Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 14:58, курс лекций

Краткое описание

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.

Содержание

«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
Құқықтың қайнар көзі

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекций.docx

— 193.11 Кб (Скачать документ)

Мемлекетің  ішкі және сыртқы саясатының негізгі  бағыттарын анықтау және Қазақстанды  ел ішінде және халықаралық қатынастарда таныстыру;

  • Президент – азамат пен адамның құқығы мен бостандығының,  Конституцияның халық пен мемлекеттік үкімет бірлігінің бейнесі мен кепілдігі;
  • Мемлекеттік үкіметтің барлық тармағының келісілген қызметін  және халық алдындағы үкімет органдарының  жауапкершілігін қамтамасыз ету. Бұл қызметтердің дамуы мен нақтылануы Конституция  мен басқа заңнама актілерде бар.

ҚР  жоғарғы атқарушы органы болып Үкімет табылады. Бұл мемлекеттің атқарушы үкіметі жүйесін басқаратын алқалық  орган. Үкімет мемлекеттік басқару  мәселелерінің Конституцияға, 18.12.1995 жылғы «ҚР Үкімет туралы» конституциялық заң мен басқа заңнамаға  сәйкес болуын  шешеді .

Үкіметті   ҚР Президенті  құрамында Премьер-министр, оның орынбасарлары, басқа лауазымды  министрлар бар құраммен құрады. Премьер-министрді  Президент Парламенттің екі Палатасының  келісімімен  тағайындайды. Өзі тағайындалғаннан кейін 10 күн мерзімінде Премьер-Министр  Президентке Үкіметтің құрамы мен  құрылымы туралы ұсыныс енгізеді.

Үкіметтің  кең түрдегі өкілеттілігі бар, оның ішінде:

- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық  саясатының негізгі бағыттарын, оның қорғаныс қабілеттілігін, қауіпсіздігін,  қоғамдық тәртіпті қамтамасыз  етуі мен оларды іске асыруды  қамтамасыз етеді;

  • республикалық бюджеттің жобасы мен оның орындалуына есеп беруді әзірлейді;
  • Мәжіліске заң жобалары мен оларды орындауды қамтамасыз етуді енгізеді;
  • Мемлекетік меншіктілікті басқаруды ұйымдастырады;
  • Республиканың ішкі саясаты мен басқа қызметтерін өткізу бойынша іс-шараларды әзірлейді;

Үкімет  ҚР Конституциясының, заңдардың, Президент  актілерінің, басқа нормативтік  құқықтық актілердің   негізінде  және орындалуы үшін нормативтік  және жеке қаулылар шығарады. Премьер-министр   жеке актілер  болып табылатын  және  құрамында  норма құқығы жоқ  өкім шығарады.Үкімет Қаулысы  мен Премьер-Министрдың өкімінің барлық республика аумағында міндетті күштері  бар.

Республиканың жоғарғы өкілетті органы болып Парламент  табылады. Оның құқықтық жағдайы Конституция  нормаларымен, басқа заңнама актілермен анықталады, оның ішінде маңызды орын ҚР 16.10.1995 жылғы «ҚР Парламенті мен  оның депутаттарының мәртебесі туралы»  Конституциялық  заңға беріледі.

Сенат конституциялық заңда белгіленген  тәртіппен әр облыстан, республикалық  маңызы бар қаладан және Қазақстан  Республикасының астанасынан екі  адамнан өкілдік ететін депутаттардан  құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін  қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен  сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.

Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк  мерзiмi - бес жыл. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға  бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасының азаматтығында  тұратын және оның аумағында соңғы  он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі. Парламенттiң депутаты Қазақстан халқына ант бередi.

Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк  мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға  қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың  жүзеге асырылуын бақылайды.  Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:  аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту; өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу; заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау; мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу; Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру. Мәслихаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.Мәслихаттардың құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгiленедi.      

Парламент  құзырына кіретіндер:

  • палаталардың бірлескен отырысында іске асырылған құзырлылық;
  • палаталардың бөлінген отырысында іске асырылған құзырлылық;
  • Сенаттың ерекше құзырлылығы;
  • Мәжілістің ереше құзырлылығы;
  • Басқа палатаның қатысуынсыз өз еркімен шешілетін палаталар құзырлылығы.
  • Парламент сессиясы палаталардың бірлескен және бөлінген отырыстары түрінде өтеді.

Парламент қызметтерінің негізгі бағыттары  заңдарды әзірлеу мен қабылдау болып  табылады. Заңдылық үдеріс келесі кезеңдерде болады: 1) заң жобасын енгізу (заңдылық бастама Мәжілісте іске асырылады); 2) заң жобасын Мәжілісте қарау; 3) заң жобасын Сенатта Мәжіліс  депутаттарының жалпы санынан көп  дауыспен мақұлданғанын қарау, бұл  жағдайда Сенаттың депуттарының жалпы  санынан көп дауыс жинаған  заң жобасы заңды болады; 4) Заңға  Президенттің қол қоюы; 5) заңды ресми  түрде жариялау.

Жергілікті  мемлекеттік басқаруды  жергілікті өкілетті және атқарушы органдар іске асырады. Олардың құқықтық жағдайлары ҚР Констиитуциясының 8 бөлімі мен  ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001 жылғы Заңымен анықталған.

Жергілікті  өкілетті органдар – мәслихаттарды  – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде  тұратын азаматтар сайлайды. Депутаттар саны ҚР Орталық сайлау комиссиясымен  анықталады. ҚР 20 жасқа толған азаматы  депутат болып сайлана алады.

Мәслихаттардың  жүйесі облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардан тұрады. Мәслихаттар  тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын, жергілікті жерлерде Конституцияның, заңдардың, Президент пен Үкімет актілерінің  орындалуын, республикалық  және жергілікті органдар арасындағы байланысты, халықты жергілікті істерді  басқаруға   тартуды қамтамасыз етеді.

Жергілікті  атқарушы органдар бірыңғай атқарушы органдар жүйесіне  кіреді, атқарушы үкіметтің аумақтың даму мүддесі  мен талаптарының үйлесуін жүргізуді  қамтамасыз етеді. Атқарушы үкімет органдарының жүйесіне жергілікті жердегі әкімдер  мен әкімдіктер, басқармалар, бөлімдер мен комиссиялар және басқа бөлімшелер мен қызметтер кіреді.

Облыс, республикалық маңызы бар қала мен  астана әкімдерін лауазымдарына  Премьер-Министрдың ұсынуы бойынша  республика Президенті сайлайды.

Басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері лауазымдарына  ҚР Президенті анықтаған  тәртіппен сайланады немесе тағайындалады.

Сот үкіметінің органдары – бұл Жоғарғы  сот пен жергілікті соттар кіретін  ҚР сот жүйесінің құрам бөлігі. Арнаулы және төтенше соттардың  мекемелеріне республикада тыйым салынған.

Жоғарғы сот ҚР барлық сот жүйесін басқарады  және төменгі тұрған соттардың қызметтеріне соттық бақылау жасайды. Жоғарғы  соттың төрағасы, сот  алқасының  төрағалары мен тұрақты судьялары  болады. Жоғарғы соттың судьясы ҚР Жоғарғы сот Кеңесінің ұсынысына  негізделген   ҚР Президентінің  ұсынуы бойынша сайланады.

Жоғарғы сот соттылыққа жататын сот істерін  қарайды; республика соттарының құқықтық сотқа жіберудегі заңдылықтарды  сақтауларына сот тәжірибесін зерттейді; сот тәжірибесінде заңнаманы  қолдану мәселесі бойынша түсінік  беретін нормативтік қаулыларды қабылдайды.

Облыстық  судьялар мен соларға теңестірілген  соттарды Жоғарғы сот Кеңесінің  ұсынысы бойынша Президент тағайындайды. Төменгі тұрған соттардың судьяларын Президент білікті әділет алқасының  ұсынысына негізделген Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент  тағайындайды. Тұрақты  судьяларды Парламент Сенаты  сайлайды немесе лауазымдарына Президент  тағайындайды.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ

Сайлау  құқығы объективті  мағынада – мемлекеттік  үкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары сайлауын өткізу барысында туындайын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқықтық нормалардың  жиынтығы. Субъективті мағынада –  бұл мемлекеттік органдар мен  жергілікті өзін-өзі басқару сайлауларына, сайлауға (ынталы сайлау құқығы) және сайлануына (пассивті) азаматтың қатысу мүмкіндігіне мемлекеттік кепілдік.

Сайлау  жүйесі – принциптер белгілейтін, солардың негізінде сайлаулар іске асырылатын заңды нормалардың жиынтығы. Ол ұйымдастырудың тәртібі мен сайлау өткізуді анықтайды, мемлекеттік үкімет органдарын құру мен жергілікті өзін-өзі басқару барысында туындаған қатынастарды реттейді.

Азаматтардың  сайлауға қатысу принциптері – бұл  сайлау құқығының негізгі басы, онда қоғам мен мемлекет істерін басқаруға  (ҚР Конституциясының 33 бабы) азаматтардың қатысу құқығын іске асыру негізі жатыр.ҚР сайлау құқығының негізгі  принциптері: жалпылық, теңдік, тік  және жанама сайлауға дауыс берудің  құпиялығы. Бұл ҚР Конституциясы  мен ҚР  28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық заңында бекітілген.

Жалпыға ортақ сайлау құқығы – ҚР анықталған жасқа жеткен, жынысына, ұлтына, шығу тегіне, дін ұстанымына  және т.с.с  қарамастан  барлық азаматтары сайлауға және мемлекеттік үкіметтің сайлау органына сайлана алады. Жалпыға  ортақ сайлау құқығы активті және пасссивті болып бөлінеді. Активті -  ҚР 18 жасқа жеткен азаматтарының  сайлауға қатысып дауыс беруге қатысу құқығы. Пассивті- Республика азаматтарының  Президенттікке, Мәжіліс парламенті мен Мәслихат  депутаттығына  Конституцияда белгіленген шектеулермен сайлана алулары.

ҚР  Парламентінде депутаттардың тікелей  және жанама сайлаулары анықталған. Тікелей  сайлау құқығының принциптері Президент, Парламент мәжілісі мен Мәслихаттың  депутаттары, Республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін  азаматтардың тікелей  сайлауларымен  түсіндіріледі.  Жанама сайлау құқығы Парламент Сенаты депутаттарының  сайлауына сайлаушылар қатысады, яғни Мәслихат депуттары болып табылатын  ҚР азаматтары.

Сайлау  құқығына ҚР азаматтарының теңдігінің принципі, сайлаушылардың Президентті, республиканың Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын  тең  негізде сайлауға  қатысуы және әрбір сайлаушы  тек бір ғана тізімге енгізіледі, бұл сайлауда тек бір рет қана дауыс бере алады, бірде-бір сайлаушы басқа  сайлаушылар алдында ешқандай артықшылыққа ие болмайды.

Құпия дауыс беру  сайлаушының өз еркімен  дауыс беруін бақылауды, сонымен  қатар сайлаушы еркіне қысым жасау  мүмкіндігін болдырмайды.

Сайлау  жүйесі дауыс беру нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында мандаттарды  бөлу тәсілімен түсіндіріледі.  Бұл  мағынада мажоритарлық және пропорционалдық  жүйе көрінеді.

Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең  және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың  кәмелетке толған азаматтары жасырын  дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге  сайлайды.  Республика Президентi болып  тумысынан Республика азаматы болып  табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген  әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл  бойы тұратын Республика азаматы  сайлана алады. Республика Президентiнiң  кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң  жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс  келмеуге тиiс. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен  астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың  бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. 
        Парламент Сенатының    депутаттарын сайлау  жанама сайлау құқығы негізінде (азаматтар сайлауға қатыспайды) іске асырылады. Сенатты республиканың тиісті облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астаналардың  барлық өкілетті органдары депутаттарының бірлескен отырысында ҚР әр облыс, республикалық қалалар мен астаналарынан екі адамнан сайланған депутаттар құрайды. Сайлаулар сайлаушылардың бірлескен отырысында жүзеге асырылады. Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаты мен астаналардың барлық мәслихаттарынан сенім білдіретін  сайланған депутаттар санынан 50% артығы қатысулары қажет. Дауыстарды санау мен дауыс беру қорытындысын анықтаған кезде сонымен бірге көпшілік дауыс берген мажоритарлық жүйе қолданылады.

Информация о работе Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар