Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 20:27, дипломная работа
Жұмыстың мақсаты – табиғи-танымдық туризмнің қазіргі хал-жағдайын сараптау және тек шетел туристерінің ғана сұранысына ғана емес Қазақстанның да басқа облыстарында тұратын тұрғындардың, одан қала берді ТМД елдерінің де сұранысына ие болатын рентабельді табиғи- танымдық турларды құру.
Жұмыстың міндеттері:
. Алматы облысының табиғи ресурстарын және оларды табиғи-танымдық турларды ұйымдастыру барысында қолдану;
. Табиғи-танымдық турларды құру кезінде айырықша қорғауға алынған табиғи аймақтарды (ООПТ) пайдаланудың үлгілері мен әдіс-тәсілдерін анықтау;
. Аталған аймақтағы табиғи-танымдық турларды құрумен айналысатын туристік фирмалар жүргізген маркетингтік зерттеулердегі жинақталған тәжірибелермен танысу;
. Табиғи – танымдық турлар құру;
. Алматы облысының келешекте туризмді дамытудағы алға
қойған мақсаттары мен мәселелерін анықтау;
Кіріспе..................................................................................3
Негізгі бөлім:
1. Алматы облысы туризмінің дамуындағы
табиғи алғышарттар...........……………………………………….. 8
1.1. Алматы облысы туризмінің дамуынан
қысқаша тарихи мәлімет....................................................9
1.2. Табиғи ресурстар және олардың туризмде
қолданылуы..........................................................................10
1.2.1. Рельф………………………………………………..13
1.2.2. Климат (ауа-райы) ……………………………......14
1.2.3. Су ресурстары……………………………………...16
1.2.4. Флора және фауна (өсімдіктер әлемі және
жануарлар әлемі)………………………………....26
2. Алматы облысының айырықша қорғауға алынған табиғи
аймақтарын туризмде пайдалану
2.1. Табиғи ескерткіштер.....................................................32
2.2. Болашақтағы маңызды болып табылатын Алматы
облысындағы көрнекті жерлер...................................35
2.3. Алматы облысының қорықшалары ..........................36
2.4. Алматы қорығы..............................................................37
2.5 Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар......................38
3. Алматы облысының негізгі туристік маршруттары.........44
3.1. Алматы қаласының туристік фирмалары
ұсынатын табиғи- танымдық турлар.......................46
3.2. «Алматы облысына саяхат» турының
бағдарламасын құру...................................................62
4. Туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттар мен мәселелер .........69
Қорытынды...........................................................................70
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................72
А қосымшасы..............................................................................73
Б қосымшасы..............................................................................74
Бұл қорық Іле Алатауының солтүстік бөлігінің флора мен фаунасын сақтау және зерттеу мақсатында құрылған. Осы территоияда өсімдіктің 961 түрі, соның іінде сирек кездесетін 26, жануардың 38 түрі, негізгісі морал кабан, сібір тау ешкісі, қасқыр, елік. Сирек кездесетін жануарларға ТяньШань аюы, қар барсы, Түркістан сілеусіні. Құстар саны 200-ге жуық, соның ішінде кекілік, ұлар, қырғауыл, құр, сиректері-бүркіт, көк құс, күшіген.
Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
Қазақстанның ұлттық паркілері қазіргі кезде ғылыми негізде қалыптсауының алғашқы сатысында. Зерттеу жұмыстарының шектеулігі арнайы қарытландыру мен мамандырылған кадрлардың жетіспеушілгінен. Соған қарамастан, Іле Алатау ұлттық паркі 1993 жылы ҚР Ғылым Академиясының ғылыми мекемелерін өз күшімен тарту нәтижесінде жұмысын бастады. (19). Жаңа құрылған ұлттық парктің ғылыми бағдарламасы ұлттық парктің табиғаттың инвентаризацияға болғаны мінсіз. (29).
Ұлттық парк территориясында бірнеше кішігірм шатқал бар, бөлек сирек зоологиялық жерлер, минералды көздер, кескіндеме тастар, мұздықтар, көлдер мен құлама сулардан тұрады. Олар 1981 жылы одақтас оргадармен бекітілген табиғат ескеркіш ретінде танылған. Барлығы 22. солардың ішінде 1-уі ғана мемлекеттік мәңгі ие, 01.1986ж. 14 ақпан КазССР Мнистр қаулысымен №69 болып бекітілген, ол Шынтүрген шыршалары. Қалғандары жергілікті құны бар табиғат ескеркішке жатады.
«Алтын Емел» ұлттық паркі. Үлкен және кіші Қалқан мен бірге Әнші бархан Каз ССр Мнистрлер кеңесінің 1966ж. 12 қантардан бекітілген, Алматы қорығына бағытанытн 17 мың гектар жерді алады, Іле Алатау тауларының бөктерінде Алматыға жақын орналасқан. Бұл территорияның басты қорықтан алыс орналсады. әнші Барханның сақтығын қамтамасыз етуін қиындатты. Кейін он бес жылдан соң оны Алматы қорығынан бөлек шығарады. Қорық мәртебесін сақтап қалдырып, Қапшағай аңшылық шаруашылығына өткізілді, ал Шолақ, Матай, мыңбұлақ таулар территриясында орналасты. Ол өте көрікті көірінске ие.
Бархан, яғни құм тау ұзындығы 1,5 км және биіктігі 120м. Бархан Қалқандардың қырынан құралған өзгеше бір коридор тәріздес аралықта орналасқан. Бұл құмтау желдің нәтижесінде Іленің бойындағы құмды ұшырып осы жерде үю барысында пайда болған.
Құрғақ ауа райында құм бархан басынан себелеп түсіп, өзен пайда болады. Күші ұлғая беріп ысқырығына тең болады. Ұқсас жағдайлар жер шарының әрбір бөлігінде кездеседі. Арабия шқлінде, Гавайи аралында, Америкада, Қытай, ТМД елдерінде (Қара, Балтық, Ақ теңіз, жағалауында, Ока, Днепр, байкал жағасында) (30).
Ұзақ уақыт б ойы құм әуені құпия болды. 1962 жылы Арабаджи лениграф физигі әнші барханға біршама бақылау жүргізіп, құм әуенін ұнтаспаға түсіріп, температураны өлшеп, желдің күшімен бағытын бағдарлап, құм фракциясын аннықтады.
Көптеген туристер Әнші барханға барғанды ұнатады, және оның 3 тыңының біріне шығып Іленің және Іле Алатау қыратының әдемі көрінісін тамашалайды. Егер бархан әуендетпесе, шыдамсыз саяхатшылар ән айтуға «мәжбүрлетеді» ол үшін оңтүстік беткейінен тез сырғып жүгіріп өту керек, сол мезетте аяқ астынан құм төгіліп, барханның түбінен гүбірлеу естіледі. Кейде бархан дәлелдей де бастайды, жер сілкінуге өте ұқсас.
Осы аңшылық шаруашылық директоры қорықшы санын ұлғайтты. Қазақстан тәуелсіздігін жария ете салысымен, бұл жер аумағын ұлттық табиғи паркке айналдырды. Сонда не өзгеріс болды? Ұлттық парк арнайы белгілерімен шекарасы белгілендеген, тек бір жерде ғана, осның өзі аңшылық шаруашылық жайлы жазылған. (19). Ол бұл жерде практің тіптен бар екендігіне күмән келтіреді.
Шарын өзені. Ұзындығы 350км жететін Іле, Шарын өзендерінің негізігі бір саласын, басы солтүстіктегі беткей Терек-Алатау және Кеген жоталарынан басталатын, Кетмен таулы лобириндті жотасынан ағып жатқан, Қарқараның екі қуатты таулы тасқынын құрайды. Көл деңгейі 3500-3600м биіктігінен басталып, Шарын 400м төмендейді. Өзен Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі қорық зонасында орналасқан және бұл жерге келген туристерге тау-теке ешкі, елік, ақбөкен сияқты осы жердің жабайы мекендеушілерімен кездесуге тура келеді. Қауырсындылардан тау күркетауық-оралдары, тау құр-кекіліктері, әр түрлі үйрек тұқымдастар кездесуі мүмкін.
Орындары кең жайылған, жағалары төмен, өсіп кеткен шөптермен, түбі құм мен саздан тұратын 280-нен 255км дейін айналмалы арна саласын құрайды. Өзен 255км бастап тез айналмалы болып келеді, жағалаудың биіктігі 15-20м дейін жетеді. Бұл учаскіде көне суға толымы және батпақ өсімдіктері бар. Түбі құмды-сазды. Арнаның ені 8-12м, тереңдігі 0,5-1,5м. Ағымы жылдам. Арнанаың мұндай ағым жылдамдығы 156 км дейін сақталынады. Өзеннің төменгі бөлігіне тар шатқалдар кіреді. Бұл жердің теңіз үстіндегі биіктік деңгейі 1900 м дейін жетеді. Содан кейін Шарынның ені 25м дейін, ал жағалауы 45м дейін жетеді. Түбі ірі жартастардың сынықтарымен ыбырсыған.
Бірінші шоңғал – “Біріншілік” 1,2 м сарқырамадан басталады, содан кейін сарқырмадан шығып су құбырымен бітеді. Шоңғалдың ұзындығы 200м. келесі табалдырық – “Шекілдек” – белгіден кейін 155 км жерде орналасқан. Ол 8 км дейінгі ұзындығымен ерекшеленеді және су астындағы тастардың қарқындылығымен қауіпті. “Көгілдір” шоңғалы, мұнда өзен қайта арнаға құйылады, жағалау биіктігі 100 м жетеді. Сол жақ жағалауында тянь-шань шыршасы, шетен, итмұрын, ал оң жақ жағалауында – бөріқарақат, шырғанақ өскен.
“Жыланды” шоңғал, ұзындығы 1,5 км жетеді. Онда 0,8м-ден 1 м дейін жететін екі сарқырама бар. Шоңғал тар арна бойынша сарқыраманы кесіп өтеді. Бұны тек жардың жоғарғы бөлігінің оң жақ жағалауынан ғана көруге болады. “Тұлпар” шоңғалында биіктігі 1м дейін жететін 6 сарқырама бар. Тасқын жар араларын кесіп өтеді, толқын биіктігі 1,5м дейін жетеді.
Жалаңаш өңірінде Шарын 112 км белгісіне дейін ағады. Ағысы жылдам, арнасы жеңіл, мұндағы көптеген батып кеткен тырбиған ағаштар қауіп төндіреді.
“Альбатрос” – ең қауіпті, бірақ ең әдемі шоңғалдың бірі. Оның басында үлкен құздың сынықтары бар. Әрбір 100 м шоңғалда 0,8 м –ден 1,5 м дейін биіктікте орналасқан екі-үш сарқырама бар. Соның бір сарқырамасының толқыны 3,5 м биіктікке дейін жетеді.
“Тау-Теке” шоңғалынан кейін жағалаудың биіктігі 300м дейін жетеді, жергілік лезде өзгереді, жағалауында сфинк, құмыра, отарлар, алып саңырауқұлақтар тәріздес қалдықтары асылып тұрады.
Шарынға демалуға барудың ең қолайлы кезі – тамыз айының ортасынан қыркүйек айының соңына дейін, ал жеке бір жылдары (өзеннің қолайлы кезінде) сәуір айының соңынан қараша айына дейін.
Шелек өзені – Іле өзенінің ірі тармағы. Ол өз бастауын ірі мұздықтардан Шелекті-Кеміндіктегі Жаңғырық , Богатырь және Корженев тау түйіндерінен алады. Таулы жерлерде оның толқыны қатты ағады , көп су тасқыны болады және сарқырамаларды құрайды. Өзен ұзындығы 240 км, ал су алыбының ауданы 5349 км².
Түрген өзені. Шет-Түргеннің, Орта-Түргеннің, Кіші-Түргеннің қосылуынан пайда болған. Өзен ұзындығы 104 км, ал су алабының ауданы 929 км².
Есік өзені. Өз бастауын Есік мұздығынан алатын, Тескенсу мен Жарсай өзендерінің қосылуынан пайда болған. Өзеннің жалпы ұзындығы 110 км, ал су алабының ауданы 1143 км².
Талғар өзені. Үш бұтақтан тұрады: Сол жақ Талғар (Батыс), Орта Талғар, Оң жақ Талғар (Шығыс). Олардың барлығы да өз бастауын мұздықтан алады, Сол жақ Талғар және Орта Талғардың жоғарғы аудандары анағұрылым маңызды. Талғар өзенінің ұзындығы 99 км, ал су алыбының ауданы 643 км².
Қаскелең өзені өз бастауын батыс Іле Алатауынан алады, биіктігі 3500 м шамасында. Ол таудан шыққанда үлкен Қаскелең ауылы жатқан, өз конусын ксіп өтеді. Өзенде кең арна бар. Қаскелең өзенінің ағысының төменгі бөлігі бірнеше түрге тармақталады: Шамалған, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматинка. Қаскелең өзенінің жалпы ұзындығы 153 км, ал су алабының ауданы 4172 км².
Үлкен Алматинка, бастауын Іле Алатау мұздықтарынан алады, Озерной және Проходной көлдерінің қосылуынан пайда болған. Ұзындығы 81 км, ал су алабының ауданы 461 км². Ол кішкентай ені мен тереңділігімен және жылдам ағысымен ерекшеленеді. Бұл нағыз Озерная таулы шағын өзені, Үлкен Алматинака көлін кесіп өтіп, одан сарқырама болып шығады, онда электр станциясы құрылған. 2-3 км жоғары бөлігіндегі екі бұтақтың қосылуы, Проходной өзенінің қос жағалауларынан жылы сұрлы бұлақтар қатары шығады. Бұл жерде Алма-Арасан демалыс орны орналасқан.
Кіші Алматинка бастауын Тұйықсу мұздық тобынан алады. Өзеннің ұзындығы 108 км, ал су алабының ауданы 1242 км². Өзеннің таулы бөлігіндегі тармақтарды біріктіретіндер: сол жақ бөлігінде – Горельник, ал оң жақ бөлігінде – Сарымай, Кім-Асар, Казачка және Бутаков. Алматы қаласы орналасқан, Бутаков ойпатының төменгі жағы Кіші Алматинка конусына шығады; өзеннің негізгі арнасы қаланың шығыс бөлігімен қиылысып жатыр.
Құрты өзені – Іле өзенінің сол жағындағы ірі тармақ. Ол өз атауын Ақсаңғыр, Жерен, Копы өзендерінің ағып келіп, қосылуынан кейін алды. Оның ұзындығы 109 км, ал су алабының ауданы 13мың км².
Жоғарыда көрсетілген аумақ облыстарында өзендерден басқа да көптеген шағын өзендер де бар. Алматы облысының таулы өзендері қарқынды толқынды, олар жуан тамыр жыныстарында өңделген, шатқалдардан ағып өтеді.
Балқаш көлі. Балқаш – Балқаш-Алакөл ойпатыныңға ең терең бөлігінде орналасқан, ағынсыз көл. Теңіз деңгейінің үстінде 342 м биіктікте орналасқан. Өңірдегі ірі көл ландшафтың әр түрлі жағалауымен және үлкен туристік мүмкіндіктермен ерекшеленеді. Оның ұзындығы 600 км шамасында. Көлдің батыс бөлігінің суы- тұщы, ал шығысында – көгілдір. Бұл былай түсіндіріледі: өйткені, көлдің батыс бөлігіне Іле өзенінің суы толық қосылады және құмдық аралдарын, көптеген саладан тұратын, таңқаларлықтай атырауларды құрайды.
Көлдің батыс бөлігінде балықтардың 20 түрі мекендейді: сазан, көксерке, балқаш алабұғасы, маринка және т.б.
Бұл нағыз қамысты топырақ жер, мұнда бағалы тері беретін көптеген ондатр отарларын асырайды. Өкінішке орай, шаруашылық мерейтойларының өтуінің кесірінен Балқаштың ары қарай дамуы қазіргі кезде күйзеліске ұшырауда.
Қапшағай суқоймасы Іле өзенінде орналасқан. Қапшағайдағы ГЭС тұрғызу құрылысымен байланысты. 1970 жылдан бастап толған. Ауданы 1847 км², ұзындығы 187 км, ені 23 км. Оң жақ жағалауы төмен толтырылған, жайқап, сазды. Оның үстінде көптеген демалыс зоналары орналасқан. Қапшағайда 26 түрлі балық түрлері мекендейді: ақмарқа, мөңке балық, тұқы, табан балық және т.б.
Алматы облысы аумағындағы демалыс орындарында бірнеше емді қайнар көзді жерлер орналасқан.
Алакөл көлі. Көл Тарбағатай және Жоңғар Алатауы арасындағы Алакөл шұңқырында орналасқан. Сасықкөл , Ұялы, Жалаңаш және т.б. кішігірім көлдермен бірге Алакөл көл жүйесін құрайды. Көлдің ауданы 2200-2650 км² шамасында. Көл шипалы суымен және мемлекеттік “Реликтілік шағала” қорығымен ерекшеленеді, тек осы жерде ғана бүкіл әлем бойынша реликтілік шағалалар мекендейтіні анық.
Алакөлде мекендейтін балық түрлері: осман, губач, сазан, көксерке, алабұға, маринка. Өзен сағасында ондатрлар мекендейді.
Жалаңашкөл көлі. Көл шипалы суымен ҚХР шекарасында орналасқан.
Жасылкөл көлі. Жоңғар Алатауы тауында, мәңгі мұздықтың жанында орналасқан. Ғажайып пейзажбен, әдемі ландшафпен, пәк табиғатымен және судың үстіңгі қабаты сирек кездесетін әдемілігімен ерекшеленеді.
Қазанкөл көлі. Бұл биік таулы көл. Жоңғар Алатуының айналасындағы сирек кездесетін табиғат сұлулығының биіктігінде орналасқан.
Есік көлі. Алматы қаласының шығыс бөлігіндегі 70 км қашықтықта орналасқан. Есік шатқалы теңіз үсті биіктігінде 1750м жерде биік таулы Есік көлі орналасқан. Меруерт таулы, көлді және төңірегін екінші швейцария деп атаған. Көлде әйгілі бақтақ балық мекендеген. Көл айналасы құздармен мәңгілік тянь-шань жасыл шыршалармен жамылған. Есік шатқалы күзетке алынған қорық зонасында орналасқан, сондықтан бұл жерде жиі кездесетін жануарлар мен өсімдік түрлері сақталған. 1963 жылғы қуатты тасқын көлді жойып жіберді. Енді келіушілерге бұрынғы көлдің жартылай қойтас-сазды және сел тасқынының құмды материалдарымен толған үлкен шұңқыр ашылады. Сол жағында кішігірім су қоймасы сақталған.
Үлкен Алматылық көл. Үлкен Алматинка өзенінің қайнар көзінің 10 –12 км жерде орналасқан. Көлдің ұзындығы шамамен 1 км, кішігірім ені 500 м, тереңдігі 38 м дейін. Көлдегі су тұщы. Көл -Алматы қаласының тұрғындары жиі баратын демалыс орны болып табылады.
Алматы облысы аумағындағы демалыс орындарында бірнеше емді қайнар көзді жерлер орналасқан.
Қорамдық минералды қайнар көздер. Алматы қаласынан шығысқа қарай 125 км-дегі Шелек ауданында орналасқан. Асқазан – ішек қуыс ауруларын, жүйке жүйесін , бауыр ауруларын , понкретитті және т.б. ауруларды емдейтін ем орны.
“Тау-Түрген”-нің термалды қайнар көзі. Түрген қайнар көздері Алматы қаласынан 60 км және Түрген ауылынан 20 км қашықтықта орналасқан. Су температурасы +27˚. Көркем тау шатқалы 1400 м биіктікте орналасқан. Химиялық құрамы бойынша сульфатке-натриге-кальциға жақын келеді. Ол бұрыннан жақсы атаққа ие. Қайнар көздің суы сарп ауруын және т.б ауруларды емдейді.
Алма – Арасанның қайнар көзі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 25 км жерде, 1780 м биіктікте орналасқан. Қазіргі таңда Алма-Арасан демалу орны бар. Мұнда минералды сулардың температурасы 9˚ тен 38˚ дейін. Минералды сулардың 16 қайнар көздері бар. Алма-Арасанның минералды суы сарп ауруына, құяң ауруына, жыныс ауруларына шипалық ем береді.
Аяқ-қалқан. Іле өзенінің сол жақ жағалауындағы құмды шөл даласында шипалы су бар. Бұл судың қайнар көздері бір-бірінен 10-15 м қашықтықта орналасқан, үш жерден шығады. Судың температурасы +23 ˚, 27˚. Минераландыру - Қазақстан термаларымен салыстырғанда ең үлкені, мұнда 1 литрінде 0,1 миллигармм бром мен кремни қышқылы бар. Суды асқазан ауруларына, сондай-ақ бүйрек және тері ауруларын емдеуге қолданылады.
Арасан-Қайнардың қайнар көздері. Бұл қайнар көздер Алматы қаласынан батысқа қарай 135 км және Отар станциясынан 35 км қашықтықта орналасқан. Теңіз үсті деңгейінің биіктігі 1300-1400 м. Қайнар көздер тереңдігі 40 см болатын қатар жатқан төрт шұңқырлардан ағып өтеді. Су температурасы +18,5˚, +23˚, +25˚.
Информация о работе Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы