Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 14:58, курс лекций
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
Құқықтың қайнар көзі
Мiндеттемеге
сәйкес бiр адам (борышқор) басқа
адамның (несие берушiнiң) пайдасына
мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу
және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер
жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан
тартынуға мiндеттi, ал несие берушi
борышқордан өз мiндеттерiн орындауын
талап етуге құқылы. Несие берушi
борышқордан атқарылғанды қабылдауға
мiндеттi. Мiндеттемеде оның әр тарабы -
несие берушi немесе борышқор ретiнде
бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса
алады. Мұндай реттерде осы Кодексте
белгiленген ережелерге сәйкес үлестi,
ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк
мiндеттеме пайда болады (осы Кодекстiң
286-288-баптары). Борышқор жағынан мiндеттемеге
қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi
қойған талаптардың жарамсыз болуы,
сол сияқты мұндай адамға қойылатын
талап бойынша талап қою
Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне: 1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi; 2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық меншiк 2 түрге бөлінеді:
Авторлық
құқық – әдебиет пен өнер ғылымдарының
шығармаларын тудырушыларға тиесілі
жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтың
жиынтығы. Авторлық құқықтың нысандары
ҚР АК 972-бабында көрсетілген, бұл
әдеби шығармалар, сценарийлық туындылар,
хореография мен пантомима
Авторлық құқық автордың бүкіл өмірінің ішінде және өлгеннен кейінгі 50 жыл ішінде күшінде болады. Авторлық құқықтың пайда болуы шығарманың туу фактісімен ескерілген.
Отбасылық құқық – бұл некеден және отбасына тиісті затардан туындайтын жеке және мүліктік қатынастарды реттейтін нормалар саласы. Отбасылық құқықтың негізгі көзі «Неке және отбасы туралы»17.12.1998ж. ҚР заңы болып табылады. 3-бап неке-отбасылық заңнамамен реттелген қатынастарды белгілейді. Оларға мыналар жатады: некеге тұрудың шарттары мен тәртібі, некені тоқтату және оны жарамсыз деп тану; азаматтық құқық пен міндеттер, отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және мүліктік емес қатынастар; ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасына орналастыру тәртібі; азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі.
Неке ұғымы отбасылық құқықтағы негізгі түсініктердің бірі болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 1-бабында некені ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы ретінде анықтайды. Некеге тұру тәртібі 13-баппен реттеледі. Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.
Некені қию үшін арыз берген күннен бастап бір ай мерзім күту заңмен белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда мерзім қысқаруы мүмкін.
Некеге тұрудың шарттары мыналар болып табылады: 1) еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі; 2) неке жасына жетуі. Заң еркектер мен әйелдер үшін бірдей неке жасын - он сегіз жасты белгілейді. Дәлелді себептер болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
Некеге тұруға мынадай жағдайларда жол берілмейді: 1) басқа тіркелген некеде тұрғанда; 2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың арасында; 3) асырап алушылар мен асырап алғандардың ; 4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған болса.
Некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері туындайды. Некелік заңнамамен реттелген жеке құқыққа ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдау еркі жатады. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық негізінде құруға міндетті. Ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады.
Заң мүліктік құқықты егжей-тегжейлі реттейді. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Мұндай мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Мыналар
ерлі-зайыптылардың
1)
некеге тұрғанға дейін ерлі-
2)
ерлі-зайыптылардың некеде
3) жеке пайдалану заттары.
Неке шарты ерлі-зайыптылар мүлкінің басқа режимін белгілеуі мүмкін. Ол некеге тұру мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Неке
ерлі-зайыптылардың біреуінің
АХАЖ
органдарында некені бұзу кәмелетке
толмаған ортақ балалары жоқ және
бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар
қоймайтын ерлі-зайыптылардың
Басқа жағдайлардың бәрінде неке сот тәртібімен бұзылады. Сот некені сақтап қалу үшін шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінен аспайтын мерзім тағайындауға құқылы.
Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері отбасылық заңнамада реттелген. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады. Әрбір баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, ата-анасының тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Бала өзінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда - сотқа өз бетінше өтініш жасауға құқылы.
Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттері тең болады.
1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):
1)
ата-ана міндеттерін
2)
өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен)
не өзге де балаларды
3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4)
балаларға қатыгездік көрсетсе,
оның ішінде олардың денесіне
немесе психикасына зорлық-
5)
заңдарда белгіленген
Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен жүзеге асады.
Алименттік міндеттемелер отбасы мүшелерінің мүдделерін құқықтық қамтамасыз етудің бір түрі болып табылады. Әдетте ол ата-аналардың айырылысуы кезінде болады. Неке туралы Заңның 1-бабында алимент - алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты деп түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ата-аналар алимент төлеудің мөлшері, шарты және тәртібі қарастырылған жазбаша түрде, нотариат куәландырған келісім жасай алады.
Мұндай келісім болмаған жағдайда отбасы мүшелері сотқа шағымдануға құқылы. Сот тәртібімен кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.
Балалар да өзінің ата-анасын асырап-бағуға және қамқорлық жасауға міндетті. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарды асырап-бағу мөлшері сотпен анықталады.
Егер
сот ата-аналардың ата-ана
Заңға сәйкес асырап-бағуды алуға жұбайларының құқығы бар, оның ішінде бұрынғы жұбайларының да құқығы бар. Бұл құқық сондай-ақ отбасының басқа мүшелеріне де тиісті (атасына, әжесіне, әпкесіне, аға-інілеріне, балаларды тәрбиелеушілерге).
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27.12.1994 ж.
2. ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1.07.1999 ж.
3.
Жайлин Г.А. «А»-дан «Я»-ға
4. «Неке және отбасы туралы» 17.12.1998 ж. ҚР Заңы.
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (о.-7,13,14; д.-13,17,33,34,43,49,53,54)
1. ҚР Азаматтық құқығы: түсінік, субъектілер, дерек көздері.
2. Азаматтық құқықтағы шарттар мен келісімдер.
3.
Заңды тұлғалардың ұйымдық-
4.
Неке: некеге тұрудың, некені
6-тақырып. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. (1 сағат)
Жоспар
Қаржылық
құқық – бұл мемлекеттің
Қаржылық қатынастарды реттеу үшін мемлекет қаржылық құқық жиынтығын құрайтын заң мөлшерлерін белгілейді. Қаржы-құқықтық мөлшерлер жиынтығы қаржылық құқық жүйесі болып саналады. Қаржылық құқық жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімде қаржылық құрылым, ақша жүйесінің құқықтық негідері, қаржыны басқару, қаржылық жоспарлау және қаржылық бақылау туралы ережелер қамтылған. Ерекше бөлімде бюджеттік құқық, бюджеттен тыс қорларды құқықтық реттеу, қаржы-банкілік құқық, қаржылық-сақтандыру құқығы, қаржы-шаруашылық құқығы қамтылған.
Қаржы-құқықтық
мөлшер – нормативтік-құқықтық актімен
бекітілген қаржылық қатынас субъектісінің
тәртіп ережесі. Міндеттеу, тыйым салу,
уәкіл ету мөлшерлерін
Қаржылық құқықтық қатынас – қаржылық құқық нормаларымен реттелген қаржы-экономикалық қатынас. Құқықтық қатынастың субъектілеріне мемлекет, әкімшілік-аумақтық құрылым, мемлекеттік билік және басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар жатады.
Информация о работе Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар