Автокөлік құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:36, лекция

Краткое описание

Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі.
Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Avtomobil_lektsia.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

Цилиндрлерінің санына қарай иінді біліктің шатун мойнымен оның саны да өзгеріп отырады. Мысалы, бір қатарлы цилиндрлері бар двигательдің шатун мойының саны цилиндрлердің санынан екі есе кем болады (12,а-сурет), өйткені біліктің бір шатун мойнына екі шатуннан  (оң жағына бір, сол жағына бір) кигізіледі.

Көп цилиндрлі  двигательдің иінді білігінің шатун  мойындары әр түрлі цилиндрлерге жұмыс тактылары кезекпен тең  ауысып отыру үшін түрлі жазықтықтарда  орналасқан.

Төрт цилиндрлі  ГАЗ-24 двигателінің мойындары 1800 бұрышпен орналасқан (12,б-сурет). V-тәрізді сегіз цилиндрлі ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53 двигательдерінің иінді біліктері 900 бұрышпен орналасып, төрт-төрттен шатундық мойындары болады (12,а-сурет). 

ЗИЛ –130, ЗМЗ-53 және ГАЗ –24 двигательдерінің иінді  білігінің түпкі мойынының саны шатунның мойынынан артық болады, яғни әрбір шатун мрйынының екі жағында да түпкі мойыны болады. Мұндай иінді білік толық тіректі деп аталады.

Иінді біліктің түпкі мойыны мен шатуынды мойыны бір – бірімен жақтары арқылы байланысқан. Болаттан жасалған түпкі және шатунды мойындары берік және пайдалану мерзімін ұзарту үшін жоғары жиілікті тоқпен суарады.

Білік бойлық бағытпен қозғалып кетпеуі үшін түпкі  мойынының бірінші подшипнигінің  екі жағынанда таяныш шайба қойылған. Иінді біліктің двигательдің картердің шығатын жерлерінде май ағызбауын қамтамасыз ететін сальник және нығыздауыштар қойылады.

Біліктің  алдынғы басындаөздігінен қысып  тұратын резина сальник, ал артқы  жақ ұшында май ағызатын бұрандасы, не май қайыратын кертпек болады.Артқы  түпкі подшепниктемай ұстағыш каналдар жасалған, бұған май ағызатын бұрандадан немесе майды кері қайыратын кертпектен май келеді,сондай – ақ сальник орнатылған, ол екі бөлік асбест шнурдан құралады.

Шатунды подшипниктер мен  түпкі подшипниктер. Иінді біліктің мойындарына үлкен күш түсетін болғандықтан оларға подшипниктердің арнаулы түрлерін қоюға тура келеді.Ондай подшипниктер жұқа биметалдан немесе триметалдан  ішпек (вкладыш) тәрізді етіліп жасалады. Мұндай ішпектің әдеттегі подшипниктерден артықшылығы, олардың төзімділігі қымбат антафрикциялық қорытпалардың аз жұмсалуы  және жөндеуге аз уақыт жұмсалатындығы болып табылады. Түпкі подшипниктердің ішпектері картердің қабырғаларындағы ұяға (13-сурет), ал шатун ішпектері–шатунның төменгі алынбалы бастарына орнатылады (10-сурет). Ішпектер тұрған орындарында айналып және жылжып кетпеулері үшін ұяларына сәйкес келетін дөңестері мен подшипник қақпақтары болады.

Биметалдан  жасалған ішпек болат лентадан жасалып, ол антрифрикциялық қорытпаларының жұқа қабатымен жабылады, ал триметалл  ішпектер болат лентадан жасалып, оның бетіне мыс пен никель және баббит қабатымен қапталады. ГАЗ-24 және ЗИЛ-130 двигательдерінің ішпектері болат – алюминийден жасалған. Түпкі подшипниктердің қақпағы картердің қабырғаларындағы тесікке кіргізілген шпилькалармен немесе болтпен бекітіліп, екі-екіден қосақталып шплинттеледі, не болат пластинамен бекітіледі.

ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигательдерінің иінді білігі блоктың  түпкі подшипниктерімен қарысып (сыналанып) қалмаулары үшін олардың қақпақтарын  шойыннан жасайды.

3. Маховик. Маховик двигатель жұмысын қалыптастырып, поршеньдерді өлі нүктеден шығарып, двигателбдің от алуын және автомобальдің орнынан қозғалуын женілдетеді. Маховик диск тәрізденіп шойыннан жасалады, оның жиегі массасын артыру үшін қалындатылған диигательді стартердің жәдемімен от алдыру үшін маховикке тісті тәжі орнатылған. Маховикті иінді біліктің фланецына төрт, кейде алты болтпен бекітеді. Маховиктің білікпен алғашқы тендестігін сақтау үшін бекітілетін болттарының орналасуы симметриялы болмайды. Кейбір двигательдің маховиктерінде от алдыру кезінде жоғары өлі нүктені анықтау үшін белгілегіш белгі жасалған.

Двигательдің картері  –  иінді білік және т.б. двигательдің бөлшектері орнатылатын негізгі табаны болып есптеледі. Картер цилиндрлердің блогымен бірге құйылып төменгі жағынан болат қаңылтырмен штампталған поддонмен жабылады. Картер мықты болу  үшін оның ішінде көлденен қалқалар – қабырғалар жасалып, онда иінді және бөлгіш біліктің тірек подшипниктері үшін ұялар жасалған. Картердің поддоны кривошипті – шатун механизмдеріне лас түспеуі үшін керек болса, екіншіден май жиналатын резервуар ролін атқарады. Поддонды картерге арасына картон, не тығызды артық пробкалы төсеніш салып болтпен бекітеді. Поддонның төменгі жағында майды құйып алу үшін бұрандалы тығынмен жабылатын тесігі болады.

Двигательді бекіту.  Двигательді автомобильдің рамасына берік етіп бекітеді, бірақ оның бекітілуі қатты болмай, серіппелі жұмсақ болып двигательдің рамасы жол жағдайына қарсы қисайған кезде оның кронштейніне күш түспейтін болуы керек. Двигатель раманың үш немесе төрт жеріне  (нүктесіне) бекітілген. ЗИЛ-130 және ГАЗ-24 двигательдері үш жерден (14-сурет) бекітіледі. ЗИЛ-130 двигательінің алдынғы тірегі бөлгіш шестернясының қақпағы астынғы кронштейн болса, артқы тіректер ілініс картерінің табаны болады. Кронштейн мен раманың алдыңғы көлденең арқалығымен, сондай–ақ ілініс картерінің табаны мен раманың ұзын арқалығы кронштейнің араларына двигательді бекітетін резина төсеніш орнатылған.  ГАЗ-24 двигателі блоктың алдынғы бөлегіне жұмсақ екі төсенішпен және беріліс қорабының артқы қақпағының астындағы бір төсенішке бекітілген.

ГАЗ-53А автомобилінің  двигателі рамаға төрт жерден бекітілген алдынан штампталған кронштейнің  астына салынған екі резина төсенішпен цилиндрлер блогіне, ал артқы жағынан ілініс картерін екі жапсырмасы арқылы бекітіледі. Оның астына серпімді резина төсеніш салынады.

 

№4-Дәріс

ГАЗ   ТАРАТУ   МЕХАНИЗМІ

  1. ГТМ-нің жалпы құрылысы
  2. Тарату білігінің, күйентенің атқаратын қызметтері
  3. Газ тарату фазасы

Іштен жанатын  двигательдің жұмыс істеуі оның цилиндрлерін уақытымен жаңа жанар қоспасымен жаңартып және олардың ішіндегі пайдаланылған газдарын шығару газ тарату механизмнің жәрдемімен атқарылып отырады. Отанымызда соңғы кезде шығарылатын автомобильдердің двигательдерінде үстінде клапаны бар клапан типтес газ тарату  механизмі қолданылады. Бұл механизм бөлгіш шестернядан, бөлгіш біліктен, итергіштен, штангіден, күйентеден, клапандар мен серіппелер және оларды бекітетін бөлшектерден, бағыттаушы втулкадан (16-сурет) тұрады.

ЗИЛ-130 және ЗМЗ–53 двигательдерінің тарату білігі цилиндрлердің оң және сол қатарларының араларына орналасқан. Тарату білігі айналғанда оның жұдырықшасы итергішті итеріп, оны штангамен қоса жоғары көтереді. Штанганың жоғарғы басы күйентенің иінінен итеріп басады да, ол өз осьінде айналып, екінші басымен клапанның стерженін басып, цилиндрлер қалпақшасының енгізу, не шығару тесіктерінің бірін ашады. Бұл двигательдердің тарату білігі цилиндрлердің оң және сол қатардағы итергіштеріне бірдей әсер етеді.

ГАЗ-24 двигательінде  де тарату механизм қолданылған, оның клапандары жоғары орналасқан. Мұндай двигательдің цилиндрлері бір қатарда орналасқандықтан оның газ тарату механизмі двигательдің бір жақ бүйіріне таман орналасқан. Клапанның жоғары орналасуы газ тарату  механизмін күрделілендіреді, әйтсе де цилиндрлердің жану камерасының формасын жақсартып, сығу дәрежесін арттырады, цилиндрлерді жанар қоспасымен толтыруды оңайлатады, мұның өзі двигательдердің қуатын арттыруға және үнемділігіне ықпал жасайды. Міне, осындай ерекшеліктерінің арқасында соңғы кездерде клапаны жоғарыда орналасқан двигательдер көп қолданыла бастады.

Клапандар мен серіппелер. Клапандар енгізіп немесе шығарып тұратын каналдардың тесіктерін ашып-жабу үшін қолданылады. Қаралып отырған двигательдердің каналдары цилиндр қалпақшасының ішінде орналасқан және ол ұяларын жауып тұратын тесіктермен жалғасады. Клапанның қалпағы (басы) және стержені болады. Клапан қалпағының астыңғы жиегі ұяға жымдасып тұрады, оның бұл бетін клапанның жұмыс істейтін бетін 450 немесе 300 бұрышқа келтіріп тесігінің ұясына жақсылап ысқылайды.

Цилиндрлердің толтырылуын жақсарту үшін енгізу клапанның  қалпақшасын шығару қалпақшасына қарағанда  диаметрі үлкенірек етіліп жасалады.

Клапанның стержені–цилиндр тәрізді болып, жоғарғы басында  клапан серіппелерінің бөлшектерін бекітетін кертігі болады. Клапандар жоғарғы температура әсеріне шыдамды етіліп жасалады. Ал олардың майыспауы, жоғарғы температураға төзімді және отырғызу тығыздығын сақтау үшін арнаулы болаттардан: енгізу клапанын–хромды, шығару клапанын сильхромды отқа берік болаттан жасайды.

Шығарушы  клапандардың пайдаланылу ұзақтығын  арттыру үшін олардың жұмыс істейтін бетіне отқа төзімді балқыма дәнекерленген, стерженінің ішін қуыс етіп клапан қалпақшасынан оның бағыттаушы втулкасына жылу бөлуді жақсартатын натрий толықтырғышпен толтырылған (ЗИЛ-130, ЗМЗ-53).

Цилиндрлер  қалпақшасы ұзақ уақыт пайдалануға  жарамды болу үшін клапандардың ұясын  алмалы–салмалы етіп, отқа төзімді  етіп жасайды. Клапандарының бағыттаушы втулкаларын (алмалы–салмалы шойын  немесе метал–керамикалық) цилиндрлер қалпақшасына престеп құлыпты сақинамен мықтап бекітіледі. Бағыттаушы втулкалар клапандардың ұясына дәл келуін қамтамасыз етеді.

Двигательдің  жану камерасына кіндік темір арқылы майдың келуін азайту үшін таяныш шайбаларға резина сақиналар орнатылған немесе клапанның стерженіне майқайырғыш қалпақ кигізілген. Двигатель жұмыс істеп тұрғанда клапан біркелкі қызуы үшін айналып тұруы керек.

ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигательдерінің клапаны олардың  таяныш шайбаларымен сухарларының аралығына конус тәрізді втулка қойғанда айналады,оның сыртқы қонусы таяныш шайбасының ішкі конусымен тұтастай дәл келмейді. Міне, осындай конструкциясының арқасында втулканың таяныш шайбаның арасындағы үйкелістен және серіппе қысылғанда аз да болса бұралып, клапан айналады.

Ал, ЗИЛ-130 двигательінің  шығару клапандарының бұрылу механизмі  болады. Ол қозғалмай бір орында тұратын корпустан (оның енкіс жырашығында  кері тартылатын серіппе орналастырылған), дискілі серіппеден және құлыпты–сақиналы таяныш шайбалардан тұрады. Механизм клапанның бағыттаушы втулкасымен бірге цилиндрлер қалпақшасының ұясына орналасқан. Клапан серіппесі таяныш шайбасына тіреліп тұрады. Клапан жабық кезінде оның серіппесінің қысымы да аз болады. Дискілі серіппенің сыртқы жиегі жоғары қарай майыстырылып, ал ішкі жиегімен корпусының иініне тіріліді. Бұл кезде шариктері серіппенің қысымымен  өзінің шеткі орнына қысылып тұрады.

Клапан ашылған  кезде, серіппесінің қысымы артып, таяныш шайбасы арқылы дискілі серіппені  түзетеді де серіппенің ішкі жиегі  корпустың иінінен кері кетеді. Клапан серіппесі шарикке тіреліп барлық қысымды соған беретіндіктен шариктер корпустың жырашығының түбіне қарай ығысып дискілі серіппені бұрылуға мәжбүр етеді және сонымен бірге клапан серіппесінің таяныш шайбасы да, клапан да қоса айналады. Клапан қайта жабылған кезде барлық бөлшектер бастапқы клапына келеді.

Клапан серіппесі  клапанды жабу үшін және оны өз ұясына тығыз жабу үшін қызмет етеді. Сонымен  қатар серіппе клапанның күйентеден ажырамауымен оның белгіленген ашылу  уақытын қамтамасыз ету үшін керек.

Серіппе сепімді  болат сымнан жасалып, жұмыс кезінде  пайда болған дірілді (вибрацияны) болғызбау  үшін орамдарының қадам аралығы  өзгеріп отырады. Серіппенің бір  ұщы цилиндрлер қалпақшасының үстіндегі  шайбаға тірелсе, екінші ұшы таяныш шайбасы арқылы клапанның стерженіне бекітіледі. Шайбаны клапанның стерженін кигізілген екі бөлек конус тәрізді сухарь ұстап тұрса, ол өзі ішкі бетіндегі бүрігімен клапан стерженінің кертігіне тіреліп тұрады. Клапан стерженімен  күйентенің тұмсығының арасында саңылау болуы тиіс. Двигатель жұмыс істеген кезде қызудың нәтижесінде клапанның  стержені ұзаратындықтан оның тығыз жабылуы үшін саңылау қажет болады. Бұл саңылаулардың шамасы 3–таблицада келтірілген.

                                                                                                                3 – таблица.

Двигатель

Жылылық саңылауларының шамасы,мм

Шығару клапаны

Енгізу клапаны

ЗИЛ-130………………

ЗМЗ-53………………..

ГАЗ-24………………..

0,25-0,30

0,25-0,30

0,35-0,40

0,25-0,30

0,25-0,30

0,35-0,40


         

 

 

Итергіштер тарату бөліктің жұдырықшаларының  күшін штангаға беру үшін керек. Итергіштер болаттан немесе шойыннан стакан тәрізді етіп жасалады. Оның ішкі жағында штанганы қоятын сфералық ойық болады.

Итергіштердің біркелкі тозуы үшін жұмыскезінде айналып тұруы керек. Сол себептен итергіштердің осьтері жұдырықшалардың осьтеріне қарағанда  бір жағына ығысқан болады немесе итергіштер қалпақшасының төменгі беті томпақ,ал тарату біліктің жұдырықшасы сәл қисық кесілген болады.

Штангалар итергіштердің күшін күйентеге беру үшін қызмет етеді. Олар ұшы болаттан істелген дюралюминий трубалардан немесе болаттан жасалады (ЗИЛ-130).

Күйенте болаттан жасалады, ол цилиндр қалпақшасындағы тіреуге бекітілген іші қуыс осьпен бірге бұрылады және штанганың күшін клапандарға беру үшін қызмет етеді.

Күйентенің  жұдырықшасы мен клапан стерженінің  арасындағы саңылау күйентенің қысқа  иініне бұралып енгізілген қосалқы  гайкалы реттегіш винтпен реттеледі.

Тарату білігі мен  жетекші шестернялары. Тарату білігі клапандарды белгілі бір ретпен ашып–жауып отыру үшін қызмет етеді. Бұл двигательдің цилиндрлеріндегі жұмыс циклдерін реттеп отыру үшін қажет болады. Тарату білігі болаттан немесе арнаулы шойыннан құйып жасалады. Біліктің ұзын бойында әрбір цилиндрге екі–екіден жұдырықшаларымен білікпен бірге жасалған тіректік мойындары бар. Білік ішінде антифрикцион қоспасы құйылған болат втулкаға кигізілген. Жұдырықша білік бойымен клапандардың орналасуына қарай ауысып отырады. Біліктің эксцентригі арқылы жанар май насосы іске қосылады, жағар май насосы мен тарату тетіктің бетанитті шестернясы да іске қосылады.

Информация о работе Автокөлік құралдары