Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 14:58, курс лекций

Краткое описание

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.

Содержание

«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
Құқықтың қайнар көзі

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекций.docx

— 193.11 Кб (Скачать документ)

Қаржы, ақша қаражатының жиынтығы ретінде  ақша қоры түрінде қолданылады. Ақша қоры – белгілі бір мақсаттарға  арналған мемлекеттің ақша қаражатының  жеке бір бөлігі. Мемлекеттік ақша қорының жиынтығы қаржылық жүйені құрайды.

Қаржылық  жүйе – қаржы-экономикалық институттардың жиынтығы, олардың әрқайсысы белгілі  бір салады. Қазіргі кезеңде оның құрамына бюджеттік жүйе; бюджеттен тыс мақсатты мемлекеттік және жергілікті ақша қоры; кәсіпорын, ұйым, мекемелердің қаржылары кіреді.

«Қаржы» ұғымымен заң ғылымы аясында қалыптасқан  «мемлекеттің қаржы қызметі» ұғымы  тығыз байланысты. Мемлекеттің қаржы  қызметі – ақша қорын жинау, үлестіру және пайдалану жөніндегі қызмет.

Мемлекеттің қаржы қызметінің әдісі – бұл  мемлекеттің қаржы жүйесінің  құрамына кіретін ақша қорын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыруды  мемлекет көмегімен жүзеге асыратын нақты әдіс-тәсілдер.

Ең  қолайлы әдістер мыналар болып  табылады:

1. Ақша қорын құру (ақша қаражатының  оларды иеленушілерден ықтиярынсыз  қайтарымсыз алынуы, ерікті-қайтарымсыз  немесе қайтарымды және т.б.  алынуы).

2. Ақша қорын үлестіру әдісі  ( қаржыландыру, несие беру, қор иелерінің  өздерінің қаржылық міндеттемелерін  орындауы).

3. Ақша қорын пайдалануды ұйымдастыру  әдісі ( ақша қорын тағайындауды  белгілеу, ақша қорынан алынған  қаражаттарды пайдалану тәртібі,  пайданы үлестіру нормативтерінің,  қаражаттарды бөлу лимиттерінің  тәртібі, қорды пайдалануды жоспарлау,  ақша қорын пайдалануды бақылау).

Қаржылық  бақылау мемлекеттің қаржы қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Ол мемлекеттің және елдің әлеуметтік-экономикалық тиімді дамуы мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің  ақша қорын қалыптастыру, үлестіру және пайдалану іс-әрекетінің заңдылығын және мақсатқа сәйкестілігін бақылауды  жүзеге асырады.

Қаржылық  бақылаудың элементтері:

  1. субъектілер – өзінің құқықтық күшіне тиісті билік өкілеттіктерімен бөлінген мемлекеттік органдар.
  2. нысандар – мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға, азаматтар.
  3. мәні – қаржылық қызметіне қатысушылар ретінде олардың өз міндеттемелерін сақтау  тұрғысынан осы бақылау нысандарының  тәртібі.
  4. мақсаттар - қаржы қызметіне қатысушылардың қаржы заңнамасын бұзуы немесе өз міндеттерін сапасыз орындау фактілерін, кінәлілерді табу, оларды жауапқа тарту, сонымен бірге қаржылық тәртіпті бұзуды жою.

Қаржылық  бақылаудың әдістері – бұл оны  жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері (тексеру, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерін, қаржы-шаруашылық қызметі  туралы есептерді және т.с.с. қарау).

Қаржылық  бақылау: 

1. жүзеге  асу уақыты бойынша: алдын-ала,  ағымдағы, келесі;

2. түріне  қарай: тікелей және жанама  түрдегі;

3. субъектілерге  қарай: мамандандырылған және  функционалдық;

4. саласына  қарай: ақша айналымы, валюта, бюджет, салық, банк, сақтандыру, қаржы-шаруашылық  ережелерін сақтауды бақылау  болып бөлінеді.

Қаржы жүйесінің орталық орнын бюджет құрайды. Бұл өзіне мемлекеттік  ресурстарды қалыптастыру, үлестіру және пайдалану жөніндегі ақша қатынастарын, бір мезгілдегі бірыңғай ақша қорын, сонымен қатар мемлекеттің негізгі  қаржы жоспарын қамтитын экономикалық және құқықтық котегория.

Бюджеттік құқық – бұл бюджет құрылымын  ұйымдастыру кезінде, сонымен қатар  орталық және жергілікті бюджеттерді  қалыптастыру, үлестіру және пайдалануды  ұйымдастырумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің тарауы.

«Бюджеттік  жүйе туралы» 1.04.1999 ж. ҚР Заңының 1-бабына бойынша, бюджет – бұл заңмен немесе жергілікті сайланбалы органдардың  шешімімен бекітілген, мемлекеттің  өз қызметтерін қамтамасыз етуге  бағытталған және салықтар, алымдар, және басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыстар, салықсыз және өзге де заңнамалық актілермен қарастырылған түсімдер есебінен құрылған мемлекеттің орталық ақша қоры.

Мемлекеттік бюджет табыстарының негізгі көздері  салықтар болып табылады. Салық –  бұл мемлекетпен бір жақты  тәртіпте уәкілетті органның өкіліне  бекітілген және мемлекет табысына жататын  құқықтық формада міндетті ақшалай  немесе заттай төлем. Ол белгілі бір  мөлшерде шығарылады, қайтарымсыз, баламасыз, және тұрақтылық сипатта болады.

Салық құқығы – салықтарды бірыңғай өкіметтік  белгілеу және өндіріп алу арқылы мемлекеттік бюджет табыстарын құру жөніндегі мемлекет пен салық  төлеушілердің арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін қаржы-құқықтық мөлшерлердің жиынтығы.

Салық – бұл өзінің ішкі құрылымдары  бар, күрделі түзілім. Ол мынадай  элементтерден тұрады:

1. Салықтың құқықтық негізі;

2. Салықтың субъектісі – салық төлеуші адам;

3. Салықтың нысаны –салық не жөнінде өндіріліп алынса сол болады (табыс, мүлік және т.б.);

4. Салықтың мөлшері – салықтық төлемнің мөлшерін анықтайтын заңмен белгіленген салық салу шамасы;

5. Салық төлеу тәртібі –  салық төлемдерінің салық төлеушіден мемлекетке өтуі жүзеге асуы тиіс салық заңнамасымен бекітілген ереже

Салықты топтастыруға болады. Салықтық ауыртпалықты қолданушыларға байланысты олар тура және жанама, төлеу түріне байланысты ақшалай және заттай, аумақтық деңгейіне  байланысты жергілікті және жалпы мемлекеттік  болып бөлінеді. Субъект бойынша  салықтар жеке және заңды тұлғалардың  салықтары болып бөлінеді. ҚР Салық  кодексінің 60-бабы да салықтың әр түрлі  түрлерін белгілейді.

 

Ұсынылатын  әдебиеттер:

1. Сейдахметова Ф.С. Қазақстандағы  салықтар. Оқу құралы. Алматы, 2002.

2. Финансовое право. Уч., отв. Ред.  Н.И. Химичева М., 2000.

3. Худяков А.И. Наурызбаева Н.Е.  Салықтар: түсінік, элементтері,  белгілеу, түрлері. Алматы,1998.

 

СӨЖ үшін бақылау  тапсырмалары (о.- 13,15;  д.- 37,40,57,58)

  1. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
  2. Қаржылық құқықтың жүйесі.
  3. Салықтар және олардың түрлері.

                                                                                                           

7-тақырып. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағат)

  Жоспар

  1. Еңбек құқығы негіздері.
  2. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.

Еңбек құқығы - бұл жұмыс беруші мен  қызметкердің арасында жеке, ұжымдық  және басқа да шарттардың негізінде  белгілі бір еңбек қызметін іске асыру бойынша азаматтардың еңбек  бостандығы конституциялық құқығын  жүзеге асыру үрдісінде пайда  болатын еңбек қатынастарын реттейтін  құқық саласы.

Еңбек құқығының негізгі қайнар көзі Конституция  және ҚР Еңбек Кодексі. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР 23.01.2001ж. Заңы, «Әлеуметтік  серіктестік туралы» 18.12.2000ж., «Еңбек қауіпсіздігі және қорғалуы туралы» 22.02.2004ж., «Кәсіподақтар туралы»9.04.1993ж. және басқа да еңбек заңнамаларында мазмұндалған.

Ұжымдық шарт - бұл жазбаша шарт түрінде  ресімделген, бір немесе бірнеше  жұмыс берушілер (өкілдері) және қызметкерлердің  бір немесе бірнеше өкілінің еңбек  және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін  шешу үшін қол қойған құқықтық акт.

Еңбек шарты - бұл  қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалатын екіжақты келісім, ол бойынша  қызметкер белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша  жұмыс берушінің актілерін орындауға, ал жұмыс беруші уақытында және толық  көлемде қызметкердің еңбекақысын, заңмен және тараптардың келісімі бойынша  көзделген басқа да ақшалай төлемдерді төлеуге, еңбек туралы заңнамамен және ұжымдық шартпен көзделген еңбек  жағдайын қамтамасыз етуге  міндеттенеді.

Еңбек шарты  белгіленбеген мерзімге, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге    жасалуы мүмкін.  Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі; белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына; жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына; маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін. 
      Жұмыс беруші-заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы                          лауазымындағы жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушінің құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімінде белгіленген мерзімге жасалады. 
       Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.

Он алты жасқа  толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімі мен орта білім беру ұйымында негізгі  орта, жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен; сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылар мен еңбек шарты жасалуы мүмкін. Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс. 
 Еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттарды талап етуге құқылы:  жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куәлігі), тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат, еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін); әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін); алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін), салық төлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктердің көшірмелері. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Жұмыс беруші үш күн мерзімде қызметкерді актімен таныстыруға міндетті. Жұмыс берушінің актісімен танысқаны қызметкердің қол қоюымен куәландырылады.  Қызметкердің талап етуі бойынша жұмыс беруші оған актінің тиісінше расталған көшірмесін беруге міндетті.  Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерімен, жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) қатысы бар өзге де актілерімен, ұжымдық шартпен таныстыруға міндетті.      

 Қызметкермен еңбек  шарты жұмыс берушінің бастамасы  бойынша: 
         1). жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған; 2). қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;              3). біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 4). өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 5). сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған; 6). қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған; 7). қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған; 8). қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған; 9). қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған; 10). ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса; 11). тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған; 12). қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен; 13). егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе тиісінше орындамаған; 14). Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қызметкердің мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған; 15). еңбек шартын жасасу кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған; 16). жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшесі басшысының еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге материалдық залал келтіруге әкеп соққан; 17). қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. Өндірістік жарақат алуына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айрылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады; 18). қызметкер сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші Еңбек Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.  Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.  Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс берушіге жазбаша ескертеді. 
        Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін.  Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерінде көзделген үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде не Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады.  Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуі мүмкін. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 181-бабына сәйкес белгіленеді. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 202-бабына сәйкес белгіленеді.      Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 224-бабына сәйкес белгіленеді. Еңбек шартында, ұжымдық шартта осы баптың 1 - 3-тармақтарында көрсетілгеннен кем жұмыс уақытының ұзақтығы көзделуі мүмкін. Қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген кезде еңбекке ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін: 1) ескерту; 2) сөгіс;  3) қатаң сөгіс;    4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.

Информация о работе Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар