Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 16:19, дипломная работа
Жарнама бізді айнала қоршап тұр. Кейде ол біздің ашуымызға тиеді, кейде күлкімізді келтіреді, тіпті алдарқатады, бірақ оны көргеннен кейін қашанда санамызда бір айқын, бірдеңеге ұмтылдыратын бейне туындайтыны сөзсіз. Өзінің ұзақ та күрделі эволюциясынан өткен жарнама адам іс-әрекетінің түрлі салаларында, әсіресе туризмде кеңінен қолданылады.
Ең алдымен, жарнама дегеніміз – эмоциялық реңдегі көркем бейнеленген қысқаша ақпарат. Қазіргі таңда жарнама адамның серігіне айналып, оған күн сайын ықпал етеді, адам қоғамының өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл рөл бұқаралық ақпарат құралдарының аясымен, нарықтық іс-әрекеттермен шектелмейді. Әсіресе экономика мен қоғамдық өмір салаларындағы жарнаманың маңызы жоғары. Сондай-ақ білім беру мен эстетикалық рөлін де айта кеткен жөн болар.
Білікті сатушыларды (менеджерлерді) іздеу
Дербес сату мәні экономиканың әртүрлі салаларына ортақ. Мысалы, клиенттермен (туристермен) жұмыс істеу үшін менеджерде саяхат жасау тәжірибесімен қатар, әр турпакет туралы орнықты білімі болуы тиіс. Менеджерлер турфирманы дараландырып, оң имидж қалыптастыруға, клиенттарды сақтап қалуға атсалысады. Сондықтан әр менеджер тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеуге тырысады. Жұмыстың жақсы орындалғанын тұтынушының риза болғанынан білуге болады. Сонымен қатар Халқаралық туризм маманы бойынша менеджер – шетел мектептері мен университетерінен тілді меңгеру туристік турлар ұйымдастырады. Білім алу туризмі – бұл туристердің саяхаттауы әрі қосымша білім алу және тіл меңгеру мүмкіндігін береді. Білім беру туризмнің үш түрі бар: біріншіден, тілді меңгеру, екіншіден спорттық білім , кәсіби білім. Осы салада дүние жүзі бойынша 10 астам білім беру мекптермен, 150 астам тіл меңгеру мектептер және университеттермен, 100 деген білім беру университеттермен серіктес. Халқаралық карта рәсімдеу – ISIC, ITIC, IUTC – бұл студенттердің, аспиранттардың және мектеп оқушыларының халқаралық куәлігі болып табылады. Шетелге әдейлеп шақырылған туристарға, әуе билеттеріне, мейрамханаларға, киім дүкендеріне, театыр мен мұрайжаларға, финтес-клубтарға және білім алу орталықтарына фирма тиесілі жеңілдіктер жасауға міндетті.
Қызметкерлерді іздеу, таңдау және жалдауды директор жүзеге асырады.
Қызметкерді жұмысқа алар алдында кәсіпкер алдымен мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:
Менеджерлердің міндеттері қандай болмақ?
Оларға қандай жалақы
және қосымша жеңілдіктер
Оларға қызмет бойымен өрлеу мүмкіндіктері беріле ме?
Директор фирманың өндірісіне қажетті материалдарды сатып алып, ҚР Кәсіпкерлік іс-әрекеті туралы заңның, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы және басқа заңдардың орындалуын бақылайды.
Қызметкерлерді ынталандырудың тиімді жүйесін құру: фирмада сый ақы мен бонустар түріндегі қызметкерлерді материалдық ынталандыру жүйесі іске қосылған.
Қызметкерлердің өрлеуін жоспарлау, кадрларды ротациялау және ілгері ұмтылдыру: жүргізілмейді.
Оқыту шаралары: қызметкерлер біліктілігін арттыру үшін менеджерлер Астана және Алматы қалаларындағы семинарлар мен көрмелерге қатысады. Ақпараттылықты дамыту үшін инфотурлар ұйымдастырылып, менеджерлер Түркияның, Эмираттардың, келешекте барлық Еуропа елдерінің ең жақсы қонақ үйлері мен курорттары туралы көрнекі ақпарат алады.
Ұжымдағы әлеуметтік тартыстар, кикілжіңдерді шешу: ондай жұмыс жүргізілмейді, фирмада психологиялық ахуал зерттелмейді.
Фирманың ұйымдастырушылық құрылымында кадрлар бөлімі жоқ. Оның себебі - қызметкерлер санының аздығы. Қызметкерлермен жұмыс өте аз жүргізіледі, негізінен ынталандыру жүйесіне өзгерістер енгізуден, еңбең ақыны есептеуден, қызметкерлерді жұмысқа алудан тұрады. Кадрлар іс парақтары толтырылмайды мен еңбек қарым-қатынастары ресімделмеген. Қызметкерлер қарым-қатынастары тұлға аралық қатынасқа негізделген.
Қазіргі таңда фирманың қызметкерлерін реттейтін құжаттарға типтік жобадағы еңбек келісім шарты жатады, онда қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары сипатталған.
Лауазымдық нұсқаулықтар
жұмыскердің басқару
Бас бухгалтердің жұмысының ерекшеліктері
«West travel» ЖШС-де ҚР Салық Кодексіне сәйкес салықтардың қарапайым жүйесі қабылданған, ҚР заңдарымен анықталған аймақтық және жергілікті салықтардың орнына есептік мерзімдегі мекеменің шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелері бойынша бірыңғай салық төленеді. Заңнамада салық төлеудің қарапайым түрін қолданатын мекемені аймақтық және жергілікті алым-салықтардан босату қарастырылмаған.
Қызметкерлердің еңбек
ақысы сату көлеміне байланысты, өйткені
агенттіктің қаржылық күй-жайы әлеуетті
тұтынушылармен жұмыстың ұйымдастырылып,
жақсы жолға қойылуына байланыс
Өзінің жұмысын жүргізу үшін бухгалтер үш компьютерлік бағдарламасын қолданады: 1С:, Система «банк клиент» жүйесі және «Салық төлеуші».
2.2. «West-travel» туристік фирмасының экономикалық жағдайына сипаттама
«West-travel» туристік фирмасының тұтынушылардың жеке қызығушылықтарын қанағаттандыруға мүмкіндіктері бар: мысалға, тұтынушыларға жеке тур ұйыдастыруға немесе топтық тур ұйымдастыруға, жеке немесе топтық жоспар ұйымдастыруға. Туристік фирмасында, ұжымдық топтарға, мектеп оқушыларына (класс), студенттер тобына (группа) әр түрлі туристік тур пакеттерге қосымша тарифтер бар. «West-travel» туристік фирмасының тур пакеттерді сату арқылы пайда табуда оны төмендегі 1- кесте көруге болады.
«West-travel» туристік фирмасының жолдама пакеттердің баға көрсеткіші
1- кесте
Көрсеткіштері |
2009 жыл (млн.тенге) |
2010 жыл (млн.тенге) |
2011 жыл (млн.тенге) |
2009-2011 (;+) (млн.тенге) |
Пайыздық мөлшері |
Шетелде білім алу туры |
21 567 000 |
2667800 |
28200000 |
6 633 000 |
|
Білім саласы бойынша бағдарламалар |
6 633 000 |
13 267 585 |
16 187 580 |
5 000 580 |
|
Шетелдік турлар (жаға жай, экскурциялық, тау шаңғысы) |
12 243 567 |
14 123 000 |
14 300 000 |
2 056 433 |
|
Барлығы |
44 997 567 |
54 068 585 |
58 687 580 |
13 690 013 |
2009-2011 жылдарды салыстыра келе, 2011 жылды 2009 жылға қарағанда 2011 жылы шетелде білім алу туры 6 633 000 теңгеге, білім саласы бойынша бағдарламалар 5 000 580 теңгеге, шетелдік турлар (жаға жай, экскурциялық, тау шаңғысы) 2 056 433 теңгеге өскен - бұл көрсеткіштер тур пакеттердің 2011жылы тұтынушылардың көбейгендігінде білдіреді және жылдан-жылғы тур пакеттердің бағасыныңда өскендігін көрсетеді. Туристік фирманың ең табыс көзі болып, осы тур пакеттер болып табылады. Себебі тур пакеттердің және тур пакеттер ұжымдық және топтық турлардың қымбат болуы.
«West-travel» туристік фирмасының қаржыландыру көзі коммерциялық турлар ұйымы болып табылады. Cонымен қатар «West-travel» туристік фирмасының пайда көзі мен шығындары 2- кесте көрсетілген
Пайда көзі |
Шығындар |
|
- персоналдар жалақысына; - құрал-жабдықтардың тозуы; - коммуникальды, әкімшілік
шығындары (лицензияға, сертификат,
туристік ұйымға және |
«West-travel» туристік фирмасының ішкі және жылжымалы туризмнің дамыуы үшін қажетті ресурстары бар. Бүгінгі күнде фирманың экономиканың жоғарғы өсім екіпінімен, инвестициялық тартылымдықпен, көліктілік қол жетімділікпен, қолайлы географиялық және геосаясатты жағдаймен көңілді индустрияның бары, бай тарихи-мәдени мираспен, жоғарғы қонақ жайлықпен сипатталады.
Төмендегі 3-кесде «West-travel» туристік фирмасының орындалған жұмыстың нәтиженсін және олардың қызметін тұтынатын тұтынушылардың стастикалық көрсеткішін көруге болады.
3- кесте
Көрсеткіштері |
2009 жыл |
2010 жыл |
2011жыл |
2009-2011ж.ж (-;+) |
Орындалған жұмыстың пайдасы (млн.теңге) |
46.41 |
31.98 |
58.69 |
26.45% |
Тұтынушылар саны (адам саны) |
677 |
520 |
780 |
15.21% |
2011 жылды 2009 мен салыстырғанда 2011жылы орындалған жұмыстың пайдасы 26.56 %-ға, ал тұтынушылар саны 15.21 %-ға өскен. «West-travel» туристік фирмасының cоңғы 3 жыл ішінде турларды ұйымдастыру арқылы пайданың өскенің бақылай отырып, әрі қарай жұмыстарын жетілдіруін жоспарлауда
Тасымалдарды қамтамасыз ету бойынша транспорт түрлерінің жұмыстарының ерекшеліктері. Транспорт түрлерінің техника-экономикалық тиімділігін ескере отырып және жолаушылар тасмалының универсалдығы, тұрақтылығы, үздіксіздігі. Нарықтық тасымалдау технологиясына тигізетін әсері. «West-travel» туристік фирмасы да транспорт түрлерінің жұмыстарына сүйене отырып тұтынушыларын шетелге саяхатқа жібере алады. Берілген 4- кестеден туристік фирманың тұтынушылары, қай транспорт қызметің кең көлемде қолданатының көре аламыз.
«West-travel» туристік
Транспорт түрі |
2009 жыл өлш.бір адам (%) |
2010 жыл өлш.бір адам (%) |
2011 жыл өлш.бір адам (%) |
2009-2011ж.ж (-;+), өлш.бір адам (%) |
Әуе транспорты |
45,66 |
48,5 |
48,69 |
1, 3 |
Темір-жол транспорты |
30,36 |
35,41 |
32,1 |
1, 74 |
Көлік транспорты |
20,98 |
14,09 |
17,21 |
|
Транспорттыі басқа түрлері |
3 |
2 |
2 |
-1 |
Көрсеткіштер нәтижесіне бойынша туристердің көп бөлігі әуе транспортының қызметіне жүгінеді. Салыстыра келе 2011жылы 2009жылға қарағанда көлік транспортымен және бас транспорт түрлерімен саяхатқа шығатын туристер саны кеміп кеткен.
2.3. Фирма стратегияларын талдау. «West travel»ЖШС жарнамалық іс-әрекетін зерделеу
«West travel» ЖШС шағын, жаңа аяғынан тұрып келе жатқан жас туристік фирма болып табылады. Сондықтан да мекеменің құрылымында Компания стратегияларын жасақтаумен және бағалаумен айналысатын бөлімше жоқ. Әдетте жаңа құрылған компанияларда стратегиялық дамыту жоспрларын компания бсшылары құрады. Осы жағдай «West travel» ЖШС-де қалыптасқан. Туристік фирманың стратегиялық маңызды шешімдеріне келесілері жатады:
1. Нарықтың жаңа сегменттеріне жол ашу туралы шешім.
2. Бірнеше кеңселерді ашу тураы шешім.
3. Клиенттерді тартудың қолданыстағы арналары, ілгерілету әдістемелері, баға саясаты және маркетинг саласындағы басқа да мәселелер қарастырылады.
Қазіргі таңда барлық шешімдерді компанияның иесі (бас директор) шешеді.
Интервью барысында агенттік директоры Компанияға қатысты төмендегі мақсаттарды алға тартты:
Іс-әрекет аясы: ересектер мен балаларға арналған туристік қызметтерді ұсыну.
Іс-әрекет басымдығына сапалы қызмет ие.
Фирма өзінің нарықтағы орнын сақтап, бәсекелестікке қабілетті артықшылықтарын шыңдай түсуі тиіс.
Мақсаттарға қол жеткізу механизмі
Басшының пікірінше, стратегиялық мақсаттарға жету үшін фирма мыналарға сүйенуі тиіс:
Нағыз кәсіби қызметкерлер, өз саласындағы үздік мамандардың болуы;
Барлық іс-әрекеттердің технологиялылығы, оңтайлы және реттелген бизнес-үрдістер;
іс-әрекетті толықтай ақпаратпен қамту.
Табысқа жетудің маңызды факторлары
Компания табысқа жетудің келесі факторларын көрсетеді:
1. Қызметкерлердің қойылған міндеттерге, нәтижеге жетуге ұмтылуы.
2. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалану.
3. Фирманың клиенттер арасындағы беделінің жоғары болуы.
4. Ұсынылатын қызметтердің сапасы.
5. Қызметкерлердің жоғары біліктілігі.
6. Нарық туралы ақпаратты жинау және талдау.
7. Серіктестермен үйлестірілген жұмыс.
8. Нарық туралы мәліметтердің жеткіліктілігі.
9. Жаңа міндеттерді шешу үшін қаржылық ресурстардың болуы.
Информация о работе Туристік кәсіпорынның жарнама ақпараттық қызметін ұйымдастыру және басқару