Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 14:58, курс лекций

Краткое описание

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.

Содержание

«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
Құқықтың қайнар көзі

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекций.docx

— 193.11 Кб (Скачать документ)

 

3. Лекциялар  конспектілері

1 - тақырып.  Мемлекет және құқық туралы  негізгі ұғымдар (1 сағат)

Жоспар

  1. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
  2. Мемлекет туралы негізгі түсініктер
  3. Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
  4. Құқықтың қайнар көзі

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан  мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық  қасиеттерінің дамуына ықпал  жасайды.

«Құқық  негіздері» сияқты құқықтық пәндердің  ең басты санаттары мен ұғымдарының  бірі ол мемлекет пен құқық. Мемлекеттің  ең басты құқықтық нормативтік кесімі, ең негізгі Заңы Конституция болып  табылады. Мемлекет қоғамдық ұйымның саяси формасына сәйкес келеді. Оның пайда болуы қоғамның ішкі дамуына байланысты болады.

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың ішінде таптық теория жетекші орынға ие. Алайда осы қоғамдық институтты таным үдерісіне елеулі үлес қосқан басқа да теориядар тарихтан белгілі (теологиялық, патриархалдық, келісім, зорлық, органикалық, психологиялық).

Мемлекет  белгілері:

1) Тұрғындардың  аумақтық жағынан ұйымдасуы. Мемлекетті  билік бір аумақтағы барлық  тұрғындарға бірдей қатысты (құрлық, жер қойнауы,су, әуе кеңістігі  т.б.) Бұл азаматтық институтын  туындатады. Аумақ пен тұрғындар  - мемлекеттің бар болуының қажетті  материалдық алғышарттары.

2) Қоғамды  басқарудың аппаратының бар болуы.  Мемлекет өз органдары мен  мекемелер жүйесі арқылы қоғамды  басқаруды іске асырады, саяси  биліктің белгілі бір режимін  бекітеді және жүзеге асырады,  өз шекарасын қорғайды.

3) Мемлекет  қоғамдық өмірді құқықтық негізде  ұйымдастырады.

4) Мемлекет  билікті дербес ұйымдастыруды  ұсынады. Мемлекеттік тәуелсіздік  - бұл осы мемлекеттің ел ішіндегі  басқа да биліктерден, сондай-ақ  халықаралық қарым-қатынастарда  егемен болуы. 

5) Фискалды  органдардың болуы (мемлекеттің  қаржылық-экономикалық негізі ретінде  салықтардың алынуы).

Мемлекет - елдің барлық аумағына мен оның халқына бірдей таралатын, елдің  ресми өкілі ретінде танылатын  және қажет болған жағдайларда мәжбүрлеу  шараларына бара алатын жария саяси  билік ұйымы.

Мемлекет  функциялары - оның қызметінің негізгі  бағыттары. Олар мемлекеттің ішкі мән-мазмұнымен анықталады. Мемлекет қызметінде таптық, жалпы әлеуметтік бастаулар да болады. Мемлекет функциялары ішінен ішкі және сыртқы, уақытша және тұрақты дегендерін бөліп атауға болады. Экономикалық, саяси, мәдени және басқа да түрлері  бар.

Мемлекет  механизмі - мемлекеттік билік жүзеге асырылатын, қоғамды басқаратын мемлекеттік  органдар жүйесі.

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Мемлекеттік  аппарат - билікті жүзеге асыру үшін тиісті өкілеттіктермен қаруланған мемлекеттік органдардың жиынтығын  көрсететін мемлекет механизмінің бөлігі.

Мемлекет  механизмі құрылымына мемлекеттік  аппараттан басқа мемлекеттік мекемелер  мен кәсіпорындар кіреді. Мемлекеттік  мекемелер - экономикалық, әлеуметтік, мәдени, құқық қорғау т.б. малаларда  мемлекет функцияларын орындау бойынша  тікелей практикалық әрекет жасайтын мемлекеттік ұйымдар. Мемлекеттік  кәсіпорындар - өнім өндіру немесе онымен қамтамасыз ету, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін қызмет көрсететін  және түрлі жұмыстарды орындау мақсатында шаруашылық қызметті іске асыратын мекемелер.

Мемлекеттің ішкі мән-мазмұнына байланысты оның формасы айқындалады. Оның қасиеттерін  сипаттайтын үш жағы бар.

Басқару формасы - мемлекеттік биліктің жоғарғы  органдар ұйымы, лоардың пайда болу тәртібі, оларды қалыптастырудағы халықтың қатысуы деңгейі. Басқару формасының негізгі екі түрі бар: монархия және республика.

Мемлекеттік құрылым формасы - мемлекеттің ішкі бөлінісі және олардың өзара қарым-қатынасы. Құрылым формасы бойынша унитарлық, федеративті және конфедеративті болып  бөлінеді.

Саяси режим - мемлекеттік биліктііске  асырудың амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттік режимнің демократиялық  және антидемократиялық түрлерін атап көрсетуге болады.

Құқықтың  пайда болуы мемлекеттің пайда  болу себептерімен айқындалады. Мемлекетаса  маңызды әлеуметтік нормаларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтың жаңа нормаларын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асырады.

Құқық - мемлекет белгілеген жалпыға міндетті, белгілі бір өзін-өзі ұстау  мәнері ережелерінің жүйесі, оның көмегі арқылы жеке тұлғаның және қоғамның аса  маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқық нормаларымен қоса қоғамда  қарым-қатынасты реттеуші ретінде  мораль нормалары, діни нормалар т.б. қызмет жасайды. Алайда құқық басқа әлеуметтік нормалардан мемлекет тарапынан  шығатындығымен ерекшеленеді; құқық  нормалар жалпыға бірдей міндетті; жазбаша түрде ресімделген, бекітілген.

Құқық қоғамдық қатынастарды реттей алу үшін сыртқы көрінісі болуы керек. Құқықтық доктринада құқықтың қайнар көзі, яғни жеткізу амалы және құқықтық нормаларды бекіту секілді ұғым пайдаланылады.

Құқықтың  келесі қайнар көздері белгілі: 1) құқықтық дәстүр - мемлекет рұқсат бергендәстүр; 2) заңдық прецедент  - келешекте осы  тектес барлық істерді шешуде үлгіге айналған сот немесе әкімшілік органның шешімі; 3) нормативтік келісім - құқықтың түрлі субъектілері арасындағы келісімнің құқықтық нормалары; 4) нормативтік-құқықтық акт - құқық нормаларынан тұрады және алдын-ала шектелмеген жағдайларды  реттеуге бағытталған және үздіксіз қолданылады. Барлық нормативтік-құқықтық актілер заңдар мен заңға тәуелді актілерге бөлінеді.

Заң - жоғарғы заңдық күші бар, қатаң  белгіленген ерекше тәртіпте қабылданған, құқықтың барлық салаларының негізгі  нормаларын белгілейтін.және аса маңызды  қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық акт. Заңдар конституциялық және ағымдағы болып бөлінеді.

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге  Президент, Үкімет, министрліктер. Мемлекеттік  комитеттер, жергілікті билік органдарының актілері жатады.

Құқықтық  норма - құқықтың бастапқы элементі. Құқық  нормаларының құрылымына мына элементтер кіреді:

1. гипотеза - осы норма қолданысқа енетін  нақты өмірлік жағдаяттарды нұсқау;

2. диспозиция - гипотезада санамаланған жағдайларға  қатысы бар болғанда субъектілердің  бағынуға тиісті өзін ұстау  ережелері;

3. санкция  - егер субъектілер диспозицияның  нұсқауларын орындамаған жағдайда  мүмкін болатын жазалау түрі  мен шаралары.

Барлық  заң нормалары бір-бірімен тығыз  байланысты және бір жүйені құрайды. Құқық жүйесі оның ішкі құрылымы, оның салалар мен институттарға бөлінісі.

Құқық саласы - біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Аса ірі салалар аясында оған тәуелді салалар іштей бөлінеді. (мысалы, конституциялық құқық, оның тәуелді  саласы сайлау құқығы). Құқық институты - салалар аясында түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар тобы. (мысалы, констиуциялық құқықта  азаматтық институты, отбасылық  құқықта неке институты т.б.). Құқық  салаларын материалдық және іс жүргізу  деп бөледі. Біріншісітікелей қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларынан тұрады (азаматтық, қылмыстық, еңбек). Екіншісі ұйымдастырушылық қатынастарды реттейді (азаматтық прцессуалдық, қылмыстық  іс жүргізу, әкімшілік-іс жүргізу құқық). Ешбір мемлекеттің құқықтық жүйесіне енбейтін халықаралық құқық - құқықтың ерекше саласы болып табылады.

Құқықтық  қатынастар ұғымы заң ғылымының  негізгі ұғымдарының бірі болып  табылады. Бұл - субъектілердің бір-біріне деген құқықтар мен міндеттемелерден көрініс табатын, ішкі мазмұнында құқық  субъектілері арасында заңдық байланысы  бар құқық нормаларымен реттелген  қоғамдық қатынас.

Құқықтық  қатынасқа қатысу үшін болашақ қатысушылардың барлығына және әрбіріне заңмен белгіленген  немесе танылған белгілі бір қасиеттерінің  болуы керек. Бұл қасиеттердің жиынтығы тұлғаның немес ұйымның құқық  субъектілігі ұғымын құрайды. Оған жататындар:

Құқық қабілеттілігі - субъектінің заңмен белгіоенген құқық пен міндеттемелерге  ие болу мүмкіндігі. Субъектіде туғаннан бастап пайда болып, өмірден қайтқан  соң аяқталады;

Іс-әрекет қабілеттілігі - тұлғаның заңмен белгіленген  құқықтар мен міндеттемелерді өз іс-әрекеті арқылы ала алу және іске асыру мүмкіндігі;

Заңдық  деректер - құқық нормасының гипотезасында  қарастырылған құқықтық қатынастардығ  пайда болу, өзгеру және тоқтатылу  негіздері. Олар оқиғалар, яғни адамдардың еркінен, санасынан тыс жағдайлар  мен іс-әрекеттер, яғни адамдардың саналы әрекеті болып бөлінеді. Іс-әрекет заңға сәйкес немесе заңға қайшы  болуы мүмкін.

Құқықбұзушылық - іс-әрекетке және құқықтық қабілетті  тұлғаның жасаған заңға қайшы  әрекеті. Құқықбұзушылықтың белгілері: заңға қайшылық, қоғамға зиян келтіру, кінәлілік, іс-әрекетте немесе әрекетсіздікте көрініс табуы.

Құқықбұзушылықтың құрамы - оның құрылымын сипаттайды. Бұл - заңдық жауапкершілікке негіз  болатын заңдық деректердің жиынтығы. Құрам элементтеріне мыналар  жатады:

Объект - құқықпен реттелетін және қорғалатын қоғамдық қатынастар.

Объективті  жағы - құқықбұзушылықтыңсыртқы көрінісінің  мінездемесі. (заңға қайшы әрекет, оның зиянды салдары, әрекет пен оның салдарының арасындағы себектік байланыс, орын, уақыт және басқалары)

Субъект - өз іс-әрекетіне жауап беруге қабілетті  жеке немесе заңды тұлға.

Субъективті жағы - қасақана немесе байқаусыз формасында орын алған құқық бұзушылықтың, кінәнің  ішкі жағының мінездемесі.

Барлық  құқықбұзушылықтар қоғамдық зиян деңгейі  мен сипатына қарай қылмыс және құқыққа  қарсы әрекет  болып бөлінеді.

Заңдық  жауапкершілік - құқықбұзушылық жасаған  тұлғаларға белгіленген іс жүргізу  тәртіпте заңда көзделген мәжбүрлеу  шараларын қолдану. Құқықбұзушылықтың  түріне байланысты қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік жауапкершілік болып  бөлінеді.

 

Ұсынылатын  әдебиеттер

1. Дулатбеков  Н.А., Амандықова С.К., Турлаев А.В.  Қазіргі Қазақстанның мемлекет  және құқық негіздері: Оқк құралы.- Астана: ИКФ «Фолиант», 2000.

2. Қазақстан  Республикасының мемлекет және  құқық негіздері. Оқу құралы / жауапты редактор Г.С. Сапаргалиев,  Алматы: Жеті Жарғы, 1999.

3. Турлаев  А.В. Құқық негіздері. - Қарағанды:  АРКО баспасы, 2004.

4. Сапарғалиев  Г. Қазақстанның мемлекет және  құқық негіздері: оқулық/ Г. Сапарғалиев.-толықтырылған  3 басылымы - Алматы: Атамұра, 2003.

 

СӨЖ бақылау  тапсырмалары (о.-2,8,9,11)

  1. Ғылымдар жүйесіндегі құқықтың алатын орны.
  2. Мемлекеттің пайда болу теориясы.
  3. Заңдық жауапкершілік және оның түрлері.

 

2- тақырып.  Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері (2сағат)

Жоспар

  1. Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының жетекші құқық  саласы ретінде.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы  - мемлекеттің Негізгі заңы.
  3. Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері.
  4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері.
  5. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі.

Конституциялық  құқық құқық саласы секілді конституциялық құрылымның  негіздерін, азамат пен  адамның құқықтық мәртебесін, мемлекеттің  саяси-аумақтық ұйымдасуын, жүйесін, құрылу тәртібін, мемлекеттік үкімет пен   жергілікті өзін-өзі басқару органдары  қызметтерінің негізгі принциптері  мен құзырлылығын бекітеді.

Конституциялық-құқықтық норма  деген  мемлекеттің қоғамдық қатынастарын реттейтін, мемлекеттік  үкімет пен қоғамды басқаруды  ұйымдастыру жөніндегі жеке және қоғамдық мемлекет белгілеген немесе ықпалшара жасаған жалпыға  міндетті тәртіп ережесі.

Орындаған қызметтеріне қатысты оларды келесі түрлерге классификациялауға болады: - құқық беруші – барлық мемлекеттік  органдарға өкілеттілікті белгілейді; тыйым салушылар – қатал белгіленген  тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған  ереже; міндеттейтіндер - әрекет етуге  міндеттерін белгілейді немесе олардың  нұсқамаларына  қатал түрде сәйкес келгенде ол әрекеттерден тыйылуды мінндеттейді.

Конституциялық  құқықтың негізгі институттарының  бірі – конституциялық-құқықтық  қатынастар. Мемлекеттік үкімет пен  мемлекетпен жеке қатынасты  іске асыру барысында туындайтын бұл  ерекшелікті қоғамдық қатынастардың  мазмұны нақты конституциялық-құқықтық нормаларда қарастырылған міндеттерді  орындау мен құқық пайдалану  бойынша әр түрлі  субъектілердің заңды өзара әрекеті болып  табылады. (Конституциялық құқық көздерінің санына жататындар: 30.08.1995 ж. ҚР Конституциясы, республиканың конституциялық заңдары,  Парламент немесе ерекше жағдайда Президент  қабылдаған (ҚР Конституциясы 53 бабының 4 тармағы) кәдімгі заңдар, заңды  күші бар Президенттің жарлықтары, атқарушы органдардың нормативтік  құқықтық актілері, ҚР мойындаған халықаралық-құқықтық шарттар.

Информация о работе Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар