Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 14:58, курс лекций

Краткое описание

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.

Содержание

«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
Құқықтың қайнар көзі

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекций.docx

— 193.11 Кб (Скачать документ)

Қадағалау міндетінен басқа прокуратура басқа  міндеттерді атқарады – бұл қылмыстық  іздестіру және сотта мемлекет мүддесін қорғау.

Прокурор  жүзеге асыратын қылмыстық іздестіру  қылмыс жасаған тұлғалардың кінәсын  мойындату, сондай-ақ оларға жаза қолдану  немесе басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды  қамтамасыз ету. Прокурор бұл ретте, анықтау және алдын-ала тергеу органы сияқты жеке тергеу әрекеттерін жасауға, оларды жүргізу туралы тапсырма беруге құқылы.

 

Ішкі істер министрлігі

Ішкі  істер органдарының қызметі Қазақстан  Республикасы Конституциясымен, Қазақстан  Республикасы Президентінің Қазақстан  Республикасы ішкі істер органдары  туралы заң күші бар Жарлығымен және басқа да қайшы келмейтін нормативтік  актілермен реттеледі. Оларға сәйкес ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бас бостандықтарына  қол сұғудың алдын алу, қылмыстық  және басқа құқықтық қарсы әрекеттерді  болдырмау және жолын кесу, қоғам  мен мемлекеттің мүделерін қорғау бойынша атқарушы және реттеуші міндеттерді  жүзеге асырады.

Ішкі  істер министрлігін бір мезгілде ішкі әскерлер қолбасшысы болып табылатын  Ішкі істер министрі басқарады. Оны  лауазымға Премьер-министрдің ұсынымы  бойынша Президент тағайындайды. Министр қол астындағы ведомстволарға басшылық жасайды.

Қазіргі уақытта ІІМ жүйесінде келсі  ведомстволар қызмет етеді:

  • криминалдық полиция департаменті (оған қылмыстық іздестіру және жедел қызмет қызметтері енеді). Департаменттің басты міндеті – анықтау, тыйым салу және қылмысты ашу;
  • тергеу департаменті – қылмыстық істерді тергеу мен анықтау жүргізумен айналысады;
  • криминалистік бөлімшелер – заттай айғақтарды алу және қажетті жедел зерттеулер жүргізуде тергеуге көмектеседі;
  • әкімшілік полициясының департаменті әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алуды жүзеге асырады;
  • патрульдік полиция департаменті көшедегі және қаланың, елді-мекендердің қоғамдық орындарындағы қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырады;
  • жедел-техникалық қызмет департаменті ІІМ-ін ақпараттық және жедел-техникалық қамтамасыз етумен айналысады;
  • жол полициясы департаменті бұрынғы МАИ жұмысын атқарады;
  • мемлекеттік күзет қызметі департаменті барлық күзет жүйесі ведомстволарының жұмысын басқарады;
  • арнаулы полиция департаменті арнаулы нысандардағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді (арнаулы милиция бөлімшесі негізінде құрылған);
  • қылмыстық-түзеу жүйесі департаменті еңбекпен түзеу мекемелерінің қызметін ұйымдастырады;
  • тыл, қаржылық қамтамасыз ету департаменті ІІМ қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Ішкі  істер органдарының негізгі міндеттері:

  • қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • қылмысты болдырмау, анықтау, қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықьың жолын кесу;
  • қылмыстық істер бойынша  анықтау және алдын-ала тергеу жүргізу;
  • әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу;
  • қылмыстық және әкімшілік жазалауды орындау;
  • бас бостандығынан айыру орындарындағы құқытық тәртіпті қамтамасыз ету және ерекше түзім қалыптастыру, әкімшілік жазаға тартылғандарды ұстау;
  • кәмелетке жасы толмағандар құқықбұзушылығын, бақылаусыздықты анықтау және болдырмау;
  • жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сақталуын бақылау;
  • төлқұжаттық және визалық жұмыс жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан аумағына келу ережелерін сақтауды бақылау;
  • басқа да заңнамамен белгіленген міндеттер.

Ішкі  істер органдарының қызметі құқық  қорғау қызметіне тән, оның ішінде: заңдылық, дара басшылық, жүйенің тұтастығы, жариялылық, басқа құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу, ұйымдармен және азаматтармен әріптесу сияқты жалпы  принциптермен сипатталады.

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы «Ұлттық қауіпсіздікті  нығайту, ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі жүргізу жөніндегі шаралар  туралы» Жарлығымен мемлекеттік  тергеу комитеті таратылған. Жауапты  мемлекеттік лауазымдар атқаратын  тұлғалардың, әскериқызметкерлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, арнаулы қызметтер мен соттардың  ұйымдасқан қылмысқа  қарсы, сондай-ақ қылмыстық қоғамдастық жүзеге асыратын контрабандамен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі өкілеттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді.

Ұлттық қауіпсіздік  комитетін Парламент Сенатының  келісімімен Қазақстан Республикасының  Президенті лауазымға тағайындап, лауазымнан босататын Төраға басқарады. Ол қызметтің  негізгі бағыттарына сәйкес келетін  басқарма және бөлімдерден тұратын  аппаратқа орынбасарлар қабылдайды.

Ұлттық  ауіпсіздік органдарының қызметіне:

  • мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
  • Қазақстан Республикасы аумағындағы барлау және басқа да шетел мемлекеттерінің және жекелеген тұлғалардың жауыздық әрекеттерін анықтап, жолын кесу бойынша жұмыс жүргізеді;
  • террорлық және конституциялық құрылымды зорлықпен өзгертуге, шекара тұтастығын және мемлекет қауіпсіздігін бұзуға бағытталған басқа да әрекеттерді анықтау, ескерту және жолын кесу;
  • олардың әрекетіне қатысты қылмысты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
  • мемлекеттік органдарды, ұйымдарды және әскери құрылымдарды шифрлық және кодтық байланыспен қамтамасыз ету енеді.

Ұлттық  қауіпсіздік органдарының құқықтары:

  • аса күрделі қылмыстық істер бойынша, ауыр және ерекше ауыр қылмыстар, жоғарыда аталғандардан басқа, сондай-ақ конституциялық құрылым мен мемлекет қауіпсіздігіне, терроризмге қатысты қылмыстар туралы істер бойынша алдын-ала тергеу жүргізу;
  • жекелеген жағдайларда анықтау жұмысын жүргізеді, мысалы экономикалық контрабанда, айналымнан алынып, шектелген (біліксіз құрамдар) препараттар немесе бұйымдармен кантрабанда туралы істер бойынша.

Аталған органдар қылмыстық іс қозғаған жағдайда:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Жарлығы қарастыратын жедел-іздестіру шараларын жүргізеді;
  • қамауға алу шараларын қолдану туралы шешім шығарылған қылмыс жасаған деген күдікті тұлғаларды ұстау үшін тергеу изоляторы бар;
  • әртүрлі салада сараптамалық-криминалистік зерттеулер жүргізеді;
  • қызметіне штаттан тыс еріктілерді тартады;
  • арнаулы күзетілетін нысандарға кіруге талпынумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды ұстайды;
  • бақылау жасайды, мемлекеттік, коммерциялық және банк құпияларын және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
  • ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің, олардың бөлімшелерінің ведомстволық, жайларының және көліктерінің  құрпиялылығын сақтау мақсатында басқа мемлекеттік органдармен ұйымдардың құжаттарын пайдалана алады;
  • заңмен көрсетілген жағдайда күш, сондай-ақ қару мен арнаулы құралдар қолдана алады;
  • заңмен көрсетілген басқа да әрекеттер орындауға құқылы.

Ұлттық ауіпсіздік комитеті органдарының қызметі заң  презумпциясы, дара басшылық, барлығының заң алдында теңдігі, саяси партиялар  және басқа қоғамдық бірлестіктерге қатысына қарамастан азаматтардың құқықтарын сақтауға және бас бостандықтарын құрметтеуге  сәйкес құрылған.

 

Президенттің күзет қызметі

Президенттің  күзет органдары президентті  тұрақты күзетумен (мемлекеттік  қоғамдық шараларда, сондай-ақ тұрақты  және уақытша тоқтаған елді-мекендерде) айналысатын ұйым ретінде әрекет етеді.

Президенттің  күзет органдарын Қазақстан Республикасы Президенті лауазымға тағайындайтын  президенттің күзет қызметінің бастығы  басқарады.

Президенттің  күзет қызметі өкілдерін президенттің күзет қызметінің басшысы әскери қызметкерлер, ішкі істер органдары  қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік органдары, сондай-ақ арнаулы қызмет қызметкерлері арасынан іріктеп алады.

Президент күзеті қызметінің басты міндеті:

  • президенттің өмірін сақтауды қамтамасыз ету;
  • президентке қастандық жасауға талпынғандарды анықтау;
  • президенттің өмірі мен денсаулығына қатер төндіруші қылмыстық элементтерді ұстау және қарусыздандыру кезінде жедел қимыл жасау;
  • жедел-іздестіру шараларын жүргізу.

Президент күзеті қызметі органдарының қызметі  президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңнамаға сәйкес құрылады.

 

Адвокатура және нотариат

Адвокаттардың қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, «Адвокаттық  қызмет туралы» Заңына және «Адвокаттық  қызметпен айналысуға рұқсат беру тәртібі  туралы ережеге» сәйкес рұқсат қағаз  беріледі.

Адвокатураның қызметі Қазақстан Республикасының  Конституциясы және «Адвокаттық  қызмет туралы» Заң негізінде  жүзеге асырылады, негізгі мақсат ретінде  пайда табуды көздемегендіктен кәсіпкерлікке  жатпайды, және:

  • қылмыстық істер бойынша қорғау;
  • азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа істер бойынша өкілдік;
  • азаматтарға және заңды тұлғаларға әртүрлі заңдық көмек көрсетумен айналысады.

Адвокатура  мемлекет кепілдік берген және Конституциямен бекітілген адамның өз құқықтарын қорғауға құқылығы мен білікті құқықтық көмек  алуына көмектесуді жүзеге асырады:

Адвокатура  қызметін ұйымдастыру келесі принциптерге сәйкес құрылады:

  • қызметін жүзеге асыру барысында адвокаттың ешкімге тәуелді болмауы;
  • қызметін заңда тыйым салынбаған әдіс, құралдармен жүзеге асыру;
  • заңда тікелей көрсетілген жағдайлардан басқа кезде прокуратура, сот, анықтау және алдын-ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдармен лауазымды тұлғалар тарапынан адвокат қызметіне араласуына жол бермеу;
  • кәсіби мінез-құлық нормаларын және адвокаттық ар-ожданды сақтау.

Адвокаттар  келесі қызметтерді жүзеге асыруға  құқылы:

  • құқықтық көмек көрсетуді сұраған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін барлық соттарда, тиісті мәселелерді шешуге құзырлы мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қорғауға және тұлғаның атынан сөйлеуге;
  • адвокаттық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді барлық мемлекеттік органдармен мемлекеттік емес ұйымдардан сұратып алуға;
  • құқықтық көмек көрсету үшін қажет нақты мәліметтер жинауға. Дәлелдер келтіруге;
  • көмек сұрағанның ісіне қатысты материалдармен, сондай-ақ процессуалдық істермен, тергеу және сот істерімен танысуға, заңдық актілермен тыйым салынбаған әдіспен ресми айыптауға тіркелген ақпаратты алуға;
  • іске қатысуға рұқсат алғаннан кейін, және кездесудің құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайда қорғауға алған тұлғамен кездесуді талап етуге;
  • құқықтық көмек көрсетумен байланысты туындаған мәселелерге ғылым, техника, өндіріс және басқа қызмет салаларында түсінік беру үшін мамандардың қорытындысын келісім негізінде сұратуға;
  • әділет, прокуратура, анықтау, алдын-ала тергеу және сот органдары, сондай-ақ басқа құқықтық мүдделері мен құқықтары бар лауазымды тұлғалардың әрекетіне көмек сұраған тұлғалардың белгіленген тәртіпте арыз беруге өтініш жасауға;
  • мемлекеттік құпиямен, сондай-ақ заңмен қарастырылған тәртіпте анықтау, алдын-ала тергеу жүргізуге және сотта қажет болса әскери, коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын ақпаратпен танысуға;
  • құқықтық көмек сұраған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда заңда тыйым салынбаған құрал, әдістер пайдалануға, сондай-ақ заңға қайшы келмейтін өзге де әрекеттер жасауға;

Адвокаттар  қызметіне заңмен кепілдік беріледі және мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктермен лауазымды тұлғалардың  адвокаттың қызметіне араласуына қатаң  түрде тыйым салынады.

Нотариаттың қызметі Қазақстан Республикасының  «Нотариат туралы» Заңымен реттеледі. Нотариат – жеке және заңды тұлғалардың  құқықтары мен фактілерін куәландыруға, сондай-ақ заңда көрсетілген басқа  да міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған  нотариалдық әрекеттерді жасау  арқылы олардың заңды мүдделерімен құқықтарын қорғаудың заңды бекітілген жүйесі.

Нотариустың көмекшісі мен тағылымдамадан өтушісі  болады. Жеке нотариустарға рұқсат қағазды нотариустардың Біліктілік алқасының ұсынымы бойынша Әділет министрлігі береді.

Нотариус  келесі әрекеттер жасайды:

  • мәмілені куәландырады;
  • заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттарын куәландырады;
  • мұрагерлік мүлікті қорғау шараларын қабылдау;
  • құжат көшірмесінің дұрыстығын куәландыру;
  • құжатқа қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру;
  • аударманың дұрыстығы туралы куәландыру;
  • дәлелді қамтамасыз ету және т.б.

 

Қазақстан Республикасындағы сот  және сот әділдігі.

Құзыреттілік  пен алға қойылған міндеттерге сәйкес құрылған сот жиынтығы Қазақстан  Республикасының сот жүйесін  құрады. Конституция, «Қазақстан Республикасындағы  соттар және сот мәртебесі туралы»  Жарлыққа сәйкес Республиканың сот  жүйесін Жоғарғы сот және жергілікті соттар құрады.

Жергілікті  соттарға:

  1. облыстық және оларға теңестірілген соттар (астана және республикалық маңызы бар қалалар соттары, Жоғарғы сот);
  2. аудандық (қалалық) соттар, бірлестіктің әскери соты (гарнизон, құрамалар, әскер) жатады.

Шартты  түрде сот жүйесін үш деңгейге бөлуге болады:

  1. негізгі (аудандық, қалалық соттар, гарнизондардың, құрамалардың, әскердің әскери соты);
  2. орташа (облыстық соттар, астана және республикалық маңызы бар қалалар соттары, әскердің әскери соты);
  3. жоғарғы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты).

Істі  шешуде процесстегі орны, шешетін  міндеттер аясы, ол үшін берілетін  құзыреттілік көлемі мен сипаты деп  түсіндірілетін сот инстанциясы  деген түсінік бар.

Информация о работе Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар