Әлеуметтік қолдаудың экономикалық мазмұны, ақпаратты жүйелерінің негізі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 13:06, курсовая работа

Краткое описание

Тұрғындардың өндіріс, үлестіру, ауыстыру мен тұтыну саласындағы негізгі құқықтарын жүзеге асыру, нарықтық экономика жағдайында оның тәуекелділігін төмендету экономика саласындағы әлеуметтік саясаттың негізі болып табылатын әлеуметтік қорғау жүйесіне байланысты. Қазақстанда экономикалық реформалар жүргізу кезінде экономиканы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау арасында байланысты нығайтуға сұраныс өсті.
Қазіргі кезде дамудың әлеуметтік бағытын көптеген елдер өз құқықтық-нормативтік құжаттарында заңды түрде бекітті. Ол мемлекеттер әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, оның ішінде: азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне қамқорлық көрсетеді, денсаулық сақтау мен білім жүйелерін қол жетерліктей жүйеге келтіруге, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік қолдау құрылымын дамытуға, кедейшілікпен және қылмыскерлікпен күресуге, қоғамдық – саяси және де ұлтаралық келіспеушіліктерге жол бермеуге ұмтылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом. Әлеуметтік жұмыстағы ақпараттық технологилар.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

Алдын ала сезу оны нақтылаудың  екі өзара байланысқан түрлерін  қозғайды: алдын ала сезу меншік санатына жататын – алдын ала айту (дескриптік, немесе суреттемелік) және онымен түйіскен, басқару санатына  жататын – алдын ала нұсқау.  Алдын ала айту болашақ мәселелерінің мүмкін болатын немесе қалаулы мақсаттарын, жағдайын, шешімдерін меңзейді. Алдын ала нұсқау қоғам мен тұлғаның мақсатты бағытталған қызметіне арналған болашақ туралы ақпаратты қолдану арқылы осы мәселелердің өзіндік шешімдерімен байланысқан. Алдын ала айту алдын ала сезіну, алдын ала болжау, алдын ала сипаттау түрінде шығады. Алдын ала сезу (қарапайым таңдану) болашақ туралы ақпаратты сезіну – сана деңгейінде ұстап тұрады. Кейде бұл ұғымды кез келген ағза қасиеті сияқты қарапайым басым кескіннің барлық аумағына таратады. Алдын ала табу (күрделі таңдану) болашақ туралы ақпаратты, арнайы ғылыми зерттеулерге сүйенбеген болашақ туралы өте-мөте дұрысырақ шешімдерді өмірлік тәжірибе негізінде әкеледі.  Кейде бұл ұғымды материя қозғалысының ең жоғары түрі – ойлаудың қасиеті болып табылатын күрделі басым кескіннің барлық аумағына таратады. Ақырында, болжамдау мұндай ыңғай кезінде арнайы ғылыми зерттеуді көрсетуі керек.

Алдын ала көрсету мақсаттық  ұйғару, жоспарлау, бағдарлау, жобалау,ағымдық  басқару шешімдері түрінде беріледі. Мақсаттық ұйғару бұл – қызметтің  нақты ұйғарылған нәтижесін тағайындау. Жоспарлау – адамзат қызметінің алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін  болашаққа жобасы, болашақ туралы ақпаратты  мақсатты бағытталған қызмет үшін  директиваға айналдыру. Ұғымдардың бұл қатарында бағдарлау негізгі заңдылықтарды орнату дегенді білдіреді, ол кейіннен жоспарлауда, немесе жоспарларды іске асыру бойынша нақты шаралар барысында қолданылады. Жобалау – болашақтың нақты кескінін, даярланған бағдарламалардың нақты бөлшектерін жасау. Басқару тұтасымен алғанда аталған төрт ұғымды  интегрирлейді, өйткені олардың әрқайсысының негізінде бірдей элемент – шешім жатыр. Бірақ шешімнің басқару саласында жоспарлы, бағдарламалық, жобалық сипат алуы міндетті емес. Олардың көпшілігі (ұйымдастырушылық, және де өзіндік басқарушылық аталатындары)  басқаруды нақтылаудың соңғы сатысы сияқты болып табылады.

Бұл терминдер болжамдарды, мақсаттарды, жоспарларды, бағдарламаларды, жобаларды, ұйымдастырушылық шешімдерді өңдеу процесі ретінде де анықталуы  мүмкін. Болжамдарды бұл көзқарастан  алғанда алдағы мақсаттар туралы немесе болашақтағы қандай-да бір құбылыстардың мүмкін болатын жағдайлары туралы және оларды жүзеге асырудың баламалы жолдары мен мерзімдері жөнінде мүмкін болатын ғылыми дәлелденген ой-пікір ретінде анықталады. Мақсат – қолданған қызметтің салыстырмалы ұйғарылған нәтижесінің шешімі.  Жоспар – тәртіпті, орындау мерзімі мен құралдарын қарастыратын салыстырмалы шаралардың шешімі. Бағдарлама – ғылыми-техникалық, әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және басқа мәселелерді немесе олардың қандай-да бір аспектілерін іске асыруға қажетті шаралардың салыстырмалы бірігуінің шешімін табу. Бағдарлама жоспар алдындағы шешім болып табыла алады, және де жоспардың белгілі аспектісін нақтылай алады. Жоба – бағдарламаның қандай-да бір аспектісін іске асыруға қажетті нақты шаралардың, құрылымдардың және т.б. салыстырмалы шешімі. Ең соңында, ұғымның бұл қатарындағы шешім – мақсатқа қол жеткізу үшін ұйғарылған әрекет.

Болашақты болжау мен оған жол сілтеу өзара тығыз байланысты екенін атап өту маңызды. Бұл байланысты есепке алмай болжам жасаудың мәнін, оның басқарумен  нақты қарым-қатынасын түсіну мүмкін емес. Алдын ала жол сілтеуде ерікті бастама басым бола алады, және сол кезде сәйкес мақсаттар, жоспарлар, бағдарламалар, жобалар, тіптен шешімнің өзі волюнтаристік, субъективтік, еркін болып кетеді. Осыған байланысты  оларда объективтік, зерттеулік бастама басым болғаны, және де олар ғылыми негізделген, қабылданған шешімнен күтілетін тиімділік деңгейі жоғарылатылған болғаны дұрыс болар еді.  

Алдын ала жол сілтеудің  ғылыми шартталуының аса маңызды  әдістері - суреттеу (талдама), түсіндіру (диагноз) және алдын ала болжау (болжау) - әрбір ғылыми пәннің үш негізгі функциясын құрайды. Болжам мұндай шартталудың тек құралы ғана. Бірақ оның практикалық мәні қабылданған шешімдердің тиімділігін оның көмегімен арттыру мүмкіндігіне пара-пар келеді. Тек осы болжамдаудың күші арқылы соңғы онжылдықтарда теңдессіз масштабы қабылданып, басқару процестерінде маңызды рөл атқара бастады.

Болжамдау болашақтың әрбір  бөлшегін табуға тырысумен сәйкестенбейді (кей жағдайларда бұл мағыналы болуы да мүмкін). Болжам жасаушы болашақ құбылыстарын диалектикалық детерминациялаудан, яғни қажеттілік кездейсоқтық арқылы өз жолын салатынынан, және де болашақ құбылыстарына мүмкін болатын нұсқаулардың кең жиынтығын есепке ала отыра жасалған мүмкіндікті ыңғай  қажеттігінен бастайды.  Тек осындай ыңғай кезінде ғана мақсаттың, жоспардың, бағдарламаның, жобаның, жалпы шешімнің шартталуы барысында неғұрлым дұрыс немесе неғұрлым қалаулы, оңтайлы нұсқауын таңдау үшін болжамдау тиімді пайдаланылуы мүмкін.  

Болжамдар жоспарлардың алғы шарты болуы, жүріс барысын, жоспарлардың орындалу (немесе орындалмау) зардаптарын  сақтап тұруы қажет, жалпы алғанда  жоспарлауға, шешім қабылдауға берілмейтіндердің  барлығын қамтуы қажет. Олар негізінде  уақыттың кез келген бөлігін қамти алады. Болжам мен жоспар  болашақ туралы ақпаратты жеделдету әдістерімен ерекшеленеді. Болуы мүмкін жағдайды немесе қалаулыны дәлдеп суреттеу  - бұл болжам.

Болуы мүмкін немесе қалаулы  жағдайға қол жеткізу бойынша  шараларға қатысты директивалық шешім – бұл жоспар. Болжам мен жоспар бір бірінен қатыссыз өңделе алады. Әйткенмен жоспар тиімді, оңтайлы болуы үшін оған мүмкіндігінше үздіксіз, аталған және келесі жоспарларды ғылыми негіздеуге мүмкіндік беретін болжам алғы шарт болуы керек.

Болжамдар типологиясы мақсаттарға, міндеттерге, нысандарға, пәндерге, сипатқа, мәселелерге, әдістерге, болжамды ұйымдастыру және т.б.  байланысты түрлі критерийлер бойынша құрылады. Ең негізін қалаушы болып проблемалық-мақсаттық критерий табылады: болжамдар не үшін жасалады? Сәйкесінше болжамдардың екі түрін бөліп көрсетуге болады: іздеушілік (оларды бұрын зерттеушілік, ізденушілік, трендтік, генетикалық және т.б. деп атаған) және нормативтік (оларды бұрын бағдарламалық, мақсаттық деп атаған).

Іздеушілік болжам – болашақтағы құбылыстардың мүмкін болатын жағдайларын анықтау. Яғни өткен және қазіргі уақыттағы зерттелуші құбылысты дамыту беталыстарының болашақтағы шартты жалғасы . Мұндай болжам мына сұраққа жауап береді: қолданыстағы беталыстарды сақтау шарттары кезінде бәрінен бұрын қандай жағдай болады?

Нормативтік болжам – мақсат ретінде қабылданған құбылыстың мүмкін болатын жағдайына қол  жеткізудің жолдары мен мерзімдерін  анықтау. Яғни бұл жерде алдын  ала берілген нормалар, идеалдар, ынталандырулар, мақсаттар негізінде қалаған жағдайға қол жеткізуді болжамдау туралы айтылып отыр. Мұндай болжам мына сұраққа жауап береді: қалаулы нәтижеге қандай жолмен қол жеткізуге болады?

Іздеушілік болжам мүмкіндіктердің  белгілі бір шкаласында (өрісінде, спектрінде) құрылады,  одан кейін болжанған құбылыстың болу мүмкіндігінің дәрежесі тағайындалады. Нормативтік болжамдау кей жағдайларда нормативтік жоспарлауға, бағдарламалыққа немесе жобалық өңдеулерге өте ұқсас келеді. Бірақ соңғылары белгілі нормаларды іске асыру бойынша  шараларды директивті тағайындауды меңзесе, біріншісі – осы нормаларға қол жеткізудің мүмкін болатын, баламалы жолдарын стохастикалық суреттеуді меңзейді.

Нормативтік болжамдау басқару  саласындағы нормативтік өңдеулерді жоққа шығармаумен қатар, оларға алғы шарт болып табылады, шешімдердің объективтілік және тиімділік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстарды даярлауға көмектеседі. Бұл жағдай сәйкесінше жоспарлауға, бағдарлауға, жобалауға, басқаруды ұйымдастыруға қызмет көрсететін  болжамдардың өзгешелігін анықтауға апарып соғады. Нәтижесінде кейбір мамандар басқаруды нақтылаудың түрлі формаларына жатқызу критерийлері бойынша болжамдардың бірқатар түрлерге бөледі (іздеушілік және нормативтік).    

Өзіндік қалаулы жағдайдың  мақсаттық болжамы мына сұраққа  жауап береді: атап айтқанда не қалаулы және неге? Бұл жағдайда өте-мөте бағалау қызметінің, яғни артық көрушілікті бөлу қызметінің мүмкіндіктерінің белгілі шкаласында (өрісінде, спектрінде) құру жүреді: мүмкіндігінше керек емес – аздап керек - өте қажет – неғұрлым қажет-қолайлы. Бағдарлау – мақсаттық ұйғару процесін оңтайландыруға қолдау көрсету.

Жоспарды орындау барысындағы  жоспарлы болжам (жоспар-болжам) неғұрлым мақсатқа сай жоспарлы нормативтерді, тапсырмаларды, директиваларды таңдау үшін іздеушілік және нормативтік болжамдық ақпаратты, қалаусыз, жоюға жататын баламаларын анықтай отыра және қабылданған жоспарлы шешімдердің тікелей және жанама зардаптарын  ыждағатты анықтай отыра,  мағынасына қарай өңдеуді білдіреді.  Мұндай болжам мына сұраққа жауап береді: алға қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін жоспарлауды қалай, қай бағытта бағдарлау керек ?

Болжанып отырған құбылыстың ұйғарылған қалаулы жағдайына қол  жеткізудің мүмкін болатын жолдарының, шаралары мен шарттарының бағдарламалық  болжамы мына сұраққа жауап береді: қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін нақты не қажет? Бұл сұраққа жауап алу үшін іздеушілік те, нормативтік те болжамдық өңдеулер маңызды. Біріншісі бағдарламаны іске асыру үшін  шешу қажет мәселелерді анықтайды, екіншілері іске асыру шарттарын анықтайды.  Бағдарламалық болжам түрлі факторлардың мүмкін болатын өзара әсері туралы гипотезаны құрастыруы қажет, ең бастысына жету жолындағы аралық мақсаттардың гипотетикалық мерзімдері мен кезектілігін көрсетуі қажет. Осымен жоспарлы болжам бастаған зерттеу нысанының даму мүмкіндіктерін таңдау аяқталуға жақын.

Болашақтағы қандай-да бір  құбылыстың  нақты бейнесінің жобалық  болжамы  мына сұраққа жауап береді: бұл (нақты) қалай мүмкін болады, оны  қалай сипаттауға болады? Бұл жерде  де іздеушілік және нормативтік өңдеулердің қиылысуы маңызды. Жобалық болжамдар (оларды болжамдық жобалар, дизайн-болжамдар деп те атайды) мақсаттық жобалаудың оңтайлы нұсқамаларын таңдауға әрекет етуге шақырылған, оның негізінде кейіннен нақты, ағымдық жобалау іске асырылуы қажет.

Алға қойылған мақсатқа, құбылыстың қарастырылған қалаулы жағдайына қол жеткізуге қажетті ағымдық шешімдердің (басқару саласына қатысты) ұйымдастырушылық болжамы мына сұраққа жауап береді: мақсатқа қол жеткізу үшін шешімдерді қандай бағытқа бағдарлаған дұрыс? Іздеушілік және нормативтік өңдеулер нәтижесін салыстыру басқару деңгейін арттыра отырып, ұйымдастырылған шараның барлық кешенін қамтуы қажет. 

Болжам есептелген уақыт аралығына байланысты жедел (ағымдық), қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік және алысмерзімдік болжамдар деп бөлінеді. Жедел, әдетте, ұзақтығында зерттеу нысаны не сапалық, не сандық өзгерістерге ұшырамайды деп есептелетін келешекке бағытталған. Қысқамерзімдік - тек сандық өзгерістер болашағына ғана, ұзақмерзімдік – сандық қана емес сапалық өзгерістерге басымдырақ бағытталған.   Орташа мерзімдік сандық өзгерістің сапалықтан басымырақ түсетін болжам  қысқамерзімдік және ұзақмерзімдік арасын қамтиды, алысмерзімдік айтарлықтай сапалық өзгерістер болады деп күтілетін болашақты қамтиды. 

Жедел болжамдар, әдетте, бөлшектік-сандық бағалаудан, қысқамерзімдік – жалпы сандық бағалаудан, орташамерзімдік – сандық-сапалық  бағалаудан, ұзақмерзімдік – сапалық-сандық бағалаудан және алысмерзімдік –  жалпы сапалық бағалаудан тұрады.

Болжамдардың уақытша градациясы  салыстырмалы болып табылады және аталған болжамның сипатынан және мақсатынан тәуелді болады. Кейбір ғылыми-техникалық болжамдарда ескерту кезеңі ұзақ мерзімдік болжамдардың өзінде тәулікпен өлшене алады, ал геологияда немесе космологияда – миллиондаған жылдармен өлшене алады. Әлеуметтік-экономикалық болжамдарда халықшаруашылық жоспарларына сай және болжанған құбылыстардың сипаты мен даму ырғағына сәйкес келесі уақыт масштабы эмпирикалық тағайындалған: жедел болжамдар – бір жылға дейін, қысқамерзімдік – бір жылдан бес жылған дейін, орташамерзімдік – бес-он жылға, ұзақмерзімдік – он бес–жиырма жылға дейінгі кезеңге, алысмерзімдік – ұзақмерзімдіктен тыс.

Әйткенмен мұнда да әлеуметтік-экономикалық болжамдаудың жекелеме салаларының  ерекшеліктеріне байланысты  айырмашылықтар бар. Мысалы, саясат саласында қысқа және ұзақмерзімдіктің арасындағы диапазон таяу онжылдықтар шегіне дейін тарылады,  сәулетқұрылысында   - тұтас жүзжылдыққа созылады (өйткені таяу онжылдыққа нысандардың басым бөлігі тек жедел болжамдаумен жобаланған), экономикада – халықшаруашылық жоспарларының диапазонына бейімделеді және т.б.

 

 

 

    1. Тұрғындарды әлеуметтік қолдау әлеуметтік саясаттың құрамы секілді

 

 

Қазіргі құқықтық мемлекет тұрғындарды тамақпен, киіммен, баспанамен қамтамасыз етуі, денсаулығына қажет медициналық қызметпен, жұмыссыз не болмаса ауырған, мүгедек болған және тағыда басқа адам еркінен тыс жағдайларға түскен жағдайда әлеуметтік жағынан тыс қалмайтынын қамтамасыз етуді ескеретін өмір деңгейіне құқық кепілдендіруі тиіс.      

Сондықтан мемлекеттің  әлеуметтік саясатындағы басты бөлімді  тұрғындар табысын құру саясаты  алады. «Табыс» ұғымы экономикалық қызметтер нәтижелерінің көрсеткіштерін береді. Экономикалық әдебиет «табыс» ұғымын өндірілген өнім бағасын өндіріске кеткен шығындар көлемінен арттыру деп түсіндіреді, сонымен қатар әрбір класстың, әлеуметтік топтың немесе жеке тұлғаның өндірілген өнімдегі өзіне тиесілі үлесі. Қоғам мүшелерінің табыс деңгейі олардың өмір сүру дәрежесінің маңызды көрсеткіші болып табылады, себебі жеке тұлғаның материалдық және рухани мүмкіндіктерін анықтайды: демалыс, білім алу, денсаулығын сақтау, өз тұтынушылықтарын қанағаттандыру.        

Тұрғындар табысы шамасына тікелей әсер ететін факторлар арасында таза еңбек ақыдан басқа нарықтың тауарлармен толығуы, баға динамикасы және т.б. бар. Ақшалай табыстардың негізгі үш көзін ерекшелеуге болады: еңбек ақы, меншіктен түсетін табыстар (дивидендтер, пайыздар рента), әлеуметтік төлемдер (зейнетақы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы және т.б.).     

Тұрғындар табысының  құрылуына барынша әсер ететін тағы да бір жайт ол- мемлекеттік көмек  бағдарламалары бойынша төлемдер. Сол  қаражаттар есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету, уақытша еңбек етпейтін азаматтарды қолдау, түрлі жәрдемақыларды төлеу жүзеге асырылады (баламен отыру, медициналық қызмет көрсету, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына жәрдем).  

Тұрғындар табысы қатынасында трансфертік төлемдер және еңбекақыны төлеу үлесі жеке тұлғаның экономикалық қатынасын, оның еңбекке деген қызығушылығын құруда маңызды рөл атқарады.  

Информация о работе Әлеуметтік қолдаудың экономикалық мазмұны, ақпаратты жүйелерінің негізі және түрлері