Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 13:06, курсовая работа
Тұрғындардың өндіріс, үлестіру, ауыстыру мен тұтыну саласындағы негізгі құқықтарын жүзеге асыру, нарықтық экономика жағдайында оның тәуекелділігін төмендету экономика саласындағы әлеуметтік саясаттың негізі болып табылатын әлеуметтік қорғау жүйесіне байланысты. Қазақстанда экономикалық реформалар жүргізу кезінде экономиканы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау арасында байланысты нығайтуға сұраныс өсті.
Қазіргі кезде дамудың әлеуметтік бағытын көптеген елдер өз құқықтық-нормативтік құжаттарында заңды түрде бекітті. Ол мемлекеттер әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, оның ішінде: азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне қамқорлық көрсетеді, денсаулық сақтау мен білім жүйелерін қол жетерліктей жүйеге келтіруге, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік қолдау құрылымын дамытуға, кедейшілікпен және қылмыскерлікпен күресуге, қоғамдық – саяси және де ұлтаралық келіспеушіліктерге жол бермеуге ұмтылады.
КІРІСПЕ
«Қазақстан өз азаматтарына өмірдің жоғары стандарттарын жасай отыра, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына енуі тиіс. Біз бұған халқымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда қол жеткіземіз» - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоксаныда халыққа жолдауында анықталған болатын. [1]
Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканы құру тиімді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға қатысты.Әлеуметтік қолдау жүйесін құру – әлеуметтік саясаттың негізгі функцияларының бірі болып табылады.
Қазіргі жағдайда халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа ұйымдық құқықтық формаларын дамыту қажет.
Халықты әлеуметтік қолдау конституция шегінде қоғамның өз азаматтары алдындағы белгілі міндеттері ретінде анықталады. Әлеуметтік қолдау жүйесі осы міндеттерді орындауға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады.
Тұрғындардың өндіріс, үлестіру, ауыстыру мен тұтыну саласындағы негізгі құқықтарын жүзеге асыру, нарықтық экономика жағдайында оның тәуекелділігін төмендету экономика саласындағы әлеуметтік саясаттың негізі болып табылатын әлеуметтік қорғау жүйесіне байланысты. Қазақстанда экономикалық реформалар жүргізу кезінде экономиканы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау арасында байланысты нығайтуға сұраныс өсті.
Қазіргі кезде дамудың әлеуметтік бағытын көптеген елдер өз құқықтық-нормативтік құжаттарында заңды түрде бекітті. Ол мемлекеттер әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, оның ішінде: азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне қамқорлық көрсетеді, денсаулық сақтау мен білім жүйелерін қол жетерліктей жүйеге келтіруге, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік қолдау құрылымын дамытуға, кедейшілікпен және қылмыскерлікпен күресуге, қоғамдық – саяси және де ұлтаралық келіспеушіліктерге жол бермеуге ұмтылады.
Қазақстан Республикасы бірінші орынға адам факторын, тұрғындардың жағдайын, адамдар денсаулығын, жанұяға қамқорлығын қоя отырып әлеуметтік – бағытталған экономика құруға ұмтылады. Осы аталғандардың барлығы мемлекет Констиутциясында былай деп айтылған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және де әлеуметтік мемлекет деп бекітеді». [2].
Елбасымыз өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында айтқандай: «Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады. Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар, ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер. Ең пәрменді әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып келді, әрі солай болып қала береді. Біз, ең алдымен, қандай да бір себептермен жұмысынан айрылып қалған адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында жұмысшы мамандықтарының, әсіресе өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет»[3].
Қазақстан Республикасының қоғамдық дамуындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық шарттарында әзірге әлеуметтік қорғаудың кей бөліктерінде сәйкессіздік болып отыр. Бұл орташа өмір сүру деңгейінің төмен болуына, әлеуметтік қамтамасыз ету рөлін арттыруға, әлеуметтік- экономикалық және демографиялық процестерге, қоғамдағы саяси тұрақтылық пен азаматтық әлемге үлкен әсер етуші себептердің бірі.
Мемлекеттің экономикалық дамуындағы қайта құрулар барлық адамдар өміріне қатысты: олардың қызығушылығы мен бағыттары ауысады, тұрғындардың табыс дифференциациясы артады, рухани құндылықтар өзгереді, қоғамдағы әлеуметтік дезинграция процесі күшейеді. Сондықтан нарықтық механизмдерді енгізуде адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау, олардың қаржылық қамтамасыз етілу шаралары қоса жүруі тиіс, сонымен қатар азаматтық әлемді және ұлтаралық келісімді де назардан тыс қалдырмау қажет.
Сондықтан бұл дипломдык жұмыстың маңыздылығы біздің еліміздің аз қамтамасыз етілген азаматтарын әлеуметтік қорғаудың қаржылық қамтамасыз ету жағынан өте ұшқыр мәселелерге тап болуы болып табылады.
Зерттеу объектісі аймақтағы әлеуметтік қорғау жүйесінің жүзеге асырылуы мен оларды құру механизмі болып табылады.
Дипломдык жұмыстың мақсаты аймақтағы тұғындарды әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі мәселелерді шешу керек:
Дипломдык жұмысты жазудың теориялық және әдістемелік негізі болып Қазақстан Республикасының заң актілері, осы тақырыпқа зерттеу жүргізуші ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы бойынша статистикалық мәліметтер және Қызылорда облысы акиматының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметтері алынды.
1 ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ және әдістер технологиясы
Тарихи және логикалық көзқарастардың бірлігі нарықтық экономика шарттарында құралатын экономикалық категорияның, олардың күрделі ішкі құрылымын талдауды талап етеді. Жаңа категориялар экономикалық қайта құрылу нәтижесінде туындап, дамиды. Мемлекеттер арасында, мемлекет ішінде, азаматтар арасында байланыстардың өзгеруі мен дамуы қандай да бір дәрежеде олардың әлеуметтік-экономикалық түріне, яғни экономикалық категорияға ықпалын тигізеді. Олардың құрылымын, өзара байланысын, өзара негізделуін анықтау және де сәйкес элементтердің өзара ықпалы категория мазмұнын ашуға, логикалық негіздеме құруға мүмкіндік береді.
«Тұрғындарды әлеуметтік қолдау» түсінігі экономикалық категория статусын алады, себебі ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманғы атаулы жүйесін құруға, адам құқығын сақтауға, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне көмек беруге, денсаулық пен білімге назар аударуға, қылмыскерлікпен күреске және де әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға қабілетті әлеуметтік мемлекет ретінде даму және нығаюының негізгі мақсаттары мен міндеттерін көрсетеді. [4, б.65]
Экономикалық категорияның құрылымын, оның құрамдас элементтерінің өзара негізделуін анықтау ең алдымен категорияның әлеуметтік-экономикалық түрлері мен мазмұнын жекелеген элементтерге мүшелеуге, оларды «танымның тіреуші пунктері» ретінде талдауға әкеледі.
Әлеуметтік қолдау категориясы ғылыми әдебиетерде қандайда бір келіспеушіліктерге ие. Ең көп таралған көзқарас бойынша әлеуметтік қорғау дегеніміз ол «Тұрғындардың нарық барысына не мүлде қатыса алмайтын, не болмаса денсаулығына, жас мөлшеріне, еңбекке қабілеттіліктің жеткіліксіз мүмкіндігіне ғана ие болуына байланысты шектеулі қатысушылыққа ие болатын және т.б. бөлігіне көмек беру». [5, б. 95]
Өзге авторлардың пікірі бойынша әлеуметтік экономикада қалыптасқан дәстүрді бейнелейтін әлеуметтік қорғау (әлеуметтік қызмет көрсету) жүйесі қоғамның әлеуметтік-кемшіл мүшелеріне мемлекеттің қамқорлық көрсету принципіне сүйенеді. Ол анықтамаға дифференциаланған тәсіл қарастырады. Тұрғындардың аз қамтылған тобы қажеттілік дәрежесіне қарай тегін әлеуметтік көмек алады. [6, б. 217].
Осы мәселе бойынша негіз болатын құжат ретінде әлеуметтік қамтамасыз етудің минималды нормасы туралы 1955 жылы күшіне енген №102 МОТ Конвенциясын санауға болады.
Нақты осы құжатта қорғау түрлерінің атауы мен оның деңгейі анықталған «әлеуметтік қорғау» термині қолданылады. Одан әрі әлеуметтік қамтамасыз ету саласында тең құқықтық пен құқықты сақтау туралы Конвенциялар қабылданды (№118, 1962 ж. және № 157, 1982 ж. және т.б). № 102 Ковенция әлеуметтік қорғаудың тоғыз түрін қабылдап біріктіреді: медициналық қызмет көрсету, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, қарттық бойынша зейнетақы, өндірістік жарақат бойынша жәрдемақы, мүгедектік бойынша жәрдемақы, асыраушысынан айырылғандықтан берілетін жәрдемақы, жүктілік пен бала туу бойынша жәрдемақы, денсаулыққа байланысты жәрдемақы, жанұялық жәрдемақы. [4, б. 218].
