліктерін және даму тенденцияларын, нақты басымдықтарын ескере отырып, жарнамалық саясатты төмендегідей кешенді-бағытты құру керек:

-турагенттіктің жалпы жарнамасы;

-жекелеген қызметтердің  жарнамалық қамтылуы (көрмелердің  өткізілуі, шетелде оқу, сыртқы  және ішкі туризм);

-қызметтердің шұғыл  жарнамасы, акциялар, т.б.

 «West travel» ЖШС турагенттігінің жарнамасы бір жағынан шетелдік туристерге, екінші жағынан –жергілікті іскерлік орталар мен жергілікті әлеуетті туристерге бағытталады.

Мұндай көзқарас жарнамалық тасымалдағыштарды, маңызды жарнамалық идеяларды, дәйектер мен дәлелдерді таңдауда ұстанылуы тиіс, шетелдік туристер үшін басты дәйектер ретінде шетелдіктермен жұмыс тәжірибесі, жеке қауіпсіздік, үнемі жақсарып тұратын қызметтер деңгейі қарастырылады.

Сондай-ақ фирма орналасқан ғимарат пен кеңсенің маңайында  жағымды «жарнамалық кеңістік»  болуы тиіс.   «West travel» кеңсесі авиа агенттіктің ғимаратында орналасқандықтан, біртұтас жарнамалық кеңістік құру мүмкін емес, алайда бұл мәселенің оңтайлы шешімін табуға болады. Бір қолайлысы – турфирманы айнала жөнемелік кәсіпорындар қоршап тұр. Айталық, авиа агенттік, валюта айырбастау бекеті, темір жол кассаларының жақын орналасуы себепті клиенттер өте көп болуы мүмкін. Көршілес фирмалардың жарнамалық маңдайшаларымен қатар орналастыруға да болады, өйткені бірге орналасқанда кезде оның  «Columbus travel» турагенттігіне қатысы бардай көрінеді. Алайда ең басты мақсат – турфирманың жаңа ашық маңдайшасын жасау.

Информация о работе Туристік кәсіпорынның жарнама ақпараттық қызметін ұйымдастыру және басқару