Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 20:27, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты – табиғи-танымдық туризмнің қазіргі хал-жағдайын сараптау және тек шетел туристерінің ғана сұранысына ғана емес Қазақстанның да басқа облыстарында тұратын тұрғындардың, одан қала берді ТМД елдерінің де сұранысына ие болатын рентабельді табиғи- танымдық турларды құру.
Жұмыстың міндеттері:
. Алматы облысының табиғи ресурстарын және оларды табиғи-танымдық турларды ұйымдастыру барысында қолдану;
. Табиғи-танымдық турларды құру кезінде айырықша қорғауға алынған табиғи аймақтарды (ООПТ) пайдаланудың үлгілері мен әдіс-тәсілдерін анықтау;
. Аталған аймақтағы табиғи-танымдық турларды құрумен айналысатын туристік фирмалар жүргізген маркетингтік зерттеулердегі жинақталған тәжірибелермен танысу;
. Табиғи – танымдық турлар құру;
. Алматы облысының келешекте туризмді дамытудағы алға
қойған мақсаттары мен мәселелерін анықтау;

Содержание

Кіріспе..................................................................................3
Негізгі бөлім:
1. Алматы облысы туризмінің дамуындағы
табиғи алғышарттар...........……………………………………….. 8
1.1. Алматы облысы туризмінің дамуынан
қысқаша тарихи мәлімет....................................................9
1.2. Табиғи ресурстар және олардың туризмде
қолданылуы..........................................................................10
1.2.1. Рельф………………………………………………..13
1.2.2. Климат (ауа-райы) ……………………………......14
1.2.3. Су ресурстары……………………………………...16
1.2.4. Флора және фауна (өсімдіктер әлемі және
жануарлар әлемі)………………………………....26
2. Алматы облысының айырықша қорғауға алынған табиғи
аймақтарын туризмде пайдалану
2.1. Табиғи ескерткіштер.....................................................32
2.2. Болашақтағы маңызды болып табылатын Алматы
облысындағы көрнекті жерлер...................................35
2.3. Алматы облысының қорықшалары ..........................36
2.4. Алматы қорығы..............................................................37
2.5 Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар......................38
3. Алматы облысының негізгі туристік маршруттары.........44
3.1. Алматы қаласының туристік фирмалары
ұсынатын табиғи- танымдық турлар.......................46
3.2. «Алматы облысына саяхат» турының
бағдарламасын құру...................................................62
4. Туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттар мен мәселелер .........69
Қорытынды...........................................................................70
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................72
А қосымшасы..............................................................................73
Б қосымшасы..............................................................................74

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Алматы-облысының-туристік-рекреациялық-2009 (1).doc

— 418.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикалық Білім және Ғылым  Министрлігі

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық  Педагогикалық Университеті

 

 

Жаратылыстану-география факультеті

                                           Туризм кафедрасы

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

Тақырыбы: «Алматы облысының туристік рекреациялық

                                                       географиясы»

                                                      

 

 

 

 

 

 

 

Қорғауға жіберілді                                     Орындаған:

                                                                    Географиялық –туризм мамандығының

«_____» ________2008 ж.                                  5 курс студенті Әлімжанова Б.А.

 

                                     Ғылыми жетекшісі:

Кафедра меңгерушісі:                                     аға оқытушы Әтейбеков Б.Н.

профессор Мазбаев О.Б.

 

 

 

 

 

 

 

Алматы – 2009

Мазмұны:

 

 

Кіріспе..................................................................................3

Негізгі бөлім:

  1. Алматы облысы туризмінің дамуындағы

     табиғи алғышарттар...........……………………………………….. 8

               1.1.    Алматы облысы туризмінің дамуынан

                         қысқаша тарихи мәлімет....................................................9

          1.2.    Табиғи ресурстар және олардың туризмде

                    қолданылуы..........................................................................10

                         1.2.1.   Рельф………………………………………………..13

  1.2.2.   Климат (ауа-райы) ……………………………......14

  1.2.3.   Су ресурстары……………………………………...16

  1.2.4.   Флора және фауна (өсімдіктер әлемі және

                                      жануарлар  әлемі)………………………………....26

  2. Алматы облысының айырықша қорғауға алынған табиғи      

      аймақтарын туризмде пайдалану

                         2.1. Табиғи ескерткіштер.....................................................32

                         2.2. Болашақтағы маңызды болып табылатын Алматы   

                                 облысындағы көрнекті жерлер...................................35 

                         2.3. Алматы облысының қорықшалары ..........................36

                         2.4. Алматы қорығы..............................................................37

                         2.5 Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар......................38

  3. Алматы облысының негізгі туристік маршруттары.........44

                       3.1. Алматы қаласының туристік фирмалары  

                                  ұсынатын табиғи- танымдық турлар.......................46

                          3.2.   «Алматы облысына саяхат» турының

                                     бағдарламасын құру...................................................62

 4.  Туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттар мен мәселелер .........69

 

Қорытынды...........................................................................70

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................72                   

А қосымшасы..............................................................................73

Б қосымшасы..............................................................................74

 

 

 

 

 

         

 

Кіріспе

 

       Бүгінгі таңда туризм әлемдік экономиканың белсенді түрде дамып келе

жатқан саласы ретінде кеңінен танылып отыр. Соңғы бірнеше жылда кейбір елдер, мысалы Малайзия, Тайланд және Қытай елдері шетелдік туристерді тартуға байланысты қарқынды түрде өткізіліп отыратын реформалардың арқасында өз экономикаларын әлдеқайда жоғарғы деңгейге көтеріп алды десе де болады. Егер сандық мәліметтерге жүгінер болсақ табысы қомақты басқа салалармен салыстырғанда туризм саласының салмағы басым екендігін байқаймыз. Мамандардың зерттеуінше туризм саласы 2005 жылдан бастап жеңіл автокөлік пен мұнай экспорттауды артта қалдырып,  кіріс кіру жағынан бірінші орынға шыққан. Көп жағдайда  туризм халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешіп береді.

Мәселенің мәнісіне тікелей көшетін болсақ, біз сөз еткелі отырған Алматы облысы бүгінгі күннің өзінде қазіргі туристердің әр түрлі деңгейдегі сұраныстарын қанағаттандыра алуға қабілетті  әрі кең көлемдегі туристік потенциалы бар аймақ ретінде танылғандығын көрсетіп отыр. Статистикалық зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйенсек әлемдегі саяхаттауды ұнататындардың белгілі бір жаққа саяхаттауды жоспарлау алдында сол елдің шоу-бизнестен өткізілетін мәдени іс-шараларын немесе тарихи-мәдени ерекшеліктерін зерттеуді емес, сол елдің табиғи көрнекті жерлерін тамашалауды бірінші кезекке қоятындығы анықталды. Жақын арада, дәлірек айтсақ 1989 жылы Алматы облысы рекреациялық аймақ бола тұрса да және жақсы деңгейдегі қызмет көрсету инфрақұрылымы болмаса да жыл сайын 1,5 миллион туристі қабылдап отырғандығы кездейсоқ нәрсе емес.  Әрине, мұндай жағдайда Алматы  облысына туризмнен жүздеген миллион доллар  қаржы көлемінде кіріс кіруі анық нәрсе.

Саяхатшылардың саяхаттау мен демалыс өткізу аудандарын таңдауында табиғи ресурстар үлкен рөл атқарады. Бұл жағынан алғанда туристер өздері таңдау жасаған туристік аудандардың ландштафты мен климатына, өсімдіктер және жануарлар әлемінің бай болуына, спортпен айналысуға, аң аулауға, балық аулауға жайлы болуына көп көңіл аударады. Туристік аймақтың ресурстары қандай болса, рекреациялық әрекеттер мен түрлерді ұйымдастыру соған байланысты болады.

Қазақстанның сарқылмас әрі қайталанбас табиғи сұлулығы Жетісу деп аталатын өзіндік ерекшелігі мол географиялық аймақта көрініс береді. «Жетісу-жер жаннаты» деген сөз бекер айтылмаса керек. Жетісу өңірі көп уақыттан бері өзінің өсімдіктер және жануарлар әлемінің саналуандығымен, ыңғайлы табиғи контрастарымен және табиғи ландштафтарымен туризм саласындағылардың қызығушылығын тудырып отыр. Саяхат жасаудың азапты жолын артқа тастап әрі өміріне қауіп-қатер тудыра отырса да көптеген ғалымдар мен саяхатшылардың бұл өңірге асқан қызығушылықпен сапар шеккілері келетіні тегін емес.

Жетісуды зерттеп жүрген танымал зерттеуші Р.И. Аболин сібір қазақтарының Жетісу жеріне  қоныстанғанын қарай отырып, мына жағдайды байқаған. Көшіп келген казактарға Жоңғар Алатауының етегіндегі жерді суландыратын су көздерінің көптігі таң қалдырған. Осы есепте Жоңғар Алатауы Сібір мен Орта Азия  тауларын байланыстыратын ерекше көпір болып табылады.[1]

Ауа-райының тұрақтылығы, асулар мен жазықтардың көп болуы, рельфтің әр алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматының туризмнің археологиялық, спорттық, танымдық т.б. түрлеріне ыңғайлы демалыс орнына айналуына ықпал етті.

Құм шөлейттер мен қарлы шыңдар, құмды бархандар мен мұздықтар, сексеуіл мен эдельвейстер  қатарынан бірге орналасатын аймақтар болады. Дәл осындай көршілестік Алматы облысында бар. Бұл жерде алты түрлі климаттық белдеулермен танысуға болады. Сіз бұл аймаққа саяхаттау мақсатында сапар шеккен болсаңыз жолда  шөл даланың аптап ыстығына тап боласыз, дархан даланың ғажап көркіне тоймай көз тіге аласыз, тау етегіндегі алып ағаштардың саясында тыныға аласыз. Одан жоғарыға көтерілер болсаңыз алдыңыздан қылқан жапырақты орман құшақ жаяды. Ал одан сәл жоғарыда яғни тау-тастың арасында тундраны еске түсіріп, танау жаратын хош иісті арша өседі. Қарлы шыңдардың ұшар басына аяғыңыз тиген сәтте сіз бейнебір Арктикада тұрғандай әсер аласыз.

Қазіргі кезде жергілікті тұрғындар секілді шетелдік туристерге де Аламаты қаласының туристік фирмалары жасаған табиғи – танымдық турлардың бағдарламаларын таңдау ұсынылады. Мұндай табиғи-танымдық турларды құру кезінде Алматы облысының барплық табиғи ескерткіштері мен көрнекті жерлері қамтылады.

Бірақ, өкінішке орай көптеген турлар қазақстандық туристік қызмет көрсету нарығында өте қымбат жіне қолайсыз болып отыр.

Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі төрт тараудан және қортындыдан тұрады.

Бірінші  тарауда  біз Алматы облысы туризмін дамыту мен оны пайдаланудың табиғи алғышарттарын қарнастырамыз.

Екінші тарауда табиғи-танымдық турларды құру барысындағы айырықша қорғауға алынған аймақтар жөнінде сөз қозғаймыз.

 Үшінші тарауда Алматы қаласында жұмыс жасайтын табиғи-танымдық  турларға сипаттама беріледі және «Алматы облысына саяхат» туры құрылады.

  Төртінші тарауда біз Алматы облысының келешекте туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттары мен мәселелерін қарастырмақпыз

74 беттік мәтін көлеміндегі жұмыс 5 кесте мен 3 қосымшадан тұрады.

Бұл жұмысты орындау барысында 48-ге жуық әдебиет көздері пайдаланылды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында қолданылған шешуші сөздер: табиғи ресурстар, айырықша қорғауға алынған аймақтар, қорық, ұлттық саяжай, табиғат ескерткіштері, табиғи-танымдық тур.

 

Жұмыстың мақсаты – табиғи-танымдық туризмнің қазіргі хал-жағдайын сараптау және тек шетел туристерінің ғана сұранысына ғана емес Қазақстанның да басқа облыстарында тұратын тұрғындардың, одан қала берді ТМД елдерінің де сұранысына ие болатын рентабельді табиғи- танымдық турларды құру.

Жұмыстың міндеттері:

.  Алматы облысының табиғи ресурстарын және оларды табиғи-танымдық турларды ұйымдастыру барысында қолдану;

.   Табиғи-танымдық турларды құру кезінде айырықша қорғауға алынған табиғи аймақтарды (ООПТ) пайдаланудың үлгілері мен әдіс-тәсілдерін  анықтау;

.   Аталған аймақтағы табиғи-танымдық турларды құрумен айналысатын туристік фирмалар жүргізген маркетингтік зерттеулердегі жинақталған тәжірибелермен танысу;

.  Табиғи – танымдық турлар құру;

.   Алматы облысының келешекте туризмді дамытудағы алға                             

    қойған мақсаттары мен мәселелерін анықтау;

Дипломдық жұмысты қорғауға дайындау барысында төмендегідей әдіс-тәсілдер жиынтығы қолданылды, атап айтар болсақ: материал жинау

( әдебиет көздері, ғылыми мақалалар, күнделікті баспасөз беттерінде  жарық көріп отыратын материалдар, энциклопедиялық баспалар), қолға түскен ақпараттарды сараптау және талдау, сонымен қатар бақылау. салыстыру және картографиялық тәсілдер де пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 – тарау. Алматы облысы туризмінің дамуындағы

табиғи алғышарттар.

 

Туризм өзіндік ресурстық бағыт- бағдары бар салалардың қатарына жатады. Туризм белгілі бір территориялық аймақты тұтынушы ретінде ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығына ғана жол береді. Яғни, әлі қаймағы бұзылмаған тұма табиғатқа сұранысын артыра отырып, өзінің дамуына орасан зор мүмкіндік алады.

Рекреациялық мамандану деңгейіне байланысты жерді рекреациялық  пайдаланудың негізгі үш түрін бөліп қарастыруға болады:

 

1.Рекреациялық белсенділіктің жоғары деңгейі сақталған  территориялар. Бұл жерде басқа жер тұтынушылар екінші орынға ығысады және мәнін жояды.Олардың қатарына мыналар жатады:

( саяжайлар, жағажайлар және басқа  да көпшілік демалатын орындар).

 

2.   Экологиялық және өндірістік қызметтерді біруақытта атқаратын

  рекреациялық белсенділіктің ортаңғы деңгейіндегі  территориялар.

Олардың қатарына жататындар: (қала сыртында отырғызылған жасыл көшеттер, эрозияға қарсы отырғызылған ормандар т.б.).

3. Рекреациялық мөлшері аз деңгейдегі территориялар.

 

Алматы облысы республикамыздың оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан Жетісу деп аталатын аймақта орналасқан.  Солтүстігінде ол Шығыс және Орталық Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр әрі  бұл шекаралық аймақты ащы-тұщы сулы Балхаш көлі, суы ащы Алакөл, Жалаңаш көл және суы тұщы Сасықкөл мен Ұялы көлдері бөліп жатыр. Шығысында Жоңғар Алатауы арқылы  Қытай мемлекетімен    көршілес жатыр. Ал, оңтүстігінде Іле Алатауы, Күнгей және Теріскей Алатау жоталары созылып жатыр. Бұл Солтүстік Және Орталық Тянь-Шань таулары. Батысында Жамбыл облысымен шектеседі.

Облысты Жетісудағы ең ірі су көзі Іле өзені кесіп өтеді. Оның қайнар   көзі Алматы облысынан бастау алып, сосын Қытайға бет алады, ол    жақтан қайтадан Қазақстанға ағып келіп жасанды Қапшағай су қоймасын түзген соң шөл арқылы өтеді де Балқаш өзеніне келіп құяды. Оның ұзындығы 1001 шақырым. Қапшағайдан Іле Алатауының аңғарына дейін 1000 шақырымға жуық, бірақ мұндай ара қашықтықта бір сағаттың ішінде қаңсыған шөл даладан бастап  арктикалық  мұзға дейінгі 4 климаттық белдеуді жүріп өтуге болады [3].

Облыста альпинизм мен тау туризмі кеңінен танымал. Биік шыңдар мен асуларды бағындыру сонау 30-шы жылдарда-ақ қолға алына бастаған және мұнымен айналысушылар әлемнің әр түрлі елдерінен келіп жататын туристер болды. Қазақстанның ең биік нүктесі (6695м) болып саналатын және жаз мезгілінде 2000-ға жуық адам өрмелейтін Хантәңірі шыңының етегінде халықаралық алпинистер лагері (МАЛ) орналасқан.

   Ауа-райының тұрақтылығы, асулар мен жазықтардың көп болуы, рельфтің әр алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматының туризмнің археологиялық, спорттық, танымдық т.б. түрлеріне ыңғайлы демалыс орнына айналуына ықпал етті [2].

 

Алматы облысы туризмінің дамуынан қысқаша тарихи мәлімет.

 

Алматы – салыстырмалы түрде алғанда жас қала болғандықтан туризм саласындағы үлкен тәжірибе жайында сөз қозғау қажет емес. Алайда, туризм мен экскурия тарихы Верный қаласынан, сосын Алма-Ата, кейіннен Алматы қаласында басталғаны белгілі.

Информация о работе Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы