Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:36, лекция
Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі.
Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.
Д в и г а т е л ь д і ң т о л ы қ қ ү ш п е н ж ұ м ы с і с т е у і үшін байытылған қоспаның құрамы жиклерлерге толық қуат беретін экономайзермен қосымша отын беру арқылы қамтамасыз етіледі. Аз және орташа күштермен істеген кезде механикалық жетегі бар экономайзердің клапаны жабық болады.
Толық қуат беретін жиклерлердің қимасы үлкен болғандықтан, отын негізінен бас жиклерлермен мөлшерленеді. Дроссельдер толыққа жақын ашылған кезде тартқышпен жалғасқан тездеткіш-насосының планкасы итергішті төмен басып, экономайзердің клапаны ашады. Сөйтіп отын қимасы қоспаның байытылған құрамын дайындауға лайықты істелген каналдармен толық қуат беруші жиклерге беріледі.
Д р о с с е л ь д і ш ұ ғ ы л а ш қ а н к е з д е қоспаның байытылуын жетегі дроссельдің рычагы мен шығыршық пен тартқышпен жалғасқан тездеткіш-насосы атқарады. Поршень мен штоктың бірден төмен қарай шұғыл жылжуы отын қысымын жасайды, сондықтан кері шарикті клапан жабылып, отын айдағыш клапанды аша отырып, канал арқылы тездеткіш насосының бүріккішіне кіреді. Отынның бүркілген ағыстары кіші диффузордың қабырғаларына ұрылып, ұсақ бөлшектерге бөлініп шашырап, қоспаны байытып двигательдің тиімділік қабілетін арттырады.
Қ-126Б карбюраторы (61 сурет) ЗМЗ-53 двигательдеріне орнатылады. Оның құрылысы мен жұмыс принциптері Қ-88А карбюраторына ұқсас.
ДВИГАТЕЛЬДІҢ ИІНДІ БІЛІГІНІҢ АЙНАЛУ ЖИІЛІГІНІҢ ШЕКТЕУШІСІ
Дроссель толық
ашық кезінде двигательдің аз күшпен
жұмыс істеп тұрғанмен оның иінді
білігінің шамадан артық
Сондықтан жоғарыдағы
жағдайларды болдырмау үшін жүк
автомобильдерінің
Шектеушінің центрден тепкіш датчигі двигательдің бөлгіш білігімен іске қосылып, бір трубасы карбюратордың ауа трубасымен, екінші трубасы – вакуум камералы диаграфмалық механизммен жалғасқан.
Датчик ішіне клапанды ротор орналасқан корпустан серіппеден және реттегіш винттен тұрады. Ротордың осінің ішіндегі канал карбюратордың ауа кіретін келте трубасымен, оның ішіндегі трубопроводтың тесігі арқылы жалғасқан. Вакуум камерасының диафграгмасы штог, рычаг, дроссельдер білігі, аша және жұрырықшалар арқылы дроссельдердің жетегінің рычагі жалғасқан (63 сурет). Диафрагма үстіндегі қуыс карбюратордың ауа кіретін келте трубасының центрден тепкіш датчик арқылы жалғасқан. Двигатель жұмыс істеп тұрған кезде карбюратордың араластырғыш камерасының сұыйылған ұқысым жиклерлер арқылы осы қуысқа берілуі әсерінен карбюратордың а келте трубасынан трубопроводпен датчик арқылы диафграмамының үстінде пайда болған қысым шамасы қөп болмағандықтан дроссельдердің білікшесі дроссель серіппесінің күшінен ашылатын жаққа қарай еркін бұрыла алады.
Центрден тепкіш датчик айналу жиелігі артқанда центрден тепкіш күштерден әсерінен айналған ротор клапаны клапан серіппесінің тарту күшін жеңіп, ротордың тесігін жабу салдарынан карбюратордың ауа кіретін аузын жауып, диафрагманың үстіндегі қуысқа ауа кіргізбейді. Осы сәтте пайда болған қысым карбюратордың араластырғыш камерасының жиклері арқылы диафрагманың үстіндегі қуысқа кіріп, серіппенің тартылу күшін жеңіп, диафрагманы жоғары қөтеріп, рычаг пен шток арқылы дроссельді жабады. Мұның салдарынан двигательдердің цилиндрлеріне жанғыш қоспаның келуі азайып, ақыры двигательдің иінді білігінің айналымын белгіленген шамадан арттыруына мүмкіндік бермейді.
Дроссельдің білігі педаль жетегімен аша және жұдырықша арқылы жалғасқан (63 сурет). Басқару педалін босатқанда дроссельдердің муфтасының жұдырықшасы серіппені созып білікшенің шығыңқы бүйірін басып, дроссельді жабады. Басқару педалін басқанда дроссельдердің жұдырықшасы кейін шегініп тартылу серіппенің күшімен дроссельдер ашылады.
