Белсенді туризмнің теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 10:20, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің ақпараттық және ғылыми әдістемелік базасы. Диплом жұмысында Ресей және Қазақстан мемлекетінің ғылыми кітаптары, диссертациялар пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің сайты, Шығыс Қазақстан облысының сайтынан ғаламторлық мағлұматтар алынды.
Жұмыстың теориялық маңызы мен ғылыми жаңалығы. Жұмыста белсенді туризм түсінігіне, оның түрлеріне нақты тұжырымдамалар берілді. Жұмыста белсенді туризм түрлерінің сызбасы автормен жасалды, белсенді туризмнің дамуына талдау түрлі диаграммалар негізінде жүргізілді, белсенді туризмнің түрлеріне маршруттар құрастырылды.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Белсенді туризмнің даму тарихының кезеңдері
1.2 Белсенді туризм мәні және оның түрлері
1.3 Белсенді туризм ерекшеліктері мен маршруттың жіктелу белгілері

2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстары
2.2 ШҚО белсенді туризмінің ресурстары
2.3 Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына талдау жүргізу

3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары
3.2 Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар
3.3 Белсенді туризмнің даму болашағы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Белсенді туризм.docx

— 449.30 Кб (Скачать документ)

3 Инфрақұрылымды дамытуға бағытталған  шаралар:

3.1 таудағы инфрақұрылымды дамыту  мақсатты бағдарламаларын қабылдау;

3.2 еуропалық үлгі бойынша тау  курорттарының кешенді дамуы:  жолдар, қонақ үйлер, гидтер құтқарушылар, тік ұшақтар;

3.3 туристік қоныстану орындары  мен биік таулы жерлердегі  мекендеу орындарын салу;

3.4 клуб базаларын ашу (стадион,  жасанды жартасқа шуға, құрал-жабдықтар  қоймалары, киім ауыстыру орындары);

3.5 тұрғылықты жеріне жақын жерден  клуб пен секциялардың ұйымдастырушылық  жұмыстары үшін жеке мекемелер  бөлу;

3.6 Аймақтың қызықты аудандарында  туризм мен спортқа бағытталған  оқу орталықтарын, базаларын салу;

3.7 Ең белгілі маршруттардың  бойында турбазалар мен паналар  жүйесін қалыптастыру;

3.8 Саяхатшылар мен ақпараттандыру  орталықтарының орталық клубын  ашу;

3.9 экстремалды алаңдар мен жіпті  қалашықтар ашу;

3.10 туристік-рекреациялық зоналарда  және қорықтар территориясында  кемпингтер жүйесін қалыптастыру;

3.11 таулы әскери оқу орталықтарының  жүйесін қалыптастыру;

3.12 Виаферрата және шытырманды  жіпті саябақтар сияқты тау-шаңғы  курорттарында жазғы инфрақұрылым  жүйесін қалыптастыру.

4 Материалдық-техникалық қамтамасыздандыруға  бағытталған шаралар:

4.1 Қазақстанда туристік және  альпинистік құрал-жабдықтарды жасап  шығару;

4.2 Жабдықтар мен керекті құрал  жабдықтарды жалға беретін базаларды  көптеп ашу;

4.3 белсенді туризм ерекше дамыған  аудандарда құрал-жабдықтармен сату  жүйелерін дамыту;

4.4 спорттық бағыт білу мен  туризм үшін жаңа карталар  жасап шығару;

4.5 секциялар мен клубтардың  жұмысын қолдау және шараларға  демеушілік ету;

4.6 оқыту сыныптарын ашу және  оларды керек-жарақтар үлгілерімен  жабдықтау;

4.7 таулы жерлерде құтқарушылықпен  айналысатындар және әскери қызметкерлердің  орнын қазіргі заманғы талапқа  сай керек жарақпен және жабдықтармен  қамтамасыз ету.

5 Нормативтік база мен басқару  құрылымын жүзеге асыруға бағытталған  шаралар

5.1 Белсенді туризм мен спорттың  экстремалды түрлерін дамытуға  арналған мақсатты бағдарламаларды  және нормативтік базаларды құрастыратын  бақылаушы ынталы топ қалыптастыру;

5.2 Спорттық туризм мен спорттың  экстремалды және қолданбалы  түрлері үшін нормативтік құжаттамалар  мен заңды ережелер құрастыру;

5.3 Белсенді туризм мен спорт  түрлерін дамытудың мақсатты  бағдарламаларын құрастыру және  қабылдау;

5.4 балалар және жасөсіпірмдер  туризмі туралы Заң қабылдау;

5.5 Балалар мен жастар туризмін  дамыту бағдарламаларын құрастыру;

5.6 Тау гидтері үшін (инструктор-жолсеріктері) кәсіби ассоциациялары мен олардың  кәсібі техникалық регламенттері  мен стандарттарын қалыптастыру;

5.7 Таулы жердегі іс-әрекет бойынша  мемлекет өкілдері, қоғамдық ұйымдар  мен кәсіпкерліктер арасынан  белгілі бір Ұйым ашу;

5.8 Осы белсенді туризм сегментіндегі  өзін-өзі реттейтін ұйымдар –  осы саладағы кәсіпкерлік іс-әрекет  субъектілерінің ассоциациясын  ашу.

6 Қажетті қаржыландыруды қамтамасыз  етуге бағытталған шаралар:

6.1 Белсенді туризм түрлерін  дамытуға арналған бағдарламалардың  мемлекет бюджетінен қаржыландырылуы;

6.2 Балаларға, студенттерге темір  жол, әуе көліктерінің құнын  төмендету және жеңілдіктерді  қалпына келтіру;

6.3 альпбазалар мен турбазаларға  жолдамаларды өткізетін мекемелер  жүйесін қалыптастыру;

6.4 Демеушілік, грант бөлу, мүшелер  жинағы негізінде клубтардың  қаржыландыру механизмін дамыту;

6.5 Сақтандыру компанияларымен  серіктестік құра отыра, таулы  жерлердегі көмек көрсетуге қаржыландыру  жүйесін құрастыру;

6.6 Белсенді туризм, спорттың қолданбалы  және экстремалды туризм түрлерін  дамытуға арналған бағдарламалар  іске асырып отырған кәсіпорындардың  жеілдіктер мен артықшылықтар  жүйесін қалыптастыру және салық  заңына өзгерістер енгізу;

6.7 Инфрақұрылым мен кадрларды  даярлау жобаларына жаңа демеушілерді  тарту.

7 Белсенді туризммен айналысатындардың  қауіпсіздігін қамтамасы етуге  бағытталған шаралар клесідей  болып келеді:

7.1 Сақтандыру компанияларымен  серіктестік негізінде тауларда  көмек көрсету жүйесін қалыптастыру;

7.2 Аймақтың таулы жерлеріндегі  маршруттардың қауіпсіздігін жоғарылату, құтқару қызметін атқаратын МЧС,  құқықтық қорғау органдарымен  бірге жұмыс істеу;

7.3 Таудағы қауіпсіздікке қатысты  (түрлі оқыту курстары) шараларды  ұйымдастыру мен өткізу;

7.4 Әрбір ауданда және әр шарада  қоғамдық құтқару қызметтерінің  жүйесін қалыптастыру;

7.5 Маршруттардағы топтардың тіркелу  жүйесін қалыптастыру.

8 Ақпараттық саясатты қалыптастыру  мен оны өткізуге бағытталған  шаралар:

8.1 Басты құндылықтарға негізделген  оң иделогияның коммуникативті  арналар арқылы таратылуын қамтамасыз  ету;

8.2 Белсенді туризмнің әйгіленуінің  ақпараттық саясатын қалыптастыру;

8.3 Спорт түрлері мен спорттық  туризмнің әйгілендірілуі бойынша  БАҚ жұмыстарын белсенділендіру,  жаңа өнім, бағдарламалар (теле-) мен хабарларды құрастыру;

8.4 Жаңа деңгейлі БАҚ, Ғаламтор-ресурстары, журналдар шығару;

8.5 Деңгейлі БАҚ өкілдері, қоғамдық  ұйымдар мен кәсіпкерлік-бірлестіктер  арасында тиімді де нәтижелі  коомуникациялардың жүйесін қалыптастыру.

