Лекция по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 20:39, лекция

Краткое описание

«Мамандыққа кіріспе» оқу курсы жоғарғы оқу орнында туризмнің болашақ менеджерінің кәсіби даярлығының бастапқы бөлігі. Аталған пәннің зерттеу объектісі – туризмнің жаһандық әлеуметтік құбылыс және бизнестің ұтымды бағыты ретіндегі мағынасы.
Пән оқытудың мақсаты – туризм теориясы негіздерін: дүниежүзілік туристік үйымның халықаралық конвециялар мен ұсыныстары аспектілеріндегі негізгі ұғымдармен терминдерді игеру.
Міндеттері: туризмнің мазмұны және негізгі ерекшеліктерімен, туристік білім беру жүйесімен таныстыру; туризм түрлерін және олардың сипаттамаларын қарастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МК Дәрістер (1).docx

— 74.49 Кб (Скачать документ)

Заң бойынша, үәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Өкіметімен бекітілетін туристік іс-әрекет саласында мемлекеттік басқару функцияларын орындайтын орталық атқарушы орган.

Қазіргі таңда туризм

Көлік қызметі  (әуе жолдары, көлік тасымалы, темір жол, жолаушы немесе круиз кемелері). Туристік көлік - туристерді тасымалдауға арнайы жабдықталған көлік құралдары және жалпы көлік, оның ішінде қоғамдық көлік. Туристердің қозғалыс құралдары: адамның бұлшық күшін (қайық, велосипед), жануарлардың күші (піл, түйе, жылқы), жергілікті құралдар (қозғалыстың механикалық түрлері: автомобиль, темір жол), әуе және ғарыш құралдары , мотор және желкен қайығы, су асты кемелері, т.б. Жұмыс кезеңдері бойынша бөліп көрсетуге болады: трансфер (туристерді негізгі/магистральды тасымалдаушыға жеткізу, әуежай/вокзал терминалынан отелге жеткізу), туристерді алыс қашықтыққа жеткізу және дестинация шебіндегі жергілікті тасымал, қозғалыс құралы түнеу құралы да болатын көлік сапарлары, экскурсиялық маршруттағы тасымал, шоппинг турларға арналған жүк сапарлары.

Орналастыру индустриясы жеке ұйым орналастыру құралдарымен анықталады: отелдер, қонақ үйлер, пансионаттар, жастар хостелдері, апартамент, жалға алынған пәтерлер. Туристерді қабылдау бойынша туристік орталық немесе аймақ потенциалын сипаттауға пайдаланылатын басты көрсеткіштердің бірі - төсек-орын саны. Кең таралған жүйелердің бірі - қонақ үй классификациясының француз жүйесі, жүйе бойынша "жұлдыздар" деп  комфорт деңгейі бойынша категорияларға бөлу көзделген. 5 жұлдыз категориясы ең жоғары комфортпен сипатталады.

Туристерді орналастыру құралдары туристерге тұрақты немесе уақытша түрде түнеуге орынды беретін  кез-келген нысандар. Қосымша шарт ретінде көрсетіледі: 1) түнеу орындарының жалпы саны кейбір минимумнан асады (Қазақстан мен Ресейде 10 орын), 2) орналастыру нысанының басшылығы бар, 3) нысанды басқару коммерциялық негізде жүзеге асады. ДТҰ ұсыныстары бойынша орналастыру құралдары екі категорияға бөлінеді: ұйым және жеке құралдары.

Тамақтану құралдары үш белгі бойынша классификацияланады: белгілі бір іс-әрекет түріне жатқызылуы, қатысу формасы, тағам өнімдерін шығарудағы маңызы. Қоғамдық тамақтану жүйесі туристік орталықтың немесе аймақтың туристердің және жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын әр түрлі класстағы бар, кафе, мейрамхана, асхана, жедел тамақтану және өз-өзіне қызмет көрсету орындарымен анықталады. Тамақтану түрлері: таңғы ас, жартылай пансион, толық пансион. Еуропалық стандарт бойынша таңғы ас қонақ үй номер құнына кіргізіледі.

Турға тікелей немесе қосалқы түрде кіретін ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған белсенді немесе пассивті ойын-сауық түрлері саяхат түріне, туристер контингентіне байланысты. Аттракцияға туристік-экскурсиялық қызмет, көңіл көтеру іс-шаралары (фестиваль, шоу, концерттер), спорт іс-шараларына қатысу, дүкендер, ойын кешендеріне қатысу.  Көңіл көтеру мақсатында әр түрлі аттрактивті кешендері бар тақырыптық парктер салынады.

Туризм инфрақұрылымы ретінде құрылыс кешендерін, инженер және коммункиация жүйелері, оның ішінде телекоммуникация байланысы, жолдар кешендерін қабылдайды.

Халықаралық келесімдер, келу мемлекеттің (аймақ) заңнамасына сәйкес  туроператор немесе турагент туристік шетелге шығу жолдаманы тек қана өмір және денсаулықты сақтандыру туралы күәлікті рәсімдеген кезде туристерге ұсына алады. Туризмдегі сақтандыру туристер медициналық көмегін және олардың белгілі бір мемлекетте (орталықта) келу кезінде қауіп жағдайы туындаған кезде шығындарды өтейтін сақтандыру полисін рәсімдеуді көздейді.  Аурулар, төтенше жағдайы болған кездегі сақтандырудан басқа туристер талаптары бойынша туристік агент сапар кезінде туындайтын басқа да қауіп түрлерінен  сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасының азамат заңнаммасымен белгіленген азамат-құқықтық Турагенттің немесе туроператордың жауапкершілігі - туристерге туристік қызмет көрсету барысында пайда болып қалған шығындар мен қауіптерді өтеуге міндетті. Қауіп жағдайы - туроператордың, азамат-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру келесімі  өз күшіне ене бастайтын жағдай.

Жарнама агенттіктер ассоциациясының бағасы бойынша 2002 жылы жарнама нарығының үлесі бойынша ТМД елдері Еуропалық ең ірі он нарық қатарына кірді. Қазақстан Республикасында нарық қарым-қатынасының дамуы жарнама нарығының қарқынды өсуіне әкелді, 2002 жылы жарнама нарығы 2001 жылға қарағанда 1,5 есе үлкейіп 2,68 млр долларды құрады. Мемлекеттің бір тұрғын үлесіне 18 "жарнамалық" доллар келеді, бұл басқа мемлекеттерге қарағанда төмен. Мысалы, АҚШ бір тұрғынға 1000 жарнамалық доллар кетеді. Әлем жарнама нарығының жыл сайын 3-5% төмендеуіне қарамастан, отандық жарнама нарығының дамуы жалғасуда.

Туризм саласындағы жарнама іс-әрекеті макро- және микро деңгейлерде жүзеге асырылады. Макродеңгейдегі жарнама мемлекет жарнамасын туристік дестинация ретінде де, мемлекеттің бөлек аймақтардың жарнамасы ретінде де анықталады. Бұл жарнама мемлекеттік әкімшілік органдарымен - министрлікпен, басқарма, комиттеттермен іске асырылады.  Микродеңгейдегі жарнама туристік фирмалармен, қонақ үйлермен және басқа да туристік мекемелермен жүргізіледі. Бұл жарнаманың басты мақсаты - нарыққа белгілі бір туристік қызметтер және өнімдерді жылжыту, туристік индустрияның бөлек мекемелердің бедел жарнамасы.

Жарнама мақсаттары мақсатты аудиторияға және басқа да маркетингтік коммуникацияларға байланысты әр түрлі болу мүмкін. Келесі негізгі мақсаттарды бөліп атауға болады:

- фирма және оның қызметтері  туралы танымалдықты тудыру;

- фирма және оның қызметтері  туралы негізгі және қосымша  ақпарат беру;

- фирмаға мүмкін тұтынушылардың  игі ниеттілігін (благосклонность) тудыру;

- жарнамалайтын қызметтердің  басқа ұқсас қызметтерден ерекшелігін  көрсету;

- клиенттен оның дәл  осы қызмет сатып алу керектігіне  көз жеткізу;

- жарнамалайтын қызметті  сатып алуға

Жарнаманың фирма және оның қызметтері туралы танымалдықты тудыру мақсаты  мақсатты аудитория фирма және оның қызметі туралы білмеген жағдайда ғана бола алады. Әдеттегідей бұл мақсат жаңадан құрылған фирма, жаңа нарыққа шуғу кезінде немесе жаңа өнім мен қызметті жылжыту үшін тән. Бұл жағдайда жарнама құралдары арқылы фирма танымалдылығының, маркасы және қызметтерінің танымалдығылығын дамытуға жету керек. Басты міндет болып, мүмкін тұтынушы фирманың бар болуы, іс-әрекет профилі туралы білуі, ал жаңа құрастырылып жатқан қызмет бар болса, клиент қызметтер туралы ақпарат алуы керек.

 

Бақылау сұрақтары.

 

1. Туристік шаруашылықтың "қосалқы базасы" деп нені  түсінеміз?

2. Негізгі және қосалқы  туристік шаруашылықтың айырмашылықтары  неде?

3. Ұйымдық орналастыру  құралдарына қандай құралдар  жатады?

4. Жартылай пансион, толық  пансион, отелде орынды таңғы  аспен бірге ұсыну қандай әріптермен  белгіленеді?

5. Қоғамдық тамақтану  нысандарының классификациясы негізіне  қандай белгілер салынды?

6. "Швед дастарханы" тамақтану түрін ұйымдастыру

7. Туристерге көңіл көтеру  қызмет көрсетудің  қандай түрлері  бар?

8. Туризм инфрақұрылымы  түсінігіне анықтама беріңіз

9. Қазақстан Республикасының "Туроператордың және турагенттің  міндетті сақтандыру азамат-құқықтық  жауапкершілігі" туралы Заң қашан  қабылданды?

10. Жарнамаға анықтама  беріңіз. Туристік өнім жарнамасының  ерекшелігі неде?

 

СӨЖ тапсырмалары: БАҚ-дағы туристік жарнама. Туризмдегі интернет маңызы. Қонақ үйлер белгілері. Турагенттік іс-әрекет. Туристік жарнама және көрмелері. Трансфер.

 

 

Дәріс №6. Туризмдегі маркетингтік іс-әрекет және ақпараттық қамтамасыз етілу.

 

Сабақтың қысқа мазмұны.

  • туристік өнімді қалыптастыру және жылжытудағы маркетинг маңызы;
  • жарнама-ақпараттық қамтамасыз етілу;
  • халықаралық туристік ұйымдар;
  • Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO)
  • Халықаралық туристік жәрмеңкелер маркетинг құралы ретінде.

 

Тұңғыш рет маркетинг концепциясы ХХ жылдарының 50 жылдарында интеграцияланған, тұтынушыға бағытталған және бизнес философия табысы ретінде құрастырылды.

60 жылдардың соңында назар  өнімнен тұтынушыға аударылды. Мақсаты - пайда. Құралдар: өнім, баға, тарату  жүйесі, нарыққа өнімді жылжыту.

80 жылдары. Стратегиялық  маркетинг. Назар өнім немесе  тұтынушыдан сыртқы ортаға аударылды. Тұтынушы белгілі бір ортада  зерттеледі (нарық және маркетинг  өзгерістерін анықтайтын бәсеке, мемлекеттік ретету, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және басқа  да факторлар).

Маркетинг технологияларын туризмде пайдаланудың алғашқы қадамдары 1971 жылы швейцар Х.Крппендорфпен жасалынды, дегенмен, туристік іс-әрекет феномені туралы жазбалар бұдан да ерте кездесе бастады. Туристік маркетинг - туристік кәсіпкерліктер іс-әрекетін, сонымен қатар, туризм саласындағы мемлекеттік саясатты да жүйелі түрде өзгерту және бақылау.

Туристік маркетингті коммерциялық мақсатта туристік қызметтерге қоғамның қажеттілігін анықтау және пайдалану стратегиясы ретінде түсінуге болады.

Бүгінгі таңда маркетинг - нарықта мекеменің іс-әрекет стратегиясы, тактикасының концепциясы. Маркетинг мақсаты нарық қажеттіліктерін және талаптарын уақытында анықтау және қоғам мен қоршаған орта талаптарын есепке ала отырып нарықтағы өз іс-әрекет стратегиясын құрастыру болып табылады.

Туристік қызметтер маркетингін табыс алу мақсаттағы клиенттердің арнайы қажеттіліктерін анықтау мен қанағаттандыруға бағытталған фирманың туристік қызметтерді құрастыру, жылжыту және сату бойынша іс-әрекетін ұйымдастыру жүйесі ретінде анықтауға болады.

Туристік маркетинг ерекшеліктері туристік өнім ерекшеліктерімен және туристік өнімді өндірушілер мен тұтынушылардың арнайы белгілерімен анықталады.

Маркетинг құралдарының түрлері көп, олардың әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты.  Бұл құралдар бірге туристік мекме маркетинг жүйесін құрайды, олардың әсерлілігіне фирма іс-әрекетінің сәттілігі тәуелді.

Қазіргі таңда маркетинг және жарнама-ақпараттық мақсатта интернет мүмкіншіліктерін пайдалану перспективті болып табылады. Интернет сәтті маркетинг құралдарының бірі болып табылады, оның дәстүрлі құралдардан ерекшеленетін уникалды ерекшеліктері көп. Интернет қасиеттерінің бірі - ақпаратты қабылдау мен таратудың жоғары әсерлілігімен гипермедиалық табиғаты, бұл маркетингтің туристік кәсіпкерліктер өзара байланысын нығайтудағы мүмкіншіліктерін жоғарылатады. Оның ішінде, электронды жарнама кең таралған.

Жарнама кең географиялық нарықты қамтиды. Public Relations жүйеге қарағанда жарнамалық өнім жарнама иеленушімен толығымен бақыланады және өнім, қызмет пен фирманының өзін әсерлі таныстыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жарнама, мүмкін тұтынушымен сұхбатты (диалог) жүзеге асырады.

Кең мағынада жарнама мағынасында өнім мен қызметтер туралы кез келген ақпарат жатады. Кез келген жарнама-ақпараттық материалында тұтынушылардың белгілі бір фирма, қызмет пен өнімге назарын аударту. Жарнама, әдеттегідей, ақылы ақпарат ақпарат болып табылады, яғни, газет, теледидарда пайда болу үшін жарнама беруші төлейді.

Туристік іс-әрекет субъекттеріне жатады:

1) туристік операторлар (туроператор);

2) туристік агенттер (турагенттер);

3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсовод;

4) туристер және олардың  бірлестіктері;

5) экскурсанттар;

6) туризм саласындағы  басқа да бірлестіктер;

7) туризм саласында қоғамдық  қарым-қатынастарды реттейтін мемлекеттік  органдар.

Туризм саласындағы түңғыш халықаралық негізгі конвенциялары БҰҰ құрастырылып қабылданды. Бұл ұйым қонақжай саласы үшін мамандарды даярлау мәселелері бойынша халықаралық семинарлар мен коллоквиумдерді ұйымдастырып, туризмдегі статистикалық есептеу әдістерін құрастырушылардың бірі болды.

Туристік ұйымдар мен тасымалдаушылар арасындағы келісілген іс-әрекет қажеттілігі 20 жылдардан бастап сезіле басталды. Мәселені шешу мақсатында 1925 жылы Туризмді насихаттау ресми ассоциациялардың халықаралық конгрессі құрылды, 1927 жылы - Ресми туристік ұйымдардың халықаралық конгрессі, 1930 жылы Туризмді насихаттау мен ресми ұйымдардың халықаралық бірлестігі құрылды. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты бақылаудағы қарама-қайшылықтар туризмнің дамуы үшін үлкен кедергіге айналды. Осыған орай, жоғарыда аталған үш ұйым негізінде Париж қаласында (1947 жылы) 116 мемлекет өкілдерін біріктірген Ресми туристік ұйымдардың халықаралық бірлесітігі (РТҰХБ - МСОТО) құрылды.

1969 жылы РТҰХБ өкімет  аралық Дүниежүзілік туристік  ұйымға қайта құрылды. ДТҰ жарғысы  өз күшіне 1975 жылы 51 мемлекетпен  ратификациялаудан кейін енді.

БҰҰ және ДТҰ арасындағы келісім қайталауларды алып тастау мақсатында екі жақтың ассамблеялар және конференциялар кезінде бақылаушы ретінде қатысуын қамтамасыз етеді.

Туризм саласындағы ДТҰ басқа қандай ірі халықаралық ұйымдарды білесіз?

Туристік ұйым кәсіби ақпараттың 70% жәрмеңке мен көрмелер кезінде жинайды.

Информация о работе Лекция по "Туризму"