Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:36, лекция
Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі.
Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.
Карбюратор қалтқысы бар қалтқылы камерадан және инелі клапан мен араластырғыш камерадан тұрады. Араластырғыш камераның ішінде диффузор, жиклері бүріккіш және дроссель орналасқан.
Қалтқылы камера – карбюратордың ішіндегі отынның мөлшері мен қысымын бірқалыпта ұстау үшін керек. Отынның бетінде қалқып жүрген ішкі қуыс қалтқының рычагына инелі клапан тіреліп тұрады. Қалтқылы камераны белгілі бір деңгейге дейін толтырғанда қалтқы инелі клапанды өзінің ершігіне қысып, отынның бұдан әрі келу жолын бекітіп тастайды. Отынның деңгейі азайғанда қалтқы мен инелі клапан төмен түсіп, қалтқылы камераның отын енгізетін жолын қайта ашады. Қалтқылы камераның жоғарғы жағында атмосферамен жалғасып тұратын тесігі бар.
Араластырғыш камера – диффузордан дросселье дейінгі карбюратор, келте трубасының бір бөлігі. Араластырғыш камерада жанғыш қоспа пайда болады. Одан калибрленген тесік-жиклер арқылы қатқылы камерамен байланыстыратын түтік-бүріккіш шығарылған. Өзара қатынасушы ыдыстар заңына сәйкес бүріккіштегі отынның деңгейі қалтқылы камерадағымен біршамада болады. Бүріккіштің жоғарғы жағы араластырғыш камераның тартылған бөлігі–диффузорында орналасады. Карбюратордың араластырғыш камерасы енгізу трубопроводына бекітіліп, клапан ашылған уақытта двигательдің цилиндрмен жалғасып отырады.
Енгізу тактісінде двигательдің цилиндрінде жанған газдың қысымы ыдырап азаяды, себебі бұл уақытта енгізу клапаны ашылады да, ауаның ағымы араластырғыш камерасына одан әрі цилинрге тарайды. Ауа ағымының ең үлкен жылдамдығы оның араласу камерасының ең тар жерінде (деффузор) бүріккіш тесігінің түбінде болады.
Қалтқылы (атмосфералық) және араластырғыш (газ қысымының сиреуі) камераларының ішіндегі қысым әр түрлі болғандықтан, отын бүріккіштің тесігінен өздігінен ағып жолында ауаның ағынымен араласып, бұлт тәрізді тұмандаған белгілі бір қатынастағы жанғыш ұсақ қоспаға айналады. Цилиндрлерге кіретін жанғыш қоспаның шамасы жүргізуші кабинасынан басқарылатын дроссель жетегімен реттеліп отырады.
Қарапайым карбюратор
белгілі бір күш пен
Диффузорда өтетін ауа ағысының атруы бүріккіштен отынның қөбірек өтуіне себепші болады. Алайда бүріккіштен шығатын отынның мөлшері әдеттегіден аса үлкен дәрежеге жетсе қоспаның карбюратор мұндай жағдайда двигательді тез іске қосу, двигательдің зая жұмыс істеуі үшін немесе иінді біліктің айналымын тез өзгерткенде керекті мөлшерде жанғыш қоспаны дайындап ұлгере алмайды. Сондықтан двигательдің әр түрлі режимде жұмыс істеуі үшін қарапайым карбюратордың конструкциясына қосымша өзгерістер енгізу керек.
Ауа ағымының бағытына және жанғыш қоспаға қарай карбюраторлар жоғары қөтерілуші, төмен құлаушы және горизонталь ағынды болып үшке бөлінеді. Практикада кең орын алғаны төмен құлаушы ағынды түрі, себебі мұнда қоспаның араласуы мен цилиндрдің жанғыш қоспамен толыы жақсарады.
Орташа күшпен
(зая жұмыс істеген бір
Қаралып отырған двигательдің карбюраторында отынды пневматикалық тежеуіші бар жүйе қолданылады. Ол қимасы тұрақты бір қалыпты сыңар, не қос диффузордан, калибрленген тесіктен, бүріккіш рөлін атқаратын эмульсиялық түтік пен эмульсиялық түтігі бар ауа жиклерлерінен тұрады. Отын жиклері қалтқылы камера мен ауа жиклерінің арасындағы қаналға орналасқан.
Дроссель кеңірек ашылған сайын немесе двигательдің иінді білігінің айналым жиілігі артқанда бүріккіштен өтетін отын қөбейіп, диффузордағы ауа қысымының сиреуі арта түседі. Өйткені диффузордың қимасы бірқалыпты болғандықтан отын жиклеріндегі қысымды кеміту арқылы отынның келуін тежеп, қоспаның байымауын қадағалап отырады. Бүріккіштегі қысымды азайту үшін оған ауа жиклері арқылы ауа жіберіледі. Диффузордағы қысымның сиреуі неғұрлым қөп болса, соғұрлым ауа жиклерінен ауаны қөбірек өткізіп отынды тежеуге болады. Міне, бұл уақытта бүріккіштен отын мен ауаның эмульсиясы шығады да қоспа кедейленеді.
Зая жүріс жүйесі. Двигатель зая жүріспен жұмыс істеген кезде пайдаланылатын қоспаның аз болуынан дроссель жабық, араластырғыш камерасындағы қысымның сиреуі де шамалы болады, соның салдарынан негізгі мөлшерлеуші жүйенің бүріккішінен отын ақпайды. Сондықтан двигатель зая жүріспен істегенде отынды қысымның ыдырауы аз жері дроссельден әрірек беру керек.
Зая жұмыс жүйесіне отын жиклері, ауа жиклері, каналдар мен реттеуші винт кіреді. Дроссель жабық болғанда сұйылған қысым араластырғыш камерасының қабырғасындағы тесік арқылы каналмен отын жиклеріне беріледі.
Отын жиклер арқылы каналға жеткенде ол әуелі ауа жиклерінен кірген ауаға қосылады, одан әрі дроссельдің жоғарғы жағындағы қосымша тесіктен өтеді. Пайда болған эмульсия дроссельдің астындағы тесіктен шыққан жерінде ауамен араласып жану камерасына бүркіледі. Дроссельдің астындағы тесіктен шығатын эмульсия реттеуіш винтімен реттеледі. Дроссельдің жоғарғы жағындағы тесік зая жүріс жүйесіндегі қысымды азайтып, зая жүрістен аз қүшке қөшуді қамтамасыз етеді. Мұндай жағдай дроссель ашылар алдында оның жоғарғы жағындағы тесіктен эмульсияның өткен кезінде болады.
Іске қосу тетігі. Салқын двигательді іске қосу үшін қоспа байытылған болуы керек. Себебі іске қосу кезінде иінді біліктің айналу жылдамдығы аз болғандықтан араластырғыш камерасындағы қысымның төмендігінен отын бүріккіштен керегінше шығып үлгере алмайды. Сондықтан қысымды қөбейтіп, отын бүріккіштен мол өту үшін карбюратордың ауа кіретін келте трубасына ауа жапқыш қойылған. Ауа жапқышын тартқыш пен рычаг арқылы жапқан уақытта дроссель аздап ашылады да, араластырғыш камерасының қысымы артып негізгі мөлшерлеуші жүйе жиклері мен зая жүріс жүіесінен отынның тез өтуіне мүмкіндік туады. Жанғыш қоспа жасауға жеткілікті ауа, ауа жапқышының айналасындағы қуыстардан өтеді. Қоспаның өте байып кетпеуі үшін ауа жапқышының автоматты ауа клапаны болады. Ол клапан двигательді іске қосқан уақытта, яғни қысым артқанда ашылады.
Экономайзер. Двигатель толық күшпен жұмыс істеген уақытта оның қуаты да ең үлкен шамаға жетуі керек. Ол үшін қоспаның мөлшері мен оның байытылуы барынша арттырылуы тиіс. Ал ондай байытылған қоспаны карбюратордың араластырғыш камерасына экономайзермен қосымша отын беру арқылы ғана алуға болады.
М е х а н и қ а л ы қ ж е т е г і б а р э к о н о м а й з е р. Серіппелі клапаннан, экономайзер жиклері мен жетектен (бұл жетек жылдамдатқыш-насостың рөлін атқарады) тұрады. Дроссель ¾-тен артығырақ (толық күш) ашқанда, оның білігіне шығыршық пен тартқыш арқылы қосылған рычаг жетек штогін төмен басады да, ол экономайзердің клапанын, қосымша отын қалтқылы камерасының клапанды тесігі арқылы негізгі мөлшерлеуші жүйенің бүріккішіне беріледі.
Тездеткіш (жылдамдатқыш) насос. Күшті өсіру үшін дроссельді кенет ашқанда қоспаның кедейленуінен двигательдің өшіп қалуы мүмкін. Қоспаның кенеттен кедейленетін себебі, жиклерден отынның өту жылдамдығын өсірген уақытта арта бастаған ауа ағымынан кейін қалып, двигательдің қабылдағыштық қабілеті (аз күшпен істеуден толық күш беруге бірден қөшу қабілеті) нашарлайды. Бұл уақытта тездеткіш-насостың жәрдемімен двигательдің қабылдау қабілетін өсіреді.
Тездеткіш насос
қалтқылы камерасымен кері клапанмен
жабылатын тесік арқылы жалғасатын
құдықшадан, серіппе мен штогі
бар поршеньнен, жетектен, сорғыш клапан
мен тездеткіш насосының
Қ-126Г карбюраторы – қос камералы құламалы ағынды, дроссельдері біртіндеп ашылады. Оны ГАЗ-24 двигателіне орнатады. Ол үш бөлшектен тұрады: қалтқылы камерасының қақпағы болып табылатын үстіңгі бөлігі, ауа жапқышы бар ауа келте трубасы (оның осі ауа келте трубасымен салыстырғанда ығыстырылған); орта бөлігі–екі диффузоры бар араластырғыш камерасы мен қалтқылы корпус: төменші бөлігі – дроссельді келте труба. Карбюратордың отынды пневматикалық тежейтін бас мөлшерлеуші жүйесі, экономайзер және онымен ортақ механикалық жетекті тездеткіш-насосы бар. Зая жүріс жүйесі, тездеткіш-насос және салқын двигательді іске қосқыш тек осы карбюратордың бірінші камерасында ғана болады. Отын жетек штуцерінің келте трубасындағы торлы сүзгі арқылы қалтқылы камерасына құйылады. Қалтқы тірек осіне ілінген. Ол қалтқылы камераның корпусының саңылауына бекітіліп, оған қақпақпен қысылып қойылған. Отын деңгейін тексеру үшін қалтқылы камера қабырғасында май шамасының жоғары және төмен деңгейін қөрсететін белгісі бар дөңгелек қарау тесігі болады. Қ-126Г карбюраторының бірінші камерасы барлық режимдерде же жұмыс жасайды. Екінші камера үлкен күшпен істеген кезде екінші араластырғыш камераның дросселінің жетегімен іске қосылады (шамамен бірінші камераның дросселі өзінің жолының 2/3 өткенде).
Зая ж.ріс кезінде сұйылған отынның қысымымен компенсациялық құдықшадан бүйірінде тесігі бар тығын тәрізді жанар отын жиклері арқылы отын тік каналға келеді, мұнда зая жүріс жүйесінің ауа жиклерінен кірген ауа араласады. Сонымен бірге ауа дроссельдің үстіндегі тесік арқылы араласады. Эмульсияның мөлшері зая жүрістің винтімен реттеледі.
Двигатель о р т а қ ү ш п е н і с т е г е н қ е з д е құрамы кедейленген жанғыш қоспаны отынды пневматикалық тежейтін бас мөлшерлеуші қамтамасыз етеді. Дроссель ашылғанда араластырғыш камерадағы қысым қөбейеді де отын қалтқылы камерадан бас жиклер арқылы компенсациялық құдықшаға, одан бүріккіш арқылы кіші диффузорға беріледі. Компенсациялық құдықшаға ауа жиклері арқылы ауа өтіп, ол бас мөлшерлеуші жүйесінен отынның өтуін тежейді. Двигатель орта, тіпті толық күшпен жұмыс істеген уақыттарда жа зая жүріс жүйесі өзінің жұмыс тоқтатпайды, бірақ одан өтетін отынның мөлшері азаяды. Орта күшпен жұмыс істеуде жанғыш қоспаның құрамы бас мөлшерлеуші жүйе мен зая жүріс жүйесінің бірге істеуімен қамтамасыз етіліп отырады.
Т о л ы қ қ ү ш п е н ж ұ м ы с і с т е у байытылған қоспаның құрамы екінші камераның бас мөлшерлеуші жүйесі мен экономайзердің қосылып жұмыс істеулерінің нәтижесі. Зая жүріс кезінде және орта күшпен жұмыс істеген кезде экономайзердің клапаны серіппенің күшімен жабық болады. Дроссельдің ашылуынан экономайзердің штогі төмен түседі. Дроссель толық ашылуға таянғанда экономайзердің штогі клапанды ашып, отын қалтқылы камерадан араластырғыш камерадағы бүріккішке беріледі.
Д р о с с е л ь д і ж е д е л а ш қ а н д а тездеткіш-насостың поршені төмен түседі. Отынның қысымымен кері клапан жабылып, айдағыш клапан ашылады да, отын тездеткіш-насостың бүріккіші арқылы араластырғыш камераға бүркіледі. Тездеткіш-насостың клапаны двигательдің білігі үлкен жылдамдықпен айналып тұрақты режиммен жұмыс істеп тұрған кезде тездеткіш-насостың бүріккішімен ауа кірмеуін қамтамасыз етеді.
Қ-88А карбюраторы қоспасы өздігінен ағатын араластырғыш екі камерасы (ЗИЛ-130 двигательдеріне қойылады) бір-бірінсіз өз алдына істеп әрқайсысы төрт цилиндрге жанғыш қоспа дайындайды. Карбюратор негізінен үш бөліктен: қалтқылы камераның қақпағы мен ауа кіргізетін келте труба, корпус және дроссельді төменгі екі келте трубадан тұрады. Ауа кіретін келте трубаның ішіне автоматты клапаны бар ауа жапқышы, ал қалтқылы камера қақпағының ішіне-тордан істелген сүзгі мен инелі клапан орналасқан. Карбюратор корпусында қалтқылы камера және екі араластырғыш камера, механикалық жетегі бар экономайзер, тездеткіш-насос пен жиклерлер орналастырылған.
Төменгі келте трубаға ортақ осі бар екі дроссель орналасып, олар айналу жиілігін тежеушінің датчигімен жалғасқан.
С а л қ ы н д в и г а т е л ь д і і с қ е қ о с қ а н д а ауа жапқышы жабық, бірақ онымен тартқыш арқылы жалғастырылған дроссельдер сәл ғана ашық. Араластырғыш камерадағы үлкен қысым дроссельдердің астынан бас мөлшерлеушілер жүйесі мен зая жүріс жүйесінің жиклерінен отынның еркін ағуын қамтамасыз етіп двигательді іске қосуға керекті байытылған қоспа дайындалады.
Отын қалтқылы камерадан бас жиклер арқылы толық қуат беретін жиклерге өтіп, одан ауа жиклерінен енетін ауаның кедергісі әсер ететін эмульсия каналына кіреді. Бас жиклерден өткен отынның бір бөлегі зая жүрістің жиклеріне кіріп ондағы ауамен араласады да эмульсияға айналып, араластырғыш камераның тесігі арқылы дроссельдің астына өтеді.
Ж а й а й н а л ы с т а ғ ы з а я ж ү р і с к е з і н д е дроссельдер сәл ғана жабылып, олардың астындағы сұйылу қысымы әсерінен араластырғыш камерасының қабырғасындағы тесіктен өтіп зая жүрістің каналына кіреді. Карбюратордың қалтқылы камерасынан отын бас жиклер арқылы зая жүрістің жиклерілеріне өтеді. Зая жүрістің жиклерінің және дроссельдердің тесіктерінен кірген ауа отынмен араласып пайда болған эмульсия зая жүріс винтімен реттелетін тесік арқылы хзая жүріс каналы мен дроссель астындағы араластырғыш камераға кіреді де, онда ауаның негізгі ағымына араласады.
Д в и г а т е л ь о р т а ш а к ү ш п е н ж ұ м ы с і с т е г е н к е з д е кедейленген жанғыш қоспа құрама отынның пневматикалық тежегіш бар мөлшерлеуші жүйемен дайындалады. Дроссельдердің ашы луы артқан сайын кіші диффузордағы сұйылтылу қысымы карбюратордың қалтқылы камерасынан бас және толық қуат беруші жиклерлер арқылы, одан әрі кіші диффузорлардың дөңгелек саңылауындағы эмульсия кналдарымен отынның тез өтуіне себеп болады. Отын эмульсия каналдарынан өткенде бұған ауа жиклерлер мен бос зая жүріс жүәелерінен кірген ауамен араласынан эмульсия пайда болады. Бұл кезде толық қуат беретін жиклерлерде сұйытылу қысымының кемуінен двигательдің орта күшпен жұмыс істеуі үшін керекті қоспаның кедейленген құрамы пайда болады.