Лекция по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 20:39, лекция

Краткое описание

«Мамандыққа кіріспе» оқу курсы жоғарғы оқу орнында туризмнің болашақ менеджерінің кәсіби даярлығының бастапқы бөлігі. Аталған пәннің зерттеу объектісі – туризмнің жаһандық әлеуметтік құбылыс және бизнестің ұтымды бағыты ретіндегі мағынасы.
Пән оқытудың мақсаты – туризм теориясы негіздерін: дүниежүзілік туристік үйымның халықаралық конвециялар мен ұсыныстары аспектілеріндегі негізгі ұғымдармен терминдерді игеру.
Міндеттері: туризмнің мазмұны және негізгі ерекшеліктерімен, туристік білім беру жүйесімен таныстыру; туризм түрлерін және олардың сипаттамаларын қарастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МК Дәрістер (1).docx

— 74.49 Кб (Скачать документ)

 

Бұл айырмашылықтар еңбектің физикалық және ой-қабілетін қажет ететін, ұйымдастырушы және орындаушы, қийын және қарапайым, стереотипті және шығармашылық болып бөлінуіне байланысты. Еңбектің әлеуметтік-экономикалық бір қалыпты еместігін ажырату үшін келесі түсініктерді пайдаланады «еңбек сапасы», «еңбектің қиындығы», «еңбектің сипаты мен мазмұны».

 

Туристік кадрлардың мамандық-квалификациялық құрылымы

Бірінші топқа туризм саласының жұмысшылары жатады.Бұл тікелей туристік-экскурсиялық қызмет көрсетумен айналысатындар: экскурсия жүргізушілер, гид-аудармашылар, методист-инструкторлар, туристіп топтың жетекшілері, саяхат пен экскурсия ұйымдастырушылар, туристік клубтардың жетекшілері т.б. Бұл топтың негізгі қызметі демалыс пен туристік-ағарту жұмысын ұйымдастырумен байланысты. Ерекшелігіне қарай бұл топты екі кіші топқа бөлдік: 1) Тұрақты жұмыс істейтіндер: инструктор экскурсовод, негізгі құрамдағы туристік топттардың ұйымдастырушылары мен жетекшілері, гид-аудармашылар. 2) Тұрақты жұмыс істемейтіндер туристік-экскурсиялық қызметті сағат бойынша және негізгі жұмысынан бос кезінде көрсетеді: туристік топ жетекшілері, инструкторлар, экскурсия жүргізушілер.

Екінші топ – туризм аниматорлары. Бұл топ өз бетінше туризммен айналысатындарды, инструкторларды, аға инструкторларды,  аға инструктор-методистерді біріктіреді.

Үшінші топ - шаруашылық басшылар және басшы әкімшілік-басқару персонал: ұйымдардың, мекемелердің және бірлестіктердің сызықтық және функционалды басшылары. Негізгі қызмет әрекеті – нақты шаруашылық басқару шешімдерін қабылдау.

Төртінші топқа қонақжай индустриясының түрлі бөлімшелерінің мамандары жатады: инженерлер, инструкторлар, экономистер, бухгалтерлер,методистер, технологтар және т.б., олар өзінше 3 топқа бөлінеді: 1) халық шаруашылығының көптеген салаларына ортақ мамандар, соның ішінде туристік-экскурсиялық сала; 2) салааралық мамандар, туризмнен басқа тағыда 1-2 салада жұмыс істейтін мамандар; 3) салалық мамандар (технологиялық), тек қана туристік-экскурсиялық салаға тән.

Бесінші топ – көпшілік мамандар кадырлары: аспазшы, горничная, сантехник, даяршы, жүргізуші т.б. квалификациясы бар жұмысшылар, негізгі функциясы туристік қызмет көрсетудің технологиялық цикылын қамтамасыз ету. Бұл топта екі кіші топқа бөлінеді: квалификациясы жоқ және квалификациясы төмен (1-3 разряд). Жоғары еңбек квалификациясы бар жұмысшылар.

Алтыншы топ – қызметшілер. Ой еңбегімен айналысатын, арнайы білімді қажет етпейтін жұмысшылар кіреді: секретарь, іс жүогізуші, кассир, табель толтырушы т.б. Негізгі қызметі – іс қағаздарды, құқықтық құжаттарды, жедел-техникалық тапсырмаларды жүргізу.

Қазақстандық туризімінің мамандық-квалификациялық құрылымы қазіргі кезде қалыптасу кезеңін өтуде. Нақты нормативті-классификатормен өнделген жоқ, осы жағымен батыс аналогтарына жақын.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мамандық-кәсіби классификациясының құрылымын алғашы ұсынған кім?
  2. Классификация бойынша аниматорларға кім жатады?
  3. Сіздердің ойларыңызша жақын арада Қазақстанда кандай «туристік» мамандықтар сұранысқа ие болады?

 

№13 дәріс. TedQual UNWTO

Туристiк қызметтердiң сапасын қамтамасыз ету мәселесі туризм индустриясының қызметкерлерiнiң бiлiм сапасына тiкелей байланысты. Қазақстанда туристiк кадрларды дайындау жүйесі орта буындағы мамандар, оларды  профилдi колледждер және лицейлер дайындайды («Мейманханалық сервис» және «туризм» мамандығы), туризмның менеджерлерi мен және магистрлерді (университеттiк бiлiм)  қамтиды. Сонымен бiрге түрлi қоғамдық туристік кадрлар (туризмның түрлерi бойынша инструкторлар, туристтiк жорықтардың жетекшiлері, құтқарушылар, және тағы басқалар) туризм федерациясының қатысуымен дайындалады. Жұмыс істейтiн мамандар әр 5 жылда білімін жетiлдiру үшін курстық дайындықтан өтуге тиісті. Оны бақылау туризм саласында уәкiлеттi органға және оның бөлімшелеріне (Қазақстан республикасының Туризм және спорт министрлiгi) жүктелген.

Жоғарғы туристiк бiлiм берудің тиімділігін жоғарылату үшін кредит жүйесіне көшу ықтималын тигізеді,  еңбек нарығының конъюнктурасы өзгеруіне элективтық компоненттерді таңдау арқылы бейімдейді.

Сапалы туристік бiлiм алуды жоғарлату және алған білімді әлемнің туристік региондарында іске асыру сұрақтарына Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) үлкен көңіл бөледі.

2008-2009 жж. UNWTO стратегиясының басым  бағыты болып туризмді басқаруда  экономикалық дамудың катализаторы  ретінде оның нақты ролін жоғарлату  үшін, қазiргi технологияларды енгiзу. Ол қазіргі күні бар және  құрылып жатқан бағдарламалар  арқылы  TedQua! Application to the region of the general programme of work for 2006-2007 and identification of strategic issues for 2008-2009//Forty-Fifth meeting of the UNWTO Commission for Europe Certification, TedQual Mentoring, UNWTO Sbest Certification for Excellence in Destinations, UNWTO TedQual Volunteers, the Practicum and UNWTO Scolars. Collection of materials. - Astana: Ministry of tourism and sports of the Republic of Kazakhstan. -2006.-P.48.] іске аспақ

TedQualдың сертификациялық жүйесi Бүкiләлемдiк туристтiк ұйыммен  және Societе Generale de Surveillance (Қоғамдық зерттеудiң  ортасы) - дүниелiк аты бар сертификациялық  институтпен  бiрге жасалған.

Бұл жүйенiң мақсаты – түрлі мемлекеттерде туризм саласындағы оқу орындарында бiлiм бағдарламаларының сапасын және тиiмдiлiгiнiң жетiлдiру.

TedQual жүйесі адам ресурстарын  дамыту бағдарламасының ажырамас  бөлігі «Туристік білімнің сапасы»  дегенді білдірелі. Қазіргі күнде  Америка, Азия, Африка және Европаның 43 оқұ орындарында 80 туристік білім  беретiн бағдарламалары сертификациядан  өтті.

TedQual (Тедкуал ) сертификациялық жүйесi бiлiм сапасын қамтамасыз ететін, WTO білім кеңесіне жататын, білім  мекемелерінің эксперттерімен құрылған  уникалды жүйе. Олардың әрекеттері  арнайы Жоғары денгейдегі туристік білім бағдарламаларына бағытталған.

 

Бақылау сұрақтары

1.Не TedQualдың аббревиатурасы нені  бiлдiредi?

2. Халықаралық сертификацияны өту процедурасы қандай?

3.ТedQualдың жүйесi бойынша туристiк бiлiмнiң сертификациясын өткен елдер?

Әдебиеттiң тiзiмi:

Негiзгiсi:

1. Александрова А.Ю.Халықаралық  туризм: Оқу құралы. - М:Аспект пресс, 2010.

2. Биржаков М.Б. Туризмға кiрiспе: Оқулық. -  СПб.: Герда баспа үйi, 2004.

Қосымшасы:

1. Application to the region of the general programme of work for 2006-2007 and identification of strategic issues for 2008-2009//Forty-Fifth meeting of the UNWTO Commission for Europe. Collection of materials. - Astana: Ministry of tourism and sports of the Republic of Kazakhstan. - 2006. - сом 48.

2. www.themis.ad

 

№14 лекция. Туристік өнім теориясы

Сабақтың қысқаша мазмұны

Туристік өнім түсінігі, негізі және ерекшеліктері

Туристік өнімнің денгейлері

Туристік өнімнің бөліктері

Туристік қызметте туристік өніміне нарықта жайлы жағдай жасау

Туристік әрекетті бір жағынан туризм ұйымдастырушылардың (туроператорлар, турагенттіктер т.б.) пайдаланатын өнімді қалыптастыруы – турөнімді (ТӨ), екінші жағынан осы өнімді пайдаланатын туристердің әрекеті ретінде қарастыруға болады. Туристік өнім туристік ұсыныстың және турдың негізі болып табылады.

Туристік өнімнің дерекнамасы.

Туристік өнімнің негізгі дерекнамасы туристік ресурс дестинациясы болады.

Туристік өнімнің денгейлері. Құрылымы бойынша ТӨ бер неше өзіндік денгейлері бар. Ол өнім:

  1. қызметті, жұмысты немесе тауарды жеке шығарушылардың – пайдаланатын өнімді
  2. біртектес немесе түрлі шығарушылар тобының
  3. туристік саланың
  4. дестинация (бір неше саланың біріккен жобасы және ресурс дерекнамасы)
  5. алдындағыға ұқсас – мемлекеттің немесе аймақтың, ұлттық өнімі (жоғарғы дәрежесі).

Туристік өнімнің бөліктері:

    • туристік қызметтер;
    • туристік өнімді пайдаланған кездегі қоштайтын жұмыстар;
    • тур кезінде және турдан тыс кезде пайдаланатын тауарлар;

Тур және туристік өнім. Туристік өнім турдың негізі, оның жеке элементтері тур бағдарламасына енгізіліп ваучерге жазылуы мүмкін. Туристік өнімнің тұтынушысы туристер, экскурсанттар және осы туристік орталықтың өз бетінше немесе бағдарлама бойынша, жеке немесе топтар келушілері,  өз сипаты бойынша туристік категория қатарына жатпайтындар, мысалы жергілікті тұрғындар болып табылады.

Турөнімнің құқықтық негізі. «ҚР туристік әрекет туралы» заңында туристік өнім - «туристің саяхат кезінде қажеттілігін жеткілікті қамтамасыз ететін туристік қызметтердің жиынтығы».

Туристік өнім туризм экономикасының негізі. Дамыған мемлекеттерде туризм саласының кірісі (АҚШ, Франция, Испания) 60 млрд. USD асады.

Туризм индустриясының негізгі ерекшелігі өнімді шығаруы мен өнім өткізуі бір уақтта болады.

Туристік өнім бір жерде шығарылып сол жерде пайдаланады («тасымалдау уақтысы» нольге тең) және шығарылған уақтысында пайдаланады. (туристік өнімді артығымен шығарып, сақтап қоюға болмайды).

Келесі ерекшелігі - пайдаланған туристік өнім тұтынушының өз бойында, алған әсер, эмоция немесе түзітілген ден саулық ретінде қалады.

Турпакет – трансфер, міндетті экскурсиялық және мәдени бағдарламалар, орналастыру мен тамақтандыру

Туристік нарыққа туристердің қозғалуы, туристік-рекреациялық ресурстар, транспорттың қол жетерлігі, мауысым, мода т.б. ықпал етеді.

 

Бақылау сұрақтары

  1. Туристік өнімнің анықтамасын беріңіз?
  2. Басқа тауар мен өнемдерге қарағанда, туристік өнімнің ерекшелігі неде?
  3. Тур бағасының негізінде қандай шығындары басым болады?
  4. Қазақстанда туризмнен түсетін пайда?
  5. Қазақстандық туристік өнімінің ерекшелігі қандай?
  6. Өз туристік өнімін жайғастырғанда туристік кәсіпорын қандай тәсілдер мен әдістерді қолданады?

 


Информация о работе Лекция по "Туризму"