Карбюраторларды теңгеруші. Қаралған карбюраторлардың бәрі де теңгергіш типті болады. Бұл карбюратордың қалтқылы камерасы атмосферамен тікелей жалғаспайды, ауа жапқышының үстіндегі ауа келте трубасына шығарылған каналмен жалғасқан. Мұндай жағдай ауа сүзгісінің қарсылығы артқан жағдайда жанғыш қоспаның шамадан тыс байытылмауы үшін керек.
Теңгерілмеген карбюратордың араластырғыш камерасына тазартылмаған лас сүзгі арқылы ауа кіргенде оның ішіндегі ауаның қысымы өсіп, отынның кіруі артады да, жанғыш қоспа байиды, бұл отынның шығынын арттырады. Ал теңгерілген карбюратордың жиклерлері диффузор мен қалтқылы камераның қысымдарының айырмашылығының әсерінде болғандықтан, оған ауа сүзгілеріндегі қарсылықтың өзгеруі әсерін тигізбейді.
Карбюраторды зая жүрістің аз айналымында реттеу. Зая жүрістің аз айналымында двигательдің тұрақты жұмыс істеуі және отынды үнемді жұмсауы жанғыш қоспаның мөлшері мен құрамына (сапасына) байланысты. Керек қоспаның құрамы мен шамасын карбюратордың зая жүріс жүйесін реттеу арқылы алуға болады. Мұндай реттеу жұмыстарын белгілі бір температураға шейін жылынған (қызған) двигательдің карбюраторының ауа жапқышы толық ашық кезінде жүргізіледі. К-126Г карбюраторын екі жолмен: дроссельдің (қоспаның шамасы) тірек винті мен құрамын (қоспаның сапасын) реттейтін (68, а-сурет) винттері арқылы жасайды. Реттеу үшін дроссельдің тірек винтін двигательдің иінді білігінің мүмкіндігінше ең аз айнымалымен жұмыс істеуіне жеткенше айналдырылады, ол үшін дроссельді өзгертпей, қоспа сапасының винтін оңға, я солға бұрау арқылы иінді біліктің ең көп афналу моментін табу керек. Одан кейін дроссельдің тірек винтін айналдыра отырып, иіндібіліктің мүмкіндігінше ең аз, бірақ тұрақты айналу моментін табады. Реттеу жұмысының дұрыс не бұрыстығын анықтау үшін дроссельді ашып, шұғыл жауып тексергенде двигатель тоқтап қалмау жұмыс істеуін жалғай берсе, нда оның дұрыс реттелгені. Егер двигатель тоқтап қалса, дроссельдің тірек винтін жарты айналымға бұрып, одан кейін қайта тексереді.
К-88А және
К-126Б карбюраторларының
Қоспаның сапасын реттеп болғаннан кейін дроссельдің тірек винтін двигательдің иінді білігі ең аз айналыммен жұмыс істегенге дейін бұрап, одан соң екі винтпен кезек реттей отырып, қоспа құрамын кедейлендіреді. Әдетте жоғарыда кқрсетілген жолмен 2-3 реттеуден кейін үш винттің де дұрыс орнын табуға болады.
Карбюратордың қатқылы камерасындағы отынның деңгейін тексеру және реттеу жолдары. Қалтқылы каиерадағы отын деңгейінің дәл болуы бүріккіштердің дұрыс жұмысын жасауын қамтамасыз етеді. Қалтқала камерадағы отынның деңгейі жанғыш қоспаның құрамына үлкен әсер етеді, яғни отын деңгейінің шамадан тыс артуы қоспаның баюына әсер етсе, деңгейінің төмен болуы – кедейленуіне әсер етеді.
К-126Г және
К-126Б карбюраторларының
К-88А карбюраторындағы отынның деңгейі екі түрлі жолмен анықталады. Двигатель аз айналыммен зая жүрісте істеп тұрған кезде тексеретін тығынын ағытып алып, сол тесіктен отынның деңгейін анықтайды (ол үшін қараушының көзі тексеру тесігінің тұсында болу керек). Дұрыс реттелген болса отынның деңгейі тесіктен көрініп тұрады да, бірақ одан ағып кетпеуі керек.
Отынның деңгейін
екінші жолмен (65-сурет) анықтау үшін
механикалық жетекті
Егер қалтқылы камерадағы отынның деңгейі белгіленген деңгейден төмен, ия жоғары болса қалтқы рычагының тіреуіш пластинкасын не бір жағына, не екінші жағына майыстыру немесе инелі клапанның ершігінің астындағы төсенішті өзгерту арқылы реттеуге болады.