Автокөлік құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:36, лекция

Краткое описание

Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі.
Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Avtomobil_lektsia.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

Двигательдің  әлі жылынып болмаған салқын кезінде  майлау жүйесінде қысым артуы  мүмкін, бұл майлау жүйесінің каналдарын бүлдіруі ықтимал. Сондықтан қысымның жоғарылап көтерілуінен майлау жүйесі бұзылып істен шықпауы үшін және үйкеліске келетін бөлшектеріне май әдеттегідей баруы үшін жүйеге редукциялық клапан қойылған. Бұл клапан плунжер тәрізді етіп жасалған. ЗМЗ-53 двигателі насосының жоғарғы секциясының редукциялық клапаны цилиндрлер блогының оң жақ алдыңғы бөлегіне бекітілген, ал төменгі секциясының клапаны насостың корпусының (38-сурет) ішіне орналасқан. Май насосының төменгі секциясының редукциялық клапаны центрден тепкіш тазарту сүзгісіне берілетін майды белілі бір қысымда ұстауға арналған. Май қысымы шамадан артқанда май, май картеріне өтпей, төменгі секцияның сору бөлігіне, яғни май насосының ішінде айналып жүреді. ЗИЛ-130 двигателінің редукциялық клапаны насостың жоғарғы секциясында орналасқан болса, ГАЗ-24 двигателінде май насосының қақпағына орналасқан. Заводтарда редукциялық клапандар 3,2-4,5 кгс/см2 қысымға сәйкес реттеледі және пайдалану прцесінде реттелмейді.

Май жолдары – жезден немесе резина аралас түтіктен жасалып майлау жүйелерінің жекелеген учаскелерін бір-бірімен жалғастырады, сондай-ақ цилиндрлер блогіндегі, иінді біліктің, шатунның,күйенте мен оның осьтеріндегі, сүзгілердің корпусындағы т.б. каналдарды жалғастырады.

Май құятын келте трубалар двигательдің үстіңгі бетіне орналастырылып, май ағатын түтік немесе цилиндр қалпақшасының қақпағы арқылы жалғасқан. Май құятын келте трубалардың ауа сүзгілері болады.

Майлау жүйесінде  біркелкі дұрыс жағдайда тудыру үшін қысымды белгілі бір шамада ұстап  отыру қажет, оны қөрсеткіш немесе бақылау лампасымен қөріп отырады (оның жұмысын «Электр жабдықтары» бөлімінен оқуға болады). Жылыған двигательдің орта күшпен жұмыс жасағандағы майының қысымы – ЗИЛ-130 двигателі үшін 2,5-3,0 кгс/см2 болса, ГАЗ-24 двигателі үшін 2,0-4,0 кгс/см2. Жай айналыспен бос жұмыс істеп тұрған двигательдің майлау жүйесіндегі қысым 0,5 кгс/см2 дейін төмендеуі мүмкін. ГАЗ-24 және ЗМЗ-53 двиателінің приборлар қалқанындағы бақылау лампасы қысымы 0,4-0,7 кгс/см2 төмендегенде жанады.

ЗИЛ-53 двигателінің майлау жүйесінің сыйымдылығы – 9л, ЗМЗ-53 двигателі үшін – 8л, ГАЗ-24 двигателінде – 6,0л.

Май жүйеден  тығынмен жабылатын картер табанының  ағызу тесігі арқылы шығарылады.

Двигатель картерінің желдетілуі. Отынның буы мен жұмыс істеп тұрған двигательдің пайдаланылған газы цилиндр айнасы мен тығыз жатпайтын сақина аралығындағы саңылау арқылы өтіп картерге кіреді. Отын конденсацияланып майлау майын сұйылтса, ішінде су булары мен күкіртті қоспалары бар пайдаланылған аздар майдың сапасын төиендетеді. Сондықтан картерге кірген жанар май мен судың буларын, газдарды картерден ығыстырып шығару үшін оның желдету жүйесі болуы керек.

ЗМЗ-53 двигателінің желдету жүйесі ашық, желдеткіші (44-сурет) сорып алатын болады. Ауа майдың келте трубасының ауа сүзгісі  арқылы бөлгіш шестернялар мен двигательдің картерлеріне кіреді.

Картердегі  газдар цилиндрлер арасындағы қуыс бойымен  сорылып, сүзгі арқылы қиғаш қиындысы бар шығару түтігіне келеді.

Автомобиль  қозғалып келе жатқанда түтіктің қиғаш  қиындысында сиреу пайда болады, ол азды атмосфераға айдап шығарады.

ГАЗ-24 автомобилі двигателінің желдету жүйесі өзінің құрылысы бойынша ЗМЗ-53 двигателінің желдету жүйесіне ұқсас (45, а-сурет).

ЗИЛ-130 двигателінде картердің еріксіз түрде желдету  жүйесі қолданылған (45, б-сурет). Ауа  двигательдің картеріне май құятын келте трубамен біріктірілген ауа сүзгісі арқылы кіріп, май құятын келте трубалдан двиательдің бөлгіш шестерняларынының картеріне кіреді. Сорылып алынатын ауа майдың қалдықтарын ұстап қалғыш арқылы өтіп, енгізу трубопроводының орталық бөлегіндегі клапан арқылы сорылады.

Двигатель жұмыс  істеп кезде дросселі жабық болса, енгізу трубопроводындағы сиреудің әсерімен клапан қөтеріледі де, оның жоғарғы  сатылы бөлігі штуцердің тесігін  жауып, каналдың өткізгіштік қабылетін  азайтады. Бұл двигательдің бөгде ауаны сомай, бос жүрісінде аз айналымда тұрақты жұмыс істеуі үшін әдейі жасалған амал. Дросселі ашық болып, жұмыс істегенде енгізу трубопроводындағы сиреу төмендеп, клапан өзінің салмағымен төмен түседі де ауа каналының жолын толық ашады. Міне, бұл уақытта двигательдің картарінің желдетілуі дұрысталады, жақсарады.

        

ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ. ЖАНҒЫШ ҚОСПА

Карбюраторлы  автомобиль тізбегі тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май-бензинмен ғана белгілі бір  қуатпен жұмыс істей алады. Бензинді мұнай өнімдерінен тікелей ажырату немесе жоғары температура мен қысымда қайта өңдеу жолымен тазартудан – крекинг-бензин алынады. Автомобиль двигательдері үшін негізіне крекинг-бензин қолданылады. Бензиннің сапасы оның тығыздығымен, жылу шығарғыштық қабілеті және детонациялық қасиеттерімен сипатталады.

Бензиннің тығыздығы 200С температурада 0,700-0,760 г/см3 аралығында болады (Бір текше сантиметр заттың граммен өлшенген массасын оның тығыздығы деп атайды).

Бензиннің жылу шығарғыштық қасиеті 10500-11000 ккал шамасында болады (Жылу шығарғыштық қасиеті деп – 1 кг отын түгел жанғанда шығаратын жылудың шамасын атайды. Ол калориямен өлшенеді).

Бензиннің сапасын  анықтаудағы бірден-бір көрсеткіштердің  бірі оның буланғыштығы. Сондықтан  неғұрлым бензиннің булануы жақсы болса (қайнау температурасы төмен), соғұрлым двигательді іске қосу жеңіл және ол үнемді жұмыс істейді.

Отынның детонациялық қасиеті. Цилиндрде сығылған жұмыстық қоспа қалыпты жағдайларда 20-30 м/сек. жылдамдықпен жанып, цилиндрдің ішіндегі қысым бірқалыпты өсіп отырады. Кейбір жағдайларға байланысты (бензиннің сапасының нашарлығынан двигательдің шамадан тыс қызып кетуіне, ерте от алу бұрышының артуы т.б.) қоспаның бір бөлігі өте жоғары 200 м/сек жылдамдықта соққы толқынымен жануымен және қысымның тез өсуімен қабаттаса жүреді. Жұмыстық қаспаның осылайша жануын детонация дейді. Отынның детонациялық жануы двигательдің жұмысына үлкен зиян келтіреді. Детонацияның белгілеріне двигательден дүрсілдің шығуы, қуатының кемуі, өшіргіштен қою қара түтін шығуы және двигательдің тез қызуы жатады. Сондықтан детонация кезінде двигательдің бөлшектері тез тозады.

Кейде жұмыстық қоспаның өздігінен ерте от алуын  детонациямен шатастырады. Өздігінен  ерте от алу дегеніміз – жоғары температурада жұмыс істейтін қоспаға  ашық жалынның әсері тимей-ақ һөздігінен от алу қасиетін айтады. Өздігінен от алу двигатель шамадан тыс қызған уақытта сығу тактісінің соңында сығылған жұмыстық қоспаның температурасы өте жағарлағанда қоспаның тұтынуы электр ұшқыны пайда болғанға шейін болады. Өздігінен от алу кейде жоғары температурадағы қоспа свечасының қызған электродына немесе күйе бөлшектеріне қызудан от алу типінен де пайда болады. Өздігінен от алу жүйесі ажыратылғанда да, двиатель біраз уақыт өздігінен жұмыс істейді, ал бұл жағдай детонация кезінде кездеспейтін жай.

Отынның детонацияға  қарсы тұтынушылығы октандық санымен  бағаланады. Отынның октандық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның детонацияға-қарсы  тұрушылығы арта түседі. Автомобильдерге  қолданылатын бензиннің октандық саны 66-98 аралығында болады. Бірақ кейде октандық саны басқа да бензин қолданылуы мүмкін. Бензиннің детонацияға қарсылығын оған антидетондар (этиль сұйығы) қосу арқылы өзгертіп отырады. этиль сұйығын бензинге қоқанда бензиннің 1 л-не 1,0 см3 сұйық қосады.

Этиль сұйығы қосылған бензинді этильденген деп атайды.

Ескерте кететін  жай, этиль сұйығы у болғандықтан бензинге азғантай ғана қосқанның өзінде бензин улы болады. Этильденген бензинді жай бензиннен ажырату үшін оған қызғылт-сары, не көк-жасыл бояу қосады. Этиль сұйығы өзінің ерігіштігі, ұшпалығы және адам терісіне тез сіңіп, өткізгіштігінің арқасында адам организміне өтіп оны қатты уландырады. Этильденген отын этиль сұйығындағыдай өте қауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде өте сақтықпен, ұқыпты болып, оның теріге тиіп, не ішкі организмге кіріп уландырмауына мұқият болу керек. Этильденген бензинмен деталь мен қолды жууға, кір жууға, шланг арқылы ауызбен соруға немесе бензин жүретін түтіктерді үрлеп тазартуға болмайды. Егер этильденген бензин теріге тиген болса оны әуелі керосинмен, кейін сабынды сумен жуу керек. Этильденген бензинмен жұмыс істеген двигательді бөлшектегенде детальдарын ұқыпты түрде керосинмен жақсылап жуу керек. Жоғарыдағы айтылғандай сақтықпен қолданылған этильденген бензиннің жұмыс істеушіге ешбір зияны жоқ.

Әр түлі двигательдер үшін бенхиннің бірнеше маркалары  – ЗМЗ-53 және ЗИЛ-130 двигательдері  үшін А-76, ал ГАЗ-24 двигателі үшін АИ-93 немесе «Экстра» бензиндері қолданылады. Бұл бензиндер бір-бірінен тек  қана октан санымен белгіленген  цифрлармен ажыратылады.

Жанғыш қоспаның құрамы. Карбюраторлы двигательдің әрбір жұмыс тактысы циклінің тактысы өте аз уақыт ішінде (0,02-0,01сек) өтетін болғандықтан, жұмыс жүрісінің бас кезінде-ақ қоспа жанып бітуі керек, олай болса қоспаның жану уақыты одан да аз (0,002-0,003 сек). Сондықтан қоспаның жоғарыдағыдай өте аз уақыт ішінде жанып үлгеруі үшін отынның өте ұсақ бөлшектеріне ауа қосылуы керек. өте ұсақ бөлшектер отынның бүркуінен және булануынан пайда болады, ал толық жануы ауаның қажетті мөлшерімен осы булардың мұқият араласуынан болады.

Қоспадағы бензиннің  толық жануы үшін әрбір килограмм  отынға 15 кг ауа араласса, мұндай қоспаны  қалыпты қоспа деп атайды. Әдетте қалыпты қоспадан басқа да құрамды  қоспалар болуы мүмкін.

Байытылған  қоспада 1 кг бензин мен 13-тен 15 кг дейін ауа болады. Мұндай қоспа үлкен жылдамдықпен жанады да оның әсерінен цилиндрдегі газдардың да қысымы өте үлкен болады.

Бай қоспаның құрамында 1 кг бензинге келетін ауа 13 кг кем болады. Бұл қоспа жай  жанады, ал 1 кг бензинге 5 кг ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

Кедейленген қоспаның құрамында 1 кг бензин, 15-16,5 кг ауа болады. Қоспаның құрамы мұндай болған жағдайда бензин толық жанады, бірақ жану жылдамдығы төмендеуі  салдарынан двигательдің қуаты кемиді, әрі отынның үнемділігі артады.

Кедей қоспаның құрамында 1 қ бензине 16 кг артығырақ ауа болады және өте жай жанады. Егер 1 кг бензинге 21 кг не одан да артық ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

Түрлі жағдайларда  жұмыс істейтін двигательге қолданылатын қоспаның құрамы әдеттеі қалыпты  жағдайдан өзгеше болуы да мүмкін.

Салқын двигательді  іске қосқанда енгізу трубопроводтар мен цилиндрдің салқын қабырғаларында бензин буларының конденсациялануы, сондай-ақ ауаның жылдамдығының нашарлауы  және қоспаны жылытатын жағдайдың  жоқтығынан қоспа нашар  дайындалады. Осы жағдайларды еске ала отырып, двигательді іске қосқанда қоспаның сенімді түрде от алуы үшін одан бу тәрізді отынның жеткілікті мөлшерінің қалуы, отын бөлшектерінің конденсациялануына қарамастан қоспа біршама бай болуы тиіс.

Зая жүрістің жай айналысында цилиндрдегі қоспаның шамасыаз болады. Себебі отынның түйіршіктері бір-бірінен алшақтағандықтан қалдық азбен араласуынан қоспа нашар жанып, двигатель нашар істейді. Зая жүрістің жай айналысында двигатель тұрақты жұмыс істеуі үшін қоспаның жану жылдамдығын байытылған қоспаны пайдалана отырып арттыру қажет.

Орташа күшпен жұмыс істеу үшін кедейленген  қоспа қолдану арқылы отынның  шығынын кемітеді. Қоспаның мұндай құрамын қолданғанда двигательдің қуаты кемиді.

Толық күшпен жұмыс істегенде двигательдің қуатын барынша арттыру үшін толық күш беріп байытылған қоспаның жану жылдамдығын арттырады.

Зая жұмыс  істеп тұрған двигатель бірден толық  күш беру жағдайына көшірілгенде қоспаны байыту керек әйтпесе  оның тоқтап қалуы мүмкін.

ҚОРЕКТЕНДІРУ   ЖҮЙЕСІНІҢ    ПРИБОРЛАРЫ

Қоректендіру  жүйесі сақтауға қолданылатын прибордан, отынды тазарту және оны беретін, ауа тазартатын және отын булары мен  ауадан жанатын қоспа дайындауға арналған прибордан тұрады. Мұндай приборларға (46-сурет): отын багы, сүзгі  тұндырғыш және насос, карбюратор, ауа сүзгісі, отын өтетін түтік, енгізу және шығару трубопроводтары, өшіргіштер кіреді. Бұл приборлардың әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі бар.

Отын багы – автомобилтдің май құймай белгілі  бір қашықтыққа жүруі үшін керекті  бензин құятын ыдыс. оны жүк автомобильдерінің кузовының астына, жеңіл автомобильдердің артқы жүк салатын баажының астына бекітеді.

Отын сүзгі  тұндырғышы – отынды механикалық  қоспалар мен су қалдықтарынан тазарту  үшін керек. Оны жүк автомобильдерінің  бензин багінің жанына рамаға бекітеді.

Отын насосы – отынды бактан карбюраторға жеткізіп беру үшін керек. Оны ГАЗ-24 автомобилі двигателінің бөлгіш біліі жағынан  картерге, ЗИЛ-130 двигателінің цилиндрлерінің қатар арсына немесе ЗМЗ-53 двигателінің бөлгіш шестернясының қақпағының бүйіріне бекітеді.

Отын мұқият тазартатын сүзгі - карбюратордың (ЗИЛ-130) алдыңғы жағына орналасқан.

Карбюратор  – бензин мен ауадан жанғыш қоспаны  дайындау үшін керек. Ол двигательдің енгізу трубопроводына орналастырылған.

Ауа сүзгісі  – ауаны механикалық қоспалардан тазарту үшін керек. Ол карбюратордың үстіне, кейде бөлек жерге орнатылып, карбюратормен қосып жалғастыруға арналған жезден жасалған түтік.

Енгізу трубопроводтары  карбюратордың енгізу каналдарымен және шығару каналын өшіргішпен жалғастыратын  шығару трубопроводымен қосады.

Өшіргіш –  двигательден жанып шыққан газдың дауысын  бәсеңдету үшін керек.

Айналу жиілігін шектеуші иінді біліктің айналу жиілігін шектейді. Ол датчик пен шектеуіштен  тұрады.

КАРБЮРАТОРДЫҢ   ҚҰРЫЛЫСЫ   МЕН   ЖҰМЫСЫ

Қарапайым карбюратор. Жанғыш қоспаны дайындау процесін карбюрация, осы прцесті іскеасыратын приборды карбюратор деп атайды. Карбюраторлардың жұмысы бүріккіш пульверизатор процесіне негізделген.

Информация о работе Автокөлік құралдары