Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 20:39, лекция
«Мамандыққа кіріспе» оқу курсы жоғарғы оқу орнында туризмнің болашақ менеджерінің кәсіби даярлығының бастапқы бөлігі. Аталған пәннің зерттеу объектісі – туризмнің жаһандық әлеуметтік құбылыс және бизнестің ұтымды бағыты ретіндегі мағынасы.
Пән оқытудың мақсаты – туризм теориясы негіздерін: дүниежүзілік туристік үйымның халықаралық конвециялар мен ұсыныстары аспектілеріндегі негізгі ұғымдармен терминдерді игеру.
Міндеттері: туризмнің мазмұны және негізгі ерекшеліктерімен, туристік білім беру жүйесімен таныстыру; туризм түрлерін және олардың сипаттамаларын қарастыру.
Дәріс №1. Мамандыққа кіріспе
Сабақтың мазмұны
Курстың мақсаты мен міндеттері
Туризм және саяхат. Түсініктердің байланысы
Туризм анықтамасы
Туризмнің ұйымдастыру формалары және негізгі категориялары
Туристер және экскурсанттар.
«Мамандыққа кіріспе» оқу курсы жоғарғы оқу орнында туризмнің болашақ менеджерінің кәсіби даярлығының бастапқы бөлігі. Аталған пәннің зерттеу объектісі – туризмнің жаһандық әлеуметтік құбылыс және бизнестің ұтымды бағыты ретіндегі мағынасы.
Пән оқытудың мақсаты – туризм теориясы негіздерін: дүниежүзілік туристік үйымның халықаралық конвециялар мен ұсыныстары аспектілеріндегі негізгі ұғымдармен терминдерді игеру.
Міндеттері: туризмнің мазмұны және негізгі ерекшеліктерімен, туристік білім беру жүйесімен таныстыру; туризм түрлерін және олардың сипаттамаларын қарастыру.
Мамандыққа кіріспе пәнін оқыту нәтижісіндегі студент:
- туристік қызмет көрсету нарығындағы жағдайларды талдау және бағалау қағидаларын білу қажет.
1) Туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы 24 сағаттан 1 жылға дейін, немесе 24 сағаттан кем, бірақ түнеуі бар, баратын елінде (жерінде) табыс табу мақсатында емес жасалған саяхат.
2) Турист – ең болмағанда бір рет түнейтін және келу мақсатын үш топтың біреуіне: бос уақытпен демалыс, іскерлік мүдделер немесе басқа туристік мақсаттарға жатқызуға болатын уақытша келуші (ЮНВТО). Сондай-ақ тұрақтайтын орнынан 12 айдан аспайтын уақытқа баратын және мақсаты барған жерінде ақылы жүмыс істеуге болмайтын кез келген саяхатшы «турист» терминімен айқындалады.
3)Экскурсант –жеке тұлға, басқа елді мекенге, аймаққа немесе мемлекетке 24 сағаттан аспайтын туризм мақсатымен уақытша келуші.
4) Туристік әрекет – туристік қызмет көрсететін жеке немесе юристік тұлға .
5)Туристік қызмет – туристік саяхат кезінде көрсететін, туристің қажеттілігін қамтамасыз ететін қызмет және осы саяхатпен байланысты ( орналастыру, тамақтандыру, тасымалдау, экскурсиялар, туризм инстукторларының, гидттердің қызметтері және бару мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).
6) Тур – белгілі маршрут бойынша саяхаттау кезінде, белгілі мерзім аралығында, туристік қызметтердің жиынтығы.
7) Туристік ресурс – туристердің рухани қажеттілігін қамтамасыз ететін, физикалық күшін қалпына келтіріп және дамытатын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, туристік көрсетуге арналған басқа да объектілер.
8) туристік операторлық әрекет (туроператорлық әрекет) – туристік агенттіктерге және туристерге өзінің туристік өнімін ұсыну және жарнамалау үшін берілген лицензиясы бар заңды тұлғалардың әрекеті.
9) туристік агенттік әрекет – туристік өнімді сатуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлғалардың әрекеті.
10) экскурсиялық әрекет
11) экскурсия жүргізушісі
12) туризм инструкторы
13) гид
14) туристік өнімді тарату
15) туристік өнім – саяхат кезіңде туристердің қажеттілігін қамтамасыз ететін туристік қызметтердің жиынтығы.
№2 дәріс. Туризм дүниежүзілік әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде
Дәрістің қысқаша мазмұны
Халықаралық туристік алмасудың заңдылығын табу туризмді өз-ара байланысты және тарихи құрылған ұлттық және халақаралық даму факторларының үйлесу процессі ретінде қарастыру мүмкіндігін растайды. Бұл екі жақты процесс туристік байланыстардың мазмұнымен және сипаты халақаралық қатынастардың жүйесі ретінде объективті нәтижесі болып табылады.
Ұлттық және халықаралық туризмнің өз – ара байланыстылығы, олардың экономикалық және әлеуметтік аспектілері туризм жөнінде дүниежүзілік конференциясының құжатында (Манила, 1980) дәлелділігін алды. Бұл құжатта туризм дүниежүзілік дамуының маңызды көрсеткішіне айналуы жайлы айтылған. Және туризм ролі ұлттық экономикалық әрекетте үнемі өсуде.
Қазақстан егемендік алғалы бері туризм дамуында жаңа мүмкіншіліктері пайда болды. Қазіргі күні республика шетелдік туристерді тарту үшін біраз әрекеттерді жасауда, бірақ жеткіліксіз жабдықталу, тозған материалды-техникалық база, төмен сервиз және көрсетілетін туристік қызметтің бағасы жоғары болуы потенциалды туристерді кері итереді. Туризм, өте мете халықаралық, бюджетке валюта кірісін көбейтеді, жұмыссыздықты азайтады, жұмыс орны нарығын кеңейтеді, халықтың табысын және өмір сүру денгейін жоғарлатады, сонымен бірге кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына себеп болады.
«Қазақстан 2030» стратегиясында бірінші кезектегі міндетте туризм жайлы және туризм инфрақұрылымы тез арада шешілуін негізгі сұрақ ретінде қойған. Президенттің халыққа жолдауында туризм дамуының нүктелерін тауып, дамыту деген. Мысалға, таушанғы курортарын салу көзделген. Сонымен байланысты туристік бизнесті жүргізудегі жаңа технологияларды білу, коммециялық туристік әрекеттің тәжірибесін, халықаралық туризм дамуының тенденцияларын еске ала тұрып қазақстандық туристік индустрияны жоғары рентабельді қылу.
Халықаралық туристік алмасу ҚР-ың және оның халықаралық қатынастарының сыртқы экономикалық байланысының ажырамас бөлігі.
Қазақстанда және шетелде туризм дамуы, осы процесте түрлі ұйымдардың белсенді қатысуы, біздің республикада әр түрлі ұлттық және аймақтық туризм ұйымдастыруының формалары ғана емес, сонымен бірге екі жақты өзара алмасуды нығайту, қатынас және жол жүруге көңіл бөлу, екі жақты каналдар арқылы халықаралық денгейдегі қатынастарды және туристік бағдарламаларды іске асыру.
Қазір туризм индустриясы, өте мете халықаралық, толығымен қалыптасқан жоқ, ал ол, оның дамуы жаңа приоритетті жолдарды ашар еді. Көптеген Батыс мемлекеттерінде туризм қарапайым азаматтарының тұрмысына баяғыда енген. Шетелге саяхат – дағдылы құбылыс. Оған мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыты, халықтың ауқаттылық денгейі, білімнің және мәдениеттің дамуы және басқа да фактор себепші болды.
Қазақстан дүниежүзілік туристік картада әлі де «ақ дақ». 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымға (ВТО) мүше болып және Қазақстан территориясында «Ұлы Жібек жолын жанғырту және дамыту» схемасы құрылсада, олар «туристік ағымға» эффект әкелген жоқ. Бұл факттер біздің елдің шетелде, өте мете жоғары индустриалды мемлекеттерде, ақпаратың аздығын білдіреді. Оларда Қазақстан әлі де көшпенді өмір сүрет деген пікірде.
Тәуелсездік алғанша, туризм, басқа да салалар сияқты, орталықпен регламенттелген. Совет Одағының негізгі туристік аймақтары Кавказ, Крым, Балтық елдері, Ресейдің тарихи орталықтары, Орта Азия болған. Ал Қазақстанның бір қатар әйгілі архитектуралық, археологиялық ескерткіштері жарнамасыз, сұраныссыз қалған.
Туристік әрекет Совет одағы кезінде мемлекеттің жәрдем ақшасына сүйенген. 1991 жылы ТМД-да туризмге деген шығын халықтың барлық шығынының 3% құраған, бірақ ескертетіні, туризм және демалыс индустриясының қызметтері мен товарларының біраз бөлігі ақысыз немесе жеңілдікпен көрсетілген. Қазіргі күні, Қазақстан нарық қатынастарына көшкен кезде, туризм кәсіподақтың немесе өкіметтің көмегіне сүйене алмайды. Ол шаруашылық әрекетінің саласы ретінде өз бетінше дамып, экономикалық жүйеге айналу керек.
Совет өкіметі кезіндегі құрылған туристік инфрақұрылым жеткіліксіз дымып, жабдықталған, ал дәл осы уақытта онда құрылымдық өзгерістер жүріп жатыр. Туристік объектілер жекешендірілген немесе шетелдік капиталдың қолында.
Экономикалық көз қарастан туризм ерекшелігі оның өмірге сұраныстың жаңа формаларын тартуы. Кез келген сұранысты қамтамасыз ету үшін лайықты тауар және қызмет көрсетуді өндіруін қажет етеді. Сонымен, сұраныс және ұсыныс жалпы товардың және қызметтің жиынтығына жатады.
Туристік тұтыну мобилдығымен ерекшеленеді, ол тұтыну шығынын туристің уақытша тұратын немесе болатын жеріне көшуі. Тұтынудың мұндай түрі товардың және қызметтің тиісті жиынтығын, бағаның икемділігін қажет етеді. Туристік тұтынудың мұндай ерекшелігін білу туристің қажетті сұранысын ұсыну және керекті көлемде, керекті орында қамтамасыз ету үшін қажет.
Ұсыныс бар жерде, сұраныста болады. Қызмет көлемінің жеткіліксіздігі кез келген аймақта туристік индустрияны құруды шектейді. Басқа жағдайда, бар ұсыныс ол жаңадан пайда болып немесе аз мөлшерде болсада, тез арада жергілікті орынға туристік өзгешелік береді.
Қазақстанда, тәүелсіздік алғаннан кейін көптеген туристік фирмалар және агенттіктер пайда болды. Алғашында олардың ұсынысы шектелген, шамалы ғана болатын. Жылдан жылға, тәжірибе жинап және қаржы базасын нығайтқан кейбір турфирмалар түрлі қызметті ұсына бастады (мемлекет саны көбейді, виза, паспорт алу формалары жеңілдетілді т.б.). Қазіргі күнде біз сұраныстың да, ұсыныстың да үнемі өсуін байқаймыз, бұл тенденция жақын арада сақталады.
Бақылау сұрақтары:
№ 3 дәріс . Туризмнің әлеуметтік тарихи тамыры
Сабақтың қысқаша мазмұны
Рекреациялық мүмкіндік (потенциал) дегеніміз - белгілі бір территорияда рекреациялық шаруашылықты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға болатын табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және т.б. алғы-шарттардың жиынтығы. Территорияның рекреациялық мүмкіншілік түсінігін "рекреациялық шаруашылықты жүзеге асыруға болатын қолайлы жағдайлар мен факторлар жиыны" деп қарастыруға болады.
Рекреациялық мүмкіндік негізін құраушы бөлік "туристік-рекреациялық ресурс" болып табылады, оның ішіне демалыс пен туризмді дамыту мен ұйымдастыруға негіз болып табылатын, өзіндік тартымдылығымен, тарихи және көркемдік құндылығымен ерекшеленетін, қоршаған орта компонентері мен антропагендік шаруашылық обьектілерін жатқызуға болады. Туристік-рекреациялық ресурс, территорияның туристер тарапынан қызығушылығына (аттрактивтілік) боялаған жағдайда ғана "туристік құндылыққа" ие болады. Туристік территорияның құндылығы (дамыту мүмкіндігінің алғы-шарты) - туристер тарапынан қызығушылық танытатын, жеке немесе қосалқы түрде ұйымдасқан, қоршаған орта мен адам қолымен жасалынған элеменнтердің бар болуы. Бірақ, табиғи және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, демалыс пен туризмге жарамды территориялардың бар болуы, әр уақытта туристік-рекреациялық ресурс ретінде қарастырыла берілмейді. Аталған элементтердің негізгі туристік ресурсқа бағытталуының көрінісі, технологиялық жағынан жетілген, қоғамдық еңбек бөлінісі тарапынан зерттеуге кеткен шығын мөлшерін, туристік қызмет көрсетуге лайық болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Туристердің қажеттіліктері мен талғамдарына байланысты, туристік құндылықтарды келесідей бөліп қарастыруға болады:
Туризм географиясының мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан географиялық орта кеңістігінде шешу жолында таксономия үлкен рөл атқарады.
"Туристік жергілікті орын (местность) - туристік құндылық, инфрақұрылым және көліктік қолайлығы жағынан туристік миграцияның кезеңін немесе пунктін құрайтын жайылым көрсеткіші (қала, аудан, ауыл).
Географиялық ландшафтық белдеу орнына байланысты: таулы, теңіз жағалауы, көлдің жағалауы және т.б. болып бөлінеді. Туристік құндылығы, атқаратын қызметіне және туристік шаруашылықты жүргізу түріне байланысты: а) демалыс орны; б) курорт; в) танымдық туризм орындары; г) транзиттік туризм орындары (мысалы, шегаралас аудандар) болып жіктеледі.