Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 14:58, курс лекций

Краткое описание

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.

Содержание

«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
Құқықтың қайнар көзі

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекций.docx

— 193.11 Кб (Скачать документ)

Бірінші инстанциядағы сот деп, істі қарастырып, оны шегіне жеткізіп шешетін сотты  атайды. Оның деңгейі әртүрлі болуы  мүмкін – аудандық, облыстық немесе Жоғарғы сот.

Аппеляциялық  инстанция сот – апелляциялық арыз және заң күшіне енбеген үкім, шешім немесе бірінші инстанциядағы  сот қаулысына наразылық бойынша  істерді қарастырады.

Кассациялық инстанция соты  -  кассациялық  арыз және заң күшіне енбеген үкім, шешім немесе бірінші инстанциядағы  сот қаулысына, сондай-ақ аппеляциялық сот үкіміне (шешім, қаулы) наразылық  бойынша істерді қарастырады.

Қадағалау инстанциясындағы сот – алдыңғы  сот инстанцияларының заң күшіне енген сот шешімдеріне тараптардың  арызы немесе наразылығы бойынша  қадағалау тәртібімен істі қарастырады.

Соттар  келесі істерді жүргізеді:

  1. азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қаржылық, шаруашылық, жер құқық қатынастары, табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау  және басқа да құқықтық қатынастардан туындаған даулар бойынша;
  2. ерекше өндірістегі;
  • азаматтардың, сайлауға, референдумға қатысатын қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы өтініштері бойынша;
  • органдар мен лауазымдытұлғалардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша;
  • мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігін) азаматтардың дау айту туралы;
  • заңды маңызы бар фактілерді көрсету туралы;
  • азаматтың хабарсыз кетті деп тану немесе азаматтың қайтыс болғанын хабарлау туралы;
  • азаматты іс әрекетке қабілетті немесе қабілетсіз деп тану туралы;
  • азаматты мәжбүрлеп психиатриялық стационарға оқшаулау туралы;
  • заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы;
  • жылжитын затты иесіз деп тану, жылжымайтын мүлікке жеке меншік құқығын тану туралы;
  • азаматтық хал актілері жазуының дұрыс еместігін көрсету туралы;
  • нотариалдық әрекетке арыз немесе оларды жасаудан бас тарту бойынша;
  • жоғалған құнды қағаздар бойынша құқығын қалпына келтіру туралы.
  1. қылмыстық істер;
  1. әкімшілік істер және басқасы.

Соттар  қызметінің құқықтық негізі, негізгі  ережелері, сот органдарының орны мен  ролі, сот төрелігі принципі, сот  билігінің тәуелсіздігі санаттары, соттарды тағайындау және босату тәртібі, қылмыстық қуғындалудан қорғау «Қазақстан Республикасының соттар және сот  мәртебесі туралы» негізгі заңында  мазмұндалған.

 

Ұсынылатын  әдебиеттер:

  1. Бекбергенов Н.А. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі. Қарағанды 1998.
  2. Бекбергенов Н.А. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау жүйесі. Астана 2000.
  3. Смалдыков М.К. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары. Алматы 1996.
  4. Сүлейменова Г.Ж. Қазақстан Республикасындағы сот және құқық қорғау органдары. Р.Т.Түсіпбековтың редакциясымен Алматы 1999.

 

СӨЖ үшін бақылау  жұмыстары (о.-1,5,6; д.-21,22,23,24,25,26,36)

  1. Құқық қорғау қызметі мен құқық қорғау органдары түсінігі.
  2. Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыты.
  3. Құқық қорғау қызметінің құқықтық негізі.

 

4-тақырып.  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқығының негіздері. (2 сағат)

Жоспары

  1. Мемлекеттік басқару негіздері.
  2. Мемлекеттік басқару жүйесі, ұйымдастырылуы және нысаны
  3. Әкімшілік құқық пәні, әдісі және жүйесі.
  4. Мемлекеттік қызметкерлер.
  5. Әкімшілік – саяси аяны басқару.

Қоғамдық  процестерді мақсатқа жетелеу, ұйымдастыру  және реттеу барысына ықпал ету жүйесінде  мемлекет басты орынға ие болады. Әлеуметтік басқарудағы жетекші субъект  ретінде, мемлекет белгіленген аумақ  шегіндегі тұрғындарды толық  қамту арқылы, қоғамдағы саяси  биліктің біртұтас әмбебап ұйымдастырушысы  болып табылады. Мемлекет қойылған мақсатты жүзеге асыруды, қоғамдық өмірді ұйымдастыруды, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын реттеуді қамтамасыз етуге  мүмкіншілігі бар билеуші күшке  ие.

Мемлекеттік басқару нысаналық сипатта жұмыс  жасап, ерекше міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқарудың мақсаты  Конституцияны, заңдарды, Президент  жарлықтарын және басқа да нормативтік  құқықтық актілерді күнделікті орындау, тұрмыста қолдану.

Мемлекеттік билік органдар жүйесінің көмегімен  қоғамды басқарады.  Маңызды органдар заң шығарушы, атқарушы және сот  билігі.

Мемлекеттік басқару барша қоғамның мүддесін білдіреді. Басқару қызметін орындау  үшін қоғамдағы мемлекеттік билік  атынан арнаулы аппарат құрылады. Мемлекеттік орган алдында тұрған міндеттер осы органдардың жұмыс  мазмұнын анықтайды. Мемлекеттік басқару  арқылы мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқару принциптері – мемлекеттік  басқарудың құрылымдық элементтерінің мәнін және ішкі келісімін білдіретін негізгі басқару принциптерінің бастауы. Конституциялық принциптерді бөліп қарастырады (мемлекеттік  билік пен басқарудың тұтастығы, заңдылық, құқық басымдығы, мемлекеттік  мүдделер алдындағы азаматтардың заңды  мүдделерінің еркіндігі,  мемлекеттік  басқаруға қатысудағы азаматтардың теңдігі және т.б.); салалық (экономиканың, әлеуметтік саланың, саяси құрылымның жекелеген салаларында басқарудың ерекше мүмкіндіктерін көрсетеді).

Мемлекеттік басқару қызметі мемлекет қызметімен тығыз байланысты және жолдарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың ұйымдастыру  түрін  көрсетеді. Басқару жүйесін  ұйымдастыру; жоспарлау (болжау, бағдарламалау); кадрлық қамтамасыз ету; реттеу; бақылау  сияқты қызметтер жатады.

Мемлекеттік басқару түрі – қоғамдық практика саласына сай келетін мемлекеттік  орган қызметінің мәні мен сипатының  сыртқы көрінісі. Олар құқықтық және құқықтық емес деп екіге бөлінеді.

Мемлекеттік басқару органы – заңдар мен заңдық актілердің атқарушы және өкімшіл қызметін орындау барысында және негізінде  функционалдық жүзеге асыратын мемлекеттік  аппараттың бөлімі.

Мемлекеттік басқару органдарының құқықтық қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, әртүрлі қызмет саласын реттеуші заңдармен, жарлықтармен, заңдық актілермен реттеледі.

Құзырлылық  сипаты бойынша мемлекеттік басқару  органдары жалпы, салалық және ішінаралық құзырлылық органдарына бөлінеді.

Жалпы құзырлылық органдары қызметінің негізгі  мәселелері бойынша нысандардың  жалпы немесе кең ауқымды бөлігіне қатысты қызметтерді жүзеге асырады, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуды (облыс, қала, аудан, ауылдық округ  әкімдіктері) қамтамасыз етеді.

Салалық құзырет органдары салалық қызмет бойынша берілген тапсырмаға қатысты  қызметтерін жүзеге асырады, мысалы Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі.

Салааралық  құзырет органдары жалпы немесе көпшілік салалар мен басқару  саласына арналған жалпы арнаулы  қызметтерді орындайды, мысалы Қазақстан  Республикасы еңбекпен қамту және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ішінара салалық құзырет органдары елдің  әкімшілік-аумақтық бөліну құрылымына және кейбір факторлар мен жағдайларға  сай құрылады. ҚР мемлекеттік билігінің  жоғары атқарушы және өкімшіл органы – ҚР Үкіметі. ҚР орталық атқарушы органы – министрліктер, агенттіктер, комитеттер (мысалы, Ұлттық қауіпсіздік  комитеті), Үкімет құрамына кірмейтін  орталық атқару органы (мысалы, құнды  қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия). Жергілікті атқарушы органдар – облыс, қала, аудан, селолық округ әкімдіктері, сондай-ақ бірлестіктерді, мекемелерді, ұйымдарды тікелей басқару органдары (кәсіпорын, мекеме ұйым әкімшілігі).

Қазақстан Республикасының жоғары атқарушы органы - Үкімет. ҚР Конституциясына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасындағы  атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы орган жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасауды  жүзеге асырады. Үкімет ҚР Президентінің  алдында жауап береді, сондай-ақ Парламентке есеп береді. Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті жасақтайды. Үкімет құрамына Үкімет мүшелері кіреді: Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың басқа  да лауазымды тұлғалары. Премьер-министрді  Парламенттің келісімімен ҚР Президенті тағайындайды. Үкімет құрамы мен құрылымы туралы ұсынысты ҚР Президентіне, Премер-министр  тағайындалғаннан кейін он күн ішінде енгізеді. Үкімет қызметінің тәртібі  ҚР 1995 жылғы 18 желтоқсандағы «ҚР-дағы Үкімет туралы» Конституциялық Заңымен  анықталады.

ҚР  Үкіметі атқарушы билік құзырына жататын өкілеттікпен иеленеді. әлеуметтік-экономикалық саясаттың, қауіпсіздіктің негізгі  бағыттарын әзірлеу; қоғамдық тәртіпті, қорғаныс мүмкіншілігін қамтамасыз ету; орталық және жергілікті атқарушы билікті басқару; республикалық  бюджетті дайындау және Парламентке  ұсыну, оның орындалуын қамтамасыз ету  және ол туралы есеп беру; мемлекеттік  меншікті басқару; Мәжіліске заң  жобаларын енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; сыртқы саясат жүргізу  бойынша шаралар ұйымдастыру. Үкімет қаулы шығарады.

Министрлік  мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына басшылық жасауды жүзеге асырушы, сондай-ақ қарастырылған  заңнама шегінде  салааралық үйлестіруші республиканың  орталық атқарушы органы болып табылады (мысалы, Мемлекеттік кіріс министрлігі).

Министрлік  құрамында министрліктің қызметтік  салаларын тікелей басқаруды  жүзеге асыратын департамент, бас басқарма (басқарма), комитеттер құрылады.

Агенттік  – Үкімет құрамына кірмейтін ҚР орталық атқарушы органы. Агенттік Республика Премьер-министрінің ұсынысы  бойынша Республика Президентінің  жарлығымен құрылады, қайта ұйымдастырылады  және қысқарады. Агенттік мемлекеттік  басқарудың тиісті саласын басқаруды  жүзеге асырады, сондай-ақ қарастырылған  заңнама шегінде салааралық үйлестіру  мен өзге де арнаулы атқарушы және бұзушы қызметтерді атқарады (мысалы, ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қолдау жөніндегі агенттігі, ҚР инвестициялар жөніндегі агенттігі  және т.б.).

Мемлекеттік қызмет атқарушы биліктің ішкі жағын  сипаттайды. ҚР 1999 жылғы 23 шілдедегі  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет – мемлекеттік  басқаруды жүзеге асыруға бағытталған  азаматтардың мемлекеттік органдардағы қызметі. 

ҚР  мемлекеттік қызмет заңдық принципке; қазақстандық патриотизмге; азаматтардың құқықтары мен заңдық  мүдделерінің мемлекет мүддесіне; мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен құзырлығы және т.б. негізделген. Мемлекеттік қызметшілер  санатына, саяси, әкімшілік лауазымдар атқаратын қызметшілер, сондай-ақ милитаризмдік және азаматтық қызмет қызметшілер болып бөлінеді.

Мемлекеттік қызметке тағайындау, сайлау, конкурс  арқылы алынады. Мемлекеттік қызмет еңбек кодексі, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 26,27- баптары қарастырған  негізде тоқтатылады.

Қазақстандық  заң жүйесінде өзін - өзі басқарушы  саласы әкімшілік құқық болып  табылады. Жалпы түрінің өзінде әкімшілік  құқықты – басқарушы құқық  деп атауға болады. Ол мемлекеттік  әкімшілік құру және қалыптастыру барысында  туындайтын қатынасты жүзеге асырады  және мемлекеттік және муниципалдық басқару саласына қызмет етеді. Ол ҚР өзге салалық құқықтармен бекітілген қатынастардан басқа барлық басқарушы  қатынасты реттейді.

Әкімшілік құқық – атқарушы билік құрылымдарын қалыптастыру барысында, өкілеттіктерін, міндеттерін, құқықтары мен мемлекеттік  қызметшілердің жауапкершіліктерін белгілегенде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірлерін, құқытары мен еркіндіктерні  қорғауды жүзеге асыруда мемлекеттік  басқару процесінде туындаған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың  құқықтық саласы.

Әкімшілік құқықтық қатынастар – мемлекеттік  басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Оның субъектілері болып мемлекеттік  басқару және жергілікті өзін-өзі  басқару органдары, мемлекеттік  қызметшілер, кәсіпорындар, мекемлер, ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әкімшілік  құқықтық қатынас ерекшеліктері, билік  қатынастары ( тараптардың заңды  тепе-теңдігі болмайды), (мемлекеттік  басқару саласында болғандықтан) онда мемлекет мүддесі қаралады.

Әкімшілік құқықтық қатынастарды келесі біліктілік санаттары бойынша бөлуге болады:

    1. қатысушылар құрамы бойынша: а) аппарат ішіндегі, б) аппараттан тыс;
    2. тараптар арасындағы заңды байланыс сипаттарына қарай: а) тік (әрбір тарап билік құзырына ие, көлемі бірдей), б) көлденең (тікелей басқаруға ұқсас, онда тараптар заңды түрде бірдей).

Информация о работе Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар