Лекция по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 20:39, лекция

Краткое описание

«Мамандыққа кіріспе» оқу курсы жоғарғы оқу орнында туризмнің болашақ менеджерінің кәсіби даярлығының бастапқы бөлігі. Аталған пәннің зерттеу объектісі – туризмнің жаһандық әлеуметтік құбылыс және бизнестің ұтымды бағыты ретіндегі мағынасы.
Пән оқытудың мақсаты – туризм теориясы негіздерін: дүниежүзілік туристік үйымның халықаралық конвециялар мен ұсыныстары аспектілеріндегі негізгі ұғымдармен терминдерді игеру.
Міндеттері: туризмнің мазмұны және негізгі ерекшеліктерімен, туристік білім беру жүйесімен таныстыру; туризм түрлерін және олардың сипаттамаларын қарастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МК Дәрістер (1).docx

— 74.49 Кб (Скачать документ)

       Ұйымдық-орталықтанған кезең (1930-1970жж).

       1927 жылы  Мәскеуде Ресейлік туристер қоғамы (РТҚ) өз жұмысын қайта бастады, бірақ конференциядан кейін ол  Пролетерлық туризм мен экскурсия  қоғамы (ПТЭҚ) деген атқа өзгертілді. Қоғамның өзінің нақты ұйымдастырылған  құрылымы болды: әр мекемеде құрылған  филиалдар, қоғам құрамына кірген  бөлімшелер.

       Туристік-экскурсиялық  жұмыс кезінде олар еңбекшілер  тілектеріне бағытталды. Шаңғы және  жаяу туризм, өзіндік туризм ерекше  сұранысқа ие болды.

        ПТЭҚ  елдегі туристік-экскурсиялық жұмыстардың 90% іске асырды. Қоғам қызметі  тек қана ересектер туризмін  қамтыған жоқ. 1929 жылы қоғам жанында  балалар туристік-экскурсиялық бекеттері  құрылды.

        Дегенмен  де туристік қозғалыста қиындықтар  туындап, кедергілер пайда бола  бастады: туристік-экскурсиялық қозғалыс  өсуі мен материалдық база  арасындағы сәйкессіздік, туризм  бойынша білікті мамандардың  жетіспеушілігі.

        Осы  кезде еңбекшілер арасында екі  негізгі бағыт пайда болды: өзіндік  туризм саясында еңбекшілердің  саяхаты, жоспарланған туристік-экскурсиялық  саяхаттар. Екі бағыт та ары  қарай даму үшін шарттарды  қажет етті.

        Туризмнің  даму кезеңі, яғни 1936-1970 жылдар басқаруға  жаңа ұйымдастыру формаларының  енуімен сипатталады. 1936 жылы ПТЭҚ  өз ісін тоқтатты, ал барлық  мүлік туризм мен экскурсия  саласындағы қызметтермен айналысатын  Туристік-экскурсиялық басқармаға (ТЭБ) өтті.

        ТЭБ  басқаруында барлық материалды-техникалық  база мен халықты туристік-экскурсиялық  өызметпен қамтамасыз ету болды.

        1937-1940 жылдары туризм құрылымына кешенді  қайта құру жасалынды, оның негізінде  капитал салуды, кадрларды, рекреациялық  қызмет географиясын мемлекеттік-партиялық  қатаң жоспарлау. 1940 жылы ерекше  сіңірген еңбегі үшін туристік  атақ енгізілді. Құрметті туристер  «КСРО туристі» белгісімен марапатталды.

        Соғыстан  кейінгі уақытта туристік-экскурсиялық  мекемелер жүйесі қалпына келтіріліп, реттеле бастады. Бірақ бұл үрдіс  өте жай іске асты.

        Туристік  шаруашылықтың жандануы соғыстан  кейінгі алғашқы жылдары-ақ басталды. Соғыс кезінде әскери ұйымдар  орналасқан Сочи, Грузия, Оралда  базаларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1946 жылы Калинин облысында және  Эстонияда, 1947 жылы Краснодар өңірінде, 1948 жылы Бақшасарай, Ленинград облысында  жаңа базалар ашыла бастады. Жыл  сайын туристік мекемелер саны  өсіп отырды. Осы уақытта спорттық, өзіндік, отбасылық, балалар туризмі  кең сұранысқа ие болды.

        Жастар  халықаралық туризмін дамыту  мақсатында 1958 жылдың маусымында  «Спутник» халықаралық жастар  бюросы құрылды. Бюро КСРО жастар  тобын басөа елдермен тәжірибе  алмасу жұмытарымен айналысты. Бірақ 1960 пен 1970 жылдар аралығында КСРО  азаматтарының тек 0,4% пайызы шет  елге саяхатқа шыққан.

        1960 жылдардың  басында туристік іс-әрекет белсендіріле  бастады. Сондықтан туризм бойынша  кеңестер құрылды.

        1960  жылдан бастап демалыс және  мецрам күндеріндегі туристік-экскурсиялық  демалыс кең тарала бастады, темір  жол саяхаттары ұйымдастырылды. Туристік іс-әрекеттің барлық  түрлері мемлекет және кәсіподақ  қолдауымен дамыды.

        Жоспарлы  туристік саяхаттарды дамытумен  Туризм және экскурсия бойынша  орталық кеңесі айналысты.  Жалпыодақтық  маңызға ие маршруттық жолдамалар  шығарды. Ал республика, өңір және  облыстық туризм және экскурсия  кеңесіндегі маршруттар жергілікті  маңызға ие болды.

        Соғыстан  кейін қалпына келтіруден басқа  Ұйымдастыру-орталықтандыру кезеңі  мынадай да ерекшеліктерімен  сипатталады:

  • рекреациялық туризм үшін материалдық базаны құру (демалыс үйлері, санаторийлер, пионер лагерлері)
  • шығу туризмін шектеу

      Әкімшілік-нормативтік кезең (1970-1990жж)

      Бұл кезеңдегі  туризмнің дамуы орындалуы міндетті  жоспарларға сәйкес іске асты. Олар ұзақ мерзімдерге арналды, туризмнің жоғарғы органдарымен  бекітілді. Туристік индустрия мен  қызмет көрсетуді дамытудағы  жоспардың нормативтік көрсеткіштері  қатаң бақылауға жатты.

      Туризм  жастарға деген тәрбие құралы  ретінде қарастырылды. Осылайша, 1970 жылдары жалпыодақтық жастар  мен оқушылар экспедициялары  мен саяхаттары іске асырылды. Бұл шаралардың негізгі мақсаты  патриоттыққа тәрбиелеу, экскурсия-өлкетану  жұмыстарына үйрету, спорттық жаттығу  болып табылды.

       Осы  уақыттан бастап демалыстың жаңа  формалары енгізіле бастады. Кейбір  турбазалар балалар мен ата-аналарын  бірге қабылдай бастады. Туристік  шаруашылықта туристік қызметтер  ассортименті артты.

       Туризм  және экскурсия орталық кеңесі (1969 жылдан бастап осылай атала  бастады) Туристік-экскурсия жұмысшыларының  біліктілігін арттыру орталық  курсын және туристік және  экскурсиялық қызмет бойынша  әдістемелік әдебиеттер шығаратын  «Турист» жарнама-ақпараттық бюросын  ашты. Негізгі бағдар сол кездегі  жұмыс істеп тұрған қонақ үйлер  мен кемпинг, базаларға аударылды.

      Туристік-экскурсиялық  іс-әрекет қызмет көрсету саласының  үлкен бөліміне айналды. Маршруттар  дамыды, транспорт саяхаттары ұйымдастырылды: теплоход, темір жол, әуе саяхаты.

      Болашақтағы  құрылыс жоспарларында негізгі  назар үлкен туристік кешендерге  бағытталды. Олар: құрамында қонақ  үй, турбаза, кемпинг, қоғамдық тамақтандыру  орны, дүкендері бар туристік  кешендер.

       1980 жылдардағы  туристік ұйымдардың қызметінің  маңызды бағыты республика, облыс, өңірлердегі туристік- экскурсиялық  мүмкіндіктерін зерттеу болатын.

       1980-1992 жылдар  аралығында емдік-сауықтыру мекемелерінің  иатериалдық-техникалық базалары  өсті, ірі қалаларда қонақ үй  кешендері пайда болды (Мәскеуде  «Измайлово» және «Салют», Кисловодскте  «Велинград» т.б.). Санаторий, демалыс  үйлері базасында рекреациялық  қызмет өте жақсы болды.

       Әкімшілік-нормативтік  кезеңнің негізгі ерекшелітері  мынадай:

  • қатаң норматив пен жоспарлау шартындағы туризмнің дамуы;
  • қызметтің жаңа түрлерінің дамуы (отбасылық демалыс, курстық емдеу)
  • ірі және комфортты қонақ үй кешендерінің салынуы
  • туризмді оқудың ғылыми негізінің қалануы

     Өтпелі кезең (1990ж)

     Туризм дамуының  бұл кезеңі әкімшілік бақылау  кезеңінен кәсіпкерлік және нарық, туристік іс-әрекетке бағытталған  жаңа заңдарға негізделген экономикалық  тұрақтылыққа өтумен сипатталады.

     Өтпелі кезең  ерекшеліктері:

  • монополиялық  шаруашылықтан көпдаралыққа өту;
  • жаңа заңдар негізінде туристік нарықты құрастыру;
  • жаңа экономикалық және құқықтық қатынастар негізінде туристік ресурстарды пайдалану;
  • туризм материалдық базасының қажетсіздігі;
  • көптеген кіші және орта туристік мекемелердің пайда болуы;
  • шығу туризмінің дамуы, соның ішінде шопинг мақсатында.

      Бақылау сұрақтары:

  1. Ресейдегі туризм дамуында қай кезеңді атап өтуге болады?
  2. «Совтур» акционерлік қоғамы қай жылдары жұмыс атқарды?
  3. Қазақстан туризмі дамуында ПТЭҚ рөлі?
  4. КСРО-да спорттық туризм қай жылдары жаппай маңызға ие болды?
  5. Қазақстандықтардан ең алғаш әлемге саяхат жасаған кім?

 

 

№ 11 дәріс. Туризмнің белсенді түрлері

Сабақтың қысқаша мазмұны

1. Белсенді саяхат түсінігі

2. Спорттық туризмнің  түсінігі

3. Қазақстан Республикасында  туристік спорттық жорықтарды  өткізу ережелері.

Белсенді туризм физикалық күшті қажет ететін және кез келген туристің қолы жетпейтін демалу мен саяхаттың, сауықтырудың, спорттың түрлері (жарға шығу, спорттық ойындар, ағысы қатты өзендерде плотпен жүзу, су асты туризм, сафари т.б.).

ХХ ғ. аяғында дамыған елдердің туристік нарығында тұтыну моделінің бағыты өзгерді. Демалыс кезінде уақытты белсенді өткізу тенденциясы пайда болды.Туризм спорттың кейбір түрлерімен біріге бастада. Спорттық туризмнің классикалық түрлері, мысалы тау шанғысы мен  қатар, экстремалды түрлері пайда болды – фрирайд, кайтсерфинг, вота-баг т.б. Олардың географиясы ары кеңеюде. (Александрова 542 бет)

Қазақстан үшін белсенді туризм дамыту ұтымды, UNWTO эксперттерінің пікірі бойынша алдымыздағы 15-20 жылда туризмнің бұл бағыты сұранысқа ие болады.

Спорттық туризм, туристік әрекеттің бірі; спорттық мақсаты басым туристік шараны қамтиды. Совет одағында спорттық туризм дамуының ерекшелігі бар.  Егер АҚШ, Канада, Европа мемлекеттерінде туризмнің бұл түрлері болғанымен спорт түріне жатпайды. Бұл мемлекеттерде спорттық командалар құрылмайды, ТМД елдеріндегідей жарыстар өткізілмейді. Шет мемлекеттерде туризмнің бұл түрін оқиғалық туризм,  «жабайы» табиғат территорияларында саяхаттау, скаут қозғалысы түрлеріне жатқызады.

Спорттық туризммен айналысатындар, спорттың басқа түрлерімен айналысатындар мен қатар өз спорттық шеберлігін дамытуына талпынады (спорттық разряд, атақ алу). Бірақ туризмде спорттық шеберлігінің  өзіндігі бар, ол жорық маршрутын өту үшін түрлі туристік техника мен тактиканы пайдалана алуы.

     Рекреациялық  туризмнің денсаулықты жақсарту  факторлары спорттық туризмгеде  тән. Рекреациялық-сауықтыру бағыттағы  шара жиі жарыс түрінде өткізіледі, қозғалу техникасы мен сақтандыру  элементтерін пайдаланады.

 

Кесте – спорттық және рекреациялық туристік шараларының айырмашылығы

 

Шараның белгісі

Рекреациялык туризм

Спорттық туризм

Басты мақсаты

Демалыс пен денсаулықты жақсарту

Маршрутты өту және спорттық шеберлігін жоғарлату

Қатысушының физикалық белсенділігінің денгейі

Физикалық рекреациямен шектеледі

Физикалық рекреацияның шекарасынан шығады

Жаттығу процессі

Қатысушылардың арнайы жаттығуын қажет етпейді, немесе денсаулықты жақсартатын жаттығулармен шектеледі

Арнайы спорттық-жаттығу процессін қажет етеді

Қауып-қатер денгейі

әдеттегідей

Жоғары

Іске асыру ережелері

Шараларды іске асырудың нақты талаптары жоқ

Туристік спорт түрлерінің ережелері және разрядтық талаптар


 

Спорттық туризм спорттың басқа түрлерімен байланысты: ориентирование, су слаломы, альпинизм, шанғы спорты т.б. Спорттық туризмде кейбір спорт түрлерінің техникасы пайдаланады. Спорттық тәжірибе жиналуының негізінде спорттық разряд және атақ беру спорттық туризмгеде тән.

 

№12 лекция. Туризм және экскурсия ісіне мамандарды дайындау жүйесі

Макроденгейде кәсіби әрекеттің құрылымы түрлі әдісте беріліуі  мүмкін. Туристік қызмет көрсетудің толық технологиясын іске асыру үшін,   ең толық қалпында ол жұмыс орнын сипаттау арқылы көрсету қажетті.

Кәсіби-квалификациялық құрылым туристік шаруашылықты қайта құру нәтижесінде шаруашылық механизімін, туристік нарықтың динамикасын, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін туристік тәжірибеге енгізу арқылы қалптасады.

Туристік-экскурсиялық ұйымдарда кәсіби-квалификациялық топтарды бөлудің негізінде  туризмде жұмыс етушілердің  еңбегінің бір қалыпты болмауы. Кәсіби әрекеттің құрылымының ең негізгі сипатамасы туризм кадрларының кәсіби-квалификациялық құрылымы болады, ол туристік ұйымның және туристік әрекеттің территориялық мамандануымен анықталады. Туристік әрекеттің территориялдық  түрі болып аймақтық туристік жұмыс орндарының туристік қызмет көрсетудің түрлі сегменттерінде орналасу заңдылықтарымен түсіндіріледі: қонақжай индустриясы, экскурсиялық және туристік бюро.

В.А. Квартальнов туристік-экскурсиялық мекемелерде жұмыс істейтіндердің алты кәсіби-квалификациялық топтарын ажыратады.

 

Топтар

Кіші топтар

  1. Туризмде жұмыс істейтіндер

Тұрақты жұмыс істейтіндер

Тұрақты жұмыс істемейтіндер

2.Туризм аниматорлары

Өз күштерімен ұйымдастыратындар

экскурсоводтар

гидтер

  1. Шаруашылық басшылар

Сызықтық (топ-менеджер)

Функционалдық (менеджерлер)

  1. Мамандар

Алмаспайтын (сквозной)

Салааралық

  1. Көпшілік мамандық кадрлары (жұмысшылар)

Квалификациясы төмен

квалификациясыз

маман

Жоғары маманданған

6. қызметкерлер

Информация о работе Лекция по "Туризму"