Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 10:20, дипломная работа
Зерттеудің ақпараттық және ғылыми әдістемелік базасы. Диплом жұмысында Ресей және Қазақстан мемлекетінің ғылыми кітаптары, диссертациялар пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің сайты, Шығыс Қазақстан облысының сайтынан ғаламторлық мағлұматтар алынды.
Жұмыстың теориялық маңызы мен ғылыми жаңалығы. Жұмыста белсенді туризм түсінігіне, оның түрлеріне нақты тұжырымдамалар берілді. Жұмыста белсенді туризм түрлерінің сызбасы автормен жасалды, белсенді туризмнің дамуына талдау түрлі диаграммалар негізінде жүргізілді, белсенді туризмнің түрлеріне маршруттар құрастырылды.
КІРІСПЕ 3
1 БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Белсенді туризмнің даму тарихының кезеңдері
1.2 Белсенді туризм мәні және оның түрлері
1.3 Белсенді туризм ерекшеліктері мен маршруттың жіктелу белгілері
2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстары
2.2 ШҚО белсенді туризмінің ресурстары
2.3 Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына талдау жүргізу
3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары
3.2 Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар
3.3 Белсенді туризмнің даму болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ |
3 | ||
1 |
БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ |
||
1.1 |
Белсенді туризмнің даму тарихының кезеңдері |
||
1.2 |
Белсенді туризм мәні және оның түрлері |
||
1.3 |
Белсенді туризм ерекшеліктері мен маршруттың жіктелу белгілері |
||
2 |
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ |
||
2.1 |
Шығыс Қазақстан облысының туристік- |
||
2.2 |
ШҚО белсенді туризмінің ресурстары |
||
2.3 |
Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына талдау жүргізу |
||
3 |
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ |
||
3.1 |
Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары |
||
3.2 |
Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар |
||
3.3 |
Белсенді туризмнің даму болашағы |
||
ҚОРЫТЫНДЫ |
|||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
|||
ҚОСЫМША |
КІРІСПЕ
Әлемдік
туризмнің қарқынды дамуына байланысты
Қазақстанның жекелеген аймақтарына
деген сұраныс өсуде. Еліміздің
жеке өңірлері туризмнің қалыптасып
тұрақты дамуына мүмкіндік
Шығыс Қазақстан облысының бірегей туристік әлеуеті бар. Облыс көптеген туризм түрлерін, атап айтқанда, спорттық (альпинизм, таулы өзендермен жүзу, шаңғы спорты), аң және балық аулаушылық, экологиялық, емдік-сауықтыру, этникалық, ғылыми және танымдық туризм түрлерін дамытуға жайлы территорияда орналасқан. Ыңғайлы географиялық жағдай (Еуразия орталығы, Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолиямен шекаралас), ынтымақтастық, ұлан-ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алуандығы, бірегей рекреациялық ресурстар, бай мәдени-тарихи мұра, сондай-ақ көрші мемлекеттердің шекаралас өңірлерінде қазақ диаспорасының тұруы облыстағы туризмді дамытудың күшті жақтары болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі. Жалпы Шығыс Қазақстан облысы туристік саланы дамытудағы алғашқы қатарлы туристік аймақтардың бірі болып табылады. Және де бұл аймақтағы белсенді туризмді дамытудағы табиғи ресурстары мен алғы шарттарының жетерлік болуы тартымды туристік аудандардың біріне айналдырып отыр. Сондықтан Алматы облысымен осы өңірде де белсенді туризм түрлерін дамыту өзекті мәселе болып табылып отыр. Дегенмен бұл мақсатты жүзеге асыруда осы күнге дейін кедергілер мен мәселелер жетерлік. Ғылыми түрде де белсенді туризмнің осы аймақта қалайша тарылып, дамып отырғаны жайлы да әдебиет басылып шығарылмаған. Сондықтан берілген диплом жұмысының тақырыбының іске асырылуындағы Қазақстан Республикасын танымал етіп, туристік саласын жоғары қарқында дамытудағы маңызы өте зор.
Жұмыстың мақсаты: Шығыс Қазақстан облысындағы белсенді туризмді дамытудағы табиғи ресурстары мен әлеуетін зерттеу, осы саланы дамытуға талдау жүргізу.
Жұмыстың міндеттері. Жоғарыдағы белгіленген мақсатқа сәйкес жұмыста келесідей міндеттер туындады. Бұл міндеттер жұмыстың мақсатын ашуға бағытталған:
Зерттеу пәні. Шығыс Қазақстанның белсенді туризмі
Зерттеу объектісі. Шығыс Қазақстан облысы
Бітіру
жұмысының барысында келесідей
Зерттеудің ақпараттық және ғылыми әдістемелік базасы. Диплом жұмысында Ресей және Қазақстан мемлекетінің ғылыми кітаптары, диссертациялар пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің сайты, Шығыс Қазақстан облысының сайтынан ғаламторлық мағлұматтар алынды.
Жұмыстың теориялық маңызы мен ғылыми жаңалығы. Жұмыста белсенді туризм түсінігіне, оның түрлеріне нақты тұжырымдамалар берілді. Жұмыста белсенді туризм түрлерінің сызбасы автормен жасалды, белсенді туризмнің дамуына талдау түрлі диаграммалар негізінде жүргізілді, белсенді туризмнің түрлеріне маршруттар құрастырылды.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келді. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан, оның ішінде әрқайсысы үш бөлімнен тұрады. Жалпы жұмыстың көлемі ?? бет. Пайдаланылған әдебиеттер, барлық дерлік әдебиет атаулары және ғаламтор желісінің сайттары.
1 БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Белсенді туризмнің даму кезеңдері
Туризм қоғамда белгілі бір орын алатын құбылыс ретінде және термин немесе түсінік ретінде тек XIX ғасырда ғана қалыптаса бастады. Одан кейінгі оның даму тарихы (XX гасыр) өзіндік толығуымен, жетіле, күрделене түсуімен сипатталады. Алайда туризм термин ретінде, қоғамдық құбылыс ретінде бірден қалыптасқан жоқ. Оның қалыптасуына тікелей болмаса да, жанама түрде әсер еткен тарихи алғы шарттар немесе факторлар болды [1]
Әдебиеттерде туризмнің дамуын сипаттайтын авторлардың түрлі көзқарастарын кезіктіруге болады. Мысалы, В.И. Ганапольский 1987 жылы, туризмді адамдарды тәрбиелеудің басты құралы ретінде пайда болған және дамып отырған қоғамдық қажеттілік деп түсіндірді. Оның дамуын ол үш кезеңге бөледі: топтық жорықтар мен саяхаттардың үйымдастырылуына алғы шарттардың пайда болуы; жорықтарды тәрбиелеу құралы ретінде бекіту; тәбие беру, оқу, сауықтыру және спорттық тапсырмаларды шешуге ықпал ететін қоғамдық-әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің дамуы.
Бірінші кезең ежелгі жорықтарды дәлелдейтін
адамдардың жақсырақ жерлерді іздестіруінен
туындаған деген көзқараста болды.
Туризм дамуының екінші кезеңі – тәрбиелеу
құралы ретінде жорықтардың бекітілуі.
Үшінші кезең қоғамдық-әлеуметтік құбылыс
ретінде туризмнің дамуымен сиаптталады
– аймақтық одақтар, саяхаттауды
жақсы көретіндердің
1966 жылы Кириллов А.Т., Волкова
Л.А туризмнің дамуын төрт
Зерттеушілер екінші кезеңнің 1841 жылдан
1914 жылға созылатынын, туризм саласының
қалыптасу кезеңі болып табылатынын
айтады. Осы кезеңдегі туризмнің
негізін қалаушы ретінде
1914-1945 жж. үшінші кезең туризм индустриясының өндірістік, транспорттық, саудалық, қызмет көрсету мекемелері мен орналастыру орындары ретінде қалыптасуымен сипатталады.
Төртінші кезең, 1945 жылдан бастап біздің
күнімізге дейін – бұл кезеңнің
негізгі сипатын ғалымдар жалпылай
туризм саласының монополизациясы
ретінде белгілейді. Ғалымдардың
ұсынысы бойынша: туризмнің алдыңғы
тарихы кезеңі саяхаттардың қозғамалары
демалыс, сауда-саттық, қажылық, емдік,
спорттық жарыстар және т.б. болып табылатын
антикалық туризмнің дамуын ендіреді;
діни туризм, оқу, аристократтық қатынас
мазмұндалатын ортағасырдағы
1927 жылдардан кейін спорттық-
Бірінші Альпілік клуб Кавказ қоғамдастығымен 1877 жылы Тифлисте ашылады. Оның негізгі мақсаттары болып таудағы саяхаттарды белгілі ету табылады. 1885 жылы Велосипедист-туристер Қоғамы құрылады, филиалдарымен бірге ашылады, сонымен қатар үлгілік Ресей туристерінің қоғамы (РТҚ) құрылады. РТҚ жетекшілері туризмнің тәрбиелік маңызын көтерді және интеллигенцияның прогрессивті бөлігін біріктірді. 1890 жылы Одессада Крым тау клубы ашылды, Севастополь мен Ялтада филиалдары болды. «Табиғатта сүюшлер тау спорты мен Крым тауларының қоғамы», «Физикалық тәрбие қоғамы», «Табиғатта сүюшілер қоғамы», «Теңіз маңындағы экскурсант» құрылды.
КСРО-дағы спортық-сауықтыру туризмінің дамуын ғалымдар үш кезеңге бөліп қарастырды
Бірінші кезең, 1918-1935 жылдарға келді, ол туризмнің ұйымдастырушылық құрылымының пайда болуы және қалыптасуымен тығыз байанысты.
Екінші кезең – 1936-1968 жж. – туризмнің кәсіподақтарға кірісуі жүзеге асырылды және туризм индустриясының қалыптасуының алғы шарттары пайда болды.
Үшінші кезең 1969 жылы бастылып, 1992 жылға дейін созылды. Бұл кезде әлеуметтік қоғам жағдайларында туристік-экскурсиялық іс-әрекет дамиды.
Елдегі туризмнің дамуының жаңа
тарихы КСРО құлауымен байланысты басталды.
90-жылдардың басындағы
Елдегі туризмнің орнауының ерекшелігі демалыс, қарым-қатынас мақсатындағы саяхаттардың түрі ретінде классикалық нұсқасының дамуымен қатар, спорттық туризм де пайда болып, қоғамдық (массалық) бағытқа ие болды, 1949 жылы Бірыңғай Бүкілодақтық спортық классификацияға ендірілді. Бұл өз алдында туризм түрлері бойынша комиссияның қалыптасуына, ел бойынша туристік маршруттардың құрастырылуына, МКК (Маршруттық квалификациялық комиссия) ашылуына ықпал етті. Туристік жорықтарға топтық қатысу спорттық жорықтардың инструкторлары мен жетекшілерін даярлауды қажет етті. КСРО кезеңінде ерекше назар ең арзан және топтық демалыс ретінде саналған өзіндік туризмге аударылды, сондықтан да айналысатындар санын ұлғайту үшін туристік клубтар ашылып, қалалар мен аудандарда туристік жұмыстарды ұйымдастыру орталықтары жұмыс жасады. Сол уақыттың қоғамдық ұйымдары, туризм белсенділері туризммен және белсенді демалыспен айналысуға жылына 6,8 млн жуық адамды тарта алды, туристік жорықтарды 14250 туристік топтар қатысты, 30 мың туристік секция мен комиссия болды.
Кеңес Одағының құлауымен 90 жылдардың
шегінде көптеген спорттық туризмді
басқару құрылымдарының жұмысы тоқтатылды.
Дегенмен, спорттық туризмнің белсенділері
жинақталған спорттық туризмнің
әлеуетін сақтап қалуға тырысып бақты.
Ресейде туристік-спорттық қоғам (1991-1992)
ашылды, ол өз кезегінде дәл осы
кезеңдегі елдің әлеуметтік-
1995 жылы өткен Ресейдегі спорттық-
Спорттық-сауықтыру туризмінің дамуының қалыптасқан жүйесімен қатар, белсенді туризм де спорттық-сауықтыру турларын ұйымдастырумен айналысатын туристік фирмалар орын алған коммерциялық туризм саласына еніп отыр. Туристік кәсіпкерліктің осы негізіне жаңа операторлар енеді, белсенді туризм түрлерінің географиясы мен мамандануы кеңеюде, маманданған туризмге арналған көрмелер өткізілуде. Ұсынылатын турлардың географиясы да кең ауқымда дамып отыр. Демалыстың түрлі түрлері бойынша маршруттар ұсыныла бастайды – суда жүзу, жаяу-тау жорықтары, велосипед, ат, треккинг, шаңғы турлары және .т.б.
Информация о работе Белсенді туризмнің теориялық аспектілері