Әлеуметтік қолдаудың экономикалық мазмұны, ақпаратты жүйелерінің негізі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 13:06, курсовая работа

Краткое описание

Тұрғындардың өндіріс, үлестіру, ауыстыру мен тұтыну саласындағы негізгі құқықтарын жүзеге асыру, нарықтық экономика жағдайында оның тәуекелділігін төмендету экономика саласындағы әлеуметтік саясаттың негізі болып табылатын әлеуметтік қорғау жүйесіне байланысты. Қазақстанда экономикалық реформалар жүргізу кезінде экономиканы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау арасында байланысты нығайтуға сұраныс өсті.
Қазіргі кезде дамудың әлеуметтік бағытын көптеген елдер өз құқықтық-нормативтік құжаттарында заңды түрде бекітті. Ол мемлекеттер әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, оның ішінде: азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне қамқорлық көрсетеді, денсаулық сақтау мен білім жүйелерін қол жетерліктей жүйеге келтіруге, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік қолдау құрылымын дамытуға, кедейшілікпен және қылмыскерлікпен күресуге, қоғамдық – саяси және де ұлтаралық келіспеушіліктерге жол бермеуге ұмтылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом. Әлеуметтік жұмыстағы ақпараттық технологилар.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

Табыстың жалпы  сомасын құруда жеке кәсіптен түсетін  еңбекақы рөлі басым болып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар сызығы бойынша төлемдер рөлі артқан кезде өндірістік қызмет қатынасының әлсіреуі кездеседі. 

Нарықтық экономика  елдерінде, оның ішінде АҚШ-та, әлеуметтік қолдау көрсету тұрғындардың нақты  бір тобына бағытталған арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асырылады: аз қамтылған, жалғыз басты аналар, зейнеткерлер және т.б. Оларға көрсетілетін көмек түрлері барынша әртүрлі және де ең бастысы қатаң қадағалауда болады. Ол тек үнемді ғана емес сонымен қатар әлеуметтік жағынан алғанда әділ, себебі біреуге масыл болуға жол бермейді.[17, б. 29]      

Бізде жәрдемақы, жеңілдіктер, дотация көлемі жинақ  табысының шамасымен еш байланысты емес. Соңғы көрсеткіш ең алымен аналитикалық мақсатқа бағытталған, «әлеуметтік  қолдау көрсету» жүйесінде ол жұмыс  істемейді десек те болады (аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына берілетін жәрдемақыны ескермегенде).   

Тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шаралар  құрастыру арнайы бекітілген ең төменгі  күнкөріс деңгейіне қарай болуы  тиіс. Онсыз кедейлік шегін анықтау  мүкін емес, сонымен бірге тұрғындар арасындағы аз қамтылғандар мен қорғауға зәрулер санын да есепке алу қажет.   

Әлеуметтік  қорғауда болу мәселесі экономикалық қайта құру кезінде табыстарды жасыруға көптеп соқтырды. Себебі осы жол  арқылы зейнеткерлерге зейнетақы, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларға жәрдемақы, тұрғындардың кей топтарына көмек алынды. Алайда Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғаудың объектілері ретінде қоғамның барлық мүшелері алынбайды, ал оның жекелеген категориялары саналады. Мұндай жол әдетте нарық жағдайында әрбір еңбекке қабілетте адам өз отбасының жағдайын көтеруге, әлеуметтік жағынан қорғалған болуына өзі ат салысуы керек дегенді алға тартады. Қалай дегенмен де шетелдер тәжірибесі өзін өзі материалдық тұрғыдан қамтамасыз етудің мұндай жүйесі өздігінен қалыптаспайтынын айтады, олар қоғамның барлық мүшелерін қатитын макроэкономиканың қандайда бір салдарынан туындайды. Ондай салдарды туындату - экономиканы мемлекеттік реттеудің функциясы.

Табысты таратудағы теңсіздік байқауымызша біздің елімізде де  нарықтық экономика елдеріндегі секілді өтуде.

Мұндай кедейлік секілді ұшқыр әлеуметтік мәселені шешу мемлекет қызметі бағыттарының бірі болып табылады және де өзін өзі  қамтамасыз ете алмаған тұрғындарды  ең болмағанда өмір сүрудің минималды  деңгейімен қамтамасыз ету оның міндетіне енеді. Кері жағдайда кедейлер санының өсуі әлеуметтік төңкеріске және қоғам өмірінің қалыпты болмауына алып келуі де ықтимал. Кедейлер санын қысқарту- нарықтық экономика елдеріндегі мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Алайда табысты теңестіру саясатын нақты түрде жүзеге асыру күрделі мәселелердің кеңеюімен байланысты. Мемлекет өз мойнына әлеуметтік ахуал үшін жауапкершілікті ала отырып өз әрекеттерінің кейбір қарама- қайшылықтарына тура келеді.         

Тұтыну деңгейіндегі әртүрлілік еңбектің ішкі қасиетіне, жұмыскердің  сапасына тән емес факторлардан да тәуелді болуы мүмкін. Ең алдымен  ондай факторларға жататындар: отбасы мөлшері, жұмыс істейтін жандар мен тұрғындар санының қатынасы, денсаулық жағдайы, жағрапиялық және ауа- райы жағдайлары және т.б.     

Мемлекеттің ұлттық табысын қайта таратушы негізгі  функцияның  басты мақсаты ол айырмаларды азайту, қоғамның барлық мүшелері үшін барынша қолайлы материалдық  өмір жасау. Ол мақсатты жүзеге асыру  түрі өнімдер мен қызметтерді қайта тарату, сонымен қатар табысты тұрақтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар болып табылады.    

Бағдарламалар бойынша көмек төлеу табыс  деңгейін жеңілдетуге бағытталған, оған себеп табыстың нақты еңбекке  ғана қатысты болмауында. Тұтынушылықтарды қанағатандыру әдетте табысқа байланысты болатыны анық: жоғары мәдени деңгейге қол жеткізу, денсаулық сақтаудың қол жетерлік болуы, зейнетақымен қамтамасыз ету.     

Таратудың бұл  түрі қоғамның қызығушылығына және де сол қоғамның әр мүшесінің қызығушылығына қатысты болғандықтан сол саладағы мемлекеттік саясат барынша белсенді болуы керек.  

Табыстағы теңсіздік  қандайда бір деңгейде нарықтық баға механизмінің объективті әрекетінен туындайтынын естен шығармаған дұрыс. Табыстар дифференциациясын толығымен жоюға ұмтылу нарықтық механизмнің өзін толық қирату дегенді білдірер еді.  

Әлеуметтік  саясатта мемлекет тарапынан маңызды  мағына алған жайт ол әлеуметтік масыл  болудан әлеуметтік кепілдікке өту. Ол кепілдіктер мыналарды білдіреді: еңбекке деген құқықты қорғау, тұрғындардың еңбекке қабілетсіз жағын жәрдемақымен қамтамасыз ету, азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек қызметі мен жәрдемақы табыстары есебінен қалыпты өмір деңгейін қамтамасыз ету. Ол мақсатты шешудегі негізгі әдістер – мемлекет көмегімен әртүрлі қоғамдық және экономикалық түрлерде азаматтардың өзін өзі қорғау қатынасын дамыту; олардың арасында еңбек етушілердің әлеуметтік қорғаныс функциясын жүзеге асыратын кәсіподақ, сақтандыру қорлары, жергілікті және орталық басқару органдары бар.       

Осылайша «мемлекеттің әлеуметтік саясаты жүзеге асырудың нарықтық шаруашылықта ерекше шарттары болуы тиіс: бір жағынан ол әлеуметтік тұрақтылықты дамытса, екінші бір жағынан ол ешқашанда жоғары табысты кәсіпорындардың ұмтылысын баспауы тиіс». [6, б.83]. Бұл қызметті бақылаушы негізгі субъект мемлекет болады.

Тұрғындардың  табысын мемлекеттік реттеудің  шетелік тәжірибесі мемлекеттің  әлеуметтік салаға араласуы біртіндеп  артып келе жатқанын көрсетеді. Сондықтан  әлеуметтік мәселелерді шешуге мемлекеттің араласуына шек қою туралы мәселе көтеріледі. Сонымен, әлеуметтік төлемдер мөлшері мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерімен, оның бюджетімен келісілген болуы тиіс. Егер әлеуметтік төлемдер бюджеттік дефицит немесе инфляцияға айналса, онда мұндай қайта тарату номиналды табыстардың инфляциялық өсуіне әкеледі. Сондықтан мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға қатысу шекаралары ең алдымен экономика жағдайымен анықталады. Әлеуметтік төлемдердің көлемі мен мерзімдерін анықтау кезінде мүмкін болатын жағымсыз салдарды да ескеру қажет. Мысалы, жұмыссыздарға әлеуметтік көмек кезінде адамдардың жұмыс орынын әлсіретіп алмайтындай етіп жәрдемақы көлемі мен оларды төлеу мерзімін бекіту маңызды. Мемлекет әлеуметтік саясатты әлеуметтік шығындардың инфляциялық қамтамасыз етілуіне жол бермейтіндей, жұмыссыздар саны артпайтындай тиімді етіп жүзеге асыруға ұмтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚЫЗЫЛОРДА КАЛАСЫНЫН  ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

 

 

2.1  Қызылорда каласынын халықты әлеуметтік қамтамасыздандыруға талдау

 

 

Қазіргі таңда  Қазақстан Республикасында әлеуметтік қарғаудың құқықтық формасы еңбекке  жарамсыз жандарды мемлекеттік қамтамасыздандыру болып табылады.

Халықтың белгілі  бір топтары мен категорияларына  мемлекет, үкімет, қоғам тарапынан  тұрақты әлеуметтік көмек түрлері  бар. Бұл -  әрдайым мемлекет пен  қоғамның қарауында, мемлекеттік қамтамасыздандыру  есебінен өмір сүретін адамдар. Осы адамдарға көмектесу үшін, оларды қажетті қаражаттармен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қамтамасыздандыру атты экономиканың әлеуметтік саласы бар.

Әлеуметтік  қамтамасыздандыру ұйымдары заңдастырылған ретте жас мөлшері, мүгедектік, шектелген жұмысқабілеттілік, өмір сүрудің басқа көздерінің жоқ болуы бойынша ұзақ мерзімді және тұрақты көмек алуға құқылы адамдарды өз құзырына алады.

Қазақстанда заңмен бекітілген әлеуметтік қамтамасыздандыру  түрлері:

1. Зейнетақы төлемдері.

2.Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар:

- мүгедектік  бойынша;

- асырушысынан  айырылған кезде (өмір сүрудің  ең төменгі деңгейінен есептеледі);

- жер асты  және тау-кен жұмыстарында істеген  адамдардың жасы бойынша;

- КСРО батырларына,  социалистік еңбек батырларына,  үш сатылы Атақ орденінің кавалерлеріне, ЕДС ардагерлеріне;

- бала тууына  байланысты бірреті жәрдемақы  (әйелдің соңғы он екі айда  тапқан табысының орташа мөлшерінде  тағайындалады.  Қалыпты босанған  жағдайда орташа айлық табыс  4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал  ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар  өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттері қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды. Мысалы, ең кіші еңбек ақы алғанда: 10 515 тг * 4,2 = 44 163 тг);

- Бір жасқа  толғанға дейінгі нәресте күтімі  жағдайына әлеуметтік төлем (ай  сайын төленеді және міндетті  әлеуметтік сақтандыру жүйесінің  қатысушысына соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады);

- Аз қамтамасыздандырылған  отбасылар қатарынан 18 жасқа дейінгі  балаларға ай сайынғы төлем  (жан басына шаққандағы орташа  табысы тұтынушылық қоржыннан  төмен емес жанұяларға бір  айлық есептік көрсеткіш – 1168 теңге – 2008 ж.);

- Жерлеуге арналған  бір ретті төлемақы (15 айлық есептік  көрсеткіш – 17520 теңге). [18]

Әлуметтік қамтамасыздандырудың аса кең таралған түрі – зейнетақымен қамтамасыздандыру. Қазақстанда 2011-2012 ж.ж. аралығындағы зейнеткерлер саны 1 миллион 620 мың адам. Олардың көбісі жасы бойынша зейнеткерлер. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әйел адамдар 58 жастан, ал еркектер 63 жастан зейнеткерлікке шығуға құқылы. Зейнеткерлерге жас мөлшері бойынша жұмыс стажы мен зейнеткерлікке шығу алдында алып жүрген еңбекақы деңгейіне байланысты зейнтақы төленеді. [19, 9-бап].

“Бүгінгі күні Қазақстанда ТМД кеңістігінде ең үлкен минималды зейнетақы деңгейі  тіркеліп отыр. Зейнетақының орташа мқлшерінен біз тек Ресейге бір жарым  долларға ғана жол беріп отырмыз” [20, б.3]. 2011 жылы базалық зейнетақылық төлем есебімен зейнетақы төлемдердің орташа мөлшері 15 634 млн теңге болған. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 15,7 %-ға жоғарлаған. (2012 жылы – 13506 млн теңге)

Барлық бөлінген қаржының ішіне Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен  161 995,0 мың теңге (97,6%),  Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыдан 124 350,0 мың теңге (100%),  Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыдан 772 063,0 (97,6%) игерілді.

Бюджеттік бадарламалар: файл – «Бюджетная программа»

 

                                                              Қызылорда қаласы әкімдігінің

         2012 жылғы «____» __________

№ _____ қаулысына 1-қосымша

Стратегиялық  жоспарды әзiрлемейтiн бюджеттiк  бағдарламалар  БЮДЖЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ

 

006 451 Қалалық  жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі  
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы 
451 001 «Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы 
2012 – 2014 жылдар

 

Бюджеттiк бағдарламаның  нормативтiк құқықтық негiзi

«Қазақстан-2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп -өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы», «ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары», ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» ҚР Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы  Бюджет кодексі

Бюджеттiк бағдарламаны сипаттау (негiздеме)

Қызылорда қаласында  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, қала халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесу:

  • жұмыспен қамтылудың қолжетімділігін кеңейту;
  • әлеуметтік қамту деңгейін жоғарылату;
  • халықты әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту және оңтайландыру.

Бюджеттiк бағдарламаның  түрi

мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

мазмұнына байланысты

Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді  жүзеге асыруға

iске асыру  тәсiлiне қарай

Бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарлама

ағымдағы/даму

Ағымдағы 

Бюджеттiк бағдарламаның  мақсаты

Жұмыспен қамту  саласында халықты жұмыспен қамтуға  ықпал жасау;

Еңбек қатынастарының негізгі субъектілерінің мүдделерінің теңесуіне ықпал жасау;

Мүгедектерге  әлеуметтік қолдау көрсету;

Мемлекеттік арнаулы  әлеуметтік қызметтер стандарттарына сәйкес қызметтер көрсету;

Бюджеттiк бағдарламаның  мiндеттерi

1.Жергілікті  деңгейде халық үшін әлеуметтік  бағдарламаларды, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2. Жұмыспен қамту  саласын реттеу, халықты жұмыспен  қамтуға ықпал жасау; 

3. Халықтың әлжуаз  топтарына, қарттар мен мүгедектерге  әлеуметтік қолдау, арнаулы әлеуметтік  қызметтер көрсету; 

4. Халыққа мемлекеттік әлеуметтік көмек түрлерін көрсетудің тиімділігін арттыру;

Бағдарламаны iске  асыру бойынша iс-шаралар

жоспарлы кезеңде  олардың iске асырылу мерзiмдерi

2012

2013

2014

1

2

3

4

Қызылорда қаласының  аумағында әлеуметтік бағдарламалар  мен халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру

Х

Х

Х

Жұмыссыздық деңгейін азайту, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту, кәсіби оқыту және қайта даярлау, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру

Х

Х

Х

«Жұмыспен қамту-2020»  бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 қаулысын іске асыру

Х

Х

Х

Мүгедектерді  әлеуметтік қолдау мен оңалту шараларын 2005 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында  мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»  Заңы мен  2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы аясында іске асыру

Х

Х

Х

Халықтың мұқтаж буындарына берілетін атаулы әлеуметтік көмек, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, тұрғын ұй көмегі мен жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша  аз қамтамасыз етілген азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету

Х

Х

Х

Бюджеттiк бағдарлама көрсеткiштерiнiң атауы

өлшем бiрлiгi

есептi кезеңi

ағымдағы жылдағы  жоспары

жоспарлы кезеңi

2012

2013

2014

1

2

3

4

5

6

7

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi

           

Аппараттың  штаттық саны        Штаттан тыс қызметкерлер

Бірлік          Бірлік

37                    13

37                                13

37       13

37       13

37       13

Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi

           

Мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру

%

100

100

100

100

100

Бөлімнің тиімді жұмыс  атқаруына жағдай жасау

%

100

100

100

100

100

Сапа көрсеткiштерi

           

Бір бірлік штатты ұстау үшін орташа шығын көрсеткіші

мың теңге

1130

1573

1656

1673

1673

Тиiмдiлiк көрсеткiштерi

           

 Бөлімге  жүктелген функциялардың уақытылы  орындалуы

%

100

100

100

100

100

Бюджеттiк қаражат  көлемi

мың 
теңге

56491,8

78661

83091

83655

83655


Ұлттық стратегияның басты басымдығы ана мен балаға әлеуметтік кқмек болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанда жанұяны құру мен нығайту үшін жағымды жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған жәрдемақының үш түрі жүзеге асырылады. 2012 жылы берілген жандарға жәрдемақы төлеуге мемлекеттік бюджеттің шығыны 14 миллиардтан астам теңге болған.

Жасы бойынша  зейнеткерлер мен аналармен қоса көпдеңгейлі әлеуметтік қамтамасыздандыру басқа да әлеуметтік әлсіз жандарға да қарастырылады. Оларға мүгедектер, жесірлер, жетімдер, соғы және еңбек ардагерлері, саяси репрессия құрбандары жатады.

Мүгедектік  бойынша жәрдемақылар жасқа байланысты емес және тек денсаулық жағдайы мен адамның еңбекке қабілеттілігінің мүмкіндігінсіздігімен немесе шектелгенімен шартталады. Жәрдемақылар тұрақты, ұзақ мерзімді және уақытша сипатта болуы мүмкін.

2012 жылдың 1-қаңтарынан бастап жасы бойынша, жұмысқабілеттілігінен айырылу мен асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар мөлшері базалық деңгейде ең төменгі күнкөріс  деңгейіне байланысты есептелінеді.

Ең төменгі  күнкөріс  деңгейі – азық-түлік  қоржынның минималды құнының  мөлшеріне тең бір адамға қажетті минималды ақшалай табыс. Минималды азық-түлік қоржын деп натуралды және құндық сипаттағы өмірге қажетті тамақ өнімдері, тауарлар мен қызметтердің минималды жиынтығын айтамыз. Ол азық-түлік қоржын мен азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге шығындардың тұрақты үлесінен тұрады. Ең төменгі күнкөріс  деңгейін есептеу үшін қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге шығындар үлесі минималды азық-түлік қоржын құнының 40%-ы мөлшерінде бекітіледі. 2010 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс  деңгейі айлық еңбекақының минималды мөлшерін, базалық әлеуметтік төлемдерді және кедейшілік шегін есептеу үшін заңмен бекітілген. Ең төменгі күнкөріс  деңгейінің көлемін анықтау әдісі өзгертілген. Ол оның мөлшерін төрттен бір бөлігінен астам өсіруге мүмкіндік берді.  

2010 жылы қазан айында Қазақстан Республикасында орта есеппен халықтың жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 9608 теңге болған, сонымен қатар азық-түлік тауарларына шығындар сомасы 5764 теңгені құрады, ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер – 3844 теңге.(кесте 1)

Тікелей мемлекеттік  қамтамасыздандырудың негізгі белгілері  мемлекеттік бюджет есебінен шығындарды қаржыландыру және қамтамасыз етілетін жандар категориясын және мемлекеттік  басқару органдарымен анықталатын басымдықтарға сәйкес оларды қамтамасыздандыру деңгейін бекіту болып табылады.

Әлеуметтік  қолдау отбасы табысы төмен, ең төменгі күнкөріс  деңгейі толмайтын және соның нәтижесінде өмірге қажет тауарлар мен қызметтерге қаражаты жоқ болатын  жандарға қарастырылады (тұрғын үй ақысын өтеу, емделу).

Информация о работе Әлеуметтік қолдаудың экономикалық мазмұны, ақпаратты жүйелерінің негізі және түрлері