Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 16:19, дипломная работа
Жарнама бізді айнала қоршап тұр. Кейде ол біздің ашуымызға тиеді, кейде күлкімізді келтіреді, тіпті алдарқатады, бірақ оны көргеннен кейін қашанда санамызда бір айқын, бірдеңеге ұмтылдыратын бейне туындайтыны сөзсіз. Өзінің ұзақ та күрделі эволюциясынан өткен жарнама адам іс-әрекетінің түрлі салаларында, әсіресе туризмде кеңінен қолданылады.
Ең алдымен, жарнама дегеніміз – эмоциялық реңдегі көркем бейнеленген қысқаша ақпарат. Қазіргі таңда жарнама адамның серігіне айналып, оған күн сайын ықпал етеді, адам қоғамының өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл рөл бұқаралық ақпарат құралдарының аясымен, нарықтық іс-әрекеттермен шектелмейді. Әсіресе экономика мен қоғамдық өмір салаларындағы жарнаманың маңызы жоғары. Сондай-ақ білім беру мен эстетикалық рөлін де айта кеткен жөн болар.
Бүгінде интернет-қатынастар негізінен өзін-өзі реттеу арқылы жүзеге асырылады. Алайда анығы сол –олардың бәрі ұлттық назардан тыс. Сондықтан жарнамаға қойылатын негізгі талаптарды (құқықтық және техникалық), интернет- жарнаманы орналастыру туралы келісім шарттың үлгі шарттары, тұтынушыға оның сұратпаған ақпаратын жөнелткені сияқты заңсыздықтар үшін жүктелетін жауапкершіліктерді реттейтін типтік ережелер мен нұсқамалар түріндегі әмбебап халықаралық актті жасақтап, қабылдау керек.
Сонымен Интернеттің басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғандағы негізгі мүмкіндіктері мен артықшылықтарын тізіп көрейік:
таргетинг –мақсаттық аудиторияны дәл қамту (география, уақыт, тақырыптық сайттар бойынша, т.б.);
трекинг –сайтқа енушілердің
қол жетімділік (тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн);
икемділігі (жарнаманы лезде бастап, түзетіп, тоқтатуға, үзуге болады);
интерактивтілігі: тұтынушы сатушымен және өніммен өзара әрекеттесіп, оны зерттеп, кейде байқап қарап (мысалы, бағдарламалардың демо-нұсқалары, кітаптың бір тарауы), ұнаса –сатып ала алады;
ауқымды ақпаратты орналастыру мүмкіндігі (соның ішінде графиканы, дыбыстарды, арнайы әсерлерді);
ақпаратты жедел тарату және алу;
құнының төмендігі;
тұтынушының зейінін аударуы, егжей-тегжейлі түсінуге талпынуы [2].
1.3. Туризм саласындағы жарнама қызметтерінің арнайы сипаттамасы
Туризм саласындағы жарнама өндірушілер, жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстарды қолдап отыруға міндетті. Туризмде жарнама арқылы бірқатар міндеттер шешіледі. Жарнама арқылы тұтынушылар нарықта ұсынылатын туристік қызметтердің жиыны мен сапасы, бағалар қозғалысы туралы маңызды ақпаратты ала алады. Сонымен қатар пайдаланылатын жарнама құралдары әлеуетті туристке ақпаратты түсінікті және анық етіп түсіндіруі тиіс. Туристік қызметтердің сезілмейтіндігі каталогтарды, проспекттерді, баспа құралдарын, аудиобейнелі, бейне және кино өнімдерін, көрмелер мен жәрмеңкелерді қолдану арқылы азайып, жарнама берушілердің мәліметтердің дәлдігі мен шынайылығы үшін жауапкершілігі артады.
Туризмдегі жарнама маусымдық сипатына, табиғат-климат және басқа факторларға қарай ұсынылатын қызметтердің сапасының тұрақсыздығын ескеруі. Сондықтан жарнама туристік қызметтердің пайдалылығын, тұтынушылық пайданы, белгілі бір мәселелерді шешу мүмкіндігін көрсетуі тиіс.
