Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 20:27, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты – табиғи-танымдық туризмнің қазіргі хал-жағдайын сараптау және тек шетел туристерінің ғана сұранысына ғана емес Қазақстанның да басқа облыстарында тұратын тұрғындардың, одан қала берді ТМД елдерінің де сұранысына ие болатын рентабельді табиғи- танымдық турларды құру.
Жұмыстың міндеттері:
. Алматы облысының табиғи ресурстарын және оларды табиғи-танымдық турларды ұйымдастыру барысында қолдану;
. Табиғи-танымдық турларды құру кезінде айырықша қорғауға алынған табиғи аймақтарды (ООПТ) пайдаланудың үлгілері мен әдіс-тәсілдерін анықтау;
. Аталған аймақтағы табиғи-танымдық турларды құрумен айналысатын туристік фирмалар жүргізген маркетингтік зерттеулердегі жинақталған тәжірибелермен танысу;
. Табиғи – танымдық турлар құру;
. Алматы облысының келешекте туризмді дамытудағы алға
қойған мақсаттары мен мәселелерін анықтау;

Содержание

Кіріспе..................................................................................3
Негізгі бөлім:
1. Алматы облысы туризмінің дамуындағы
табиғи алғышарттар...........……………………………………….. 8
1.1. Алматы облысы туризмінің дамуынан
қысқаша тарихи мәлімет....................................................9
1.2. Табиғи ресурстар және олардың туризмде
қолданылуы..........................................................................10
1.2.1. Рельф………………………………………………..13
1.2.2. Климат (ауа-райы) ……………………………......14
1.2.3. Су ресурстары……………………………………...16
1.2.4. Флора және фауна (өсімдіктер әлемі және
жануарлар әлемі)………………………………....26
2. Алматы облысының айырықша қорғауға алынған табиғи
аймақтарын туризмде пайдалану
2.1. Табиғи ескерткіштер.....................................................32
2.2. Болашақтағы маңызды болып табылатын Алматы
облысындағы көрнекті жерлер...................................35
2.3. Алматы облысының қорықшалары ..........................36
2.4. Алматы қорығы..............................................................37
2.5 Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар......................38
3. Алматы облысының негізгі туристік маршруттары.........44
3.1. Алматы қаласының туристік фирмалары
ұсынатын табиғи- танымдық турлар.......................46
3.2. «Алматы облысына саяхат» турының
бағдарламасын құру...................................................62
4. Туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттар мен мәселелер .........69
Қорытынды...........................................................................70
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................72
А қосымшасы..............................................................................73
Б қосымшасы..............................................................................74

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Алматы-облысының-туристік-рекреациялық-2009 (1).doc

— 418.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар тау суларын игеру су туризмін дамытуға мүмкіндік береді.  Су туризмі – туризм түрлерінің ішіндегі барынша экологиялық түрі болып табылады. Тәжірибелі су-спортсмендері үшін шетелдік туристерге әлі таныла қоймаған Шарын, Шелек, Коксу, Лепсі, Қаратал өзендері аса ыңғайлы. Бұл өзекндердің жоғарғы сағасы табиғи ландштафтарға аса бай әріадам аяғы баспаған зоналарда орналасқан[8].

2. Алматы  облысында орналасқан  ерекше қорғалатын  табиғи  территориялардың  табиғи-танымдық турларды ұйымдастырудағы қолдану.

Территориялардың игерілуіне  қарай,  соның  ішінде  туристік  игеруде  табиғаттың  алғашқы  кейпінің  кем дегенде  бір  бөлігінің қорғанысын қамтамасыз ету проблема туғызады. Сонымен  қатар  бөлек қолдан жасалған объектілерді, олар өз алдына  берілген  мемлекетте,  қоғамда немесе  адамзат   баласына  мәдени  тарихи құндылыққа ие болатын  жерлерді қорғау және  сақтау көзделеді.  Осы  үшін  әлемдегі әр  мемлекетте  құрлыққа  немесе  су кеңестігінің  бөлігі  бір  жерлерде адам шаруашылықты қатаң  шектеулі, немесе  мүлдем  тиым  салынған.  Солардың ішінде  мысал  ретінде Алматы  болысындағы келесі түрлерді ООПТ (16):

-Ғылыми қорық, қорғалатын территория, бұл жерлер тек ғылыми негізде ғана  қолданылады,  мысалы  Алматы  қорығы, ол жерде  жануар  әлемінің  ерекше  түрлері  сақталған;

-Ұлттық парк, ол  ерекше  табиғи және ландшафты территория өз кезегінде  ұлттық немесе халықаралық мәні  бар жерлердің сақатлуы  үшін  құрылады, 300-ден артық  ірі ұлттық парктер  әлемде таралған. Алматы  облысында Іле-Алатау және  Алтын-Емел (16 )деген екі табиғи парктер бар.

