Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 10:20, дипломная работа
Зерттеудің ақпараттық және ғылыми әдістемелік базасы. Диплом жұмысында Ресей және Қазақстан мемлекетінің ғылыми кітаптары, диссертациялар пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің сайты, Шығыс Қазақстан облысының сайтынан ғаламторлық мағлұматтар алынды.
Жұмыстың теориялық маңызы мен ғылыми жаңалығы. Жұмыста белсенді туризм түсінігіне, оның түрлеріне нақты тұжырымдамалар берілді. Жұмыста белсенді туризм түрлерінің сызбасы автормен жасалды, белсенді туризмнің дамуына талдау түрлі диаграммалар негізінде жүргізілді, белсенді туризмнің түрлеріне маршруттар құрастырылды.
КІРІСПЕ 3
1 БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Белсенді туризмнің даму тарихының кезеңдері
1.2 Белсенді туризм мәні және оның түрлері
1.3 Белсенді туризм ерекшеліктері мен маршруттың жіктелу белгілері
2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстары
2.2 ШҚО белсенді туризмінің ресурстары
2.3 Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына талдау жүргізу
3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары
3.2 Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар
3.3 Белсенді туризмнің даму болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Мұражай ғимараты (губернатор үйі ) 19 ғасырдың архитектуралық ескерткіші.
Мемлекеттік тарихи-әдеби, әдеби- мемориалды Абай мұражай қорығы - 1940 жылы қазақ халқының ағартушы ақыны,философ және гуманист Абай Құнанбаевтың туғанына 95 жыл толуына арналып ұйымдастырылған.
Абай мұражай-қорығының құрамына басты-басты кешендер кіреді:-7 зал,"Алаш арыстары" мұражайы, Жидебай сайындағы Абай мұражай үйі, Бөрлідегі Мұхтар Әуезов мұражайы, Жидебайдағы "Абай-Шәкәрім мазар кешені."
Мемлекеттік Абай мұражайы- ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеудің ірі ғылыми орталығы. Қоры-18255 дана. Қазан төңкерісіне дейін және бүгінгі күнге дейінгі әлемнің көптеген тілдерінде басылып шыққан Абай кітаптарының құнды даналары сақталған.
Сонымен қатар, облыста жасылдандыру, көгалдандыру жиі жасалып отырады. Бұның өзі қала мен қалашықтарды келген қонақтар үшін көрікті қылып көрсетеді.
Жалпы сомасы 714 млн. теңгеге барлық елді мекендерде абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 102,9 мың ағаш отырғызылды, 19 мың шаршы гектар гүлзарлар жасалды, 411 гектар саябақтар мен гүлбақтары абаттандырылды, 119,5 мың тонна қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды.
Өскемен қаласының сол жақ аумағындағы «Көгілдір көлдер» ауданында этноауыл салынып, онда түрлі дәуірлер мен өңірде тұратын әр түрлы этностардың 16 үйі орналастырылып, электрмен жарықтандыру жүргізілді, этноауылдың орталық алаңында жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайтын киіз үй орнатылды. Қала тұрғындары мен қонақтарының мәдени орнының аумағы абаттандырылып, ашық аспан астында мұражай жасалды.
Театрлар. Жамбыл атындағы облыстық драма театры - Өскемендегі театр ісі 20 ғасырдың басынан бастау алды.
Абай
атындағы облыстық қазақ музыка драма
театры - Қазақстандағы алғашқы ұлттық
театрдың бірі. 1934 жылы Семей қаласында
ашылған. Өзінің оркестрі, балет труппасы,
актерлер студиясы бар. Театр репертуарында
–қазақ ( "Абай", "Еңлік-Кебек","Айман-Шолпан","
Достоевский атындағы Шығыс қазақстан облыстық орыс театры - Қазақстан Республикасындағы ең озық орыс театрларының бірі. 1934 жылы ашылған. Театр сахнасында орыс, шетел классикасы,қазақстан драматургтарының спектакльдері қойылады [26].
Сонымен, Шығыс Қазақстан аймағының туристік саланы дамытудағы әлеуеті зор. Мұнда туризмді дамытуға қажетті басты алғы шарттары болып табылатын табиғат ресурстарының (тау, өзен, көл және т.б.) және басқа да әсер етуші ресурстар экономикалық жағдайы, тарихи-мәдени ескерткіштері, мәдениет орындарының бар болуы елдің, Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамытуға, туристік ағымдарды ұлғайтудағы ролі зор деп нық сеніммен айтуға болады.
Шығыс Қазақстан облысында туризмнің белсенді түрін дамытуда да туристік әлеуеті мол. Негізінен белсенді туризм ресурстары қатарына табиғат ресурстары – тау, шатқал, жота, өзен, көл, сарқырама, қайнар көздер, дала, жазық жерлер, орман массивтері жатады.
Шығыс Қазақстан Еуразиядағы бірегей географиялық орынға ие аймақ: оның аумағында құмдауыт шөлдер мен далалар, биік таулар мен ну ормандар кездеседі. Бұл өлкеде флора мен фаунаның таңғажайып өкілдері тіршілік етеді. Сондықтан табиғи әр қилылығымен, ландшафтының сұлулығымен Шығыс Қазақстанға тең келетін аймақ жоқ, және оны қойнауының байлығы үшін, ит тұмсығы батпаған ормандары үшін, қалың мұздақтар мен мәңгі қардан көрпе жамылған зәулім таулары үшін, күн қақтаған шөлдері үшін, мыңдаған өзендер мен көлдері үшін «Әлі толық белгісіз» немесе «Шағын континент» деп атайды. Шығыстың такаппар тауларының ұшар басынан жан баспаған жоталардың арасындағы еңіске, шыңдардың салқын жарқылы түсетін тау беткейлеріне, көз жетер көгілдір көкжиекке дейін тау тайгасының сан алуан ағаштары, тау аралық жазықтардың кең алаңдары туристердің тынымсыз рухының тынышын одан әрі кетіреді. Тек бір күн ішінде шіліңгір орта-азия құмын, шалқыған альпі шалғынын, тундраны, тау ешкілері мен қар барысы мекен еткен жарқыраған мәңгі мұз бен қардан қалпақ киген биік тауларды көруге болады.
Аттрактивтік туристік әлеуетіне байланысты Шығыс – Қазақстан облысы Қазақстанның тартымды және перспективалы аймағы болып келеді.
Облыс шектерінде бірнеше маңызды аймақтар айқындалған. Бұлар: Бухтарма жиегі , Сібе көлдер, Алакөл, Қатон-Қарағай, Глубокое ауданы, Риддер және Өскеменнің қала маңы [27].
Тартымды табиғаты,
ескерткіштердің жоғары сапада сақталуы,
геосаяси жағдайларының үлкен
Ерекше назарға
экологиялық аудан Алтай-Саян бөлігі
болып табылатын Қазақстандық Алтайдың
территориясы ие. Өзінің ғажайып ландшафты
мен биологиялық алуан
Табиғи биік таулы ландшафтымен, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің байлылығымен, бұрқыраған өзенері, шулы және көркем сырқырамалары, емдік қайнар көздері мен басқа да көрікті орындарымен ерекше көзге түсетін Қатон-Қарағай аймағының орны ерекше. Алтай тауының жүрегінде, екі көлдің қақ ортасында «Рахман қайнары» бар.
Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша саяхат жасауды ұсынатын кәсіпорындар біршама. Демалушылардың көңілінен шығу үшін барлық практикалық ресустар жеткілікті, ал тәжірибелі нұсқаушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Қыс демей, жаз демей жыл бойы түрлі демалыстар ұйымдастырылады. Қыста қар қызығын тамашалағысы келетіндерге демалыс күндері қарда жүргіштермен және тау немесе жүгіріс шаңғыларымен сырғанау ұйымдастырылады. Ал мамыр айында алғашқы өзенмен ағулар басталады. Буырқанған ағынды суда қызықты сапарлар күтеді, тәжірибелі гид-сусеріктер жұмыс істейтіндіктен қауіпсіздік те қамтамасыз етілген.
Тау туризмі және Альпинизм. Белуха шыңы ақ қармен жамылған солтүстік шығыстағы Сібір және Алтайдың ең биік нүктесі (4506 м). Бұл қардың, мұздың, ақырған қар көшкіндерінің, жарқыраған сарқырамаларының отаны. Ол Солтүстік Алтайдағы биіктігі 3,373м атақты екінші шың Бүркітауыл шыңымен көршілес орналасқан. Бұдан төмен қарай Үлкен және Кіші Берел мұздықтары түседі. Оңтүстігінде Тарбағатай және Саура жоталары көмкерілген. Олардың арасында Зайсан қазаншұңқыры шоғырланған..
Өзі үшін Белуханың адам қадам баспаған қойнауын ашқан әр турист сұлулығын суретшінің қылқаламы, өткір фотообъект, ақынның ағылған өлеңі, домбыраның күмбірлеген күйі ғана сипаттауға қабілетті өлкенің сұлулығын өз көзімен көріп, туған табиғаттың тамашасына куә бол алады.
«Көшпенді», «Шығыстың көгілдір інжуі», «Рахман сақинасы», «Абай – Қазақ жерінің жыршысы», «Империя туризма» деген туристік соқпақтар мен бағдарлар атауында табиғат тамашасының бейнеленуі тегін емес.
Алтай тауларындағы Белуха шыңына шығу категориясы жоғары емес, оған шығу – жақсы физмкалық күшке ие болып, альпинст рангіне қабылдану деген сөз [28].
Әдетте тауға спорттық көтерілулер топ құрамында, тәжірибелі гидтер мен жетекшілердің көмегімен жүзеге асырылады. Өзіндік көтерілуге әсіресе жаңадан бастаушыларға маршруттың қарапайым болғанымен, кәсіби болып келгенінен рұқсат берілмегені дұрыс. Ал Белуха ауданына әрқашан ауа райының ауысып тұруы тән.
Қарлы сызықтан жоғары өтетін көптеген маршруттар үшін арнайы мұздға арналған құрал-жабдықтар қажет.
Көрікті
жердің бірі-Алтай мен Сібір
Мұзтау тауы – облыстың табиғи көрнекті орындарының бірі. Ол тек Алтайдың ғана емес, сонымен қатар бүкіл Сібірдің ең биік шындарының бірі, реликтік ленталық қарағай орманы болып табылады.
Ол – Алтайдың қарлы диадемасы. Буддисттердің сенімі бойынша – Жер кіндігі, христиан – ескі дәстүршілерінің ойынша – Ақсу жері. Көптеген қорғандар бұл жерде үгітіліп шашылып жатыр.
Мұзтау бөктерлеріндегі б.э.д. 3-2-ші ғасырлардағы патша қабірлері. Мұнда Ресей, Қытай, Қазақстан және Монғолияның шекаралары ұштасады. Тауларына жыл сайын барлық әлем бұрыштарынан альпинисттер келеді.
Үлкен биіктіктер, құламалы рельеф, мұзданудың түрлі формалары қиындығы бойынша түрлі категориялы тау шындарына шығуға мүмкіндік береді.
Спелеотуризм. Алтай тауының үңгірлері ежелден саяхатшыларды, ғалымдарды, туристерді тартуда. Мұнда әктас, мәрмәр, доломиттерде орналасқан 400 астам үңгірлер бар. Ал Қазақстан территориясындағы Алтай ауданында барлығы 350 мұздық белгілі.
Үңгірлерді зерттеу біздің Отанымыздың өткені туралы мәлімет жинайтын географ, геолог, минеролог, археолог және басқа да мамандардың қызығушылығын тудырады.
Спелеотуризмнің өзіне тән ерекшелегі бар. Мұнда альпинизммен, су астындағы жүзумен, туризмнің таудағы және басқа түрлерімен ортақ белгілері де көп. Спелеотуристтердің іс-әрекеті тас қараңғылықпен, 100% қатысты ылғалдылығы бар ауаның төмен температурасымен (4- тен +10-12 градусқа дейін) күрделі болып келеді.
Бұл
өз алдында спелеотуристтің
Спелеомаршруттар жыл бойы жұмыс істейді.
Су туризмі. Алтайды Шығыс Қазақстан облысының су туризмінің Меккесі деп санауға болады. Хатунь өзенінің бассейнінде спорттық су туризмі үшін барлық маршруттар күрделілігінің категориясының (екіншісінен максималды алтыға дейінгі) толық жиынтығы бар. Сонымен қоса, қандай да өзенді таңдамасаңыз да, бұл жерлердің көркемділіген таң қаласыз.
Таулы Алтайдың су туризмі түрлерімен айналысу мүмкін болып келетін өзендері өте көп.
Соңғы
жылдарда алтайлық өзендерде рафтинг,
әсіресе Нарым ағыстарында
Ертіс өзені және оның салалары – Бұқтырма, Күршім, Үлбе, Оба – қатты ағысымен ерекшеленеді. Бұл белсенді туризмнің рафтинг сынды түрлерін дамытуға қолайлылығын дәлелдейді. Облыстың ең ірі көлі Зайсан Бұқтырма су қоймасымен жалғасады.
Марқакөл көлі әдемілігі бойынша әлемдегі ең терең көл Байкалмен салыстырылады. Оның теңіз деңгейінен есептегендегі тереңдігі – 1449 м, ұзындығы – 35 км, ені – 19 км. Бұл өзінің көлемі және ғажайып табиғатымен ғана емес, био алуан түрлілігімен де таң қалдырады
Бұл аймақтағы ең ірі көл, теңіз деңгейінен 1485 м. биіктікте орналасқан. Одан биігірек жерде "Рахман қайнары" жатыр.
Алакөл көлі (ала деген сөз «әр түрлі» деген мағына береді – сыртқы келбетінің, орналасқан орнының әр түрлілігі, судың көлемі мен түсі жергілікті тұрғындардың көлді Алакөл деп атауына себеп болды), Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында Үржар ауданында, Балқаш – Алакөл котлованының шығыс жағында балқаш – Алакөл ойпатында , Алматы облысы және КНР шекарасы маңында теңіз деңгейінен 347 метр биіктікте орналасқан.
Көл Қазақстанның ішкі суаттарының арасында көлемі бойынша екінші және республиканың ақпайтын көлдерінің арасында жалғыз терең сулы болып саналады.
Көлге 15 су ағып келіп құйылады, оның ішінде негізгілер мыналар: Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, жаманты, Жаманөткел, Тасты, . Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл және басқа да ұсақ көлдер Алакөл көлін құрайды. Көлдің ауданы (аралдарды қосқанда) 2696 км2, көлемі 58,56 куб.км, ұзындығы 104 км, ені 52 км, орташа тереңдігі 22 м, ең терең жері 54 м, жағасының ұзындығы 348 км.
Көлдің негізгі еркешелігі болып оның солтүстік-шығыс бөлігі жер асты тұщы суларымен қоректенетіндіктен емдік қасиеті бар, ал оңтүстік бөлігінің суы тығыз болады. Алакөл көлінің басты байлығы батпақ, оны буын ауруларына, радикулитке, тері ауруларына, жарақаттан кейінгі қалпына келу кезінде пайдаланады. Құрамы бойынша ол теңізге жуық және емдік қасиеті бар. Оның құрамындағы хлоридті-натрилі тұздары керемет сергіту әсерін береді, осының нәтижесінде перифериялық нервтік жүйенің әр-түрлі ауруларын емдеу үшін талассотерапия (теңіз ванналарын қабылдау арқылы емделу) қолданылады.
Көлдің ортаңғы бөлігінде үш аралдан архипелаг орналасқан, онда 1998 жылы Алакөл мемлекеттік қорығы құрылды, ол әртүрлі флора және фауналарымен керемет.
Әр жыл сайын көлдің жағасында жүз мыңнан астам адамдар демалады.
Қазіргі уақытта Алакөл көлінің жағалауында 60-тан астам үйлер және «Айгерім», «Дорожник», «Алакөл», «Әсем» демалыс базалары, «Барлық арасан» шипажайы және т.б. жұмыс істеп тұр.
Бұқтырма көлі - бұл жердің табиғаты керемет. Бұқтырма көлінің маржан суы өзінің тамаша көріністерімен және балық аулау орындарымен белгілі. Көптеген өзендер мен жауын сулары тау шатқалынан көлге құйылғандықтан әдемі сарқырамалар көп. Тек Шанды Бұлақ қана көлден ағады.
Су турлары көбіне Берел, Таулы Үлбі, Тұрғұсұн өзендері арқылы өтеді. Ал жазда белсенді демалыстың кез келген сүйікті түрін таңдау мүмкіншілігі зор. Өзенде демалғыңыз келе ме? Міне өзен! Велосипедті қалайсыз ба? Онда, міне велосипед! Әлде жаяу қыдырғанды жаратасыз ба? Ол да мүмкін!
Информация о работе Белсенді туризмнің теориялық аспектілері