Біздің көзқарасымыз бойынша егер әлеуметтік қорғау жүйесі - тәуекелділікті төмендету жүйесі болса, онда оның негізгі функциясы күрделі әлеуметтік жағдайға түскен адамға көмек беру немесе мүмкін қиындықтардың алдын алу, оны жеңуге қол ұшын тигізу болып табылады. Күрделі әлеуметтік жағдайларды тудыратын себептердің бастауы сол нарықтық экономикалық жүйе негізінде жатыр. Олар әлеуметтік даму мен бас еркіндігіне негізделген қалпына келмейтін қайшылықтар мен экономикалық тәртіптің үйлесімінің қажеттілік сыныбына жатады. Жүйенің экономикалық тиімділігінің үйлесімдік шарттары мен жеке тұлғаның әлеуметтік қорғалуы туралы Л. Эрхард өзінің бағдарламалық еңбегінде келесідей ой түйген: «адамдар шаруашылық үрдіс және өндірістің жетістігіне негізделген жағдайдың ұжымдық кепілдендірілген қамтамасыз етудің жүйесімен үйлесімсіз екенін мойындағылары келмейді. Еркін шаруашылық біраз уақыт бойына ұсталып тұруы мүмкін, егер ұлттың әлеуметтік өмірі максималды еркіндікпен қамтамасыз етілсе және максималды түрде әркімнің өзін өзі қамтамасыз ету ынтасы болса» және әрі қарай «әлеуметтік қамтамасыз ету әрине ол игілік, ол да жоғары деңгейде қажет, алайда ол әркімнің жеке талпынысына, жеке ұмтылысына, жеке жетістіктеріне негізделген болуы керек. Әлеуметтік қамтамасыз ету барлығына арналған әлеуметтік сақтандыруды, жеке адамның жауапкершілігін қоғамға артуды білдірмейді. Ең алдымен әркімнің жеке жауапкершілігі болуы тиіс. Жалғыз жауапкершілік азшылық танытқанда немесе ол нәтижесіз болғанда мемлекеттік міндеттер немесе адамға қатысты қоғам күшіне енеді». [7, б. 66].
Азаматтарды, оның ішінде қарияларды, еңбекке жарамсыз жандарды, аз қамтамасыз етілген тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі Социалистік Кеңес Үкіметі кезінде 70 жыл шамасында құрылған және де толығымен мемлекеттік қаржыландыруға негізделді. Оның құрамына тегін медициналық қызмет көрсету, бастауышпен орта және кәсіби білім алу, қартайған шақта қамтамасыз ету, өте төмен пәтерлік ақымен тұрғын үй беру, ақысы жеңілдетілген демалу қызметі, тамақ бағаларына мемлекеттік жеңілдіктер, бала мен қарттарға арналған тамақтарының түрлері және т.б. енгізілді.
Осындай жүйе кезінде мемлекеттің
үлкен ресурсы қолданылды және бұл
жүйені жалпы басқару аса қымбатқа
түсті. Оған құқықтық база күрделілігі,
басқару құрылымын
Қоғам басқа заңдылықпен дамитын нарықтық қатынастарға өтуі кезінде экономиканы, әлеуметтік қамтамасыз етуді, қоғамдық және мәдени өмірдің басқа да салаларын түбірлі өзгерту қажеттілігі туындайтыны сөзсіз.
Нарықтық қатынастың құрылуы ұзақ уақыт болатынын тарихи тәжірибе көрсетті және бұрыңғы кезеңдерде инфляция, жұмыссыздық, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің біршама төмендеуі, әлеуметтік дифференциацияның күшеюі байқалады.
Ауысу кезеңінің жалпы ерекшеліктері төмендегілер:
Нарыққа өту
әр адамға өмір сүру деңгейінің мүмкін
төмендеуіне жол бермейтін
Бүгінгі күнде Қазақстандағы әлеуметтік сала алдына қойылып отырған маңызды мәселе нарықтық экономикаға өту кезінде қажет етілген қорғаныстың, мемлекеттік шығындарды азайту мақсатында жалпы бюджеттік мәселелерді қысқартудың тиімді әрекетіне қатысты. Бұл жерде басылымдық тек нақты мемлекет қолдауына зәру және өзіне өмір сүру минимумын таба алмайтын кедейлер мен тұрғындардың жекелеген топтарына берілуі тиіс (қариялар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер және т.б.). Олардың материалдық жағдайы- біздің қоғам қол жеткізген әлеуметтік көрсеткіші.
1995 жылғы Қазақстан
Республикасының
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде әлеуметтік қорғау туралы екі түсінік кездеседі:
Халықаралық құқық нормаларына сүйене Конституция мемлекеттің әлеуметтік саясатты нығайту бойынша міндеттерін бекітеді де, саясаттың келешекте әрбір қазақстандыққа қажет өмірлік деңгейді қамтамасыз етуі керек екенін баса көрсетеді.
Әлеуметтік саясат – мемлекет пен тұрғындардың әлеуметтік топтарының қатынасымен байланысты қызмет саласы. Ол әлеуметтік әділеттілік негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бір жағынан бұл қызмет барлық әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған болса, екінші жағынан ол билік пен мемлекеттің бекуін мақсат етеді.
Нарыққа көшу кезінде әлеуметтік саясат өзгерулерді бастан кешірді. Бұрын мемлекет атқарған көптеген негізгі функциялар меншіктің әртүріне жататын мекемелер мен кәсіпорындарға берілді де тікелей әр адамға аударылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеу.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекет әлеуметтік саясатты жүзеге асыру саласында міндеттер қояды. Олардың бір түрі: әлеуметтік қорғау, қолдау, әлеуметтік сақтандыру және тұрғындарды қамтамасыз ету. Әлеуметтік қорғау жалпыланған түр болып табылады. Сақтандыру мен қамтамасыз ету - жеке, алайда оған енетін қызметтер ұқсас. [5, б.155]