Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 20:39, лекция
«Мамандыққа кіріспе» оқу курсы жоғарғы оқу орнында туризмнің болашақ менеджерінің кәсіби даярлығының бастапқы бөлігі. Аталған пәннің зерттеу объектісі – туризмнің жаһандық әлеуметтік құбылыс және бизнестің ұтымды бағыты ретіндегі мағынасы.
Пән оқытудың мақсаты – туризм теориясы негіздерін: дүниежүзілік туристік үйымның халықаралық конвециялар мен ұсыныстары аспектілеріндегі негізгі ұғымдармен терминдерді игеру.
Міндеттері: туризмнің мазмұны және негізгі ерекшеліктерімен, туристік білім беру жүйесімен таныстыру; туризм түрлерін және олардың сипаттамаларын қарастыру.
"Туристік орталық" - шоғырланған туристік-рекреациялық ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсету комплексі ұйымдастырылған тұрғылықты орын, жер учаскесі, табиғи обьект және т.б. болып табылады. Аталған комплекс құрамына туристерді орналастыру мекемелері (турбаза, қонақ үй, пансионаттар және т.б.), тамақтандыру, сауда-саттық орындары, спорттық ғимараттар, экскурсиялық және тағы басқа туристік қызмет көрсету орындары кіреді. Туристік орталықтар дәрежесіне қарай (халықаралық, мемлекеттік, аудандық, жергілікті), функционалдық бағытына қарай (емдік, сауықтыру, танымдық, комплексті) және басқа да көрсеткіштер бойынша бөлінеді.
"Туристік аудан" - туристік функциясы басым болып келетін немесе елеулі орын алатын, туризмді дамытуға қолайлы табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі бар, салалық экономикалық аудан. Аудандарды деңгейіне байланысты - жергілікті, облыстық, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық туризм деп бөлуге болады. "Рекреацияның шаруашылық потенциалы" немесе "демалыс пен туризмнің материалдық-техникалық базасы" анықтамалары, рекреациялық география және туризм географиясында да күрделі және ауқымды түсініктемелер мен талдауларға ие (кей ғалымдар оны "туризм инфрақұрылымы" деп те атайды). Бұл, ең бастысы, демалушыларға тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру, сату және ұсыну арқылы жүзеге асырылатын негізгі фонд, қолайлы рекреациялық жағдай жасауға тікелей араласпайтын қосымша еңбек бөлінісі.
"Түнеу орны" - туристік шаруашылықтың негізгі элементі, оның ішіне туристердің түнеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасайтын обьектілер мен құрылғылар жиынын жатқызуға болады. Оны екі түрде қарастыруға болады: түнеу мекемелері (қонақ үйлер, турбазалар, демалыс орындары, пансионаттар, мотельдер) және лагерлер (кемпинг, палаталар қалашығы). Қолданыс ерекшелігіне байланысты: жыл бойғы және маусым аралық; қызмет көрсету жағынан - ашық (бәріне қол жетерлік) және жабық (арнайы тұтынушылар тобы). Түнеу орындары мемлекеттік немесе жекеменшік (тұрғылықты халықтың пәтерді жалға беру) болуы мүмкін.
Туристер мен демалушылардың тамақ пен сусындарға деген сұраныс- қанағаттарын өтеуге "тамақтандыру орындары" көмектеседі, оның ішіне мейрамхана, кафе, бар, буфет, асхана және т.б. кіреді. Түнеу орындары сияқты жыл бойғы немесе маусым аралық болып бөлінеді; қызмет көрсету жағынан - ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, жекеменшік немесе өзге меншік басшылығында болуы мүмкін.
"Коммуникациялық база" негізінен көліктік қызмет көрсетумен байланысты. Көліксіз туристік қызметті ұйымдастыру өте қиын, жаяу туризмді есепке алмағанда. Соңғы кездері, туризм саласында ақпаратық байланыс жүйесі ерекше рөл алуда, оның өсу қарқына жаһандық тұрғыда кеңею үстінде.
"Қосалқы қызмет базасына"
туристерге келесі негізгі
"Туристік территория немесе объект сыйымдылығы" - түнеу орнының (түнеу орындарының саны), тамақтандыру мекемесінің (ас мәзірі берілетін орындар саны) және қосалқы қызмет базасының (орындар саны немесе аудан көлемі) жалпы сыйымдылығы негізінде анықталатын, туристік базаның жекелеген объектілерін бір мезетте қолдана алатын, туристік ағымға қатысушылардың жалпы саны.
Туризм географиясының негізгі түсініктерінің біріне, тұрғылықты жердің немесе объектінің "туристік аттрактивтілігі" (тартымдылығы) кіреді. Туризмнің көптеген түрлері мен формаларына байланысты бұл түсініктің құрылым өте күрделі болып келеді. Туристік аттрактивтілік "туристік ұсыныс" түсінігімен көп ұқсастықтары байқалады.
Қорытынды сұрақтар:
СӨЖ тапсырмасы: Туристік іс-әрекеттің әлеуметтік-экономикалық аспектілері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
Қосымша:
Лекция 4. Әлемдік туризм индустриясының жалпы сипаттамасы
Сабақтың қысқаша мазмұны
Кез-келген экономикалық шаруашылық, белгілі туристік тауар мен қызмет көрсету көлемі мен түрінің өндіруге кеткен уақытпен, өндірілетін орнымен және тағы басқа шаруашылық факторлары көрсеткіштерімен анықталады. Өндірілетін тауар және көрсетілетін қызметтер адамдардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталуы қажет, қарастырып отырған жағдайда, туризмдегі қажеттіліктерді.
Туристік қызмет көрсету жүйесін, халық шаруашылығына кіретін басқа да бір сатылы жүйелердің қатарында қарастыру керек. "Халық шаруашылығы" жүйесі тұтынушылардың туристік туарлар мен қызметтерге қажеттіліктері мен сұранысын қарастырады, туризм индустриясының қаржылық, материалды-техникалық, еңбек ресурстары, құқықтық тұрғыдан дамуын айқындайды, басқа да жүйелермен қатынасын реттеп отырады.
Турист энциклопедиясы (М., 1993 ж) келесі анықтаманы ұсынған: "Туризм индустриясы - туристік-экскурсиялық ресурстарды зерттеп, жүзеге асыратын, туризм базасының материалды-техникалық тұрғыдан құрастырылуын, туристерге арналған туарлар мен қызметтерді өндіру, сұрыптау, айырбас және тұтынуды қамтамасыз ететін, өндірістің материалды және материалды емес саласында жұмыс жасайтын мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдардың жиынтығы. Негізінен алғанда, туризм индустриясындағы мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар 3 топқа бөлініп қарастырылады:
Халықаралық Ресей туризм академиясы даярлап шығарған "Менеджмент туризма" оқу құралында (М., 1996 ж) келесідей анықтама берілген: "Туризм индустриясы - бос уақытта, адамдардың кез-келген және әр дайым өсіп тұратын демалыс пен ойын-сауықтыруды қанағаттандыруға бағытталған мақсатын көздейтін, салааралық және кәсіпорындар тобынан құралған, ірі жеке дара шаруашылық комплексі".
Туризм индустриясында, тауарлар мен қызмет түрлерін өндіріп шығаратын мекемелерге:
Туризм индустриясының өзіне тән 3 ерекшелігі бар: біріншісі, туристік кәсіпорындарды ұйымдастырып, орналастыруда ресурстарға тәуелділік, екініші, туристік тауарды өндіруде маусымдылыққа тәуелділік, үшінші, жалпы инфрақұрылым даму деңгейінің жоғары талаптарға сәйкес келуі, соның ішінде ақпараттық және әлеуметтік.
Туризм индустриясының негізгі ерекшелігі - тауарды өндіру мен сатудың бір мезетте жүргізілуі. Бұл дегеніміз, туристік қызмет (турөнім) бір жерде өндіріліп, сол жерде пайдаланылады, тасымалдау уақыты нөльге сәйкес келеді. Оның екінші ерекшелігі, турөнім болашаққа қажет қор ретінде өндірілмейді, болашақта оны сатуға немесе сақтап қоюға болмайды. Сондықтан да, турөнімді дер кезінде өндіріп, сол мезетте сатып отыру қажет.
Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекшелігі, тұтынушыны өндіріс объектісіне қызмет көрсету аясынан бұрын тасымалдау. Турист өндірілген турөнімді айналмалы түрде "өзінде" сақтайды: саяхаттан алған жақсы әсерлері, денсаулығының түзелуі, жаңа білімдер мен дағдылардың пайда болуы, жаңа ақпараттар мен кездесулер, адамдармен қарым-қатынасы және т.б.
Рекреациялық және туристік ресурстар ұғымдары бір-біріне ұқсайды, алайда, біріншісі ауқымды мағынаны қамтиды, ал екіншісі соның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Туризмнің ресурстық диапозонына көптеген объектілер кіреді: таулар, өзен-көлдер, ормандар, архитектуралық ғимараттар, өндірістік-шаруашылық құрылыстар.
Рекреациялық бағалауға тұрарлық тек қана табиғи ресурстар ғана жатпайды, сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық ресурстар (тарихи-танымдық ескерткіштер, қаражат, материалдық және еңбек ресурстары). Олар жеке дара туристік ағымды тартушы ресурстар бола алады.
Территориялық классификацияның анықтаушы формасы ретінде, туристік аудандастыру, туризм географиясының негізгі теориялық және методологиялық шешілмеген мәселелерінің бір бөлігін құрайды.
Туризмнің тағы бір ерекшелігі - оның маусымдылыққа тәуелдігі. Ол туристік қызмет көрсету нарығында мекеменің жұмыс істеу стратегиясы мен тактикасына әсер етеді. Стратегиялық тұрғыдан, маусымдылық, туристік өнімге деген сұраныстың төмен немесе жоғарлау көрсеткішіне ықпал етеді. Тактика, сұраныс жоғарлаған маусым кезінде, мекеменің нарықта өзін белсенділік таныту керектігін айқындайды.
Қорытынды сұрақтар:
СӨЖ тапсырмасы: Туристік нарық құрылымы. Қонақ үй торлары. Туристер көп саяхаттайтын елдер. Туризмдегі маусымдылық
№5 дәріс. Туристік шаруашылық
Сабақ мазмұны
Туристік шаруашылық (ТШ) - туристердің келуімен ынталандырылатын экономиканың әр секторларының кешені (іс-әрекет бағыттары). Тікелей ТШ тек қана туристерге қызмет көрсетуге бағытталған нысандар және мекемелер (туристік қонақ үйлер, турбазалар, арнайы туристік көлік, туристік орталықтарында тамақтану мекемелер, т.б.). Жанама ТШ туристік емес (жалпы), бірақ туристермен пайдаланылатын нысандар және мекемелер (жалпы мемлекеттік көліктік магистральдар, коммуникациялар, мейрамхана жүйесі, дүкен, мәдениет мекемелері, тұрмыс жүйесі және т.б.). Функционалды белгілер бойынша бұл кешен төрт базаға бөлінеді: түнеу (орналастыру), тамақтану, коммуникация және қосалқы базалар.
Туризмді басқару және туристік іс-әрекетті ұйымдастыру мемлекет дәрежесінде - туризм бойынша үәкілетті орган (ұлттық туристің әкімшілік) және басқа да жергілікті бөлімшелерде (аймақтарда) жүзеге асырылады . Сонымен қатар, туристік салада болып жүрген өзгерістер мен процесстерге халықаралық және жергілікті қоғамдық туристік ұйымдар әсер етеді.
Ұлттық туристік әкімішілік (ҰТӘ) іс-әрекеті. ҰТӘ - туристік іс-әрекетті реттеуші басты мемлекеттік орган. Әлемнің әр мемлекеттегі ҰТӘ маңызы және іс-әрекет қағидалары.