Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:36, лекция
Краткое описание
Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі. Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.
Ауа
сүзгісін карбюраторға бекіту үшін оның
келте трубасы карбюратордың
фланецына винтпен бекітілсе, сүзгінің
копусы келте трубаға тарту винті
мен құлақты гайкамен бекітіледі.
Сүзгінің
ішіне ұйтқып кірген шаң араласқан
ауа толқыны төмен қарай бағытталып
алдындағы май ваннасының
бетіне соғылып өзінің бағытын кенет өзгертіп,
сүзуші элементтерге қарай бұрады.
Ауаның
шығыны аз болса май ваннасы екіге
бөліп тұрған ішкі және сыртқы бөліктеріндегі
майдың деңейі бірдей болады. Ауа өзінің
ағынымен майды бірге ала барып сүзуші элементтердің
төменгі бетіне жағып ылғалдайды. Ауа
ағыны күшейіп, яғни ауа қөп кірген сайын
май ваннасының ішкі бөлігінде пайда болған
қысымның әсерінен сүзуші элементтер
мен май ваннасының ішкі бөлігін қосатын
қабырғаның тесіктерінен май кіреді де
сыртқы бөліктегі майдың деңгейі төмендейді
(азаяды).
Ауаның
шығыны азайған сайын майдың алғашқы
деңгейі де өз қалпына келеді. Май
қонған шаң бөлшектерін жуып отырады,
содан соң бұл бөлшектер өзсалмағымен
ваннаның төбіне шөгеді.
Ваннадағы
май деңгейінің өзгеріп отыруы
двигательдің әр түрлі режимде істеу кезінде
сүзуші элементтердің үздіксіз жуылып
және кірген ауаның май бетіменәрдайым
жанасып отыруын қамтамасыз етеді. Сөйтіп,
тазарған ауа келте труба арқылы карбюраторға,
одан цилиндрлерге үздіксіз кіріп отырады.
ЗИЛ-130
двигателінің сүзісіне ауа двигательдің
капотындағы ауа каналдары арқылы
оларды қосып тұрушы резинадан жасалған
келте трубамен беріледі (69-сурет). Ауа
каналы арқылы атмосферадағы ауа
да (автомобильді жоғары температурада
пайдаланған кезде), сондай-ақ капот
астындағы ауа да (автомобильді суық кезде
пайдаланған кезде) ауа каналына орналасқан
жапқыштың жағдайына байланысты кіріп
отыруы мүмкін.
Отын багы. Автомобильдің багінде
жұмыс істеуіне керекті отын сақталады.
Бак жұқа болаттан жасалып, оның мықтылығын
арттыру және автомобиль жүріп келе жатқан
кезде жанар май кенеттен толықсып отырмауын
қамтамасыз ету үшін оның ішіне бірнеше
кедергі қабырғалар орнатылған. Бактың
жоғарғы жағында жанар май құятын қозғалмалы
келте трубасы мен торлы трубасы бар (70-сурет).
Бактың
аузы бу мен ауа өткізбейтін клапанды
тығынмен жабылады. Мұндай тығын бактан
жанар май буының еркін шықпауын
қамтамасыз етіп, шығынын азайтса, екіншіден
двиательді іске қосуға керекті оның
ұшпа бөлігін сақтайды және ішіндегі
қысымның бір қалыпта болуын
қамтамасыз етеді. Бактың үстіңгі бетіне
жанар май жүретін торлы сүзгісі бар труба
мен жанар май деңгейін (шамасымен) қөрсетіп
отыратын датчик бекітіледі. Бактың түбіндегі
тұнба мен бензин қалдығын құйып алуға
арналған тығыны бар тесігі болады. ГАЗ-24
«Волга» автомобилі багының сыйымдылығы
– 55 л, ГАЗ-53А – 90 л және ЗИЛ-130 – 170 л.
Отын бактан насосқа, оданкарбюраторға
жез түтік арқылы жанар май трубасы арқылы
беріледі. Трубаның шеттері жуандалып
ниппельді гайкалармен штуцерге мықты
етіліп бекітіледі.
Енгізу трубопроводы. Жанғыш қоспа карбюратордан
двигательдің цилиндрлеріне енгізу трубопроводы
арқылы беріліп отырады.
ЗИЛ-130
және ЗМЗ-53 двигательдерінде енгізу трубопроводтары
алюминий қорытпасынан құйылып оң және
сол қатардағы цилиндрдің қалпақшасына
бекітілген. Енгізу трубопроводы күрделі
каналдар жүйесінен тұрып, олармен жанғыш
қоспа карбюратордың әрбір камерасын
оң жақтағы екі және сол жақтағы екі цилиндтге
бөлек-бөлек қосады. Егізу трубопроводының
енгізу каналдарының аралығында цилиндрдің
қалпақшасының салқындату қабымен жалғасқан
кеңістік болады.
Енгізу
трубопроводы мен цилиндрлер қалпақшасы
төсеніш арқылы қосылған.
ГАЗ-24
двигателінің енгізу трубопроводы цилиндрдің
жоғарғы қалпақшасының бір бүйіріне
бекітіліп, орта шеніне шығару трубопроводымен
шпилька арқылы жалғастырылған.
Шығару трубопроводтары ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53
автомобильдері двигательдерінің цилиндрлерінен
пайдаланып шыққан газдарды шығаруға
арналған. Олар өз алдына жеке жасалып,
цилиндрлер қалпақшасының сырт жағына
бекітіледі.
Енгізу
және шығару трубопроводтарының каналы
қысқа, бұрылыстары аз және қарапайым
болып жасалуы салдарынан олардан
өткен жанғыш қоспа мен пайдаланып
шыққан газдар ешбір кедергісіз өтеді.
Шығару
трубопроводтарын темір мен асбест
қоспасынан жасалған төсеніш салынып
тығыздалады да, шпилькалы гайкалармен
бекітеді.
Жанғыш қоспаны
қыздыру. Жанғыш қоспаны әзірлеу
карбюратордың араластырғыш камерасында
аяқталып қалмайды, ол енгізу түтігі мен
двигатель цилиндрінде де жүргізіледі.
Двигательдің жұмыс істеген кезінде отынның
жақсы булануы үшін енгізу түтігі қыздырылады.
Осылай істеу, әсіресі, автомобильді жылдың
салқын кезінде пайдаланған жағдайда
және двигательге от алдырғыш шақта аса
қажет. Алайда жанғыш қоспаны шамадан
тыс қыздырып жіберуге де болмайды, өйткені
тым қызып кетсе, қоспаның қөлемі ұлғаяды
да, цилиндрде отын азайып қалады.
Сөз
етіп отырған жүк автомодильдерінде
жанғыш қоспа енгізу түтігінің салқындатқыш
қаптамасында айналып ағатын сұйықтың
жылуы арқылы қыздырылады. Төменгі
температура жағдайында әлгі двигательдергеот
алдырғанда енгізу түтігін салқындату
системасына ыстық су құю арқылы қыздыруға
болады.
ГАЗ-24
двигателінде енгізу түтігінің орта
тұсының астыңғы беті шығару түтігі
арқылы өтетін пайдаланылған газдармен
жылытады (71-сурет). Қыздырылу дәрежесін
енгізу түтігінің орта бөлігіне орнатылған
жапқыш арқылы қолмен реттеуге болады.
Жапқыштың секторын қозғағанда, «қыс»
деген таңба тоқтатқыш шпилькаға тура
келсе, қоспаны қыздыру күшейеді, ал «жаз»
таңбасына сәйкестеенде – азаяды.
Өшіргіш. Пайдаланылған газдың
цилиндрден шыққан шағындау қысымы мен
қозғалу жылдамдығы үлкен болғандыұтан
біршама шуыл естіледі.