-Табиғат  ескерткіші, табиғи немесе  қолдан жасалған  мәдени-тарихи көрікті  жерлер,  ол  қолдан жасалған жерлер мен объектілерді сақтау  үшін ұйымдастырлады. Оларға Шыңтүрген  шыршалары  және   реликтовая-ясеневая роща.

-Жабайы  жануарлар  қорығы, жекелеген  жануарлардың популяциясын, биологиялық  қауымдастық  таптарын  сақтау  үшін адамның  жоспарлы  бағытталған  араласуы  қажет  болады. Алматы  облысында олар 8-Алматылық (кешенді), жоғарғы Көксу зоологиялық, Кукан зоологиялық, Лепсі зоологиялық Тоқты зоологиялық, Балхаш зоологиялық, «Іле дельтасы» зоологиялық, Қараой зоологиялық арнаулы (17).

-Қорғалатын  ландшафт, ол  табиғи ландшафтың ерекше  элементтері  мен  ғажайып  құбылыстарды сақтау  үшін  ұйымдастырылған. Бұл жердің  ландшафтында жол салумен, өндірістік  объектілер мен ғимараттар, электро тасымалдаушы линиялар салуға  тиым салынған. Қоғамдық қолданысқа туризм және   дем алысқа әдеттегі өмір  шеңберінде  және  сол  район  (аумақ)  экономикалық  қызметі   аясында  ұсынылады.  Мысалы,  табиғи  ескеркіш-Шарын  каньоны.

Одан  басқа, адам  қолымен  жасалған  жасанды  жерлер,  ерекше  немесе  жоғалуға  жақын  жануралар  мен  өсімдіктер түрік табиғи   ландшафта сақтау үшін бөлінеді. Оларға  Алматы қаласындағы басты  ботаникалық бақты  жатқызуға болады. Және де Іле  боаникалық  бағым мен  Алматы  зоологиялық  паркі  мысал  болады (17).

Туризм Қазақстанның  шаруашылық  қызметінің маңызды бөлігі болып  қалыптасып  жатыр  және ол  белгілі  бір қорғалатын территрияларда жоспарлы және  бақылау арқылы  жүзеге асырылады. Көптеген  әлем  елдерінде  ұлттық паркте, басқа резервация және  объектілерде өзін өзі  қаражаттайтын және  табиғат қорғанысының құралы  ретінде  белгілі.  Бірақ көбіне  аталған территориялар сол елдің  бюджетінен,  халықаралық  ұйымдар  көмегі  арқылы  әсіресе егер  олар  ұлттық юрисдикция шеңберінде орналасқан жағдайда қарастырылады. Бұл үшін  туризмнің реттелуі  және   жоспарлығы  және  территорияның  немесе объектінің  өткізу  мүмкнідігінің  деңгейін  қадағалау  көзделеді. (26,27).

Қазақстандағы  парктер  экожүйесі елеулі  ықпалға  берілмеген  және  адам  шаруашылығы  нәтижесінде   өзгеріске ұшырамаған, өсімдік  пен  жануарлар әлемі алғашқы  қалпында  сақталып,  геоморфология мен  қоршаған  орта  ерекше  қызығушылық тудыратын  соған  қоса  өте  әдемі ландшафты жерлер  құрайды.  Осындай  практер  мемлкеттің  жоғарғы  органдарының  шешімі   немесе  халықаралық  ұйымдардың  ақылдасқан  шешімі  арқылы  құрылады,  мысалы ЮНЕСКО (19) (Қосымша А).

Жоғарыда  аталған  ерекше  қорғалатын  территорияларды  қарастырайық.

Табиғи  ескерткіштер.

Ясеневая  роща. Сртоғай  шатқалында  орналасқан.  Ясень- реликті  ағаш.  Палеонтологиялық  олжаларға  қарағанда, бұл  ағаш  палеоген  дәуірінде  өскен.   Ясень  мұздық қатаң дәуірден аман шығып  төрттік дәуірге дейін  жеткен.  Көптеген  миллион  жылдар өтті.  Тау қыраттар,  климат,  жер  кедбеті,  жануралар  жаңа  түрі  пайда  болып  қайта  жоғалып  жатты,  өсімдіктер  -барлығы  өзгеруіне ұшырады,  тек  бұл  ағаш  қана  өзгермеді.  Бұл  территорияда  негізінде  солдат  ясень  өседі.

Ботаниктер  оны  өзен  сүйкіш  деп  атаған,  себебі сол  тек  өзен  жағасында  ғана  өседі.  Ясеннің  бұл түрі  тек осы  жерде  сақталған, Шарын  өзенінің  төменінде, каньонда Темірлік  өзені  боында.  1964 жылдан  бастап  бұл жер  табиғат  ескеркіші  атағына  ие  болды.  Ағаш  кесуге  тиым  салынған.  Бұл  жерді  көптеген  күтушілер   қарайылдайды.  Аумағы 4855 га,  бірақ  ағаштың  алатын  жері  тек  800 га.  Бұл  ағаштан   бөлек  қара  туранта, лох,  үлкен  жемісті  терек  кезедседі.  Ясень  жапырағы  ең  қою  жасылы,  сұр  жапырақты. Э.К. Бердин ботанигі  ясеньді зерттеуші,  назар  аударарлық  тұжырым  жасады;  гидрологиялықрежим  өзгергендіктен,  топырақ  құрамы  өзгері,  осының нәтижесінде  ясеневая  рощаның  табиғи   қалпына  келуі  кідіріп  қалды.  Осы   ясеневая роща бойымен  көптеген километрге  ежелгі  қорғандар  тізілін  жатыр. Олар  өте көп, жүздеген  ірі   тастардан  қаланған  үлкен  емес.  Сартоғайдың үлкен  қорғандары  Жетіөзен  ауданының  қорғандарынан өзгеше  ерекшеленеді.   Бәлкім, бұл  ерекше  тайпаның  тұрғындарының  өзгешілігі  шығар.  Қорғандар  ірі  шеңбермен  немесе  шаршы  болып  тастармен  қоршалған.  (22).

Шынтүрген  шыршалары.  Алматы  облысының  оңтүстігінде,  Іле Алатауының  Бозгүл  шатқалында  Шынтүрген  шыршалары  бар.  Бұл  солтүстік  қара қылқан   жапырақты тайга  мұз дәуірінен сақталып  қалған,  үлкен  ғылыми  құндылыққа  ие. 1968 жылдан   бастап Шынтүрген  шыршалары  Қазақстанның  табиғи ескеркіші  болып  жарияланды.

Болашағы бар  табиғи  ескеркіштері  және көрікті  жерлер.

Ерекше  қорғалатын  территориялардан  басқа да мемлекет  көңіл  бөлуге  тиіс  табиғи  объектілер  көп. А.В. Чигаркин: «. . . Қазақ ССР территориясында ресми  түрде 3 табиғи ескеркіш бар.  Дегенмен  мемлекет  қорғанысын  күтіп  отырған  табиғи  жерлер  өте  көп. Қоғамның   қызметін  міндеті-табиғаттың  жаратқан  құндылықты  анықтау және  сақтау.» (22). Қазіргі  кезде  республикалық  мәні  бар  25 табиғи  ескеркіші бар,  бірақ мемлекет  қолдауысыз  65 объект  бар.  Олар  ресми  ақпартқа  болашағы  бар  табиғи  ескеркіш  болып  танылды.

Алматы  облысында  алатауы  орналасқан:

  1. Шарын  каньоны (ландшафты-палеонтология  ескеркіші)
  2. Жабартау (палеонтологиялық).
  3. Құрты (палеонтологиялық)
  4. Шыпталы (палеонтологиялық)
  5. Қарағашты  роща (ботаникалық)
  6. Жаңғақ рощасы (ботаникалық).

Шарын  өзені  каньоны. Немесе «Долина  Замков». Шарын  өзені  каньондары  Алматы  облысының  шығысында, Алматыдан  193 км қашықтықта  орналасқан.  Терең  каньон  ішімен  өзен  өтеді.  Басында  жан жаққа  кең  тарап,  тұнығында  Ақтобай шатқалы  құрайды.  Тоғай  орманы,  бұл  жерде  түрлі  аң  мен  өсімдіктер  кездседі.  Кейін  каньонның  қатаң  жағалауы  тарылып,   жазықтықты  кесіп  өтеді де,  биік  тасты  Торайғыр   жотасының  қоршауынан өтеді. Жотадан өте  сала,  өзен  терең  каньоны  суын  апарады,  ол  жерде  адам  тұрмайды және  тасты  шөл  жер.  Келесіде  каньон  қабырғасы  жан  жаққа  таралып,  Шарын  кең  жазықтыққа, Сартоғай  шатқалына  төгедіканьонның  жалпы  ұзақтығы  154 км.

Кезінде,  25 миллион  жыл бұрын, бұл  жерде  үлкен  көл болған,  түбіне ашық  су  мен  ұсақ  щебень.  Кейін  кқл  суы  тартылып,  200-300 метр болатын туб қалындығында, күшті сулар көптеген  үңгір  мен  саңылаулар кескіңдеді. Шарын  өзені  каньоны  керемет тектоникалық және  геологиялық  полиогн. Кайнозой  таулы  породасы  сарғышыл  ақтас-саз  тунбасымен  магмалық  және  тұнбалық  породасы  Торайғыр  жотасында  білінеді.

Биіктігі  300 м-ге  дейін жетеді,  төменгі  карбон  (300 мың жыл бұрын) дәуіріне  сәйкес  көптеген  қазба  фаунаны кездстіруге  болады.

Көптеген  миллиондаған  жылдар  бойы  су,  күннің  көзі  және  жел  осы  каньонға алуан  түрлі   бейне  берді.  Кейде олар  үлкен қаланың  қираған  бөліктері, немесе құбықтарға, не  болмаса  жануар,  колонна,  мұнара,  андарға  ұқсатуға  болады.  «Долина   Замков»,  «Ущелье  ведьм»  атты  жерлер  өзінің  ерекшеліктерін  белгісі,  мысалы  жол  бір   шынтақтыққа  дейін таралып кетуі, «Чертово   ущельесі» жол  тіптен  жарға  тіреледі.  әдемі,  көрікті,  ежелгі, кескіндеулі- бұл  каньон қатаң  келбеті  мен  қатты  әсер  бероеді.  (23). Каньон  танында қоян,  жылан,  келтіргімтерді,  түрлі  құстарды  кездестіруге  болады.

Алматы  облысының  қорықшалары.

Алматы  кіші  қорығы. Кіші  қорық  1953 жылы  табиғи  ландшафтың,  сирек  және  жоғалып  кетуге  жақын  жануралар  түрлерін  Іле  Алатауы  зонасында  қорғау  үшін  ұйымдастырылған.  Теңіз  деңгейімен  100-3400 метр  биіктікте  орналасқан.  Ауданы 427  мың  гектар Кіші  қорық  территориясында  590-нан  астам  жоғарғы  және   төменгі  белгілі.  Ал,  аркар,  қар   барсы,  Тянь-Шань  аюы,  сияқты  жануралар  ССР  Қызыл Кітабына  енген.

Қарағай  мемлекеттік  кіші  қорық.  Республикалық  мәні  бар  осы  кіші  ұорық  1979 жылы  құрылды. Ауданы 509 мың га, Алматы  облысы,  Балхаш  районы «Ақкөл», «Көктал» совхоздарының  жерінде  орналасқан.  Кіші қорық  территориясы Оңтүстік  «Ақкөл» ауылы,  Батыстан- Жиделі  өзенінің  саласы,  Солтүстіктен  Балхаш  көлінің  жағалауы,  Шығыстан Бақанас-Қараой автожолымен  шектеледі.   Шөлді  жерлер сексеуіл, шенгел және  Іле өзенінің  жайылым  батпақты  жерлеріне  ұласады,  уақытша  суқоймалар  кездеседі.  Жағатайында  қабан,  елік,  ондатра,  қырғауыл және  басқа  аңшылық-өнім  аңдары  кездеседі.  Шөлді  жерлерде-жайрап,  өтек,  Қарабөкті  шілдер, саксаульная  сойка, түлкі,  қарсақ,  құлақты  кірпі,  саршұнақ және  қосаяқтардың  бірнеше  түрлері.

Кіші  қорықта аңшылыққа және өсімдік  өртеуге  тиым  салынған,  өндірістік мақсатқа  ондатр ұстауға болады,  және  оның   дұшпандарына (қасқыр,  түлкі,  қарсақ, ит) аңшылық Бақанас  ондатрыверопромхоздың  штаттық  аңшыларына  рұқсат  етілген.  (30,35).

Қапшағай  мемлекеттік  аңшы-қорықшылық  шаруашылық.

Бұл   шаруашылық  1982 жылы  архар,  жайран,  құлан,  қарабок  шіл  саның  сақтау  және  ұлғайту,  және   эфедра  хвощевой, Іле феруласы,  Закавказ  каракасын  қорғау  үшін  құрылған. Қапшағай су қоймасының  солтүстік  жағында  орналасқан.  Жоңғар  Алатауының оңтүстік  бөлігін  қамтиды.  Аумағы 521,6 мың га. өсімдік  әлемі шөлдаладай: турата,  лох узколистый, шенгел, ақ және  қара  сексеуіл. Бұл  территорияда  40 тан  астам  жандар  және  80 нен  астам  құсі түрі  бар. (10).

Жоғары  Көксу  мемлекеттік  зоологиялық  кіші  қорық.

Қорық  КСРО министрлер одағы  қаулысымен №1 16.03.1981ж., аумағы 240 мың га құрылды.  Уақыты  Совмин КСРО №69 17.02.1986 созылып,  «кіші қорық Республикалық  мәні  бар  уақыты  шектеусіз болды. Бұл  кіші қорық  Жоңғар Алатау  оңтүстік-батыс  жағында  екі  әкімшілік   райондарында  Панфилов  және  Гвардейский орналасқан.

Лепсі  мемлекеттік  кіші қорық.

Талдықорған  облысының  исполкомының  Халық  депутаттар  кеңесі шешімімен 150 мың ға  жерде құрылды.  Кйін  27.07.1982ж. №263 жарғы,  территориясы 258 мың га-ға үлкейтіп және 10 жылға ұзартады шекарасы шығыстан  Глиновка ауылы  Үйгентас (Андреевка) районы  бойымен  Тастау  өзеніне  дейін. Оңтүстікке  Тасату   өзенінен  Тентек  өзеніне  дейін,  батыстан  Тентек  өзенінен  Герасимовка  ауылына  дейін,  солтүстігінен  Держинск  және  Глиновка  ауылы.

Қоқан  мемлекеттік  кіші қорық. Талдықорған  облисполком №454 шешімі, 30.12.1971ж. аумағы 48600 га 1974ж. 28 маусым облисполком №232 шешімімен  аумағы 49100 га-ға дейін ұлғайтты.  27.07.1982ж. №264  облисполком шешімі  бойынша  кішіқ орық  мерзімі  бұрыңғы  шекарамен 10 жылға ұзартылды.  Қоқан  кіші  қорығы  Балхаш  көлі  жағалауында,  Бурлитобинкс  районы  территориясында орналасқан.

«Реликтовая  чайка» мемлекеттік  кіші  қорығы.

05.09.1978ж. КССР министр кеңсесінің  №348  қаулысы  бойынша  кіші  қорық  республикалық  мәні  бар жер  болды.  Ұзақтығы-тұрақты. Аумағы 3300 га.  Алакөл районы  жерінде  орналасқан, оның  ішінде  «Үлкен Аралтөбе», «Кішкене Аралтөбе», «Орта», «Бузымянный», «Урочище», «Шұбар түбек» аралдарында орналасқан.

Тоқты  мемлекеттік  кіші қорығы. 26.01.1981ж. КССР.

Министр  кеңесінің  №29 қаулы бойынша  10 жылға,  аумағы 187 мың га,  шекараларына  ст.Достықтан  оңтүстікке  қарай  Сары  қора   шатқалына  дейін,  мемлекеттік  шекара  бойымен  батысқа  қарай  Көксуат өзенінің   бастауына  дейінгі  жер.  Солтүстік  шегі Көксуат  өзен  бастауынан  Қызылтал  өзені  бастауына  дейін,  солтүстік-батыс  шегі  Қызылтал өзеніне  Көктума  ауылына  дейін  тура   жер.  Шығыс  шегі  Көктулға  ауылынан  темір  жол  бойымен  достық  станциясы  дейінгі  жер. (10).

Алматы қорығы.

Іле Алатау  бөктерінде, Алматы  қаласының  жанында  деңгейінің  және  Есік   өзендерінің  бассейндерінде,  теңіз деңгейінің  140-4974 м биіктікте,  территориясының  ауданы 90,0  мың га  болатын.  Алматы  қорығы  орналасқан. Бұл  қорық 1931 жылы  құрылды.  өсімдіктер  және  жануар  әлемі  алуан түрлі жабайы  алма  қопалары, өрік,  долана  ағаштары  және  де басқа  жеміс  ағаштары  Тянь-Шань  шыршалары  орманына  ұласып,  ал  Нивальді  белдеуде жалаң тастар,  мұздықтар  және  фирновый алаңдармен  ұштасады. (18).

Информация о работе Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы