Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 14:58, курс лекций

Краткое описание

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.

Содержание

«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
Құқықтың қайнар көзі

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекций.docx

— 193.11 Кб (Скачать документ)

Жер құқығы қатынастары - бұл заңнамалық актілермен реттелген жер қатынастары. Жерді пайдалану мен қорғау бойынша  құқықтар мен міндеттемелер жиынтығы оның мазмұны болып табылады.

Әрекет  сипатына қарай олар материалдық  және іс жүргізу болып бөлінеді. Материалдық қатынастар субъектілердің заңнамада белгіленген құқықтары  мен міндеттерін жүзеге асыру  кезінде пайда болады. Іс жүргізу  қатынастары құқықтық қатынастардың  пайда болу және тоқтатылу процедурасына  байланысты болады.

Жер Кодексіне сәйкес жер құқығы қатынастары - жер ресурстарын басқарумен, жер  телімдерін жекелеген субъектілерге  бекітумен, жерге меншік және басқа  мүліктік құқықтарды бекітумен байланысты жерді пайдалану және қорғау бойынша  құқықтық қатынастар. Жер құқықтық қатынастарының субъектісі - жер құқықтық қатынастарына қатысушы және осыған байланысты осы құқықтық қатынаста  құқылары бар әрі міндеттенетін  субъект.

Жер қатынастарының объектісі - Қазақстан  Республикасының аумағы шегіндегі  барлық жер, жекелеген жер телімдері, әрі оларда не орналасқанына және жекелеген субъектілердің атына  бекітілгендігінің құқықтық негіздемесіне, сондай-ақ жер телімі мен жер үлестеріне байланыссыз.

Жер құқығы қатынастарының туындау,, өзгеру және тоқатуының негіздемесі белгілі  бір салдарға әкелетін нақты жағдайлар  болып табылады. Олардың негізгі  түрлері: құқық белгілеуші, құқық  өзгертуші, құқық тоқтатушы.

Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк  меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Меншiк құқығының  субъектiлерi: республика аумағындағы  жерге мемлекеттiк меншiк құқығының  субъектiсi - Қазақстан Республикасы; Жер Кодексінде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы  Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар  деп Қазақстан Республикасының  азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен  азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

Меншiк  иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн  иеленуге, пайдалануға және оған билiк  етуге құқығы бар. Жер учаскесiнiң  меншiк иесi заңнамаларда көзделген  негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра  алады.      

Меншiк иесi өзiнiң жер  учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер  учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған  құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн  ескере отырып iске асырады. Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.

Сервитут - бөтен  жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды  тарту мен пайдалану, аңшылық  шаруашылығы және өзге де мұқтаждар  үшін пайдалану құқығы.

Қазақстан Республикасының  жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жер; елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы  мақсатына арналмаған жер; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру  мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; орман қорының жерi; су қорының жерi; босалқы жер.

Жер құқығы қатынастарына  қатысушылар арасында жер құқығы мен заңды мүдделерін бұзудан  туындайтын даулар жер даулары деп  аталады.Оның мазмұны меншік немесе жерді пайдалану құқығындағы  жер телімдерінің шекарасы бойынша, жерді пайдалануға беру мерзімі, меншік иелері немесе жерді пайдаланушылардың  өз құқықтары мен міндеттерін  іске асыруына байланысты болуымүмкін. Даудың тараптары ретінде меншік немесе пайдаланушылар да, жер ресурстарын  басқару бойынша мемлекеттік  органдар да болуы мүмкін. 
         Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады. Сонымен бірге көпшілік даулар жергілікті атқарушы органдар арқылы да шешімін тауып жатады.       

     Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Бекішева С.Д. ҚР экологиялық құқығы, Сұлбалар альбомы. Қарағанды: Қарағанды заң институтының баспасы, 2002.
  2. ҚР жер заңнамасы: нормативтік-құқықтық актілер жинағы (комментарийлерімен)жауапты редактор С. Стамқұлов. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
  3. Оралова А.Т. Экологияның құқықтық негіздері: оқу құралы: оқулық/А.Т. Оралова-Қарағанды: ҚарМТУ, 2000.
  4. Қоршаған ортаны қорғау: нормативтік-құқықтық актілер жинағы - Алматы: Юрист, 2003.
  5. Культеев С.Т. ҚР экологиялық құқығы оқу құралы. Алматы: Дәнекер, 2001.
    1. Экологиялық құқық: оқулық

 

СӨЖ үшін бақылау  тапсырмалары (о.-8,13;д.-24,28,32,35,44)

  1. ҚР экологиялық заңнамасы
  2. Жер заңнамасы

 

9 - тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (1 сағ)

Жоспар 

  1. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері.
  2. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күресу.
  3. Сыбайлас жемқорлыпен күресу қағидаттары.

Қылмыстық құқық – қылмыстылықты және әрекеттің  жазаланатындығын, қылмыстық жауапкершілік  негізін, жаза жүйесін, олардың тағайындалу  тәртібі мен жағдайын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік пен  жазадан босатуды анықтайтын, жоғарғы  мемлекеттік билік органдарымен бекітілген құқық нормаларының жиынтығын  құрайтын құқық саласы.

Қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі 16.07.1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексі (бұдан  кейін ҚР ҚК)болып табылады.

Қылмыстық құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден  тұрады. Қылмыстық құқықтың жалпы  бөлімі – қылмыстық заңнаманың міндеттерін, оның қағидаларын, қылмыстық жауапкершілік  негіздерін, кінә және оның нысандары  жайлы сұрақтарды анықтайды. Ерекше бөлім қылмыстың нақты түрлері  мен жаза түрлері мен мөлшерлерін  анықтайды.

  Қылмыс - жазалау қатерiмен тыйым  салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк)  деп танылады. Қылмыс белгілері  болып мыналар табылады:қоғамдық  қауіптілік, құқыққа қарсылық, кінәлілік  және жазаланатындық.

Қоғамдық  қауіптілік дәрежесі мен сипатына байланысты барлық қылмыстар аса ауыр емес, орташа ауырлықтағы, ауыр және ерекше ауыр қылмыстарға жіктеледі.

Қылмыс  құрамы – қоғамдық қауіпті әрекетті нақты қылмыс ретінде анықтайтын, заңмен бекітілген белгілерінің жиынтығы.Ол белгілерге мыналар жатады:

Қылмыс  объектісі –елеулі зиян немесе ондай  зиян келтіруге қауіп туғыза отырып, қылмыс қол сұғатын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Теорияда жалпы, тектік және тікелей объектілер бөліп көрсетіледі.

Объективтік жағы - әрекеттің өзі (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) тұлғаның саналы белсенді немесе енжарлы мінез-құлқы, сыртқы сипаттамасы. Әрекеттің қоғамдық қауіптілік салдары және әрекет пен туған  салдардың арасындағы себептілік байланыс. Кейбір жағдайларда сонымен қатар, қылмыс жасалу орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, құралы сияқты мән-жайлар болады.

Субъект – қылмыстық заңмен қарастырылған  қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған  және қылмыстық жауапкершілікті  орындай алатын, ақыл – есі дұрыс  жеке тұлға. Жалпы тәртіп бойынша  қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды. Бірақ заң кейбір қылмыстар  үшін (ҚР ҚК 15 бап 2 тарм.) 14 жастан бастап жауакершілікке тартуды қарастырған. Субъект қылмыстық жауапкершілікке  тартылу жасына жетумен қатар, ақыл-есі  дұрыс болуы керек, қылмыс жасау  кезінде өзінің жасаған әрекеттеріне есеп беріп және оны басшылыққа алу. Қылмыстың субъективтік жағы – тұлғаның өзі жасаған қылмыс пен осы  әрекеттің нәтижесінде туындаған  салдарға психикалық қатынасы. Бұл  қасақана не болмаса абайсыздық нысанындағы тұлғаның кінәсі. Қасақаналылық  тікелей және жанама болып бөлінеді. Абайсыздық, қылмыстық менмендік пен қылмыстық немқұрайдылыққа бөлінеді.  Сонымен қатар, қылмыстың себепбі, мақсаты және тұлғаның қылмыс жасау кезіндегі эмоционалдық жай-күйі субъективтік жақтың қажетті белгілері болуы мүмкін.

Жаза  - соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк  мәжбүрлеу шарасы, қылмыс жасауға  кiнәлi деп танылған адамға қолданылатын және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан қылмыстық заңмен көзделген айыру  немесе оларды шектеу болып табылады. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде  жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына  келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның  да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар  жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтан  және жазалаудан босататын бірқатар  мән жайларды қарастырады. Олар қажетті  қорғаныс; қол сұғушылық жасаған  тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру;аса  қажеттілік;орынды тәуекел ету; күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немес өкімді орындау.

Жазалардың  жүйесі – қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға тағайындалатын, ауырлық  дәрежесіне қарай орналастырылған, жаза түрлерінің,соттар үшін толық  және міндетті тізбесі.

ҚР Қылмыстық  кодексі жазаның негізгі және қосымша түрлерін қарастырған. Негізгі  жаза түрлеріне мыналар жатады:айыппұл;белгілі  бір лауазымды атқару немесе белгілі  бір қызметпен айналысу құқығынан; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары;әскери қызметі бойынша;бас бостандығын  шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде  ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қосымша жазалар: арнаулы, әскери құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;мүлкін тәркілеу.  Айыппұл  және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен  айналысу құқығынан айыру негізгі  жаза ретінде, сонымен қатар қосымша  жаза ретінде де қолданылады.

Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен  қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпталушының  жеке басы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар, сонымен қатар тұлғаның түзелуіне  оның отбасы мен қамқорындағы тұлғалардың  жағдайының әсер етуі.

ҚР ҚК жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар тізбесі көрсетілген. Жеңілдететін мән – жайларға мән-жайлардың  кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш  рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау; айыпкердiң кәмелетке толмауы; жүктiлiк; айыпкердiң жас балалары болуы; қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету;күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау  жатады (және ҚР ҚК 56 б. сәйкес т.б.). Бұл  көрсетілген мән – жайлардың  тізбесі толық емес, өйткені сот  жасалған әрекеттің өзге де жеңілдететін мән – жайларын ескере алады.

Ауырлататын мән  – жайларға мыналар жатады: қылмыстарды  әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы; қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру; адамдар тобының, алдын ала сөз  байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау; қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару; айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту; ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау; алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау (ҚР ҚК 54 б. сәйкес т.б.). Мән – жайлар тізбесі толықтай қамтылған.

Қылмыстық құқықта  қасақана қылмыс жасау сатылары туралы сұрақ қарастырылған, оған сәйкес кезкелген  қасақана қылмысты бірнеше саты арқылы жүзеге асыратын құбылыс ретінде  қарастыру ұсынылған. Кінәлінің  әрекетін кезкелген сатысында алдын  алу оның қылмыстық жауапкершілігі туралы сұрақты қоюға мүмкіндік  береді. Егер тұлға бастаған қылмысын өз еркі бойынша соңына дейін жеткізбесе қылмыстық құқықта оны қылмысты жасаудан өз еркімен бас тарту  деп аталады.Қасақана қылмыс жасаудың мынадай сатыларын бөліп көрсетеді:қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу;аяқталған  қылмыс.

Қазіргі кезеңде  сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтудың басты  мәселесі болып табылады. Қазақстандық заңнамада сыбайлас жемқорлық түсінігі берілген, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын  адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн  пайдалана отырып не мүлiктiк пайда  алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн  өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар  арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк  игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған  игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа  қарсы беруi арқылы оларды сатып  алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

02.07.1998 ж. қабылданған  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы» ҚР Заңының мақсаты  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен  туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан  Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа  байланысты құқық бұзушылықтың  алдын алу, анықтау, олардың  жолын кесу және ашу, олардың  зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк  органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа  да адамдардың, сондай-ақ оларға  теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн  қамтамасыз етуге бағытталған. 

Информация о работе Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар