Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 20:27, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты – табиғи-танымдық туризмнің қазіргі хал-жағдайын сараптау және тек шетел туристерінің ғана сұранысына ғана емес Қазақстанның да басқа облыстарында тұратын тұрғындардың, одан қала берді ТМД елдерінің де сұранысына ие болатын рентабельді табиғи- танымдық турларды құру.
Жұмыстың міндеттері:
. Алматы облысының табиғи ресурстарын және оларды табиғи-танымдық турларды ұйымдастыру барысында қолдану;
. Табиғи-танымдық турларды құру кезінде айырықша қорғауға алынған табиғи аймақтарды (ООПТ) пайдаланудың үлгілері мен әдіс-тәсілдерін анықтау;
. Аталған аймақтағы табиғи-танымдық турларды құрумен айналысатын туристік фирмалар жүргізген маркетингтік зерттеулердегі жинақталған тәжірибелермен танысу;
. Табиғи – танымдық турлар құру;
. Алматы облысының келешекте туризмді дамытудағы алға
қойған мақсаттары мен мәселелерін анықтау;

Содержание

Кіріспе..................................................................................3
Негізгі бөлім:
1. Алматы облысы туризмінің дамуындағы
табиғи алғышарттар...........……………………………………….. 8
1.1. Алматы облысы туризмінің дамуынан
қысқаша тарихи мәлімет....................................................9
1.2. Табиғи ресурстар және олардың туризмде
қолданылуы..........................................................................10
1.2.1. Рельф………………………………………………..13
1.2.2. Климат (ауа-райы) ……………………………......14
1.2.3. Су ресурстары……………………………………...16
1.2.4. Флора және фауна (өсімдіктер әлемі және
жануарлар әлемі)………………………………....26
2. Алматы облысының айырықша қорғауға алынған табиғи
аймақтарын туризмде пайдалану
2.1. Табиғи ескерткіштер.....................................................32
2.2. Болашақтағы маңызды болып табылатын Алматы
облысындағы көрнекті жерлер...................................35
2.3. Алматы облысының қорықшалары ..........................36
2.4. Алматы қорығы..............................................................37
2.5 Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар......................38
3. Алматы облысының негізгі туристік маршруттары.........44
3.1. Алматы қаласының туристік фирмалары
ұсынатын табиғи- танымдық турлар.......................46
3.2. «Алматы облысына саяхат» турының
бағдарламасын құру...................................................62
4. Туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттар мен мәселелер .........69
Қорытынды...........................................................................70
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................72
А қосымшасы..............................................................................73
Б қосымшасы..............................................................................74

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Алматы-облысының-туристік-рекреациялық-2009 (1).doc

— 418.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен, отандық туризмнің пайда болуы Верный қаласында «Орыс географиялық қоғамы» құрылған 20 ғасырдың басында-ақ бастау  алады. «Қоғам» бөлімі 1927 жылға дейін жұмыс жасап келді.

20 жылдардың соңында энтузиасттар саяхаттаудың барынша белсендірек түрлерін ұйымдастыра бастады. Олардың қатарында Іле Алатауына жаяу саяхат жасаған тау туризмінің танымал тұлғалары Г.И. Белоглазова, Ф.Л. Савина және В.М. Зиминдер бар еді. [4,5].

Сәл кейінірек 1931 жылы туризмді ұйымдастыру барынша биік деңгейге қойылды: сол кездегі Алма-Ата қаласындағы Жетісу Губерниялық музейінде туризм мен экскурсияның пролетарлық қоғамының бүкілодақтық мүшелері болып табылатын он адамнан құралған топ ұйымдастырылды. Осыған байланысты Алма-Атада Қазақтың Алматылық өлкетану кеңесі құрылды. Оның бірінші төрағасы болып Әліби Жангелдин тағайындалды. Ал, 1932 жылы Алматы қаласы және оның айналасындағы жерлер бойынша туристік маршруттар көрсетілген жол сілтегіш жасалып, басылып шықты. Қазақстандағы туризмнің дамуына турбаздардың, приюттердің және демалыс орындарының ашылуы көп ықпал етті. Мысалы, 1936 жылы Алма-Атаға жақын жердегі Горельник рощасында 50 адамға арналған туристік база ашылды. Алматы мен оның айналасында туристер слеті өткізіле бастады мұндай ( алғашқы слет 1939 жылы Көкжайлау асуында өткізілді, оған 200-ге жуық адам қатысты), сонымен қатар, 1935 жылы Комсомол шыңында бірінші рет альпиниада өткізілді [6].

Осыдан соң, сәл кейінірек 1943 жылы Горельник турбазасы уақытша Кеңес әскерлерінің солдаттар мен  офицерлерден құралған тау–атқыштар инструкторларын дайындайтын Бүкілодақтық  мектепке айналды. 2 жылдың ішінде мектеп 1500-ға жуық адам дайындап шығарды. Мектептің көптеген түлектері Ұлы Отан Соғысы жылдарында майданға араласты. Олар Кавказ, Карпат, Судет тауларында, Трансильвандық Альпі, Хингане, Норвегияда әскери істерге араласты. Соғыстан соңғы 10 жылдықта, яғни   1953 жылы Горельник турбазасы өз жұмысын қайта жаңғыртып, туристерді қабылдай бастады.

1955 жылы Есік турбазасы құрылды, бірақ Бұл турбаза Горельник турбазасымен бірге сел жүру қаупі салдарынан жабылып қалды.1952 жылы Қазақстанда туристік- экскурсиялық басқарма құрылды. Ал, 1959 жылы «Алма-Атинская» турбазасы құрылды. 1962 жылы туристік-экскурсиялық басқарма туризм бойынша кеңес ұйымдастырды. 1965 жылы Қазақтың туризм және экскурсия  Кеңесі, сондай – ақ Алматы облыстық туризм кеңесі және Алматылық экскурсия бюросы құрылып, жұмыс жасай бастады. 1968 жылы «Алматау» деген атаумен жаңа турбаза ашылды. Ал, 1970 жылдан бастап Алма-Ата автобазасы мен бақылау-құтқару қызметі іске кірісті.

1980 жылға аяқ басқанда Алма-Ата  қаласында туристік және экскурсиялық  жұмыс барынша биік деңгейге  көтеріліп, үнемі даму үстінде  болды. Ел үкіметінің тарапынан  туристік инфрақұрылымды дамытуға көп мөлшерде қаражат бөлінді. Атап айтқанда, сол қаржыға елімізге келетін туристер қатарының көбеюіне байланысты жаңа қонақ үйлер мен турбазалар салынды. Сонымен, 1982 жылы санақ бойынша 231 мың турист пен 1193 мың экскурсантқа қызмет көрсетілген.  Оларды қабылдап алу, орналастыружәне қызмет көрсетуді Алматы туризм кеңесі мен оның қарамағындағы ұйымдар өз мойындарына алды. Сол кездің өзінде-ақ Қазақ Республикасына қонаққа келген туристерге тауға жаяу саяхаттау  маршруты, қалалық маршрут, табиғи маршрут секілді туристік маршруттардің тұтастай кешені ұсынылды.Қала ішіндегі және қала сыртындағы экскурсиялар 88 тақырып бойынша өткізілді, олардың ішінде « Асқақ Тянь-Шаньға бетпе-бет», «Медеу спорт кешені», «Жамбыл Жабаев қазақтың ұлы ақыны», «Жер мен адамдар Іле жазығынан шыққандар», «Отан неден басталады» т.б. танымал тақырыптар кеңінен қолданылды. Экскурсияларды 309 экскурсовод тіркелген Туристік Экскурсиялық бюроның мамандандырылған қызметкерлері жұмысшылары жүргізді.  1983 жылы Мәскеу, Ленинград, Киев, Брест, Минск, Баку, Ереван, Тбилиси, Прибалтика, Кавказдың Қаратеңіз жағалауы, Архангельск- Соловки, Светлогорск  бағыттары бойынша 3 күннен 20 күнге дейінгі ұзақтыққа 87 әуе маршруттары жасалып, ұсынылды. 1982 жылы Алматылықтарға 9 теплоход және 4 автобус маршруттары берілді. Алматы қаласындағы мекемелерде, кәсіпорындарда, құрылыс нысандарында, ғылыми-зерттеу институттарында және жоғарғы оқу орындарында туризмнің түрлері бойынша 4 клуб пен 310 дене шынықтыру ұжымдарының секциялары құрылды. 1962 жылдан бастап қалалық тіристік клуб өз жұмысын бастады. Атқарылған істердің арқасында бұл клубтар мен ұжымдар 49 мыңға жуық туризмді ұнатушыларды  айналасына шоғырландырды. 1982 жылы Алма-Атада туристік клубтар мен секциялар 241,1 мың адам қатысқан 9060 саяхат ұйымдастырды, сонымен қатар спорттық туризмнің түрлерінен әр түрлі жарыстар мен слеттар өткізіліп отырды. Осының әсерінен бүкілодақтық спорттық квалификацияға ие болғандардың саны артты, 1982 жылы 3,5 мыңнан астам адам спорттық разрядттарға қол жеткізсе, 22 адам туризм бойынша СССР-дің спорт шебері атағын иеленді. Спорттық туризмнің нормативтері  «СССР-ді қорғау мен оған еңбек етуге дайынмын» деп аталатын физкультуралық кешенге енгізілді [3].

 Кеңес Одағы құлағанна кейін  қаржылық қамтамасыз ету жағы  жетіспегенннен және бұрынғы одақ республикаларымен арадағы байланысты үзіп алу салдарынан барлық туристік клубтар, секциялар, ұйымдар өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда Қазақстан Республикасы үкіметі туризм саласы бойынша агенттік құруға қаржы бөлді. Бұл агенттік кейіннен туризм және спорт агенттігімен бірлесіп қызмет атқарды.

Нарықтық экономика жағдайы орын алған кезде туристік сала  тұтынушыларға сапалы қызмет көрсете алмайтын және нарықтық жағдайға әлі бейімделмеген, тәжірибесі жоқ жеке кәсіпорындар мен фирмалардың қолына өтті.

Қазіргі таңда Қазақстанда  600-ден астам туристік фирмалар бар, олардың 400-ге жуығы алматы қаласында орналасқан [4]. Бірте –бірте туристік қызмет көрсетудің қазақсандық нарығы клиенттердің назарын дәстүрлі туризмге аударумен ғана шектеліп қалмай, олардың қалтасының қалыңдығына, таңдауына, талғамына сай сан түрлі эксклюзивті турларды ұйымдастыруды жолға қойды. Алайда, Алматы облысы туризмінің дамуында жоғарғы деңгейде шешімін табуға тиісті көптеген мәселелер әлі де бар. Бұл мәселелер 2001 жылдың 13 маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңды» қабылдаған сәтте жеке-жеке қарсытырылып, талқыланған болатын.

  • Алматы облысының табиғи ресурстары және олардың туризм саласында қолданылуы.
  •    Демалыс орнын немесе рекреацияны таңдаған кезде турист сол аймақтың тартымдылығын басты назарда ұстайды.  Бұл кезде мәдени, тарихи нысандар мен өнер ескерткіштерінің мәні аса маңызды бола қоймайды. Туристер сол елдің болмаса сол аймақтың саяси жағдайы ерекше ескереді.  Бірақ, оларды сол ауданның табиғи жағдайынан  басқа ешнәрсе алаңдатпайды. Туристердің саяхаттауға немесе демалуға жайлы деп бағалауы бойынша келесідегідей критериилерді бөліп қарастыруға болады:

    • демалыс белгіленген елдің немесе аймақтың геграфиялық жағдайы;
    • аймақтың рельфі;
    • климаттық жағдайлары;
    • сол табиғи ортаның ландштафтық факторлары;
    • су көздерінің, өзендер мен көлдердің, болуы;
    • сол аймақтың жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің болуы; [5].

     

    Алматы облысында бұл табиғи ресурстардың жиынтьығы басым.

    Сонымен бірге туризмді дамытуға ыңғайлы әрі жайлылыға жағынан Қазақстан аймақтарын бөлгенде барынша тартымдылық танытқан Алматы облысының аймағы болды. Туризмді дамытуға жайлы аймақ ретінде танылу үшін оған төмендегідей сипаттамаларға ие болу қажет болады: жаз мезгіліндегі  жылылықтың ұзақ сақталуы, жер беті суларының болуы, орманға оранып, көз тартатын көрікті таулардың көп болуы, экскурсиялық нысандардың болуы. Сөз жоқ мұндай сұлулықты дархан табиғат ана Алматының маңайына асқан жомарттықпен тарту еткен [5].

     

    1.2.1. Рельф.

     

    Алматы облысы  - ғаламшарымыздағы тропикалық және экваторлық зоналардан басқа барлық ландштафты зоналарды бірнеше сағат ішінде жүріп өтуге болатын жерлердің бірі. Орналасуына, жер бедеріне қарай облыс әр түрлі екі бөлікке бөлінеді, олар: оңтүстік-таулы аймақ және солтүстік –жазық.Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Тянь-Шань тауының солтүстік  сілемдері созылып жатыр. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-батысы Балхаш шөлімен ұштасып жатыр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай қозғалып келе жатып жаттығып жүрген адам жол бойында шөлге, жартылай шөлді далаға (500-ден 1000 м-ге дейін),  орманды дала мен жапырақты ормандарға ( 1000-1400 м), тянь-шань шыршаларының орманына (1400-2700), альпілік және субальпілік алқаптарға, қарлы шыңдар мен мәңгілік мұздықтара тап болады.

     

    1.2.2. Климат

     

    Табиғи ортаның екінші бір маңызды элементі климат болып табылады. Оның жалпы сипаттамасы жайлы сөз етсек сол аймақтың рекреациялық мақсаттарда жарамдылығын бағалауда топо-климаттық және микроклиматтық ерекшеліктері анықталады. Ауаның тазалығы, инсоляцияның жағымды жағдайлары, ауа температурасының аз мөлшерде ауытқуы және ауаның ылғалдылығы, тұманның сиректігі, желден қорғану барынша үлкен мәнге ие.

    Алматы облысының климаты

    Облыста барынша суық ай қаңтар, ал ең ыстық ай шілде болып табылады. Жазықтық жерде қаңтар айындағы ауа температурасы минус 12,0-тан минус градустан  14,1градусқа дейін ауытқиды. Балхаш маңайындағы суық маусымның ұзақтығы 5 айға жуық (қарашадан наурызға дейін). Тау етектерінде қаңтардағы орташа температура минус 5,6-дан минус 6,6 градусқа дейін ауытқиды. Бұл жерде қыс салыстырмалы түрде алғанда қысқа болып келеді.

    Облыстың жазық және таулы жерлерінде өте ыстық. Шілде айындағы орташа температура плюс 20 градустан плюс 25,1 градусқа дейін ауытқып отырады. Алматы облысының климатына  белсенді күн радияциясы тән. Мұнда вегетациялық кезең 4000 градусқа дейінгі температура мөлшерінде 205 күннен 225 күнге дейін созылады.

    Биік таулы аудандардағы климат облыстың жазық жерлі аудандарындағы климаттан ерекшеленіп тұрады. Жаз мезгілінде тауда ауаның температурасы әрбір 1000 метр сайын орташа есеппен алғанда 0,6 градусқа төмендеп отырады. 4500 метрден жоғары биіктіктерде орташа температура барынша жылы ай шілденің өзінде құбылып отырады.

    Алматы облысының аймақтары бойынша жауын-шашынның түсуін бақылағанда оның әр жерде біркелкі түсе бермейтіні байқалды. Облыстың жазық жерлі аудандарына түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 125 мм-ден 300 мм-ге дейін ауытқиды, ал тау етегінде 400 мм-ден и500 мм-ге дейін өзгерсе, тауда 700 мм-ден 1000-ге дейін өзгеріп отырады. Облыстың ең құрғақ жері Балқаш маңы болып табылады. Мұндағы климатқа тән шөл іспеттес. Облыста көктемгі және жазғы кезеңдерде жауын-шашын көп мөлшерде түседі [9].

    Облыстың тау жақ бөлігі демалыс үйлері мен санаторийлер, курорттар салуға аса ыңғайлы болып келеді. Осылайша, Алматы облысы туризмнің қысқы түрлермен қатар жазғы түрлерін де дамытуға жайлы жағдай туғызатын климаттық ресурстарға ие. Қыс мезгілінде ауа-райы ыңғайлы және жауған қар шаңғышылар мен коньки тебушілердің ғана емес қыс  қызықтарын ұнататындардың да әр  түрлі қысқы ойындар ұйымдастыруына ықпал етеді. Ал, жаз кезінде  шомылуға, күн көзіне қыздырынуға, қаланы аралап қыдыруға  керемет жағдай туады.

     

     1.2.3. Су ресурстары

     

    Іле өзені - Қазақстанның ірі өзендерінің бірі (1439  шақырым). Біздің еліміздің территориясында бұл өзен Шарын, Шелек, Түрген, Есік, Қаскелең өзендерінің арнасын өзіне құяды. Оның ағысы өте тез, судың орташа жылдық  ағыны секундына 460 куб метрді құрайды. Іле өзені қайық жүзуге ыңғайлы болғанымен жүк тасымалдаушы кемелердің қозғалысына қиындау болады. Өзендердің арнасы мен бастауларын еріген мұздықтар толықтыратындықтан тауда еріген қар суының Ілеге келіп құйылуы сәуір айынан бастап тамыз айына дейін созылады.

    Іле өзені жайлы ертеден бір аңыз қалған. Бағзы заманда бұл өлкені Балхаш есімді қатігез сиқыршы мекендеген екен. Оның Іле есімді сұлу қызы болыпты. Сол сұлу Қаратал атты бір кедей жігітке ғашық болады. Бірақ оның қатал әкесі қызына сүйгенімен кездесуге тыйым салады. Сол кезде Іле сұлу өз жүрегінің қалауы Қараталмен қашып кетеді. Мұны біліп қойған әкесі Балхаш қашқандардың жолын кесу үшін  көлге айналып қос ғашық Қаратал мен Ілені екі арнасы екі бөлек екі өзенге айналдырып жібереді. Қатал әке айырып жіберген екі ғашықты  тағдыр қосылуға жазбаса да екеуі Балхашқа келіп құйғанда бәрібір табысады екен деседі. [11].

    Іле өзені құмды жағалаулардың арасымен емін-еркін аққанымен өзеннен 200 м биіктікке көтеріліп жатқан Қапшағай қыраты мен Қапшағай ГЭС-і қысып тастайды. Сонымен бірге мұнда Алматы қаласының демалыс зонасы болып табылатын  биіктігі 40 метрлік қолдан жасалған Қапшағай  көлі бар.

      Жабайы табиғаттың таң қалдырарлық сұлулығы жан тебірентеді. Қарлы шыңдардан бастап құмды бархандарға дейінгі ғажап крініс көзді арбайды. Өркениетті Европада мұндайды көру үшін мәңгілік мұз құрсанған Шпицбергеннан Африканың шөліне дейінгі 4000 шақырымға жуық жерді саяхаттауды бастауға тура келер еді.

    Іле өзенінің атауы айнадай жалтыраған деген мағына беретін моңғол сөзінен шыққан.  Іле өзені бассейінін бір-бірімен өзара байланысты бірнеше туристік зоналарға бөлуге болады[12]:

    1.  ҚХР-дың шекарасынан Қапшағай су қоймасына дейінгі Іле өзенінің бастауы

                         2.  Қапшағай су қоймасы

                         3. Қапшағай ГЭС су бөгетінен бастап Ақкөл поселакасына              дейінгі ортаңғы  бөлігі.

                       4.  Ақкөл поселкасынан басталатын төменгі бөлігі.

                        5. Балхаш көлі.

    Іле өзенінің басы Алтын Емел Ұлттық табиғи саябағының, Әнші құмның, Бесшатыр қорғанының сұлулығымен көз тартады. Бұл ауданның жарты бөлігі шегаралық зонада орналасқандықтан атақты жа ажарлы Алтын Емелдің сұлулығын тамашалау үшін арнайы рұхсат қағазы болу керек. Басында саябақтың басшылары тек шетелдік туристерге ғана қызмет көрсететін. Алайда, бүкіл әлемде қоршаған ортаны қорғау ең маңызды іс болып отыр [12].

    Қапшағай су қоймасы орналасқан аймақ барынша игерілген, бірақ бұл жерді ыстықкөл секілді жасау үшін біраз жұмыстар атқару қажет.

    Өзеннің Қапшағай ГЭС су бөгетінен төменде орналасқан ортаңғы бөлігі алматылық турфирмалардың талпыныстарының арқасында 1998-2000 жылдары қайтадан жандана бастады. Өзенді жағалай 1-2 күндік маршруттар өткізіліп, жартасқа жазылған таңбалы жазулар Тамғалы – Тас жазуларын көруге автобуспен саяхаттар ұйымдастырылып отырады. Осының бәрі қалалықтардың арсында өзеннің танымал болуына ықпал етті. Оның үстіне жеке жеңіл автокөліктердің көбеюі өзен айналасына серуендеп, саяхаттап келушілердің санын көбейтті. Соған байланысты өзеннің маңайын тез арада ретке келтіру жұмыстарын қолға алу керек және жергілікті туристер мен вандалдар яғни мәдени ескерткіштерді жоюшылар жойып жоқ қылуға айналған  тастағы  Тамғалы тас жазуларын қорғауға алу керек.

    Өзінің бастапқы жаралғандағы сұлулуығын сақтап қала алған өзеннің төменгі ағысы болып табылады. Мұны сом балықтарды аулауға келетін шетелдік туристерге қызмет көрсетуші турфирмалар жақсы біледі. Өзеннің сағасы жабайы табиғаттағы құстарды, жан-жануарларды бақылауға және экзотиканы жақсы көретіндерге арналған нағыз жұмақтың өзі. Табиғаттың аясында демалғанды жаны сүйетін шетелдік туристердің арасында ең танымал әрі сүйікті істері «бердинг» (ағылшын сөзінен алғанда «берд» - құс деген мағынаныф білдіреді) болып саналады. Құстарды бақылау барысында оларды суретке түсіруден алдына жан салмау басты нәрсе болғандықтан туризмнің бұл түрі  өз алдына спорт ретінде танылады. Туризмнің бұл түрі бүкіл әлемсде белгілі болғандықтан шетелдік туристерді бізге де тартудың мүмкіншілігі туады деген сөз.

              Туристік көзқарас тұрғысынан қарастырғанда азырақ игерілген Балхаш көлі болып табылады. Бұл көл Іле өзеніне жасалған саяхаттың шешуші тұсы ретінде өзінің көлемімен және қайталанбас сұлулығымен ерекшеленеді. Онда жайланып демалуға болатын орманды аралдар өте көп [14].

    Информация о работе Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы