Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 10:20, дипломная работа
Зерттеудің ақпараттық және ғылыми әдістемелік базасы. Диплом жұмысында Ресей және Қазақстан мемлекетінің ғылыми кітаптары, диссертациялар пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің сайты, Шығыс Қазақстан облысының сайтынан ғаламторлық мағлұматтар алынды.
Жұмыстың теориялық маңызы мен ғылыми жаңалығы. Жұмыста белсенді туризм түсінігіне, оның түрлеріне нақты тұжырымдамалар берілді. Жұмыста белсенді туризм түрлерінің сызбасы автормен жасалды, белсенді туризмнің дамуына талдау түрлі диаграммалар негізінде жүргізілді, белсенді туризмнің түрлеріне маршруттар құрастырылды.
КІРІСПЕ 3
1 БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Белсенді туризмнің даму тарихының кезеңдері
1.2 Белсенді туризм мәні және оның түрлері
1.3 Белсенді туризм ерекшеліктері мен маршруттың жіктелу белгілері
2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстары
2.2 ШҚО белсенді туризмінің ресурстары
2.3 Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына талдау жүргізу
3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары
3.2 Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар
3.3 Белсенді туризмнің даму болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Яғни, жолдардың 95% немесе 11,1 мың шақырымында қатты жабын бар. 457 жанар-жағар май құю стансасы автомобильдерге отынын құю қызметін жүзеге асырады.
ҚР Туризмін 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасында туризм объектілеріне апаратын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары анықталғанын барлығына белггілі. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары ішкі тасымалдауды жүзеге асыруда өте маңызды орын алады, олардың жағдайы және даму деңгейі өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді [23].
Жалпы Шығыс Қазақстан облысы дамыған өндірістік инфрақұрылымымен ерекшеленеді, ол көліктің барлық негізгі түрлері: теміржол, әуе, су және автомобиль көлігімен ұсынылған. Темір жол облыс орталығын Зырян, Риддер, Семей, Аягөз, Шемонаиха қалаларымен байланыстырады. Облыстан тысқары жерлерге алып баратын теміржол желілері-«Защита-Локоть» (Ресей), «Семей-Локоть», «Семей-Алматы», «Ақтоғай-Достық» жолы (Қытай).
Облыста Өскемен және Семей қалаларында орналасқан екі әуежай жұмыс істейді. Кеме жүретін жолдармен жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды екі параход шаруашылығы жүзеге асырады, екі жүк кемежайы жұмыс істейді.
Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі 97,2%, теміржол көлігімен 2,5%- ды құрады.
Өңірдің инфрақұрылымдық кешені жеткілікті дамыған, бірақ сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы шешуді қажет ететін нақты мәселелері бар, себебі қомақты қаражат қажет. Мысалы, облыстың солтүстік-батыс өңірлері тұрғындарының оңтүстік-шығыс бөлігі және облыс орталығымен ең қысқа жол арқылы тұрақты байланыс орнату мақсатында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу, қалада көлік ағыны жүктемесін азайту және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында облыс орталығында бірнеше көпір және жол өткелдерін салу, тұрғындарға қолайлы тіршілік ету ортасын құру үшін Өскемен қаласының өнеркәсіптік аймағынан тұрғындарды қаланың сол жақ жағалауына көшіру, өңірдің көліктік мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану мақсатында өзен параходының жұмыс істеуін қайта жандандыру, шалғай өңірлерге жетуді қамтамасыз ету және сол жерлерде жаңа өндірістерді дамытуға жағдай жасау үшін өңірдің шығыс аумақтарында көлік айналымын құру мақсатында Зырян-Майқапшағай-Аягөз теміржол желісін салу қажеттігі.
Бұдан басқа, осы әріптестік қатынастарда білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау, туризм және спорт объектілерін салуда шексіз мүмкіндіктер бар.
Аймақтың экономикалық мамандануына сәйкес, мұнда бүгінгі таңда өнеркәсіп өндірісіндегі жетекші сала бұрынғыдағыдай түсті металлургия болып табылады, оның өнірдің жалпы әлеуетіндегі үлес салмағы 55%-ға жуық және ол іс жүзінде толығымен экспортқа жіберіледі. Сондай-ақ машина жасау және металл өңдеу, орман және ағаш өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары, электроэнергетика, агроөнеркәсіп кешені де жеткілікті түрде дамыған.
Өнеркәсіп өнімінің өндірілетін көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 28,9% өсіммен 624,2 млрд. теңгені құрады.
2010
жылғы 1 желтоқсанға шағын және
орта бизнестің белсенді
Жалпы облыстағы әлеуметтік-мәдени нысандар жеткілікті. Аймақтың мәдени өмірін 11 мұражай, 2 филармония, 1 концерттік ұйым, ән-би театры ("Евразия шоу" Семей қаласы ), 3 драма театры және 312 кітапхана мен 275 клуб пен мәдениет мекемелері құрайды (3 кесте).
3 кесте
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет мекемелерінің саны* [20]
Мәдениет мекемелері, барлығы, бірлік |
671 |
Соның ішінде, мемлекеттік |
648 |
Олардан, кітапханалар |
312 |
Клубтар мен мәдениет үйлері |
275 |
мұражайлар |
11 |
филармониялар |
4 |
Театрлар |
3 |
басқалар |
45 |
Мемлекеттік емес |
23 |
Спорт құрылыстары, барлығы, бірлік |
687 |
Соның ішінде: спорт сарайлары |
1 |
стадиондар |
20 |
Спорт залдар |
666 |
*Дерек
көзі: Шығыс Қазақстан облысының
2010 жылға арналған әлеуметтік-
1940 жылы құрылған Абай атындағы тарихи- мемориалды мұражай қорық кешені ғажайып мәдени құрылыс болып табылады.
Облыстың
тарихы, табиғаты, қалаларымен туристер
аймақтың туристік фирмалары ұйымдастырған
маршруттары мен
5 cурет. Аймақтың ірі қалалары Өскемен мен Семей қаласының географиялық орналасуы
Мемлекет қорғауында тарихи және архитектуралық ескерткіштер сақталған:
-
Шілікті обасы (б.э.дейінгі 7-
- Қозы Көрпеш-Баян сұлу моласы ( 9-10ғ)
- Еңлік-Кебек мазары (14-15ғ)
- Аблайкент ордасының үйінділері ( 1654ж)
-
Абай Құнанбаев кешенді –
- Бұрынғы халық үйінің ғимараты (1902 )т.б.
Ең алғашқы қорғандар 2400 – 2300 жж., яғни, біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларға тиесілі болған. Соңғылары түрік заманына тиесілі, біздің заманымыздың XII-XIII ғасырларына тән (6 сурет).
6 cурет. Берел. №13 қорған
6 cуретте бейнеленген Берел қорғаны ерте тас дәуіріне жататын таспен қаланған 31 қорғаннан тұрады. Қорғандарда Сақ тайпасының билеушілері жерленген. Сондықтан оны “Патшалар алқабы” деп те атайды. Қорғандардың құрылысы мен табылған бұйымдардың бағалылығына қарай оларды “Патша қорған” және “Князь қорған” деп, екіге бөледі.
Берел
қорғаны Шығыс Қазақстан Облысы
Қатон-Қарағай ауданындағы
Аблайкет” ғибадатханасының
үйінділері 1654 жылғы сәулет өнері
ескерткіштері болып табылады және
республикалық маңызды
Аблайкет бастапқыда сланцтік плиталардан қаланған және биіктігі 3-5 метрлік, ені 3 метрлік балшық езбемен гранит қоспалары қосылған бесбұрышты ғимарат болды. Қалдықтары бүгінгі күнге дейін сақталған тас қамалмен қоршалған және көптеген кірпіш сынықтары араласқан сары топырақты тікбұрышты биіктік. Өсімдік типтес өрнектері бар домалақ балшықтан жасалған сынықтар да кездеседі. Кейбіреулерінің түсі ашық көгілдір, жасыл, және қызыл көпіршікті келеді.
Негізгі биіктіктен 30 метр солтүстік-батысқа қарай 2 үлкен шұңқыр бар: жартылай домалақ ордың ішінде гранит қадлықтары, алдыңғы щұңқырда оттық іздері бар граниттердің қалдығы сақталған Ламалар мен белгілі тұлғалардың тұрғын үйлері қатты шаң басқан қисық төртбұрышты түрдегі биіктік.
Киін-Кіріш - Жазықтар, биіктіктер және қабырғалардың арасында көк аспан астында қалалар мен сарайлар жатыр. Бұл сағым емес, бұл табиғи Эолия қаласы, кейде «Рухтар қаласы» деп те аталатын Киін-Кіріш. Саздан таңқаларлық орында салынған бірегей қызыл, ақ және сарғылт ғимараттар. Қашықтықтан Киін-Кіріштің саз жартастары және түпсіздері желдегі оттың жалыны тәрізді көрінеді. Сондықтан бұл жартастар «Жанған Жартастар»
деген атауға ие болған. Киін-Кіріштің таптырмас байлығы - құм мен саздың
арасында өсетін тропикалық уақыттан қалған көк шөптер (пальмалар, магнолиялар, араукария және т.б.) және омыртқалы жануарлардың қалдықтары (мүйізтұмсық, қалтырауын, тасбақа және кесірткелер).
Қозы Көрпеш және Баян Сұлу мавзолейі Аягөз өзенінің жағалауында орналасқан тарихи ескерткіштердің бірі. Бұл Қозы Көрпеш және Баян Сұлу мавзолейі (X – XI ғ.ғ.). Ұлттық жырдың кейіпкерлері қыз бен жігіт арасындағы махабаттың бейнесі болып табылатын Қозы көрпеш және Баян Сұлу қазақтың Ромео және Джулиеттасы тәріздес [24].
Туризмнің тарихи-мәдени ескерткіштерімен қатар, мұражайлар мен театрлардың да орны ерекше болып келеді. Себебі, бұл мәдениет орындары да адамның рухани дүниесін байытады, өлкенің тарихы мен оқиғаларын танып-білуге қызмет етеді ( 4 кесте).
4 кесте
Аудандар бойынша мәдениет орындарының саны*[20]
Қалалар мен аудандар |
Кітапхана-лары |
Клубтар мен мәдениет үйлері |
Мұражай-лар |
Театрлар |
Басқалар |
Барлығы облыс бойынша |
312 |
275 |
10 |
2 |
49 |
Өскемен қ. |
15 |
5 |
3 |
1 |
9 |
Семей қ. |
14 |
18 |
3 |
2 |
8 |
Риддер қ. |
9 |
2 |
1 |
2 | |
Курчатов қ. |
1 |
1 |
|||
Абай |
10 |
5 |
3 | ||
Аягөз |
23 |
22 |
|||
Бесқарағай |
18 |
4 |
1 | ||
Бородулиха |
20 |
7 |
1 | ||
Глубокое |
24 |
19 |
1 | ||
Жарма |
12 |
16 |
1 | ||
Зайсан |
8 |
10 |
1 |
2 | |
Зырян |
32 |
12 |
6 | ||
Катонқарағай |
16 |
23 |
2 | ||
Көкпекті |
29 |
39 |
2 | ||
Күршім |
24 |
31 |
2 | ||
Тарбағатай |
24 |
19 |
1 |
3 | |
Ұлан |
9 |
21 |
3 | ||
Үржар |
5 |
10 |
1 | ||
Шемонаиха |
19 |
11 |
1 |
2 |
*Дерек
көзі: Шығыс Қазақстан облысының
2010 жылға арналған әлеуметтік-
Жоғарыда 4 кестеде көрсетілгендей мәдениет орындарының көбі ірі аудандарда шоғырланған. Мұражайлардың ең маңыздылары мен көбі Өскемен, Семей қаласында болса, Курчатов, Зайсан, Шемонаиха ірі аудандарында бір-бірлеп кездеседі. Басқа аудандарда мұражайлар жоқтың қасы болып отыр. Ал не бары 3 театрдың 2-уі Семей қаласында, біреуі Өскемен әкімшілік орталығында.
Сонымен, өлкенің құнды этнографиялық материалдары облыстық этнографиялық мұражайда жинақталған (Өскемен қаласы).
Мұражай әуесқойлары үшін тарихи–өлкетану мұражайы мен Ф.М.Достоевский атындағы әдеби мұражайдың (Семей қаласы) экспонаттары қызығушылық туғызады. Кескіндеме сурет өнерін сүюшілер Невзоровтар атындағы отбасылық қолөнер мұражайының (Семей қаласы) экспозицияларынан көптеген қызықты мағлұмат табатыны сөзсіз [25].
Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1946 жылы Өскемен қаласында ертеректегі (1915-1930жж) мұражай жинағының негізінде ашылған. Мұражайдың негізгі міндеті-өлкенің рухани мәдениеті мен тұрмыстық ескерткіштерін халық арасынан жинақтау,сақтау және насихаттау. Экспозициялық көлемі 800 кв.м,қоры –128872 сақтау бірлігі.
Негізгі
қоры-археологиялық, палеонтологиялық,
Шығыс қазақстан облыстық этнографиялық мұражайы -Қазақстан Республикасындағы жалғыз этнографиялық мұражай. Экспозициялық көлемі-1145,4 кв.м, қоры –24765 заттан тұрады.
Мұражай
19 ғасырдың тарихи-архитектуралық ескерткіштері
болып табылатын 3 ғимаратқа орналасқан.
Мұражай қарамағына Ертістің сол
жағалауында 30 гектар жерге орналасқан
табиғат кешені кіреді; ашық аспан
астында-қазақ ауылы, көнесалт-дәстүр
деревнясы, казак станицасы т.б .
Халықтық қолөнері ескерткіштерін табасыз.
Ашық аспан астындағы мұражайда
халықтық мейрамдар,қала мерекелері өткізіледі.
Директоры- Зайцев Николай Алексеевич.
Семей тарихи өлкетану мұражайы - 1883 жылы жер аударылған Михаэлис, Долгополов, Гросс, Леонтьев, Блэк, Коншин т.б орыс социал-демократтары ұйымдастырған. Мұражай Ертіс өңірінің тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтаудың негізгі қоймасы. Негізгі қоры-археологиялық, ботаникалық, зоологиялық, этнографиялық жинақтардан тұрады.
Информация о работе Белсенді туризмнің теориялық аспектілері