Жекелеген туристік фирмалар қолданатын тәсілдер мен тасымалдағыштар бәсекелестік артықшылықтарды толық көрсететіндей етіп таңдалады (жоғары сапа, қызметкерлердің біліктілігі, фирманың міндеттемелері бойынша сенімді кепілдемелер, бағаның тұрақтылығы, тұрақты клиенттерге жеңілдіктер мен шегерімдер ұсыну, қызмет көрсету кешенділігі, т.б.).
Франчайзинг жүйесі, кіріктірілген мейрамхана және қонақ үйлерінің тізбегі, консорциумдар, түрлі ассоциациялар, туыстықтар үшін жарнама бір жағынан бәсекелестік күрес құралы және екінші жағынан тұтынушылық сұранысты белсендіру жөніндегі маркетинг құралы болып табылады. Капиталдардың шоғырлануы және ірі және ұзақ мерзімді жарнамалық шаралардың ірі және ұзақ мерзімді шаралардың жүзеге асуына, екінші жағынан траннсакциялық шығындарды үнемдеп, әр жекелеген фирманың нарықтағы орнын күшейтеді.
Жарнама туристке саяхатқа дейін және
кейін ықпал етіп қоймайтындықтан,
ең жауапты кез мақсаттық
Жарнаманың түрлері, құралдары мен тасымалдағыштары өте көп. Туризм үшін ең маңызды жіктеу белгісі –бұл жарнаманың аумақтық бағыты. Осы белгіге сәйкес жарнаманың 4 түрі болады: шетелдік, жалпы ұлттық, аймақтық және жергілікті.
Шетелдік жарнама әлемдік
Жалпы ұлттық жарнама елдің ішіндегі аймақтық серіктестерге арналған. Қаржы жалпы ұлттық жарнама берушілерден келіп түседі. Оның үлесін ең ірі телекомпаниялар мен газеттер құрайды. Мысалы, «ЦСТЭ-Интур-Центральный совет 110 туризму», «Интурист-Холдинг» , РМАТ (Туризм Академиясы) сияқты туристік фирмалар осы жарнама түрін пайдаланады. Бұл негізінен ірі аймақтық турагенттіктерге өз бағдарламаларын жеткізгісі келетін туроператорлар.
Аймақтық жарнама жалпы ұлттық және аймақтық нарықтарға бағыт алған. Бірқатар жарнама агенттіктері жарнама орындарын басқа туристік аймақтық фирмаларға сатады, олар аймақтық басылымдағы орынды сатып алып немесе нақты аймаққа көрсетілетін телехабардың уақытын сатып алады.
Жергілікті жарнама бір қалада
немесе қаланың белгілі бір
Маркетинг элементі ретінде жарнама туристік фирмалардың тұтынушыға ықпал етудің қуатты қаруына айналуда.
Қазіргі маркетинг жарнамадан бәсекелестіккүрес құралын, туристік өнімге деген сұранысқа ықпал ету, туристік, қонақ үйлік, мейрамханалық бизнесті кіріктіру мен шоғырландыру катализаторы болвп табылады.
Бизнес серіктестерге арналған жарнама іскерлік жарнамасы деп аталады. Іскерлік жарнамасының көп бөлігі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады. Әдетте жарнама арнайы іскерлік басылымдары мен іскерлік журналдарында (мысалы, «Туринфо», «Вольный ветер», «Мир путешествий») немесе «MITT» сияқты жыл сайынғы арнайы көрмелер, почта бойынша таратылады. Іскерлік жарнамасында мынадай 4 түрін бөліп көрсетуге болады:
1) туристік кәсіпорындарға
2) туристік көтерме және бөлшек өнімді жүзеге асыруға арналған (туроператорлық);
3) мамандарға арналған;
4)әлеуетті туристерге арналған.
Жарнама туроператорлардың жарнамасында көтерме сатып алушылардың сұранысын (топтық турлар) және бөлшек сауда (жеке турлар) сұраныстарын, турагенттіктердің әрі қарай қайта сату мүмкіндігіне арналған туристік өнімдер мен қызметтер туралы ақпарат беріледі. Мұндай жарнаманың мақсаты –өткізу көлемін ұлғайту.
Директ-мейл –туристік фирмалар мен жеке тұлғалардың арнайы таңдалған мекен-жайлары (деректер қоры) бойынша белгілі бір мерзімдерде жарнама материалдары таратылатын қазіргі тиімді жарнама түрі. Деректер қорының негізгі екі түрі бар.
1. Осы туроператормен келісім шарт жасасқан турагенттіктер мен олардың бағдарламалары бойынша әуе билеттері, қонақ үйлердегі орындар, жеңілдіктер мен шегерімдер туралы мәліметтер.
2. Жаңа турбағдарламалар, нақты қонақ үйлердегі «қолайлы орындар», әуе билеттері туралы қызығушылықтарын білдірген шағын турагенттіктер мен жеке тұлғалар туралы мәліметтер.
Тікелей пошта арқылы проспекттер, каталогтар, тегін жарнама газеттері, парақшалар, арнайы журналдар, шақыру билеттері, өткізу құжаттары, прайс-парақтар мен басшылардың жеке хаттары таратылады. Факс, телекс және модем байланысы сияқты басқа техникалық байланыс түрлері де қолданылады.тра-М», «Туринфо», «Ваш гид» сияқты тегін жарнаманы қабылдаушылар да бар.
Турагенттіктің іскерлік жарнамасы туристік фирманың қажеттіліктерінің жарнамасы және мүмкіндіктерінің жарнамасы деп бөлінеді.
Қажеттіліктер жарнамасы әлеуетті серіктестерге туристік фирманың іс-әрекеті мен нарықтық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру үшін қажет. Ол делдалдарды тартуға арналған, өйткені онсыз туристік фирманың іс-әрекеті айтарлықтай шектеліп қалады. Туроператорлар туристік агенттіктерді өздері туралы және туристік операторларымен несие-қаржылық, көлік және басқа мекемелермен ынтымақтастығы туралы ақпаратты таратуға ынталы. Турагенттікке жаңа туроператорлармен байланыстарға шығып, жаңа сапар бағыттарын тауып, біліктілігі мен тәжірибесі бар уақытша және тұрақты жалданатын жұмыскерлерді қабылдап, ғимараттарды кеңсе ашу үшін сатып алу, жалға алу, мүлік-жиһаз, туристік құрал-саймандар жөнінде материалдық-техникалық ресурстар нарығымен өзара әрекеттесу қажет.
Қажеттіліктер жарнамасы ақпаратқа мұқтаж, сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулар басылып, парақшалар таратылады, т.с.с.
Мүмкіндіктер жарнамасы барлық мүдделі жеке және заңды тұлғаларға фирманың нарықтық мүмкіншіліктері (әуе билеттерінің бар-жоқтығы, қонақ үйлердегі орындар, жаңа тур бағдарламалары, жеңілдіктер мен шегерімдер) туралы ақпарат береді. Іскерлік жарнаманың мұндай түрі директ-мейл немесе тікелей поштамен таратылады. Жалпы директ-мейл басқа жарнаманың басқа түрлерінен 80% тиімдірек.
Жарнаманы БАҚ арқылы таратуды көбінесе әртүрлі туризм салаларын ұсынатын, қаржы мүмкіншіліктері мол ірі фирмалар қолданады. Поштамен тікелей тарату әртүрлі елдердегі туристік фирмалармен қатынас жасауға қолайлы, іскерлік турларды ұйымдастырғанда қолданылады. Діни, экологиялық, тарихи-танымдық және басқа арнайы турларды сол туризм түрін жақтаушылар көп жиналатын жерлерде, ортақ іс клубтарында, спорттық құрал-саймандар, балықшылар мен аңшыларға арналған дүкендердің қасында, мұражайлар мен театрлардың жанында жарнамалаған дұрыс.
Рекреациялық және танымдық туризм туристік қызметтер нарығындағы әртүрлі сегменттерде жарнамаланады. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдары, көше жарнамалары (транспаранттар, жарқағаз, қалқандар, көліктегі жарнама) қолданылады.
Жарнамалық үндеудің нақты формасын таңдау тарату арналарына, үндеудің мерзімділігі мен бюджеттің шамасына байланысты. Ақпаратты беру уақыты мен мерзімділігі турлардың маусымдылығына байланысты.
Қазіргі жағдайларда жарнамалық қызметтің көрсетілім түрі көп қолданылуда, олардың екі формасы бар –көрме және жәрмеңке.
Көрмелер –уақыты шектеулі, жүйелі түрде ұйымдастырылатын нарықтық шаралар, онда экспоненттар ретінде бірнеше саланың тауарлар мен қызметтері ұсынылады. Үлгі экспозициялары бойынша тауарлар мен қызметтердің нарықтық көрінісі жуықтатылып көрсетіліп, сұранысқа дем беріледі.
Жәрмеңке –бұл да өнімді нарықта өткізуді мақсат еткен уақыты шектеулі, жүйелі түрде ұйымдастырылатын нарықтық шаралар.
Көрмелер мен жәрмеңкелердің нақты айырмашылығы айқын білінбейді, өйткені екеуі де көпкомпонентті шаралар, ақпараттандыру, ұйымдастыру, транзакциялық және басқа да қызметтерді ұсынады. Туристік салада қатысушыларының құрамына қарай (халықаралық, ұлттық, аймақтық, жергілікті), ұсынылатын қызметтерінің тақырыптарына (әмбебап, сала аралық, салалық), маңыздылығына (бүкіләлемдік, халықаралық, ұлттық, жеке, т.б.), тәсіліне (жылжымалы, жылжымайтын) және жүргізу жиілігіне (мерзімдік, жыл сайынғы, маусымдық) қарай жіктелетін көрмелер бар.
Көрмедегі туристік фирманың оң бейнесі әлеуетті туристер мен серіктестерді тартудың тиімді жолы.
Көрмеге қатысушы туристік
фирма нақты жетістіктерге
Көрмеге туристік фирманың қатысуы оның оң имиджін қалыптастырады, серіктестер мен әлеуетті тұтынушыларының назарын аударып, олармен байланыс орнатуға, жаңа бағдарламалар туралы ақпарат беруге, келіссөздер жүргізіп, туристік агенттіктер мен туроператорлармен келісім шарттар жасасуға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, туристік өнімнің 50% артығы туроператорлардың экспозициялық-көрмелік жұмысы кезінде жүзеге асырылады.
Көрме қызметі нарықтық позицияларды нығайтып, туристік байланыстар аясын кеңейтіп, келіссөздер барысында сату желісін ұлғайтады / Восколович Н.А/
1.4. Бренд жасақтау. Жарнамалықкомпанияны жоспарлау
Туристік фирманың жарнамасы брендтан, фирма атауынан басталады.
Тауарлық белгі (сауда маркасы, бренд) белгілі бір сатушы немесе өндірушінің өнімін көрсететін сөзден, фразадан, заттың пішінінен немесе басқа белгіден тұрады.
Бренд эстетикалық мәнге ие бола отырып, біздің өміріміздің барлық салаларына енеді. Орташа есеппен біз мыңдаған фирмалық белгілермен бетпе-бет келеміз, олардың көбі өнімді сатып алудағы көзқарастарымызға ықпал етеді екен. Сөз, бейне, графикалық және музыкалық мазмұнға толы көркем туынды ретінде бренд эстетикалық зерделеуді қажет етеді.
Фирмалық атау түрлері
Тиімділігінің деңгейінің артуына қарай фирма атауы тектік, сипаттамалық, бейнелік, еркін және жасанды болып бөлінеді.
Тектік термин тікелей өнімге қатысты. Көбінесе бұрын танымал, жалқы болған брендтің уақыт өте келе жалпы атауға айналуы (Aspirin, Cellophane, Escalator). Өнімнің ортақ атауы бола отырып, бұл белгі құқықтық тұрғыдан қорғалмайды, ешқандай қосымша мазмұнға ие емес.
Информация о работе Туристік кәсіпорынның жарнама ақпараттық қызметін ұйымдастыру және басқару