Қорыта келгенде, Шығыс Қазақстан  облысының белсенді туризмінің даму мәселелері жетерлік. Дегенмен оны  шешу жолдары, оны дұрыс ұйымдастырудағы  шаралар барлығы мемлекет, үкімет тарапынан бағдарламалар негізінде  қарастырылып отыр. Мұндай бағдарлама, жобаларда оның стратегиялық бағыттарына  дейін анықталып, талқыланылып отырады. Дегенмен де осы сынды мемлекеттік бағдарламалардың ресми түрде ғана жазылып, бірі жүзеге асырылып, екіншісінің іс жүзінде іске аспай жатуы өкіндіреді. Оған қарамастан, осындай мемлекет тарапынан бағдарламалар мен жобалар жасалып, жеке кәсіпкерлердің ат салысуымен облыстың белсенді туризмінің мүмкіншілігі істе қолданылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Белсенді туризмді дамытуда маршруттардың  осы салада дұрыстап ұйымдастырылуы ерекше орын алатыны белгілі. Сондықтан  осы белсенді туризм маршруттары  мен турлар, бағдарламалары арқылы шетел азаматары мен ел ішіндегі саяхаттайтын туристерге жақсы қызмет көрсетіп, аймақтың көркемділігіне таң қалдырып, олардың белсенді туризмнен алмақшы қажеттіліктерін қанағаттандыру басты мақсат болып келеді. Сонымен, белсенді туризм түрлерін бойынша жеке маршруттар, немесе аралас маршруттарды дұрыстап талапқа сай ұйымдастырса ғана, осы салада көптеген жетістікке жетуге болатыны шындық.

 

 

3.2 Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар

 

 

Шығыс Қазақстан аймағы туристік мүмкіншіліктері  бойынша ғажап туристік аймақ  болып табылады. Географиялық және саяси ерекшеліктерінемен қоса, оның басым территориясы экологиялық  таза әрі адам аяғы баспаған жерлер болып келеді. Жоғарыда атап өткендей онда түрлі табиғи ландшафтылар – шөл, дала, тайга, биік таулар, көптеген өзен-көлдер жеткілікті.

Шығыс Қазақстан облысына тартылатын туристерге келесідей турлар ұсынылады:

Альпинистер мен тау туристеріне – Алтайға, оның қасиетті екі басты Белуха шыңына, Алтай мен Сібірдің ең биік нүктесіне  саяхат жасау ұсынылады. Бұл жер  альпинистерге және тау туристеріне  Гималай және Памир таулары сияқты аса белгілі болып келмейді. Бірақ  мұнда Белухаға оңтүстік жағынан  шығуға болады, ол кезінде шетел  туристері үшін «жабық» болатын. Аймақтың ең биік нүктесінен тамашаланатын  ғажайып көрініс – ең керемет  сый.

Автотуристер  үшін – автотурлар Шығыс Қазақстан  аймағын тамашалағысы, шөл, дала, тауларды көріп, ең үлкен шортан ұстауды қалайтын адамдар үшін жасалынады. Мұнда автомобильмен  қоса, жаяу, әрі қайық, атпен жүру бір-бірімен ауысып, ұсынылады. Турды жанұямен де өтуге мүмкіншілік бар. Мұндай тур қандай физикалық дайындықтағы адамға болмасын жарай береді. Тамыз айынан бастап құр аулау жұмыстары қосылады. Сол кезде саяхат уақыты ұлғаяды да.

Атты  туризм сүюшілеріне Қазақстандық Алтайдың және бұрынғы КСРО аймағындағы, Монғолия мен Қытай территориясында адам аз қоныстанған аудандарда жаба тұқымындағы  аттармен саяхат жасау ұсынылады. Туристер қалайтын болса, өте жабайы жерлер, марал соқпақтары арқылы да өтуге болады [37].

Велотуристерге  Алтай таулары бойынша бірнеше  күнге саяхаттар ұсынылады. Үнемі  қар басып жататын шыңдардан  бастап, азиаттық көшпенділердің ежелгі жолдары бойынша таулы көлдер мен өзендер арқылы, альпілік шалғындар  мен тайгадан өтіп, төмен қарай  жасалады. Көбі ұлы биік таулы көл  Марқакөл арқылы, Зайсан көлі мен Қара Ертістегі Айғырқұм құмына дейін  өтеді. Керемет балық аулаумен айналысу турдың ішіне кіреді.

Таулы өзендер бойынша жүзу, түрлі дайындық деңгейіндегі рафтингті сүюшілерге арналған турлар. Алтайда қарлы таулардан  бастау алатын ірі және ұсақ өзендер  көп. Түрлі күрделілік деңгейіндегі ұзақ (250 км астам) әрі қысқа уақытқа  созылатын маршруттар таңдап алуға  мүмкіндік бар. Өзен жазықтары өте  көркем, және балықтары да көп. Жағалаулары  бойынша жидектер, саңырауқұлақ, жабайы жануарлар көп кездеседі. Атақты алтайлық балы бар омарталарды жиі көруге болады [38].

Балық аулаушыларға таулы өзендер мен  биік таулы көлдерде балық аулау  турлары ұсынылады. Қара Ертістен он килограмм салмақты шортанды, таулы өзен мен биік таулы көлдерден таймен мен хариус балықтарын ұстаудың барлығы экзотикалық және жабайы аймақтарда жасалады. Балық аулау атпен, кеме немесе қайықта жүзеге асырылады.

Аң  аулаушыларға аю, марал, елік құралайға, құр құсын ұстау турлары ұсынылады. Сонымен бірге бүркітпен шығып, түлкі ұстау да кіреді [39].

Шығыс Қазақстан аймағындағы белгілі  Қатон Қарағай Ұлттық Саябағының, сол сынды басқа да территориялардың туризмнің түр-түрін, дамытудағы рекреациялық әлеуеті зор. Ерекше қорғалатын табиғи территориясының табиғатының ғажайыптылығы  мен алуан түрлілігіне қатысты, әсіресе, қазіргі уақытта Қатон  Қарағай аймағында жаяу, атты туризм, рафтинг, велотурлар, басқа да белсенді турлар дамып отыр. Бұл өз алдында жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуының деңгейін жоғарылатады, және туристік кәсіпкерлік саласындағы қоршаған ортаны сақтауға деген жауапкершіліктің артылуын қалыптастырады.

Белуха  ауданының туристерге өте тартымды болуының ықпалынан Ақ Берел өзені  бойында, Рахман Бұлағы және Көккөл қайнар көзінің Төменгі Лагері аймағында шектен тыс адам келеді. Осы рекреациялық күшті азайту мақсатында да территория ішінде баламалы атты және жаяу туристік маршруттар құрастырылды. Бұл маршруттардан басқа бұрын ұсынылған маршруттардан түрлі туристік топтардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыратын тартымды әрі танымды сипатқа ие. Осындай түрде жазғы уақыттағы туристік ағымдардың келіп-кетуін реттеу, яғни табиғи кешендердің, ғажайып табиғи нысандардың қалыптасуы мен сақталуы жүзеге асырылады. Яғни, белсенді туризм экологиялық туризммен қатар жүреді десек те қателеспеспіз.

Белуха  және Көккөл сарқырамасы ауданын жуықтап бағалау бойынша жазғы кезеңде қазіргі уақытта 15-20 мың адамға жуығы келеді және 3-5 мыңға жуық адам Рахман Бұлағына келеді [19].

«Рахман Бұлағында» демалатындар және маралмен емделуге келетін негізгі топты  ересек адамдар құрайды: 40 жастан жоғары. Ал белсенді турларға (треккинг, суда жүзу) – 16 жастан бастап 30 жасқа дейінгі  туристер қатысады. Белсенді турлардың  өткізілу кезеңі – маусым-тамыз  айлары.

Қатон-Қарағай  Ұлттық сабағының өзінде жалпы 731 км созалатын 7 туристік маршрут бар. Оның ішіндегі 207 км – атты туризмге, 194 км – жаяу, 30 км –автомобильді туризмге тиесілі. Бұлардың 118 км жабдықталған, кейбір маршруттарда бақылау алаңдары бар, дегенмен де осы күнге дейін көптеген туристік маршруттар ыңғайландырылмаған.

Қаншама қиыншылықтар бар болғанымен де қазіргі  уақытта аймақта ішкі және әлемдік  нарықта ұсынылатын туристік өнім тартымды әрі үлкен сұранысқа ие болып  келеді.

Сонымен белсенді туризмдегі жиі ұсынылатын маршруттарға жеке-жеке тоқталып өтсек.

Ақ  Берел – Шығыс Қазақстан облысындағы  ерекше өзен, Бұқтырманың сол ағысы (Ертіс бассейні). Өзен ұзындығы – 65 км, бассейн ауданы – 1040 шаршы шақырым. Алтайдың Хатун жотасының мұздықтарымен қоректенеді (9 сурет).

Информация о работе Белсенді туризмнің теориялық аспектілері