Автокөлік құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:36, лекция

Краткое описание

Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі.
Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Avtomobil_lektsia.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ

№1-Дәріс

 

  1. Жалпы мәліметтер

2.  Автомобильдердің жіктелуі

3.  Автомобильдің жалпы құрылысы 

ЖАЛПЫ   МӘЛІМЕТТЕР

Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі  және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында  жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті  құралдың бірі.

Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл   автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.

Совет өкіметі  жылдарында елімізде қуатты автомобиль өндірісі құрылды, ол  халық шаруашылығын осы заманғы түрлі маркалы  және конструкциялы автомобильдермен қамтамасыз етеді. Осы күнгі - Москваның Лихачев атындағы, Горький, Ульяновск, Кременчук, Минск, Кутаиси, Волжск, Ирбитск автомобиль заводтары мен Москваның шағын литражды және Запорожьенің микролитражды автомобильдер шығаратын заводтары; Ликинск, Львов, Павловск автобус заводтары, Риганың автобус қораптарын жасайтын тәжірібе заводымен қатар жаңадан автомобиль заводтары салынып, ескеріле қайта құрылуда.

Халық шаруашылығының өрендетудің 1976-1980 жылдарға арналған негізгі  бағыттарында өткен бесжылдықтай автомобильдің  түрлі маркаларын  шығаруды  арттыру көзделді.

Совет автомобиль жасушылары автомобильдердің конструкциясын жақсарту жөнінде зор жұмыстар жүргізуде. Осындай мақсатпен автомобиль двигательдерін жасайтын мамандырылған Заволжье мен  Ярославль мотор заводтары, сондай-ақ қоректендіру және электр жабдықтары жүйелерінің приборларын, резина-техникалық бүйымдардың және жекелеген тораптар мен агрегаттар шығаратын кәсіпорындар салынды.

АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ  ЖІКТЕЛУІ

Автомобильдер өздерінің пайдалыну мақсаттарына сәйкес транспорттық және арнаулы болып екіге бөлінеді: транспорттық автомобильдер жүк және жолаушылар тасуға арналған, қолданылуына қарай автомобильдің бұл тобына жолушы таситындары жатады.

Жүк автомобильдері жүк көтенгіштігі мен кузовының  түріне қарай бір-бірінен  өзгеше болады.

Жолаушы автомобильдері конструкциясы мен кузовының сыйымдылығына қарай автобус және жеңіл автомобиль болып екі топқа бөлінеді.

Автобустар  жақын қашықтыққа жолаушылар таситын  қалалық; жолаушыларды алыс қашықтыққа тасу үшін жабдықталған қала аралық және туристік деп аталатын үш үлгімен шығарылады.

Автобустар  кузовының сыйымдылығына қарай  сыйымдылығы кіші, орташа және үлкен  деп түрге бөлінелі.

Арнаулы  автомобильдер  белгілі  бір жұмысты орындай  алатын  тетіктермен  және механизмдермен жабдықталады. Бұған санитарлық, өрт сөндіретін, суаратын, қоқыс жинайтын автомобильдер, автокрандар мен автошеберханалар және т.б. жатады.

                              

АВТОМОБИЛЬДІҢ   ЖАЛПЫ   ҚҰРЫЛЫСЫ

Автомобиль  негізгі үш бөліктен – кузовтан, двигательден және шассиден тұрады.

Кузов. Автомобильдің қолданылуына қарай оның кузовының құрылылсы да әртүрлі болады. Жүк автомобилінің кузовына оның платформасы мен жүргізүшінің кабинасы кіреді. Жеңіл автомобильдер мен автобустардың кузовы жолаушылардың жайлы отыруына ынғайластырылып жаслады. Сондай–ақ кузовқа оның қанаттары, қаптауы, капот және тосқауыл жатады.

Двигатель цилиндрде отының жануынан пайда болатын жылу энергиясын айналысқа, яғни механикалық жұмысқа айналдырады. Автомобильдің шассиі трансмиссиядан, жүріс бөлігінен және басқарушы механизмдерден тұрады. Шасси двигательден жетекші дөнгелектерге және автомобильдің  қозғалуы мен оны басқаруға айналдыру моментін беруге  арналған.

Т р а н с м  и с с и я.  Автомобильдің қозғалысқа келтіру үшін оның жетекші дөңгелектеріне айнымалы қозғалыс беру қажет. Бұл жәй айнымалы қозғалысты двигательден трансмиссия арқылы іске асырылады. Ол іліністен, берілістер, қорабынан, кардан және бас берілістен, дифференциалдан, жарты осьтерден тұрады.

Ілініс двигатель мен берілістер қорабын жайлап қосып, уақытша ажыратып отыруға арналған.

Беріліс қорабы двигательден жетекші дөңгелектерге берілетін айналдырушы моментінің шамасын өзгертіп, автомобильдің кейін қарай жүруін байланыстыруға, сондай-ақ ұзақ уақыт трансмиссия мен двигательді ажыратуға арналған.

Карданды беріліс бас беріліс пен беріліс қорабының аралық буыны ретінде қолданылады. Оның негізгі міндеті - автмобильдің қозғалысы кезінде беріліс қорбынан моментін беріп тұру.

Бас беріліс автомобильдің жетекші дөңгелектерінің айналдырушы моментін үлғайтып, оны тік бұрышпен жарты осьтерге беру үшін керек.

Дифференциал жетекші дөңгелектердің автомобиль кедір - бұдыр жолмен жүріп келе жатқандай және бұлылыс кезінде әр түрлі жылдамдықпен айналуларын қамтасыз етеді.

Жартылай осьтер автомобильдің жүргізуші дөңгелектеріне айналдырушы моментін беріп отыру үшінкерек.

Ж ү р і с   б  ө л і г і - рамадан тұрады да бұған автомобильдің барлық агрегаттары мен мехнизмдері, алдынғы және артқы осьтері, рессорлары, амортизаторлары мен пневматикалық шиналы дөңгелектері бекітіледі. Рамасыз автомобильдерде раманы кузовы алмастырады.

Б а с қ а р  у   м е х а н и з  м д е р і н е басқару рулі мен тежеуіш жүйесі кіреді. Басқару рулі  автомобильдің жүру бағытын өзгерту үшін керек болса тежеүіш жүйесі оның жүрісін баяулату, не мүлдем тоқтату үшін керек.

Отандық өнеркәсіпте  шығарылатын негізгі автомобильдер  мен автобустардың улгілері мыналар: ЗИЛ-130, ГАЗ-53А, ГАЗ-24 «Волга», КрАЗ-257, МАЗ-500, БелАЗ-540, Урал-377, КАЗ-608, «Москвич-412», ЗАЗ-966, ЛиАЗ-677, ЛАЗ-695Н және ПАЗ-672.

Базалық үлгілерге негізделіп автомобильдердің жетілдірілген түрлері шығарылады.

Москваның Лихачев  атындағы заводы – жүк көтергіштігі 12,4 тонналық ЗИЛ-130ВІ жүк автомобилін; базасы үлкейтілген ЗИЛ-130Г автомобилін; құрылыста қолданылатын ЗИЛ-ММЗ-555 автомобиль – самосвалын; жүрдектігі жоғары ЗИЛ-131 автомобильдерін шығарады.

Горький автомобиль заводы - жүк көтергіштігі 2 тонналық жүрдектігі жоғары ГАЗ-66 автомобилін; экранды электр жабдықтары бар ГАЗ-66-04 автомобилін; лебедкалы ГАЗ-66-02 автомобилін  шығарады. Бұл автомобильдердің барлығы да шиналарына ауа толтырудың орталықтандырылған жүйесімен жабдықталған.

Кременчуг заводы - жүк көтергіштігі 11 тонналық КрАЗ-256Б  автомобиль-самосвалын шығарады.

Минск заводы - жүк көтергіштігі  7 тонналық темір  кузовты МАЗ-503Б-автомобиль-самосвалын; жүк  көтергіштігі 17,45 тонналық МАЗ-504 жүк тартқыш автомобилін; базасы ұзын МАЗ-500Г; солтүстіктегі жағдайда жұмыс істеуге арналған МАЗ-512; оңтүстіктегі жағдайда  жұмыс істеуге арналған МАЗ-513 автомобильдерімен жүрдектігі жоғары ағаш таситын МАЗ-509 автомобильдарін шығарады. Белорус заводы  бір осьті БелАЗ-531 тартқыш автомобилін; жүк көтергіштігі 40 тонна БелАЗ-548А автомобилін шығарады.

Урал заводы жүрдектігі жоғары және жоғарылатылған Урал–377 автомобилінің екі түрін  шығарады.

Кутаиси заводы жүк көтергіштігі 11,5 тонна, платформасын оң жағына аударып төңкеретін КАЗ-717 автомобиль-самосвалдарын шығарады. Мұндай автосамосвалдар тайланбаған мақта тасуға арналған.

Москваның Ленин комсомолы  атындағы автомобиль заводы «Москвич-426»,»  Москвич-427», «Москвич-433» және «Москвич-434» автомобильдерін  шығарады.

Львов  заводы ЛАЗ-695Н және ЛАЗ-697Н  «Турист» және ЛАЗ-698 автобустарын шығарады.

Танысқалы отырған  автомобильдердің қысқаша техникалық сипаттамалары 1-таблицада келтірілген.

 

   1 –  т  а б л и ц а

Негізгі

мәліметтер

Автомобильдердің  маркалары

ЗИЛ-130

ГАЗ-53А

ГАЗ-24 «Влога»

Автомобильдердің  типтері

Жүк      автомобилі

Жеңіл автомобиль

Двигательдің  типтері

төрт такттілі карбюраторлы

Жүк көтергіштігі,т:

      жолаушы  орны

5

-

4

-

-

5-6

Ең жоғарғы  жылдамдығы, км/сағ

90

80-86

145


 

 

№2-Дәріс

  1. Двигательдің жалпы құрылысы және жұмыс циклы
ДВИГАТЕЛЬДІҢ  ЖАЛПЫ   ҚҰРЫЛЫСЫЖӘНЕ    ЖҰМЫС   ЦИКЛІ

Автомобильдердің  іштен жанатын жылу двигательдерің көп тараған двигательдердің  бірі болып саналады.  Жанармай  олардың цилиндрлерінің ішіндежанып, оның жануынан пайда болған жылу энергиясы механикалық энергияға айналады.

Қолданылатын  отын турлеріне қарай двигательдер тез буланғыш сұйық отын – бензинмен  жұмыс істейтін  карбюраторлы, ауыр сұйық дизельдік отынмен жұмыс істейтін – дизельдік; автомобильдің  өзінде баллонда сақталатын сығылған немесе сұйытылған  газбен жұмыс істейтін  газ–баллонды түрлерге ажыратылады.

Бір цилиндрлі  двигательдің  жұмыс істеу принціпі төмендегідей.

Цилиндрдің  ішінде еркін қозғалып тұратын поршень болады. Поршень біліктің кривошипімен шатун арқылы топсалы жалғасқан. Жанар  қоспасының зарядтары цилиндр ішінде тез жануынан пайда болған газдар  қызып, әрі көлемін кеңейтуінен туған қысым поршеньді қозғалысқа келтіреді. Өйткені поршень  шатунмен топсалы жалғасқан  әрі екінші басы иінді біліктің кривошипінің мойнымен топсалы жалғанғандығынан шатунмен бірге қозғалған поршеньиінді білікпен оның екінші басына бекітілген маховикті  қозғалысқа келтіреді. Шатун және кривошип әсерімен түзу сызықты қозғалған поршень двигательдің иінді білігі мен маховигін айналмалы қозғалысқа келтіреді.

Двигатель өзінің жұмысын одан әрі жалғастыра беруі  үшін цилиндрді пайдаланылған газдан алдын ала тазартып, жанар қоспасының  зарядың жанартып отыруы керек. Ол үшін цилиндрдің қалпақшасында. Қоспаның жануы кезінде керегінше  екпін алған маховик өзімен бірге кривошипті, содан сон цилиндрдегі поршеньді қоспаның  келесі от алуына дейін қозғалысқа келтіруі үшін барынша салмақты (массалы) етіп жасайды.

Поршень жоғары қозғалғанда шығару клапаны ашылып, пайдаланыл-ған газ поршеньмен цилиндрден сыртқа айдалып шығарылады. Иінді білік өзінің айналуын жалғастыра отырып поршеньді төмен итереді де цилиндрдің босап қалған бөлегіндегі газдың  сиреуі салдарынан  клапаны  ашылған енгізу тесігінен  жанар  қоспасының жаңа заряды  цилиндрге толтырылады. 

Поршень төмен  жылжыған кезде газдардың қысымы пайдаланыл-майтын  болғандықтан қоспаның жануы тиімсіз, сондықтан поршеньді  өзінің алғашқы (жоғары) орнына қайырып, жұмыс қоспасын  қысу керек. Қысылған жұмыс қоспасы ұшқынмен от алады да паида болған газдардың қысымымен поршень қайтадан төменге ығысады.

Поршень цилиндрде қозғалған  кезде өзнің қозғалыс бағыттарын өзгер-тетін ең шеткі қалпына  келеді. Цилиндрдегі поршенің қалпын өлі нүктелер деп, ал поршеньнің осы нүктелер аралығындағы жолы поршеньнің жүрісі деп аталады. Поршеньнің  бұл жүрісінде иінді білік 1800 градусқа бұрылады, яғни жарты айналым жол жүреді. Поршень бір жүрісінде цилиндр ішінде болатын процесті такты деп атайды.

Цилиндр ішіндегі поршень жоғары өлі нүктеге жеткенде оның үстін-дегі кеністікті жану камерасы деп атайды.

Поршень   өзінің   жоғары    өлі   нүктесінен  (ж.Ө.н)  төменгі өлі нүктеге (Т.Ө.н.) жылжудағы босаған орынды (көлемді) цилиндрдің жұмыс көлемі деп атайды.

Ц и л и н д р д і ң    т о л ы қ   к ө л е м і   деп – жану камерасы мен цилиндрдің жұмыс  көлемдерін қоса алғандвағы көлемді атаймыз.

Көп цилиндрлі  двигательдерде барлық цилиндрдің  жұмыс көлемдері-нің литрмен алынған  қосындылары  двигательдің  литражы деп аталады. Двигательдің литражы атқан сайын оның қуаты да артады. Жану қоспасы цилиндрге енгенде оның толық көлемін толтырады. Сығу процесі ақталған кезде қоспаның көлемі жану  камерасның көлеміне дейін азаяды.

Цилиндрдің  толық көлемінің жану жану камерасының көлеміне қатынасын  сығылу дәрежесі деп атайды. Қарастырылып отырған бензинмен жұмыс істейтін двигатеьдің с ы ғ ы л у    д ә р е ж е с і    6,5 - 3,2 тең. Сығылу дәрежесі неғұрлым үлкен болса, жылу шығының азаюынан және поршеньге келетін орташа қысымның артуынан двигательдің қуаты мен үнемділігі жоғары болады. Двигательде жылу шығынын кеміту үшін газбен жанасатын жану камерасының ішкі бетін азайту керек.

Бірінші такт – енгізу – цилиндрді жанар  қоспасымен толтыру үшін қажет. Поршень  жоғарғы өлі нүктеден  төменгі өлі нүктеге ауысады, енгізу клапаны ашылып шығару клапаны жабылады. Пайда болған қысымның әсерінен поршень үстіндегі цилиндр қуысына жану қоспасы толады.    

Екінші такт - сығу – жұмыс қоспасын оталдыруға дайындау үшін қажет. Поршень төменгі  өлі нүктеден жоғары өлі нүктеге ауысады, бұл кезде тесіктің клапаны жабық, жұмыс қоспасының көлемі 6,5 - 8,2 есе азайып, қоспаның сығылуынан цилиндрдегі қысым 10-12 кгс/см2 жетеді. Бұл кезде жұмыс қоспасы 300-4000 С температураға дейін қызады.

Үшінші такт – ж ұ м ы с    ж ү р і с і   (жану немесе ұлғаю) сығылатын жанар майдың энергиясын пайдалы механикалық жұмысқа айналдыру үшін қажет. Сығылған жұмыс қоспасы электр ұшқыны мен от алғандағы бөлінетін жылу газдарды 2200 – 25000 С темпертураға шейін қыздырады. Цилиндрдегі ұлғайған газдар поршеньнің үстінде 35-45 кгс/см2 ге дейін қысым тудырады да, соның әсерінен поршень жоғарғы өлі нүктеден  төменгі өлі нүктеге жылжиды. Бұл уақытта екі тесік те клапанмен жабылады. Поршеньге әсерін тигізуші газдардың қысым күші шатун арқылы  кривошипке беріліп, двигательдің иінді білігіне айналдырушы момент туғызады.

Төртінші  такт – ш ы ғ а р у –  цилиндрді пайдаланылған газдардан  босату үшін керек. Поршень төменгі  өлі нүктеден жоғары өлі нүктеге  ауысады, енгізу клапаны жабылады.

Информация о работе Автокөлік құралдары